Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Апреля 2014 в 20:50, статья
Ендігі бір себебі, ядролық қаруды сақтап, оны бақылауда ұстау тым көп қаражатты талап етті. Ал жаңадан тәуелсіздік алған Қазақстан үшін ол қиынға соқты дейді Рысбек Сәрсенбай. Дей тұрғанмен, Қазақстан мүмкіндігінше ядролық қаруды өзінде қалдыруға әрекет жасағаны абзал еді деген пікір айтады.
- Ядролық қару Қазақстан үшін қажет еді. Оны бірден «аттан аударып, жүгін түсіріп бере» салғандай болмай, біраз уақыт ұстап тұруға да болатын еді. Қазақстан әлемдік саясаттағы өз орнын нақтылау үшін және өз қорғаныс қабілетін көрсете алуы үшін керек еді. Бірақ, біз олай істей алмадық, - дейді Р.Сәрсенбай.
Қазақстан ядролық қарудан бас тартты, бірақ полигонның өтемін даулай алмады"
6 тамыз - халықаралық ядролық қаруға
қарсы күн. Қазақстан аумағында 1949
жылдан Семей ядролық сынақ
полигоны жұмыс істегені мәлім.
Онда 40 жыл ішінде, шамамен 500 ядролық
сынақ жасалды. Тәуелсіздік алғаннан
кейін Қазақстан полигонды
"ҚАЗАҚСТАНҒА ПОЛИГОН
1991 жылы ҚР президентінің
- Қазағым атом бомбасын бекер берді. Бізді тонап кетті. Ол бомбаларды қайтармай тұрып, мына зардабын шеккен халыққа шамалы болса да өтемақы төлеу керек еді. Бұл жерде біздің президент үлкен қателік жасады,- дейді ол.
Тәуелсіз журналист Рысбек Сәрсенбай Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуының бірнеше себебі болғандығын айтады.
- Қазақстан ядролық қарудан бас тартуға мәжбүр болды. Біріншіден, кадр мәселесі. Қазақстан тәуелсіздік алған кезде көп мамандар, әсіресе әскери салада қызмет ететін мамандар Ресейге қоныс аударып жатты, оның үстіне әскери адамдарда патриоттық сезім деген әрдайым жоғары тұрады. Сондықтан олар өз еліне қызмет етуді мақтан тұтады,- дейді Рысбек Сәрсенбай.
Ендігі бір себебі, ядролық қаруды сақтап, оны бақылауда ұстау тым көп қаражатты талап етті. Ал жаңадан тәуелсіздік алған Қазақстан үшін ол қиынға соқты дейді Рысбек Сәрсенбай. Дей тұрғанмен, Қазақстан мүмкіндігінше ядролық қаруды өзінде қалдыруға әрекет жасағаны абзал еді деген пікір айтады.
- Ядролық қару Қазақстан үшін қажет еді. Оны бірден «аттан аударып, жүгін түсіріп бере» салғандай болмай, біраз уақыт ұстап тұруға да болатын еді. Қазақстан әлемдік саясаттағы өз орнын нақтылау үшін және өз қорғаныс қабілетін көрсете алуы үшін керек еді. Бірақ, біз олай істей алмадық, - дейді Р.Сәрсенбай.
Дей тұрғанмен сұхбаттасымыз 1991 жылғы ел президентінің бұл қадамынан Қазақстан ұтылған жоқ деген ой айтады. Өйткені Америка мен Ресей сынды алпауыт елдерден әлеуметтік, экономикалық және саяси қысым көре отырып, біз ол қарудан айрылып қалуымыз мүмкін еді дейді сұхбаттасымыз.
Ал Қазақстандағы « Невада Семей» қоғамдық қозғалысының вице- президенті Рүстем Тұрсынбаев әлем бойынша қарудың, оның ішінде ядролық қарудың мүлдем болмағаны абзал дейді.
- Өйткені адамзат өз өмірін қысқарту емес, ұзарту жолында әрекет етуі тиіс. Егер қару болмаса әлемде бейбітшілік болады, ал қаруы бар ел міндетті түрде басқаларға үстемдік көрсетуге дайын тұрады. Сондықтан дүниежүзі елдері осы жолда Қазақстаннан үлгі алып, ядролық қарудан бас тартқаны дұрыс.
Қазақстандағы ядролық полигонның жабылуына «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы үлкен үлес қосты– Назарбаев