Табиғи сипаттағы жағдайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2015 в 07:38, реферат

Краткое описание

Таудан құлаған лайлы-тасты тасқынның жылдамдығы секундына шамамен 5 – 10 метрге дейін жетеді. Екпіндей аққан сел тасқыны салмағы бірнеше тонналық тастарды домалатумен бірге, діңіне адам құшағы жетпейтін биік ағаштарды тамырымен қоса жұлып әкетеді. Сел тасқыны тау аңғарларына, тау бөктерлеріне таяу орналасқан елді мекендер, әр түрлі құрылыстар, жолдар, шаруашылық мекен-жайлары, егістік жерлер үшін тым қауіпті.

Содержание

Кіріспе

1. Табиғи сипаттағы жағдайлар.
2. Сел дегеніміз не?
3.Көшкін.
4.Апатты көшкін.
5.Опырмалар.

Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

РЕФЕРАТ.docx

— 33.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар 
 
Кіріспе 
 
1. Табиғи сипаттағы жағдайлар. 
2. Сел дегеніміз не?

3.Көшкін.

4.Апатты көшкін.

5.Опырмалар. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      Кіріспе 
 
Таудан құлаған лайлы-тасты тасқынның жылдамдығы секундына шамамен 5 – 10 метрге дейін жетеді. Екпіндей аққан сел тасқыны салмағы бірнеше тонналық тастарды домалатумен бірге, діңіне адам құшағы жетпейтін биік ағаштарды тамырымен қоса жұлып әкетеді. Сел тасқыны тау аңғарларына, тау бөктерлеріне таяу орналасқан елді мекендер, әр түрлі құрылыстар, жолдар, шаруашылық мекен-жайлары, егістік жерлер үшін тым қауіпті.  
Сел апатынан қорғану үшін қауіпті жерлерге каналдар, көпірлер, су бөгендері, плотина салынып, тау беткейлерінде қар ұстайтын ағаштар отырғызылады. Кіші Алматы өзенінің басындағы Тұйықсу көлінің кемерінен асуы нәтижесінде әрқашан сел қаупі туушы еді. Міне, осы селге тосқауыл боларлықтай, биіктігі 110 Медеу плотинасы салынды.  
Сел қаупін алдын-ала хабарлау және белгі беру үшін арнайы жабдықталған және радиостанция орнатылған вертолеттер қолданылып жүр. Алматыда арнайы сел тасқынын бақылау станциясы жұмыс істейді. Оның байқау постылары селдің жүру ықтималдығы мен су тасқыны жөнінде Алматы мен оның төңірегіндегі елді мекендерге хабар беріп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар. 
Тұрғындарды қорғау 
 
Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне,халықтың өмірінің күрт бұзылуына,материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін құбылыстар.Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен болады.Мысалы;су басу,жер сілкінісі,ормандағы өрттер,көшкін т.б жатады. 
Төтенше жағдай дегеніміз - табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.  
Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.  
Зілзала - бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы.  
Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға.  
Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілзалалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт.  
Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% - тропикалық циклондары, 15% - жер сілкінісінің, ал қалған 25% - зілзаланың басқа түрлері.  
Каспий теңізі деңгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздауына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.

 

 

 

 

 

Сел – тау өзеннің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын. 
Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды қзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінен пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекелеген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады. 
Іле, Жоңғар, Талас Алатауының жоталарында, сондай – ақ Қаратай, Кетмен және Тарбағатай тауларындағы өзендер Қазақстандағы сел қауіпі күшті аудандар болып табылады. 
Қазақстанда өткен сел тасқынның 250 оқыиғасының 100 – і Іле алатауында болған. әсірісе солтүстік бөктердің орталық бөлігіндегі төкпе өршіктеріне Қаскелең, Алматы, Талғар қалалары орналасқан қапталдарындағы өзендерде сел тасқыны ерекше күшті. 
Верный (қазіргі алматы) қаласына саулаған 1921 жылғы сел туралы мәліметтер келтіре отырып, А. Сергеев «Каменный щит» (1978) атты кітабында былай деп жазады: «селдің бірінің артынан бірінің төңкеріле ағуынан таудай толқындары түйетастарды, опырылған жартастардың үйдей сынықтарын домалата айдап, жолындағының бәрін күйретіп, қиратып, ғимараттарды жаңқалап, үгіп, талқандап келе жатты. Тасқын кейбір үйлерді ірге тасынан жұлып алып, гүрілдеген, гүрсілдеген қою қараңғылықта, ауладағы құрылыстармен, қора – қопсысымен, мал – туарымен қоса, сұрапыл екпін мен ығыстырып, әкете барды». 
1887 – жылы. жер сілкінуі кезінде Ақсай және Алматы өзендерінде өте күшті лайлы тасқын болған.таудағы қар көшкіні бөгеп тастаған кіші Алматы өзені тасып кетіп, Верный қаласында бірнеше квартал су астында қалған. 
1902 – жылы. Ақсай өзнеі бәссейнінде тау етегінде балшық пен тас аралас лай жиналған.1918 – жыл. топырақ көшкіні таудан сырғанап кеп Батарея шатқалында өзеннің арнасын бөгеп тастады. Мол су жиналып, көшкін топырақ бөгетін бұзып кеткен де Кіші Алматы өзеніне сарқырай құйылған, жол – жөнекей көпірлерді, су дирмендерді ағызып әкеткен. 
1921 – жылы 8 шілдеде. Өте қатты нөсер (бір тәулікте 116м, яғни айлық екі норма мөлшерінде) жауып, таулардың жоғары бөлегінде қар мен мұзартты үдере ерітіп жібергенде Іле алатауының солтүстік бөктеріндегі барлық өзендерде әдеттен тыс орасан көп мөлшерде су жоғары көтерілген.Кіші Алматы өзенінің алқаптарында сел тасқыны арасы 0,5 — 1 миноттық жиілікпен бірін – бірі қуалай аунаған, биіктігі 2 метр келетін 80 толқын ағып өткен лаймен бірге тасқын тамырымен қопарылған ағаштарды, дәу тастарды, үйлерді ағызып әкеткен. Қалаға тасқын домалатып әкелген түйе тастардың салмағы 24 тонна, аумағы 14 текше метрге жеткен, ал таудан шығарында мұның аумағы 70 текше метр, салмағы 200 тоннадай болыпты. тасқында ағып кнлген балшық пен тас аралас лай шөгіндісі қаланың көптеген көшелерін 1 метр және одан да жоғары биіктіктен 100 үй 14 дирмен қираған. судағыдай емес, балшық пен тас аралас жабысқақ лай тасқынынан қалқып шығу мүмкін емес. сондықтан адамдар өліп, көптеген үй жануарлары қырылды. 
1933 – жылы Алматы қаласында осы сел тасқынының іздері әлі де көрініп жатқан – ды. М . Горыкий атындағы паріктен Форманов көшесіне дейінгі ауданда кейбір үйлердің төменгі қабатын терезесіне дейін сел тасқыны әкелген лай көміп кеткен,диаметірі 1 метрден 2 метрге дейнгі қойтастар көшелерде жатқан – ды. 
1921 – жылы 8 шілдеде. үлкен Алматы өзенінің алқабында сел көпірлер мен дирмендерді қиратып кеткен. Арнасынан асып шыққан Есік өзені 18 үйді құлатқан. Талғар селосында өзен суы 8 метр көтеріліп, дирмен мен көпірді ағызып әкеткен. 
1940 жылғы 29 шілдеде қатты жаңбырдан кейін сол жақ Талғар шатқалының сол жақ қапталынан сел тасқыны сулады; сел терең жыралар қазып, үймек – үймек тастарды, тамырымен қоса қопарылған ағаштарды ағызып әкелді. 
1941 жылғы 25 мамырда Іле алатауының жотасында 97 минут ішінде 93 мимллиметр жауын жауды. Бірақ нөсер негізінен алғанда ормандық белдеу үстінен өтті де, ойранды сел туғызған жоқ.1950 жылғы 8 – 9 шілдеде Үлкен алматы бассейінінднгі сел тасқыны өзен алабына 1428 мың текше метр балшық пен тас аралас қыруар лай құлатты. Бірақ қалаға келіп жеткен жоқ, ештеме қираған жолқ. 
1963 жылғы 7 шілдеде Есік көлін ойрандаған сел тасқыны болды. 
Есікті ойраннан кейін 10 жыл өткен соң 1973 жылы 15 шілдеде Кіші Алматы шатқалында айдай әлемге әйгілі сел тасқыны болды, бірақ Медеу шатқалында күшті жарылыс арқылы жасалған тас бөгет селді жібермей, жуасытып тастады. 
Сейсмикалық қауіпті аудандағы халық орман желектерін кесу, егіс жұмыстарын жұргізу, үй малын бағу жөніндегі нұсқауларды қатаң орындауға тиіс. 

 

 

Халыққа сел тасқынның жақындауы туралы хабарлаған жағдайда, сондай – ақ оның пайда болуының алғашқы белгілері білінген сәтте, ғимараттан тез шығып, бұл туралы төңіректегілерге ескертіп, қауіпсіз орынға бару керек. өот болмау үшін үйден шыққан кезде пешті сөндіріп, газ бұрандасын жауып, жарықты өшіріп, электр заттарын ажырату қажет. Егер уақыт болса, қауіпті аймақтан малды айдап кеткен жөн. Халық қауіпті аудандардан уақытша қауіпсіз орынға көшіріледі. 
Сел тасқынна тап болған адамға қолда бар барлық құралдар мен көмек көрсету керек. Мұндай құралдар құтқарушылар беретін таяқ, арқан, сырық, шынжыр және т.с.с. болуы мүмкін. Тасқын ішіндегі адамды оның шетіне біртіндеп жақындата отыра, тасқынның бағыты бойынша шығару керек. 
Сел қауіпі кезінде көшіруге қатысушы адамдар қауіпті жерлерден қарттар мен балалрды, аурулар мен өз бетінше жүре алмайтын адамдарды шығарады. Еңбекке қабілетті бүкіл халық тоғандарды нығайтуға, кедергілер тұрғызуға, ағызғыш каналдар қазуға міндетті. 
Егер сел апатына елді – мекен ұшыраса, онда іздеу құтқару жұмыстарына әзірленген жоспары бойынша жұмыс жұргізетін әр түрлі құтқару бөлімшелерінің айтарлықтай күштері мен құралдары таратылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көшкін – таудың құлама беткейімен төмен қарай орасан жылдамдықпен сырғитын қар немесе мұз массасы. Қар көшкіні қалың қар жаууының, қардың қарқынды еруінің, жаңбыр жауудың, тереңдік қылаудың борпылдақ түзілімі бар қар қабатының қайта кристалдануының әсерінен беткейдегі қар беріктігі бұзылғанда пайда болады. Жылжу сипаты бойынша оны жылжыма, науалық және секірмелі көшкіндер деп бөледі. Құрғақ қардан көшкін жүрген кезде, оның алдыңғы жағында жан-жаққа тарап үлгеретін ауа толқыны пайда болады. Қар көшкіндері өзінің бұрынғы тапталған жолы бойынша жүреді, көл. 2 млн. м3-ге дейін, ал күшінің соққысы 60 – 100 т/м3-ге дейін барады. Көшкін жиі болатын тауларда (Іле, Жетісу Алатаулары, т.б.) көшкіннен қорғау жүйелері (қардан қорғайтын қалқандар, қауіпті беткейлерді артиллериямен атқылау және т.б.) құрылады, орманды кесуге тыйым салынады. Көшкін қауіпті беткейлерге ағаш отырғызылады. Мұз көшкіндері, тік аспалы мұздықтардың опырылып, төмен қарай жылжуынан пайда болады.

Апатты көшкін - көшкін құрайтын факторлардың қалыпты тіркесі жағдайында пайда болатын және көшкін науасында кәдімгі көшкіндерден қалыптасқан минералдық ысырынды конустан тыс алысқа тарайтын, сирек қайталанатын көшкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

Опырмалар тік тау жыныстарында пайда болған топырақ массасының ауырлық күшінің әсәрімен төмен қарай сырғуы. Опырмалар тік таудың тұрақтылығы бүлінген жағдайда пайда болады. Опырмалар адам және материалдық шығынға әкеліп соқтыратын табиғи процесс.

Опырмалар келесі факторлардың әсерінен болуы мүмкін:

  • топырақтың сусыздануына және құрғауына;
  • өсімдіктердің түрлерінің өзгеруінен (вида насождении);
  • өсімдік қабатының құрып кетуінен;
  • желденуінен.

Қатты жер сілкінісі кезінде міндетті түрде әр уақытта опырмалар орын алады.

Опырмалар Қазақстанның барлық таулы аймақтарында болуы мүмкін. Аса ірі опырмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Опырмалар ірі өзенді бөгейтін көлденең массаларды үйіп тастауына байланысты су тоғандарын жасауға әкеліп соғады. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.

Опырмалар тіктігі 20 градусқа жуық жарларда жылдың кез-келген уақытында болуы мүмкін. Ірі опырмалардың көлемі 50-60 га дейін жетеді.

Тау тастарының құлауы.

Тау жыныстарының кристалдық торларының температуралык, өзгерістер әсерінен кеңеюі мен сырылуының түрліше болуы физикалық үгілуге негіз болады. Бұл өзгерістер жыл маусымдары айқын ажыратылатын аудандар мен климат континенттілігі жоғары болатын, әсіресе тәуліктік температура үлкен айырма- шылық жасайтын жерлерде каркынды жүреді. Мұндай аудандарда үгілу әсерінен киыршьщтасты қорымдар түзіледі. Тау жыныстарындағы ұсақ. жарықшақтарға су кіріп, ол кеңейеді, түнге қарай мұз қатып, жарықтар одан әрі ұлғаяды. Мұндай құбылыс поляр маңы мен биік таулы жерлерге, сондай-ақ Сахара сияқты табиғаты «қатал» шөлдерге тән.

Химиялық үгілу дегеніміз — тау жыныстары мен минералдардың құрамындағы реакцияға тез түсетін заттардың (оттек, кемір қышқылы, тұздар, қышқылдар, негіздер) ауадағы су буының көмегімен өзгеруі және өзара әрекеттесуі нәтижесінде бұзылуы. Сондықтан химиялық үгілу ылғалды, ыстық климат жағдайындағы субтропиктер мен тропиктерге, сондай-ақ теңіз маңы аудандарына тән. Әдетте, үгілудің барлық әрекеттері қатар жүріп отырады, сондықтан айқын басымдылық танытатын әрекет түрі бірінші кезекте айтылады. Өсімдіктер өлемі мен жануарлар дүниесі де белгілі дәрежеде физикалық және химиялық үгілу әрекеттеріне қатысып, кейде тіпті оның жүру қарқынын күшейтеді.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер 
 
1. Қазақ совет энциклопедиясы. Т 10. Алматы 1977. 
2. А. Т. Алтунин. Азаматтық қорғаныс жасақтары стихиялық апаттарға қарсы күресте. Алматы «Қазақстан», 1981. 
3. Алматы. Энциклопедиялық анықтама. М. Қ. Қозыбаев. «Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы», 1983. 
4. Төтенше жағдайлар мен Азаматтық қорғаныс жөніндегі материялдардың ақпараттық әдістемелік жинағы. №4(8)2001.

 

 


Информация о работе Табиғи сипаттағы жағдайлар