Омарова В.К.
Тыныс алу мүшелерін қорғайтын қорғаныс құралдары
Омарова В.К.
Жоспар
- Түрлері
- Қолданылуы
- Қойылатын талаптар
- Материалдары, өндірілетін орны
Омарова В.К.
- Жеке қорғаныс құралдарына тыныс алу органдарын тері жамылғылары мен көзді улағыш заттар буының, тамшысының және аэрозольдарының әсерінен, сондай-ақ радиоактивтік шаңның, ауру тудырғыш микробтар мен токсиндердің түсуінен қорғайды. Бұл қорғаныс құралдары адамдардың ластанған жерлерде қауіпсіз болуын және зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Тыныс алу органдарын қорғау құралдары
- Бұған газқағарлар, респираторлар, сондай-ақ қарапайым құралдар жатады. Қорғау қызметінің принципі бойынша газқағарлар сүзгілік және оқшаулағыш болып бөлінеді. Сүзгілік газқағарларда дем алу үшін түскен ауа улағыш, қатты әсер ететін улы заттардан, радиоактивтік шаңнан, бактериалдық аэрозольдан тазартылады.Оқшаулағыш газқағарларда тыныс алу газқағардың өзіндегі оттегі қоры есебінен жүргізіледі. Оны сүзгілік газқағарды пайдалана алмайтын жағдайда, мысалы ауадағы оттегі жетпеген немесе басқа да улағыш заттар өте жоғары немесе белгісіз кезде пайдаланады.
Омарова В.К.
Тыныс алу мүшелерін қорғайтын қорғаныс құралдары түрлері
Сүзгілік
Оқшаулағыш
1. Аэрозольден қорғауға арналған
шаңға қарсы
2. Булы газ тектес зиянды
заттардан қорғауға арналған
газға қарсы
3. Ауада бір мезгілде болатын
аэрозольден және булы газ
тектес зиянды заттардан қорғануға
арналған газды шаңнан қорғайтын
2. Шлангты
1. Автономды
Омарова В.К.
- ГП-5 газқағары адамның тыныс алу органдарын, көзін және бетін радиоактивтік, улағыш қатты әсер ететін заттардан қорғауға арналған. Ол сүзгілік-жұтқыш қорапшамен алдыңғы беттен тұрады.
- ГП-5М газқағарының жиынына сөйлесу қондырғысына арналған мембраналы қорапшасы бар шлем-маска кіреді. Шлемнің қажетті өлшемін таңдау үшін (0, 1, 2, 3, 4)басты төбе, ұрт және иек арқылы өтетін тұйық жол бойынша өлшеу қажет. 63 см дейінгі өлшеу кезінде нөлдік өлшем алынады, 63,5тен 65,5 см дейін – бірінші, 66-дан 68-ге дейін – екінші, 68,5-тен 70,5 см дейін – үшінші. 71 см бастап одан жоғары –төртінші.
Сүзгілік газқағарлар
ГП-5
Омарова В.К.
ГП-7
- ГП-7 газқағары – ең соңғы ең жаңа үлгілердің бірі. ГП-7К сүзгілік-жұтқыш қорапшадан, суланбайтын пленкалардан (6 дана), жылыту манжетінен (2 дана), қорғаныстық мата жамылғысы мен сөмкеден тұрады. ГП-7 ні ГП-5 пен салыстарғанда пайдалану және физиологиялық көрсеткіштері бойынша бір қатар артықшылығы бар. Сүзгілік жұтқыш қорапша қарсылығының азаюы тыныс алуды жеңілдетеді. Тәуелсіз обтюратор берік қымталуды қамтамасыз етеді және сонымен қатар алдыңғы бетте газқағардың басқа қысымын азайтады. Тыныс алу қарсылығының және басқа қысымның төмендеуі газқағарды кию уакытын ұзартуға мүмкіндік береді. Оны 60-тан асқан қарт адамдар, сондай-ақ өкпесі мен жүрек тамыр сырқатына шалдыққан адамдар кие алады.
- Газқағарда сөйлесу қондырғысының болуы айтылған сөздің анық жетуін қамтамасыз етеді, байланыс құралдарын (радио, телефон) пайдалануды айтарлықтай жеңілдетеді.
Омарова В.К.
- ГП-7 алдыңғы бөлігінің қажетті үлгілік өлшемін таңдау басты тікелей және көлбей қамти отыра өлшеу нәтижесінің негізінде өткізіледі. Көлбей қапсыру қас тоғасының алдынан, мұрын кеңсіргінің шетінен 2-3 см жоғары бүйірден және бастың ең шығыңқы нүктесінің артынан өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Тікелей қапсыру ұрт, иек, және төбе арқылы өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеумен анықталады. Өлшеу 5 мм дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді. Екі өлшемнің жиыны бойынша қажетті үлгілік өлшем маска өлшемі мен жастықша аспа бауы тіректерінің жағдайы белгіленеді. Бірінші цифрмен маңдай ілме бауының, екінші цифрмен самай ілме бауының, үшінші цифрмен ұрт ілме бауының нөмірі көрсетіледі.
Омарова В.К.
Оқшаулағыш газқағарлар
Автономды тыныс алу мүшелерінің жеке қорғаныс құралдары адамды баллондағы тыныс алу қоспасымен қамтамасыз етеді. ҚӘУЗ шығуымен немесе төгілуімен байланысты орын алған авариялардың зардабын жою кезінде құтқарушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал автономды болып табылады.
Олар тыныс алу аппараттарынан, оқшаулағыш газқағардан, өздік құтқарушылардан тұрады. Тыныс алу аппараттары сығылған ауасы бар металл баллонынан және оның тыныс алу мүшесіне берілуін реттеп отыратын клапандардан тұрады.
Газқағарды сақтау кезінде төмендегі мына шарттарды сақтау қажет:
- оны соққылардан, дүмпулерден және қатты сілкіністерден сақтау.
- оны ылғалды жерде ұстамау, қорапшаға судың өтуін болдырмау, су басқан пеште, батареяда және оталауда құрғатпау және сақтамау
Оқшаулағыш газқағарлар өлшемі
Бастың өлшемі, см
Шлемнің талап етілетін
өлшемі
60,5-63,5
1
63,5-66,5
2
66,5-68,5
3
68,5-70
4
Омарова В.К.
Автономды тыныс алу мүшелерінің жеке қорғаныс құралдары
Омарова В.К.
Шлангты тыныс алу мүшелерінің жеке қорғаныс құралдары
Шлангты оқшаулағыш – ауа беруді қамтамасыз етеді, таза аймақтан ауа соруға арналған.
- Шлангты тыныс алу мүшелерінің жеке қорғаныс құралдары тыныс алу мүшелеріне таза ауа шланг арқылы ауа үрлегіштен және компрессордан келеді. Оқшаулағыш газқағарлар регенеративті патрондармен жабдықталған, яғни олардың ішіндегі оттегі түйіршіктелген затта болады және адам дем шығарғанда түзілетін су буымен көміртек диоксидінің жұтылу реакциясы кезінде бөлінеді. ҚӘУЗ зақымдау ошағында құтқару жұмыстарын жүргізу үшін келесідей тыныс алу аппараттарымен оқшаулағыш газқағарлар пайдаланылады: АСВ-2, мұнда сығылған ауа, КИП-8, КИП-9 – сығылған оттегі бар және ИП- 4 химиялық байланысқан оттегі бар.
- АСВ-2, КИП-8, КИП-9 оқшаулағыш тыныс алу аппараттары ҚӘУЗ-дің ауадағы жоғарғы концентрациясыныан тыныс алу органдарын қорғауға арналған.
- ИП-4 оқшаулағыш газқағары ҚӘУЗ қоспаларының жоғарғы концентрациясынан, сондай ақ оттегі жетіспеген немесе жоқ болған жағдайда тыныс мүшелерін қорғауға арналған.
- СПИ-2 өндірістік оқшаулағыш өз-өзін құтқарушы қысқа мерзімді жедел қорғауға және зақымдалған аймақтан шығуға арналған
Омарова В.К.
Шлангты газқағарлар
Омарова В.К.
Балалар газқағарлары
Балалар газқағарларының түрлері көп. Жасы кіші балаларға(1,5 жастан бастап) арналған- ДП-6М, жасы үлкен балаларға ДП-6. ПДФ-7 жасы кіші және үлкен балаларға арналған. ПДФ-Д 4 өлшемдегі -1,2,3,4 МД-3 маскаларымен жабдықталған. ПДФ-Д 1,5-7 жастағы балаларға арналған. ПДФ-Ш 7-17 жастағы балаларға раналған.
Қазіргі уақытта ең жетілген үлгі мектепке дейінгі балаларға арналған. ПДФ-2Д және ПДФ-2Ш газқағарлар жиынына ГП-7К сүзгілік жұтқыш қорапшасы, МД-4 алдыңғы бөлігі ылғалданбайтын пленка салынған қорапша және сөмке кіреді. Жиынның массасы мектепке дейінгі 750гр , мектептік -850 гр ға дейін.
Жаңа балалар газқағарларының бірқатар артықшылықтары бар. Оларда ауа шығару кезіндегі тыныс алу қарсылығы төмендетілген, газқағардың алдыңғы бөлігінің басқа қысмы азайтылған. Осының бари балалардың қорғау құралдарын ұзақ киюіне мүмкіндік береді.
Омарова В.К.
Респираторлар
- Тыныс алу органдарын радиоактивті шаңнан, зиянды газдан, будан және аэрозоль қоспасынан қорғаудың қарапайым құралы ретінде респираторлар қолданылады. Респираторлар екі үлгіге бөлінеді. Бірінші – шолақ сөмке мен сүзгілік элемент бір уақытта респиратордың алдыңғы бөлігіне қызмет етеді. Екінші – маскаға қосылатын сүзгіш патрондардағы дем алатын ауаны тазалайды.
- Бу-газ тәріздес қоспалардың дем алатын ауаны тазалау физика-химиялық процесстер есебінен (адсорбция, хемосорбция және катализ ), ал аэрозольді қоспалардан талшықты материалдар арқылы сүзу жолымен жүргізіледі. Олар мақсаты бойынша шаңнан қорғау, газдан қорғау және газды шаңнан қорғау болып бөлінеді. Алғашқылары тыныс алу органдарын әртүрлі аэрозольдан, екіншілері – зиянды бу мен газдан, соңғылары ауада бір уақытта болған газдан, будан және аэрозольдан қорғайды.
Омарова В.К.
Тыныс алу мүшелерін аэрозольдан қорғау үшін әр түрлі маркадағы респираторлар қолданылады. Тыныс алу мүшелерінің ауа құрамында болатын булы газ тектес зиянды заттардан және аэрозольдардан қорғану үшін газға қарсы сорбитті сүзгіш, газды шаңнан қоргайтын клапансыз бір рет қолданылатын респираторлар қолданылады. Респираторлар негізінен резеңкелі жартылай маскалар және қуыстық сүзгіштерден тұрады. Қуыстық сүзгіштер қағаздан, матадан, шұғадан (фетра), мақталы материалдан жасалады.
- Әмбебап респираторлар – бир мезгілде тыныс алу мүшелерін газдардан және улы селикатты, бактериялы, цементті, көмірлі және радиоактивті шаңдардан қорғайды.
- Дәкелі таңғыштар – респираторлардың ең қарапайым түріне жатады. Кірлегеніне қарай ауыстырылып отыратын бес алты дәкеден тұрады. Дәкелі таңғыштар аз концентрациядағы және аса улы емес шаңдардан қорғауға ұсынылады.
- Қызмет мерзіміне байланысты респираторлар бірақ рет қолданылуы мүмкін (ШБ -1, Лепесток, Кама, УК-2, Р-2 ), олар қолданылғаннан кейін қайтадан пайдалануға жарамсыз. Көп рет пайдаланылатын респираторларда сүзгілерді ауыстыру қарастырылған. Оларға жататындар: РПГ-67, РПГ-67 А, РПГ-67Б сүзгілік газдан қорғау респираторлары РУ-60М сүзгілік газды шаңнан қорғайтын респиратор. Бұл респираторларды синилді қышқыл, мышьякты, фосфорлы, цианды этан сутегінен, етраэтилқорғасыннан, молекуласы аз сутегінен (метан, этан) сияқты, улылығы жоғары заттардан, сондай-ақ бу-газ тәріздес күйінде организмге зақымдалмаған тері арқылы енетін заттардан қорғау үшін пайдалануға болмайды.
Омарова В.К.
Материалдары
Респираторлар негізінен резеңкелі
жартылай маскалар және қуыстық сүзгіштерден
тұрады. Қуыстық сүзгіштер қағаздан, матадан,
шұғадан (фетра), мақталы материалдан жасалады.
Газқағарлар көбінесе резеңкелі
материалдан жасалады
Омарова В.К.
Респиратордың жасалуы
Респираторды жасау 5 этаптан
өтеді:
- Респиратордың дайындамасын қалыптау
- логотиптің мөрі
- респираторлардың дайындамасына аллюминий қылдырығынын қосу
- респиратордың дайындамасына поролон аралық төсемені жабыстыру
- резеңкені жабыстыру
Машина минутына 8-15 штук жасап
шығарады. Шу деңгейі төмен, тоқтаусыз
жұмыс істейді.
Омарова В.К.
Газқағарлардың өндірілетін орны
ГП-7 газқағары.
- Ресей Федерациясының “Ярославский РТУ заводы” ЖШС шығарылады. Маркировкасы: размері: саны шеңбердің ішінде. Екінші бағанасында – форма номері(Ф әрпі және сандары), 3ші бағанада- өндіруші белгісі(“Я”), шығарылған күні(сандар және нүктемен белгіленеді).