Төтенше жағдай кезінде халықты көшіруді (эвакуация) ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 16:21, реферат

Краткое описание

Эвакуация- адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.
Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.

Содержание

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру
Уақытша көшіру шаралары
Бытыраңқы орналастыру
Эвакуациялық комиссиялар жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың, Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы органдарының қызметі
Эвакуациялық жиналу пункттері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

срс эвакуация.docx

— 29.02 Кб (Скачать документ)

 

Ұйымдардың  Азаматтық  қорғаныс  жоспарының  орналастыру  мен   эвакуациялауға  қатысты  бөлімінде  мыналар  көрсетіледі:

    1. орналастыру  мен  эвакуациялауға  жататын  жұмысшылар  мен  қызметшілердің,  олардың  отбасы  мүшелерінің  саны;
    2. орналастыру  мен  эвакуациялау  мерзімдері ;
    3. жұмысшылар,  қызметшілердің  және  олардың  отбасы  мүшелерін  көлікпен   ( транспорт  түрлері  бойынша)  және  жаяу  тәсілмен әкетілетіні;
    4. эвакуациялық  шаралар  үшін  ұйымдарға  берілетін  көлік  құралдары;
    5. жұмысшыларды,  қызметшілерді  және  олардың  отбасы  мүшелерін  жаяу  тәсілмен  шығару  маршруттары  эвакуацияның  бастапқы пункттері,  демалу  аудандары,  аралық  пункттері;
    6. ұйымдар  бекітілген  немесе  өрістірілген  эвакуациялық  жинау  пункттері,  олардың  нөмірлері  мен  орналасатын  орындары,  ұйымдардың  эвакуациялық  пункттерін  өрістету  уақыты;
    7. жұмысшылардың,  қызметшілердің  және  олардың  отбасы  мүшелерінің  эвакуациялық  жинау  пунктіне  келген  уақыты;
    8. жұмысшыларды,  қызметшілерді  және  олардың  отбасыларын  отырғызуға   және  тасымалдауға  жауапты  эшалондардың  бастықтары,  автомобиль  легінің  басқарушысы  және  басқа  лауазымды  адамдар,  жаяу  саптың  бастықтары;
    9. адамдарды  көлікке  отырғызуды  ұйымдастыруға  бөлінген   пункттер  мен  қауіпсіз  аймақтағы  аралық  эвакуациялық  пункттері;
    10. қауіпсіз  аймақта  жұмысшыларды,  қызметшілерді және   олардың  отбасы  мүшелерін  қабылдауды  ұйымдастыру;
    11. халықты  түсіру  пункті  мен  эвакуациялаудың  аралық  пункттерінен  орналастыру  орындарына  жеткізу  тәртібі  және  ол  үшін  бөлінетін  көлік  ( саны,  сиымдылығы,  келетін  уақыты,  бөлген  адам);

 

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС МІНДЕТТЕРІ. ОСЫ МАҚСАТТА ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫ, ҰЙЫМДАРЫ МЫНА ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАЙДЫ:

  • Халықты қорғау үшін перспективалық және ағымдағы жоспарларды жетілдіру, төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік характері мен елді-мекендер мен шаруашылық объектері және оларды жоюдың іс-қимыл жоспары;
  • Шаруаылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін, іс-шараларды комплексті жақсарту мен төтенше жағдайлар жұмыстарының қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі;
  • Жергілікті хабар беру жұйелерін құру және олардан  алдын алу үшін күш-құралдар дайындау;
  • Төтенше жағдайлар зардаптарын жою мен және оларды ұдайы дайындықта ұстау;
  • Су тасқыны болады-ау деп жүргізіліп отырған құрылыс аймақтарын, көшкінді және басқа да қауіп-қатерлерді жоспарлау;
  • Төтенше жағдайларда баспанасыз қалуы мүмкін тұрғындар үшін уақытша тұрғын жай қорын жасайды;
  • Мониторинг жасау, тұрғындарға, шаруашылық субъектілеріне техногендік авариялар, болуы мүмкін су басу, тасқын, сел, сырғымалар және басқа қауіпті экзогендік құбылыстар жөнінде хабарлау жүйесін ұйымдастырады;
  • Азық-түлік, дәрі-дәрмек және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде материалдық-техникалық жабдықтау қорларын құру;
  • Объектілерде (ауданда, қалада, елді мекендерде, аумақта, нысандарда т.б.) бейбіт мезгілге арналған АҚ жоспарын жасау және уақтылы нақтылау;
  • Объектілерде орын алу мүмкін ірі көлемді авариялардың, катастрофалар, дүлей апаттар тізілімін анықтайды;
  • Авариялар, дүлей апат нәтижесінде қалыптасуы жағдаптты мүмкін   бағамдаудан қорытынды жасау (төтенше жағдай түріне қарай) болуы мүмкін көлемі  және олардың зардаптары;
  • Зардаптарды жоюда атқарылатын жұмыстар көлемінің шамасын және қажет күш-құралдар санын анықтайды;
  • Басшы құрамға, құрылымдардың жеке құрамына, мемлекеттік қызметкерлерге және тұрғындарға хабарлау сызбасын жасау және бекіту;
  • АҚ ұйымдары мен күштерінің бейбіт мезгілдегі төтенше жағдапттарда іс-қимыл жасауға дайындығын қадағалау;
  • Қорғану ғимараттарының құрылысын бақылауда  ұстау және ұжымдық, жекеше қорғану құралдарын ұдайы дайындықта ұстау және көбейту;
  • Басшы құрамның қалыптасқан жағдайларды  дұрыс бағамдай білуі, бейбіт мезгілде  АҚ іс-шараларын жүргізу үшін негізделген жедел шешім қабылдау білуі,  бағыныстағы күштерді сенімді басқара білуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

    • «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» (оқулық) С. Арпабеков, Алматы, 2004.-256бет.
    • «Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған.» І – том.
    • «Табиғат қорғау», Е. Мамбетқазиев, Қ. Сыбанбеков, Алматы, 1990.-412 бет.

Информация о работе Төтенше жағдай кезінде халықты көшіруді (эвакуация) ұйымдастыру