Ядролық энергетикалық қондырғылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 19:14, реферат

Краткое описание

Ядролық энергия – ядроны құрайтын нуклондардың қозғалысына және олардың өзара әсеріне байланысты болатын атом ядросының ішкі энергиясы.
Энергетика бүгінде әлемдік өркениеттің мыңызды қозғаушы күшіне айналып отыр. Адамзаттың XXI ғасырдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде және энергетикалық сұраныстарын қанағаттандыруда ядролық энергетика айтарлықтай үлес қосуға тиіс.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Ядролық энергетикалық кондырғылардың түрлері……………………....…4
1.1 Жылу электр станциясы ……………………………………………………..4
1.2 Атом электр станциясы………………………………………………………7
2 Ядролық энергетикалық қондырғылардың қоршаған ортаға әсері...............10
3 Ядролық энергетикалық қондырғылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар..................................................................................................................15
Қорытынды............................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................19

Прикрепленные файлы: 1 файл

орб ядролык энергетика.docx

— 48.17 Кб (Скачать документ)

      Осылайша, Бағдарламаны іске асырудың анағұрлым  маңызды нәтижелерінің бірі органикалық  отынды қолданатын электр генерациялайтын  кәсіпорындардың үлесін төмендетумен  байланысты экологиялық ахуалды жақсарту болып табылады.

      Атом энергетикасын  дамыту радиоактивті қалдықтар (бұдан  әрі ? РАҚ) және пайдаланылған ядролық  отын (бұдан әрі - ПЯО) қалыптасуымен  тікелей байланысты. Дегенмен, АЭС  жұмысы кезінде қалыптасатын  қалдықтардың мөлшері көмір электр  станциясының қалдығынан анағұрлым  аз екендігін атап өткен жөн. Оның үстіне 50 жылдан астам тәжірибенің  нәтижесінде дүние жүзінде РАҚ  жұмыс істеу мен пайдаланылған  отынды сақтаудың технологиялық  қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне  қол жеткізілді.

      Кез келген  АЭС-ті пайдалану барысында қалдықтардың  келесі түрлері қалыптасады:

      қатты тұрмыстық қалдықтар ;

      газды-аэрозольді  қалдықтар ;

      қатты радиоактивтік  қалдықтар;

      сұйық радиоактивтік  қалдықтар 

      АЭС жобасында  табиғи орта мен адамның тіршілік  әрекетіне жағымсыз әсерді жою  немесе барынша төмендету мақсатында  қоршаған ортаға әсер етуді  бағалаудың барлық аспектілері  қаралуы тиіс.

      АЭС салу  кезіндегі топырақ бетіне негізгі  әсер ету түрі оның механикалық  бұзылуы мен ықтимал химиялық  ластануы болып табылады.

      Топырақ  бетіне механикалық әсер етудің  негізгі түрлеріне құрылыс кезінде  топырақтық бейінінің жойылуы, коммуникациялық  объектілерді жайластыру кезінде  топырақ бейінінің жоғарғы жиегінің  бұзылуы, автожолдарды салу кезінде  топырақ бетінің бұзылуы жатады.

      Топырақ  бетінің химиялық ластануы жүргізілетін  жұмыстардың барлық кезеңдерінде  топырақ бетінің жанар-жағар маймен  ластануы, топырақ бетінің өндірістік  және тұрмыстық қоқыспен ластануы  салдарынан болады.

      АЭС құрудың  бірінші кезеңі қазаншұңқырлар  қазу және ғимараттар мен құрылыстар  салу болып табылады. Топырақ  бетіне әсер етудің негізгі  түрі топырақ бетінің механикалық  бүлінуі болып табылады.

      АЭС құру  жөніндегі құрылыс жұмыстары  аяқталғаннан кейін топырақ бетінің  бүлінуін жою бойынша қайта  өңдеу шаралары жүргізіледі.

      Әдетте  АЭС құру бойынша жүргізілетін  құрылыс жұмыстары және оны  пайдалану қолданыстағы кәсіпорындардың  өндірістік аймақтары орналасқан  игерілген жер учаскелері аумағында  жүргізіледі. Іргелес аумақтардағы  өсімдіктерге құрылыс және тасымалдау  техникаларынан шығатын газдармен  ауа арқылы болмашы ғана әсер  болуы мүмкін. Дегенмен бұл мейлінше  болмашы әсер шектеулі аумақта  жүреді. Ол жеке-дара сипатта болады  және шектес аумақтардағы өсімдіктерге  теріс әсер етпейді.

      Қолданыстағы  АЭС-тердің радиоактивтік заттар  шығарындысы өте аз болады, сондай-ақ  айтарлықтай теріс әсер етпейді.

      Қазіргі  заманғы АЭС-тердің персоналы  мен елді мекендерге бірқалыпты  пайдалану және бірінші контурдың  герметикасының ашылуы апаты  кезіндегі радиациялық әсерін  бағалау мынадай қорытындыларды  жасауға мүмкіндік береді:

      персоналдың  жылдық орташа дозалық жүктемесі  бар болғаны 2 мЗв құрайды және  негізінен отынды қайта зарядтау, жабдықтарды жөндеу және ауыстыру  жұмыстары бойынша анықталады;

      АЭС энергия  блогының халыққа және қоршаған  ортаға қалыпты пайдалану кезіндегі  радиациялық әсері табиғи аяға  елеулі үлес қоспайды. Бұл реактор  корпусы нейтрондарының төменгі  белсенділіктегі ағындарымен негізделген  шартты реакторлық қондырғының  интегралды жинағы және бірінші  контурдың жылу тасымалдаушысының  тұмшаланған жүйесінің аумағындағы  белсенділікті толығымен оқшаулауға  байланысты қамтамасыз етіледі. Бірінші контур жүйесінің толық  тұмшаланған реактор қондырғыларынан  белсенділіктердің жылыстауын жоққа  шығарады.

      Қазіргі  заманғы АЭС қол жеткізген  қауіпсіздік деңгейі, апаттық реактивтік  шығарындылардың болмауына кепілдік  беруге мүмкіндік береді.

      Жоба жанындағы  және жобадан тыс бірінші контурдың  тұмшалануының бұзылу апаттары  кезінде станция персоналының  сәулеленуі 1 мЗв аспайды, іс жүзінде  бір қалыпты пайдалану кезіндегі  осы тұлғалар санаты үшін регламенттелгені 10 мЗв дозадан төмен.

      РАҚ мен ЯТҚ қауіпсіз айналысу және іске жаратудың халықаралық нормасына жауап беретін, толық ауқымды инфрақұрылымды құрумен байланысты іс-шаралардың тұтастай кешені көзделген.

      Ядролық және радиациялық қауіпсіздіктің, таратпау режимінің кепілді қамтамасыз етілуі үшін төмендегілер жоспарлануда:

  • қолда бар және жаңадан пайда болған РАҚ қайта өңдеу және көму

кешендерін құру;

      - радиоактивтік заттарды, ядролық материалдарды және РАҚ есепке алу мен бақылаудың бірегей жүйесін құру;

      - алуан түрлі РАҚ айналысу технологиясын және рәсімдерін жетілдіру;

      - республикалық кешенді дозиметрия орталығын құру;

      - ядролық-энергетика саласы кәсіпорындарының қызметіне радиациялық бақылау жүйесін құру.

      Іс-шаралардың  осы кешенін іске асыру өңірлердегі  радиациялық жағдайды елеулі  жақсартуға мүмкіндік береді, кәдеге  жаратылатын радиоактивті заттар  мен қалдықтардың адамдардың  денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмайды.

      SWOT талдаудың нәтижесінде Қазақстанның қазіргі атом саласының іске асырылатын мүмкіндіктері анықталды:

     - елдің энергетикалық қауіпсіздігін ұзақ мерзімді перспективалық энергетикалық өндірісті әртараптандыру есебінен АЭС пайдалану жолымен қамтамасыз ету (пайдалану мерзімі – 60 жыл);

     - Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыру (электр энергиясы, уран және металлургия өнімдері, органикалық отын);

      -  елдің экономикасын индустриялық-инновациялық дамытуды ғылымды қажетсінетін ядролық-энергетикалық технологиялар әзірлеу және енгізу есебінен қамтамасыз ету;

      - энергетика саласының экологиялық тазалығын АЭС-терді пайдалану кезінде зиянды заттардың қоршаған ортаға шығарылуының қысқаруы есебінен арттыру.

      Осылайша, табиғатты қорғаудың барлық шараларын  орындау және экологиялық нормативтерді  сақтау атом саласы объектілерінің  қоршаған орта мен халық үшін  қауіпсіз қызмет етуін қамтамасыз  етеді.

      Қазақстан  Республикасында атом энергетикасын  дамыту мәселелеріндегі қоғамдық  келісімге қол жеткізу мақсатында  көзделген қызметтің барлық мәселелері  бойынша қоғамдық тыңдаулар жүргізуге  арналған іс-шаралар кешені көзделген.

 

 

 

 

 

3 Ядролық энергетикалық қондырғылардың қауіпсіздігіне қойылатын    талаптар

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттар эмиссияларының техникалық үлестік  нормативтерін қамтамасыз ету үшін мынадай талаптарды міндетті түрде орындау қажет:  
      1) қатты, сұйық және газ түріндегі отынмен жұмыс істейтін қазандық қондырғыларының құрамында қолданылатын қазандықтар қолданыстағы техникалық регламент қазандықтарына, сондай-ақ қазандықтарды қауіпсіз пайдалану ережелеріне сай болуы тиіс; .................................................. 
      2) қазандықтарды қабылдау және пайдалануға беру қазандықтарды қауіпсіз пайдалану ережелеріне сәйкес және электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган бекіткен электр станцияларын техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс;  
      3) қазандық қондырғысы жұмыстың барлық режимін және штатты кезеңдік рәсімдерді (тазалау, жуу, консервация) қамтамасыз ететін түтін газдарының сапасын бақылау жүйелерімен және (немесе) аспаптарымен жарақталуы тиіс;........................................................................................................ 
      түтін газдарының сапасын бақылау жүйелерімен және (немесе) аспаптарымен жарақтандыру 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқталсын; 
      4) қазандықтың электр станцияларын техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес күл және газ тазалағыш жабдығы мен оның істен шыққаны туралы хабарлау жүйесі болуы тиіс;...................................................................................  
      5) қазандық қондырғыларын автоматты реттеу, қорғау және технологиялық бекіту жүйелері қазандық қондырғы жұмысының шектік көрсеткіштері асып кеткен кезде турбиналар (блок қондырғылары үшін), қоректендіру сорғылары, тарту-үрлеу машиналары тоқтаған кезде қазандықты тоқтатуды қамтамасыз етуі тиіс;  
     6) әрбір ЖЭС-де:.......................................................................................  
      - тұтынылатын отын түріне қарай қазандыққа арналған нормативтік жылу жүктемесі әзірленуі;.................................................................................................  
      - жүктеме есебі (ауысымдық, тәуліктік, айлық, жылдық) жүргізілуі;  
      - қазандықтың техникалық жай-күйін тұрақты бақылау, жоспарлы жөндеу (күрделі, ағымдағы) және кезеңдік техникалық куәландыру, бірақ кемінде әрбір бес жылдан кейін жүргізілуі;.............................................................  
      - қазандықта қазандықтарды қауіпсіз пайдалану ережесінің талаптарына сәйкес атаулы деректері бар тақтайшалар бекітілуі;  
      - қазандыққа арналған техникалық құжаттаманың жиыны (нұсқаулықтар, монтаж схемасы, сызбалар) сақталуы, егер пайдалану уақытында қазандық жаңғыртылған немесе қайта жаңартылған болса оларға уақтылы өзгеріс енгізілуі;  
      - ЖЭС жобасында көзделген отын түрлерін пайдалану, отынды сақтау шарттары оның қасиетін сақтауды қамтамасыз етуі тиіс;  
      - қазандыққа, отынды дайындауды және беруді электр станцияларын пайдаланудың техникалық ережелеріне сәйкес қамтамасыз етуі;  
      - егер пайдаланылған газдар атмосфералық ауаға түтін мұржасы арқылы бөлінетін болса, түтін мұржасының биіктігін қоршаған ортаның жағдайын нашарлатпайтындай етіп есептеуді қамтамасыз етуі. Бұл ретте есептеу электр станциясының барынша көп электр жүктемесі және ең суық айдың орташа температурасы кезіндегі жылу жүктемесі кезінде отын шығысы бойынша жүргізілуі тиіс. Бес және одан да көп турбиналар орнатқан жағдайда жазғы режим кезінде есептеу олардың бірін жөндеуге тоқтататынын ескере отырып жүргізіледі;  
      - атқаратын лауазымға қойылатын талаптар көлемінде қазандық қондырғыларын пайдалануға беруді, жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персоналды арнайы даярлау жүргізу;  
      - өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының болуы және эмиссиялардың мониторингін жүзеге асыруы.

 

      2. Шығарындыларды тазарту үшін құрылыстарды, жабдықтар мен аппаратураны бір мезгілде қайта жаңғыртпай, қоршаған ортаға шығарылатын эмиссиялардың ұлғаюымен ілесетін технологиялық жабдықтың өнімділігін ұлғайтуға жол берілмейді.

 

      3. Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері техникалық регламентте белгіленген нормалардан асатын ЖЭС-тің қазандық қондырғыларын пайдалануға рұқсат етілмейді. 
    4. Негізгі шикізатты және өндіріс қалдықтарын қоймалау орындарындағы радиация деңгейі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген радиациялық қауіпсіздік нормаларынан аспауы тиіс. Мүмкін болатын радиациялық қауіпті аймақтарда қызмет көрсететін персонал жеке қорғау және дозиметрия құралдарымен жарақтандырылуы тиіс.

 

      5. Электр энергиясын өндіру үшін кәсіпорын электр станцияларын техникалық пайдалану ережелеріне және ең үздік қол жетімді технологияларға сәйкес тазарту құрылғыларын және атмосфералық ауа мен ағынды суларды қоса алғанда, қоршаған табиғи ортаға ең аз әсер ететін отынды пайдалануы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

             Бүгінде көптеген елдер дамуының ең маңызды саласы экономика болып табылады. Бірқатар елдер мысалына сүйене отырып,  тәжірибе көрсеткендей,  энергетикалық проблемалардың шешімі ядролық энергетика болып табылады.

          Біздің ел де сол энергетикалық даму жолын қалауы мүмкін. Қазақстанда көмірсутегіне қарағанда атом энергетикасы үшін зор әлеует бар, бірақ елде бұл қор да жеткілікті, сонымен қатар, экологиялық жағын да ескеру керек, оған атмосфераға шығарымдарды шектеу және Киот хаттамасындағы жазылған экологиялық талаптарды сақтау жүктелген. Бұл халықаралық Киот құжаты еліміздегі экологиялық қауіпсіздік стандарттарын жаңа деңгейге көтереді. Қазақстан атомосфераға СО2 шығаруды кеміту арқылы еліміз экологиясы мен тұрғындарының денсаулығына ғана емес, сонымен қатар әлемдік климаттың өзгеруі сияқты жаһандық мәселеге де қамқорлық жасауды ескерген болады.

       Тұтастай алғанда, Қазақстанда ядролық энергетиканың болашағы жарқын, ал оны дамыту барлық энергетикалық саланың қуатын айтарлықтай арттыра түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы    білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. - Алматы: Атамұра, 2009. 
  2. «Қазақстан Республикасында 2010-2014 жж атомдық саланы дамытудың 2020ж дейінгі» бағдарламасы;
  3. ҚР Экологиялық кодексі (13.06.2013ж );
  1. Қазақстанның Атомдық өндірісі; өсімнің келешегі, Әлішер Тастенов –Алматы:Атамұра,2000

  1. Қазақстандағы атомдық энергетика http://old.kazatomprom.kz/

  1. Фуксима синдромы және атомдық энегетиканың келешегі. М.С. – Алматы: ҰҒТАО ,2012.

  1. Қытайдың энергетикалық қауіпсіздікті іздеуі. Е.Петелин, Н.Перфильев http://www.pircenter.org/media/content/files/11/13657556940.pdf 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Ядролық энергетикалық қондырғылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар