Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2013 в 22:17, реферат
Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саясиоппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті
Тақырыбы: Терроризм туралы түсінік
Орындаған: Кәкімжан Сабина Баспа ісі – 11
Тексерген: Рахимжанқызы Жанар
Астана, 2013 жыл
Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты
сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында
ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар
жүргізген репрессиялық саясатт
Терроризм таралуына террористітк топтар ұйымдарының молығуы әсер етеді. Олар межелі кеңістікке белгілі дәрежеде ықпал етіп қана қоймайды, сонымен бірге өз қызметтерін насихаттай да алады. Мұның өзі өз жағына жаңа жақтастарды тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар террористік ұйымдардың өз мүшелернін қарулы күрес жүргізуге баулитын мүмкіндіктері де бар. Сонымен қатар террористік ұйымда өз қызметтерін ақпараттық сараптан өткізудің. арқасында, материалдық мүдде көмегімен жақтастар тарта алады, олардың өз демеушілері де бар.
Мемлекеттер арасында
орын алған қайшылықтар мен
Тек қана 2002 жылдың сегіз айында дүниежүзінде 390 теракт болған, мұның өзі 2001 жылы тіркелгенінен онның бір бөлігінен көп. Америка Қүрама Штаттарындағы қайғылы қыркүйек оқиғасынан кейін терроризммен күрестің болып көрмеген шаралары көрініс тапты. Терроризм қауіп-қатерінің таралуына дүниежүзі елдерінің бәрі дерлік қарсы шықты.
Алайда, мүнымен терроризм тыншыған жоқ. Қасіретті шежірені 2002 жылы қазандағы Мәскеу драмасы жалғастырды. Терроризм десе түршікпейтін адам жоқ Ол өткен XX ғасырдың бас кезіне бастап жиі қайталаңатын болды. Азір әлем саясаткерлері, қоғам қайраткерлері оның түрлі-түрі себептерін ашық айта бастады. Бір белгілі болғаны, террормзм өрті кедей елдер мен бай елдер, күштілер мен әлсіздер арасында жиі-жиі түтанып отырады екен.
Осылайша терроризм ұлттық шеңберден баяғыда шығып, дүниежүзілік сипатқа ие болған қүбылыс. Ол дүниежүзінің әртүрлі елдерінде дауды, таласты шешудің қорқыту құралына айналған. Оның ең қорқыныштысы көптеген адамдар, топтар және ұйымдар үшін мәселені шешудің. тәсіліне айналып бара жатқандығы: саяси, ұлттық, діни, субьективті жеке мүдденің.
Казіргі кездегі терроризмнің мемлекетаралық маштабы террористік актілерді бір елді дайындап, оның екінші елде жүзеге асуынаң «көрінеді. Мәселен ұшақтарды ұрлау АҚШ-та жүзеге асты, ал оны дайындағандар басқа мемлекет адамдары. Халықаралык терроризмнің көптеген акциялары мемлекеттердің саяси лидерлеіне, мемлекеттік қайраткерлеріне қарсы бағытталған. Осы негізде мемлекеттер халықаралық терроризмге қарсы күресте бірігуде. Екінші дүниежүзілік соғыстың трагедиясы аяқталғанға небәрі елу жылдан астам уақыт өтті. Енді дүниежүзі терроризм проблемасымен жүздесті. Халықаралық терроризммен күрес формаларына көтеген ұйымдар, органдар, БҰҰ, Интерпол, эксперттердің халықаралық ұйымдары кіреді. Қазіргі кезде ТМД елдерінде, әсіресе Ресейде Шешенстандағы проблемаға байланысты терроризм күшейген. Ресейде оның екі түрі бар: ұлттық және криминалдық. Ресей үкіметі террористерге қарсы күресті негізгі мәселе етіп алды.
Қазірті кезде ақпарат құралдары және көптеген саясаткерлер терроризмді XXI ғасыр апаты деп атап жүр. Ол адам баласына қарсы жасалатын жауыздықтың бүл түрінің молайып кетуінен туған болар. Саясаткерлер, қоғам қайраткерлері әр нәрсеге біліктілікпен әділ баға беріп, әр кезеңнің саясаты мен идеолрогиясын салыстырып отырып талдау жасауы қажет. Сонда бүкіл әлем арандатушылықтан, үрейден қауіпсіз де, қатерсіз де болар еді.
Қазақстан президенті Н.Назарбаев өзінің "Сындарлы он жыл" деген еңбегінде терроризмге қарсы күресте дүниежүзінің бірігуін ұсына отырып Қазақстандағы жағдайды былай деп көрсетеді: "Казірге дейін экстремизм мен терроризм анық-қанық көрініс табуына орйын келтіртпей отырған себеп-Қазақстандағы түрақтылықтың тегеуріні, мұның өзі бүгінгі статус-твоны сақтап қалудың өзіндік қалқаны болып отыр. Ең соңында, қазақстандық көп реңкті конфссионализм мен ұлтаралық келісім ақуалы да діни экстемизм мен сепаратизммен қанат жаюына белгілі дәрежеде тосқауыл болуда".
Бірде-бір мемлекет қандай құдіретті болса да терроризмнің пайда болуынан сақтана алмайды. Көптеген елдердің, әсіресе дамушы елдердің экономикасының нашар дамуы, жұмыссыздық, кедейшілдік наразылықты туғызбай қоймайды. Сондықтанда ең бастысы әлемдегі кедейшілікпен күресу қажет. Терроризмнің негізін жою, оның алдын-ала алу, оны басталар кезінде жою жұмыстары бірден бола салмайды. Ол табанды да, ұзақ жүргізілетін процес.