Тарбие сағаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2014 в 16:19, доклад

Краткое описание

Сұлулық ұғымы әр жанның түсінігінде әр түрлі қалыптасқан. Әйел тәнінің сұлулығын айтқанда, бірден мына сипаттама ойға оралады: оймақ ауыз, қарақат көз, қиғаш қас, сұңғақ бой, аршын төс, қыпша бел, қолаң шаш... Қыз бала бойжеткен шағынан бастап, осы сипаттамаға сай болуға талпынады. Ықылым заманнан бері әр халықтың нәзік жандары сұлу болып көріну үшін, қастарын қиғаштап бояған, қысқа белдік тартып, қыпша белді болуға ұмтылған, қолаң шаштарына көрік беру мақсатында небір емдік майларды пайдаланған.

Прикрепленные файлы: 1 файл

қыздарға әсемдік жарасады.docx

— 92.64 Кб (Скачать документ)

Сұлулық ұғымы әр жанның түсінігінде  әр түрлі қалыптасқан. Әйел тәнінің сұлулығын айтқанда, бірден мына сипаттама ойға оралады: оймақ ауыз, қарақат көз, қиғаш қас, сұңғақ бой, аршын төс, қыпша бел, қолаң шаш... Қыз бала бойжеткен шағынан бастап, осы сипаттамаға сай болуға талпынады. Ықылым заманнан бері әр халықтың нәзік жандары сұлу болып көріну үшін, қастарын қиғаштап бояған, қысқа белдік тартып, қыпша белді болуға ұмтылған, қолаң шаштарына көрік беру мақсатында небір емдік майларды пайдаланған.

Жаңа заманда сырғалалылардың  әдемі болып көрінуіне мүмкіндік  көп. Бояу мен иісмайдың, әшекей мен сәнді киімдердің түр-түріне оңай қол жеткізуге болады. Бірақ,  әсемдік бұйымдарын орынды пайдаланып жүрміз бе?! Немесе сұлу болып көріну үшін не істеп жүрміз? Бұл сұраққа жауап беру үшін, мен өз сұлулығымның құпияларын жария еткім келіп тұр.

Шаш — адамның ажары

Шаш күтіміне ерекше мән беру керектігін анам кішкентайымнан айтып  келеді. Шашты аптасына үш рет жуған  дұрыс. Күнде жууды әдетке айналдыру  — шаштың құрғауына әкеп соқтырады. Ошаған майын (репейное масло) шаш түбіне жағып, бірнеше сағат ұстаса, шаш әдемі әрі тез өседі. Бұл майды үздіксіз пайдаланып келе жатқаныма үш жыл болды. Нәтиже көңілімнен шығады.  Көп қыздарға, оның ішінде қазақ қыздарына шашты өрген жарасады. Бұрым — қыз баланың бойына нәзіктік пен жинақылық береді. Сондықтан, күнделікті өмірде шашты жайғаннан гөрі, өріп қойып жүргенді ұнатамын. Фен мен үтік деген дүниелерді өте сирек пайдаланамын. Олардың зияны айтпаса да, түсінікті.

Табиғи сұлулық

Ерте жастан бояуға әуестік теріні ерте қартайтып жібереді. Сондықтан, мерекелік кештерге болмаса, қарапайым күндері бояуды аз пайдалануға тырысамын. Күнделікті қолданатын бояуларым көзге арналған сүрме (тушь) мен еңліктен (румяна) ғана тұрады.

Тырнақ бас назарда

Тырнақ күтіміне көп жандар мән бере бермейді. Ол да қыздың айнасы. Тырнақтарды ұзын етіп өсіру сәнге айналғанымен, менің таңдауым - қысқа тырнақтар. Тырнақтарым міндетті түрде ашық түске боялады. Жаз айларында аяқ тырнақтарына да үлкен мән беремін.

Киімімізге қарап қарсы алады...

Адам алыстан келе жатқанда, бірінші көзге түсетіні оның тырнақтары емес, шашы да емес — киімі. Киімнің соңғы үлгіде болуы шарт емес. Бастысы бойға қонымдылығы мен таза болуы. Киімді үтіктемей кию — қыз баланың ажарын қашырып қана қоймай, беделін де түсіреді. Киімді үтіктеп барып қана киюге тырысамын."Қыз сырт келбетін түрлендіріп, өзгертіп отыруы тиіс" деген екен әйгілі Ресей әншісі Людмила Гурченко. Сондықтан, күнде бір образда жүргенді қаламаймын. Ал киім таңдауда, бағасы мен үлгісі емес, жайлылығы мен жарасымдылығы маңызды

 

Әдемілік, әсемдік  жайлы ойламайтын әйел заты болмайды. Дегенмен, күйбең тірлікте ажарың мен  бет күтіміңе қарауға кейде уақыт  жетпей жатады. Әрине, қалтаңызда қаражат  болып, қаладағы қаптаған сұлулық салондарына  бас сұқсаңыз, сымбаттанып сала беретініңіз  даусыз. Әйтсе де үйде жүріп-ақ күтіне білу, көрікті бола түсу өз қолыңызда  екенін ұмытпаңыз.

Бет жуудың да тәртібі  барБетті жиі жуса, тері құрғап кетуі мүмкін. Сондықтан оны кейде арнайы сұйықтармен сүрткен жөн. Мәселен, кешке жуылған бетті таңертең тек түнгі кремді кетіру үшін бет тазалайтын сүтігенге батырылған мақтамен сүрту керек. Ал майлы бетті жуудан қашпағаныңыз абзал. Себебі, майлы бетке судың пайдасы орасан. Сонымен қатар бетті кез келген иіс сабынмен жууға болмайды. Оның құрамындағы қышқылдар нәзік бет терісіне өзіндік зиянын тигізуі мүмкін. Құрамында спирті мол ласьондар тек майлы бетке арналған. Себебі, майлы бет оның құрамындағы күшті қышқылдарға төтеп бере алады. Ал көпіршік (пенка) мен гельдің әр түрлі бетке арналған түрлері болады.Олар терідегі макияждан қалған қалдықтарды жақсы тазалайды.Ал құрамында хлоры бар сумен бет жууға болмайтынын әрбір арудың білгені жөн. Ол бетті қатты құрғатып, теріні бүлдіруі әбден мүмкін. Сондай-ақ хлорланған су бетке тез әжім түсіреді. Сондықтан бетті лажы болса, қайнаған, жылы суға жуған дұрыс.Косметологтар кез келген қыз-келіншектің бетін аптасына бір рет скрабпен тазалап тұруына кеңес береді.

Шашқа масканы өзің жасаШашыңыз жиі түсіп, сынып, сәндеуде қиындықтар туғызып жүрсе, арнайы маска дайындап, жағып отырыңыз. Маска жасау көп уақытыңызды алмайды.Мысалы, пияздан жасалған маска шашқа төзімділік сыйласа, лимон қышқылынан жасалатын маска шашты жылтыратып, әдемі ете түседі.Ол үшін бір лимон шырынын бір қасық сүзбемен араластырып, оған майдалап туралған қияр мен ара балын қосады. Қоспаны бас терісіне жағып, он минуттан соң жуып тастайды.Ал пияз шырынынан жасалатын маскаға бір жұмыртқаның сарысын араластырып, шаштың түбіне жағып қойсаңыз, шашыңыздың түсуінен құтыласыз.Ал сәнделген шашты бекітуге лимон шырынын пайдалануға болады. Шашты бұйраламас бұрын оған лимон шырынын жағады. Демек, лимон шырыны лак ретінде қолданылады деген сөз. Оны әзірлеу үшін лимонды бөлшектейді де 200 мл. суда қайнатады. Судың жартысы буланып, ұшып кетуі тиіс. Содан соң ерітіндіні сүзіп алып, оның үстіне спирттің немесе арақтың бірнеше тамшысын тамызады. Осыдан соң салынған бұйраның әдемі түсетіндігіне күмәніңіз болмасын.Шашыңыз көп қышып, қайызғақтана берсе, өсімдіктен жасалатын масканы пайдаланып көріңіз.Ол үшін шетен жемісін, бақбақ және жалбыз жапырақтарын ұсақтап, уатып, біркелкі ботқа түрінде араластыру керек. Осы қоспаны басқа жағып, он минуттай ұстайды. Одан соң тарақты батырып, тарасаңыз, қоспа теріге сіңіп, қайызғақтың болмауына септігін тигізеді.

Қас пен кірпігің күтімсіз қалмасынҚас пен кірпіктерді тек көз аурулары болмаған кезде ғана бояуға болады. Ал бояуды тұзды жылы сумен немесе физиологиялық ерітінділермен жуады.Қасқа және кірпіктерге бояу жағар алдында оны арнайы байқаудан өткізіп алған ләзім. Ол үшін бояуды құлақтың артындағы тері қабатына жағып алады да, он минуттай өткен соң ол аймақтың терісі қызармайтын болса әрі домбықпаса, онда сол бояуды қолдануыңызға болады.Қас пен кірпікті берік ете түсу үшін күн сайын шаш щеткасымен массаж жасаған дұрыс. Күнбағыс майын жылытып, оған лимон шырынын қосып, арнайы шеткамен қас пен кірпікке жағып, тараңыз. Қасты көз жақ тұсынан самайға қарай алдымен щеткамен, содан соң екі қолдың ортаңғы саусақтарымен уқалайды. Содан соң майдың бір тамшысын сұқ саусақтың үстіне тамызып, сонан соң еңкейе отырып, көзді жыпылықтатып, жоғары кірпіктерді майға тигізеді, одан соң щеткамен жоғары кірпіктің түбінен ұшына қарай жылжытады. Астыңғы кірпіктерге де осы әдісті қайталаңыз. Бұл массаждан соң қастарыңыз біркелкіленіп, кірпіктеріңіздің қалыңдай түскенін аңғарасыз.

Айнадан абай бол!Айна — арудың қалтасынан түспейтін бұйымдардың бірі. Әрбір әйел заты күніне қарамадым дегенде, айнаға 20 шақты рет үңіледі екен. Әзірге айнаның пайдалы жағын білеміз. Бағзыдан айтылатын «Сынық айнаға қарауға болмайды» деген ырымның астарына үңіліп те қарамаймыз. Айнаның адам көңіл-күйіне тікелей әсер ететінін біріміз білсек, біріміз білмейміз.Америка ғалымдары сезімталдығы жоғары аппараттың көмегімен айнаның адам организміне әсеріне 15 жыл бойы зерттеу жүргізген. Сонда мынадай заңдылықты байқапты, егер адам күні бойы айнаға жиі-жиі қараса, кешкісін көңіл-күйі болмай, өзін нашар сезінетін болады. Біраз уақыттан кейін шаршау сезімі білінеді, есте сақтау қабілеті төмендейді. Өйткені айна адамның өмірлік күш қуатын өзіне тартып алып, ағзаны әлсіретеді екен.Ескі айна, әсіресе, басқа біреудің айнасы, қырсықтың көзі болып табылатыны айтылған. Ол адамның көңіл күйін, әсіресе, жағымсыз жақтарын «бойында ұстап қалады» да, оны айнаға қараған басқа адамға «жұқтырады».Бұдан құтылудың ежелден келе жатқан әдістерін американдық зерттеушілер айғақтаған. Айнаны күн сәулесі түсетін тұсқа қойса, айнадағы жаман энергия жоғалады-мыс. Содан соң айнаның бетін ауық-ауық сүртіп, тазалап отырыңыз. Айғыз айнадан бет-бейнеңіз ажарсыз көрініп, көңіліңізді құлазытуы мүмкін. Сондықтан айнаға қарамас бұрын оның бетіне үңілгеніңіз дұрыс.


Информация о работе Тарбие сағаты