Құрылыс машиналарын жөндеу және техникалық қызмет жүйесінің негізгі ережелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2014 в 17:43, лекция

Краткое описание

Құрылыс машиналарын техникалық пайдалану және жөндеуді ұйымдастырудың жоғарғы деңгейі машиналар паркін дұрыс күйде ұстауға мүмкіндік береді, олардың жұмысқа жарамдылығының жоғарылауын және қорының қалпына келтірілуін қамтамасыз етеді.
Біздің елде құрылыс машиналарына техникалық қызмет көрсету және жөндеудің жоспарлы- ескерту жүйесі (ЖЕЖ жүйесі) қабылданған. Бұл жүйе жоспарлы түрде жүргізілетін ұйымастыру- техникалық іс шаралардың кешенін құрайды. МЕСТ 18322-78 сәйкес ЖЕЖ жүйесімен қарастырылған барлық жұмыстар техникалық қызмет көрсету және жөндеу деп бөлінеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

техника безопасности (1).docx

— 19.93 Кб (Скачать документ)

ҚҰРЫЛЫС  МАШИНАЛАРЫН ЖӘНЕ ЖАБДЫҚТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

 

Құрылыс машиналарын жөндеу және техникалық қызмет жүйесінің негізгі ережелері

 

Құрылыс машиналарын техникалық пайдалану және жөндеуді ұйымдастырудың жоғарғы деңгейі машиналар паркін дұрыс күйде ұстауға мүмкіндік береді, олардың жұмысқа жарамдылығының жоғарылауын және қорының қалпына келтірілуін қамтамасыз етеді.

Біздің елде құрылыс машиналарына техникалық қызмет көрсету және жөндеудің жоспарлы- ескерту жүйесі (ЖЕЖ жүйесі) қабылданған. Бұл жүйе жоспарлы түрде жүргізілетін ұйымастыру- техникалық іс шаралардың кешенін құрайды. МЕСТ 18322-78 сәйкес ЖЕЖ жүйесімен қарастырылған барлық жұмыстар техникалық қызмет көрсету және жөндеу деп бөлінеді.

Техникалық қызмет көрсету мақсаты, күтуі, сақталуы және тасымалдануы бойынша пайдаланылуы кезінде машинаның жұмысқа жарамдылығын қолдау бойынша операциялардың кешені болып табылады. Техникалық қызмет көрсету аталған машина түрі үшін және машина үлгісі үшін алдын- ала бекітілген жұмыс көлемі жоспары бойынша периодты, міндетті түрде орындалатынды қарастырады. Техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстардың жоспарлылығына қарамастан тозудың белгілі дәрежесі кезінде машинаның одан арғы пайдалануы техникалық және экономикалық жағынан тиімсіз болып табылады немесе тіпті қауіпті болады.

Жөндеу- бұл машинаның жұмысқа жарамдылығын және машинаның қорын және оның құраушы бөлшектерін қалпына келтіру бойынша операциялардың кешені. Машиналарды жөндеу бойынша жұмыс көлемі техникалық қызмет көрсетудің сапасына, машинаны пайдалану шартына, машинисттің квалификациясына тәуелді, көп жағдайда ол регламентталмаған және нақты қажеттіліктің негізінде орнатылады.

Құрылыс ережелеріне (ҚН және Н 111- 1- 76) және нормативті құжаттарға сейкес ай сайынғы техникалық қызмет көрсетуді (ЕО), периодты (кезеңді) техникалық қызмет көрсетуді (ТО), маусымдық техникалық қызмет көрсетуді (СО) және жоспарлы жөндеулері: ағымдағы (Т) және күрделі (К) қарастырады. 

Ай сайынғы техникалық қызмет көрсету бұл жұмыстық ауысым кезінде машинаның жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етуі керек. Оны жұмыстық ауысымның алдында, кезінде немесе аяқталуынан кейін орындайды. Бұл  қызмет көрсету түрінің құрамына машина бөлшектерін және буындарын майлау және оны бригадалар ауысуы кезінде беруге дайындау, сондай- ақ жұмыс алдындағы ақырғы бақылау кіреді.

Периодты (кезеңді) техникалық қызмет көрсету пайдалану құжаттамаларында бекітілген жұмыс өтілі немесе уақыт интервалы мәні арқылы орындалады. Қызмет көрсетудің бұл түрі профилактикалық іс шаралардың жасалуы есебінен машиналардың жанасатын бөлшектерінің тозу қарқындылығын алдын алады. Автомобильдің базасында жасалған машиналар үшін екі техникалық қызмет көрсету түрін (ТО-1 және ТО-2) жасау қарастырылған, ал трактор базасында немесе трактор қозғалтқышымен жасалған машиналар үшін, - үш техникалық қызмет көрсету (ТО-1, ТО-2 және ТО-3). Периодты (кезеңді) техникалық қызмет көрсетудің құрамына кіреді: сыртқы күтім, диагностикалау, бекіту және реттеу жұмыстары, сондай-ақ  машинаны майлау.

Маусымдық техникалық қызмет көрсетуді машиналарды күз- қыс және көктем- жаз пайдалану жұмыстарына дайындау үшін, сондай- ақ оларды сақтау үшін жүргізеді. Әдетте қызмет көрсетудің бұл түрін жылына екі мәрте орындалады. Маусымдық қызмет көрсету кезінде сәйкесінше пайдалану кезеңіне өту кезінде майларды, жанармайды және суытушы сұйықтықты ауыстырады.

Ағымдағы жөндеуді машинаның жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ету үшін жасалады; ол машинаны жекелеп шашу кезінде бөлшектерді және жинау бірліктерін қалпына келтіру және ауыстыру бойынша операциялардан тұрады.

Күрделі жөнедеуді машинаның, оған қоса оның кез-келген бөлшектерін, тіпті базалық, толық немесе толыққа жақын қорын қалпына келтіру және кемшіліктерін жою үшін жүргізеді.

ППР жүйесінде машина белгілі бір уақыт жұмыс істеген соң ондағы қажетті әсерлерді орындау қарастырылады. осыған сәйкес әр машина үшін техникалық қызмет көрсетулердің және жөндеулердің (машинаның өмірлік циклы уақытында, белгілі бір жыл, ай) орындалуы кезеңділігінің жоспар- графигі жасалады. Жасау үшін негізгі болып жөндеу циклі, яғни кезекті күрделі (К) жөндеулер арасындағы машинаның жұмыс уақыты (сағ) табылады. Ол әр машина үшін оның тағайындалуына және негізгі параметрлеріне байланасты орнатылады. Жөндеу циклы машинаның жөндеуге әр тоқтауы белгілі бөлшектер тобының және жинақ бірліктерінің шектік тозуы уақытына сәйкес келуі керек. Мысалы, жерқазу машинасы үшін жөндеу циклының (Ц) ұзақтығы 5760 сағ. құрайды. Сол уақытта әр 960 сағ. сайын төрт ағымдағы (Т) жөндеуді жасау керек. Ағымдағы жөндеудің әр циклінде Цm үш ТО-2 ЦTO-2=240 сағ. уақытымен, ал әр ЦTO-2 - үш ТО-1 ЦTO-1 = 60 сағ уақытымен. Әсер етудің жекелеген түрлері арасындағы интервалдар әрқашан еселік мөлшер болып табылады және келтірілген периодтылық үшін 1:4:16:96 қатынасымен келтірілген немесе сағатпен 60:240:960:5760. Мұнаралық крандар үшін 5...9 өлшем топтары (М 250...1400 m-м) үшін бұл қатынас 1:3:6:72 құрайды немесе сағатпен 200:600:1200:14400, яғни ағымдағы жөндеуге дейін екі ТО-1 және бір ТО-2 және он бір ағымдағы жөндеулер толық жөндеу циклында.

Техникалық қызмет көрсетудің технологиялық үдерісінің әрқайсысы бір немесе бірнеше жұмысшылармен іске асырылатын үдерістің бөлігін құрайтын операциялардың жиынтығынан тұрады. Операция жинақтау бірлігіне (буынана немесе агрегатына) немесе жинақтау бірлігінің топтарына қызмет көрсету бойынша бірізділік әрекеттердің кешенінен тұрады. Сонымен, техникалық қызмет көрсетудің операциялары болып табылады: қозғалтқыштың картерінің түбіндегі майды ауыстыру, тежегіштерді реттеу, фрикционды муфталарды және т.с.с. реттеу. Машинаның техникалық қызмет көрсетуі көптеген операциялардан тұрады, олар өзінің сипаты және орындалу шарттары бойынша жұмыстардың циклын қамтитын белгілі бір топтарға біріктірілуі мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей техникалық қызмет көрсету оның түріне қарамастан келесі негізгі жұмыстарға бөлуге болады: жинау- жуу, диагностикалық, бекіту, реттеу, майлау және толтыру (құю). Мұндай бөліну біріншіден әр жұмысты орындау кезінде сәйкес мамандық, және екіншіден жұмысты орындау орнында арнайы жабдықты, аспаптарды және құралдарды қолданумен шартталған.

Аталған жұмыстардың топтары белгілі мәнділігімен сипатталады. Жинау-жуу жұмыстары сыртқы күтім, ол жұмыс түрлерінің барлығының алдында болады, құрылыс машиналарының сыртқы ақауларын табуға мүмкіндік береді, сондай-ақ келесідей жұмыстардың сапасын, олардың өнімділігін және орындалу мәдениетін анықтайды.

Құрылыс машиналарын диагностикалау алдын ала шашусыз олардың техникалық күйін анықтауға бағытталған, ол ақаулардың туындауының ескертуге мүмкіндік береді және жанасатын бөлшектердің тозуы артуының алдын алады. Диагностикалау нәтижесінде машинаның және жинау бірліктерінің қалдық қорын анықтауға, яғни машинаның күрделі жөндеуге дейінгі қалыпты жұмысының уақытынан анықтауға мүмкіндік туатыны өте маңызды болып табылады.

Жұмысты орындау үдерісінде құрылыс машинасы жүйелі түрде динамикалық жүктемелердің әсеріне ұшырайды, ол бұрандалы қосылыстардың периодты түрде бекітіліп тұруы қажеттілігін туындатады, бұл бекіту жұмыстарын орындауды қажет етеді. Бекіту жұмыстарының өз уақытында жасалмауы апатты ақауды тудыруы мүмкін.

Жинақтау бірліктерінің жанасатын бөлшектері кеңістікте белгілі бір орын алуымен және бөлшектер арасындағы белгілі бір мөлшердегі саңылаулардың туындауымен сипатталады. Машиналардың жұмысы үдерісінде бұл саңылаулардың мөлшерлері өзгереді және белгілі бір уақыттан соң олардың мөлшерлері өзгереді және белгілі бір уақыттан соң олардың мөлшері шектік мәнге жетеді. Бастапқы саңылауларды қалпына келтіру мақсатында реттеу жұмыстарының орындалуы қажеттілігі туындайды.

Машинаның жұмысы уақытысында жанасатын бөлшектердің үйкелесетін беттері арасында үйкеліс күштері пайда болады, ол екі бөлшектің де температураларының артуына әкеліп соғады. Үйкелісті азайту үшін, сәйкесінше қызу мен тозуды, осы бөлшектердің арасына майлау заттарын енгізеді, ол майлаусыз үйкелістен шекаралы үйкелісуге өтуге мүмкіндік береді, ал жекелеген жағдайларда сұйықтық.

Майлау орындары, майлау материалының түрі, майлаудың периодтылығы және оған қойылатын талаптар әр машина үшін пайдалану бойынша зауыттық нұсқаулықта көрсетіледі. Майлау жүйесі жекелеген және орталықтандырылған болып бөлінеді. Бірінші жағдайда майлау материалдары үйкелісетін беттерге майлау құрылғысының көмегімен жекелеп жеткізіледі, ол жанасатын бөлшектерге қызмет көрсетеді, олар машинаның әр жерінде орналасқан.

Май құю (толтыру) жұмыстары құрылыс машиналарының жүйесін пайдалану материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен: жанармаймен, маймен, тежегіш және гидравликалық сұйықтықтармен толтыру мақсатында орындалады.

Жоспарлы жөндеулермен қатар апатты (жоспарсыз) жөндеу (майда, орташа) де мүмкін, оны құрылыс ұйымдарының механизация басқармасы пайдалану және жөндеу телімдері орындайды.


Информация о работе Құрылыс машиналарын жөндеу және техникалық қызмет жүйесінің негізгі ережелері