Радияциялық және химиялық ұару туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2013 в 11:27, реферат

Краткое описание

Ядролық жарылыс түрлері (Виды ядерных взрывов) — ядролық жарылыс әуеде, жер үстінде, жер астында, су үстінде және су астында жүргізілуі мүмкін. Осыған сәйкес жер үсті әуе, биіктікті, су үсті, су асты және жер асты жарылыстары болып бөлінеді. Ядролық жарылыс кезінде байқалатын құбьлыстар көп жағдайда жарылыс түріне байланысты болады. Ядролық жарылыстың әрбір түрінің басты ерекшеліктерінің бірі — жергілікті жердің радиоактивтік зақымдалу дәрежесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ОБЖ КАМАШЕВА МАТАЙБАЙ.pptx

— 344.51 Кб (Скачать документ)

  
 
    Зиянды факторлар 
 
       
    орындаған:Матайбай Ж. 
                Камашева Т. 
      Тобы: ХОМИ-11-13 
      тексерген:Казангелдина ж.б.

Ядролық жарылыс түрлері (Виды ядерных взрывов) — ядролық жарылыс әуеде, жер үстінде, жер астында, су үстінде және су астында жүргізілуі мүмкін. Осыған сәйкес жер үсті әуе, биіктікті, су үсті, су асты және жер асты жарылыстары болып бөлінеді. Ядролық жарылыс кезінде байқалатын құбьлыстар көп жағдайда жарылыс түріне байланысты болады. Ядролық жарылыстың әрбір түрінің басты ерекшеліктерінің бірі — жергілікті жердің радиоактивтік зақымдалу дәрежесі. 
  • Әуедегі ядролық жарылыс ( воздушный ядерный взрыв) — жер немесе су бетінен әр түрлі биіктіктегі жарылыс. Жарылыстың қасқағым сәтінде зор мөлшерде энергия бөлініп, көз қорықтыратын жарқыл пайда болады. Ол жүздеген километр жер мен аспанды жарықтандырып, найзағай ойнағандай қатты дыбыс шығады. Жарқылдан соң отты шар пайда болып, тез ұлғаяды да, бірнеше километрге көтеріліп, тоқтап, дөңгелек бұлтқа айналады. Соның салдарынан қуатты соққы толқын туады. Жерден көтерілетін шаң бірнеше минуттан соң дөңгелек бұлтпен қосылып, саңыраукұлак секілді түрге ие болады. Жарылыс бұлты 10-12 минут ішінде 10-15 километр биіктікке кетеріледі, ал термоядролық жарылыста 20-30 километрге көтеріліп, желмен қозғала отырып, өз тұлғасынан айрылып, бірте-бірте тарайды.

   •  Жер асты ядролық жарылысы — жер бетінен біршама тереңдікте топыракты лактырумен немесе лақтырусыз (камуфлеттік) жүргізілетін ядролық жарылыс.Бірінші жағдайда ядролық жарылыс жер бетінен шағын терендікте жүргізілгенде, сыртка шыққан газдар жартылай ерітілген және радиоактивтік заттармен араласқан ұсатылған топырақты өзімен бірге көтереді.Түзілген радиоактивтік бұлт жер үсті және әуе жарылыстарының саңырауқүлақ тәріздес бүлттарына карағанда күңгірт ренде және төңкерілген конус тәріздес болады.Ол ең жоғарғы биіктігіне (бірнеше жүз метр) жеткен соң, топырак жер бетіне түсе бастайды. Жер асты ядролық жарылысы бөгеттер жасау және өте берік құрылыстарды қирату, сонымен қатар бейбітшілік мақсатта шахталар, каналдар, жерасты сыйымдылық құрылыстарын салу үшін қолданылады. 
  • Су асты ядролық жарылысы (Подводный ядерный взрыв) — су астында белгілі бір тереңдікте өткізілген ядролық зарядтың жарылысы. Жарылыс кезінде буғаздық көпіршіктер жасалуына әкелетін жоғары темпиратура мен қысым аумағы құралады. Оның тез кеңеюі нәтижесінде ауадағы соққы толқыны жыддамдығынан 4-5 есе артық жылдамдықпен таралатын өте қуатты су асты соққы толқыны туындайды. Су асты соққы толқынының су беті айдынынан қайтарылуы жарылыс эпицентрі үстінде биіктігі бірнеше жүз метрге жететін су күмбезінің пайда болуына әкеледі.

 Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы. 
 

 

 Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі,   салмағы 20т (1950 жылдар)

Атом  бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық  бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген  сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин

Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

          Ядролық қарудың таралуының қауіп-қатері  
Көп адамды өлтіріп, адамның еңбегімен жасалған заттар мен қоршаған ортаға көп шығын келтіретін қарулар «жаппай қырып-жоятын қару» деп аталады.Қарулардың бұл түрі қазіргі ұрпақпен қоса, адамның болашақ ұрпағына да қауіп-қатер тудырады.Өйткені бұл зиянды салдар өзін біраз уақыт сақтап қалады.Мұндай қарулардың қауіп-қатері мен салдарын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.  
 
• Шешек ауруы - адам мен жануарларға тән ескі аурулардың бірі.Бірақ қазіргі кезде бұл аурудың көзі жойылғандықтан, шешек ауруының вакцинасын егудің қажеті жоқ.Алайда АҚШ пен Ресей бұл вакцинаны өздерінің микроптық коллекцияларында сақтап, әлемге таратылмас үшін арнайы жағдайда сақтауда дейді.Олар бұл аурудың үлгілерін микроптық қаруларында пайдаланған болатын.Бірақ алпауыт державалардың тойымсыздығына көңіл бөле, олардың сөздеріне толықтай сенуге болмайды.Өйткені қауіпті бұл вирусты сақтау үшін бірде-бір себеп жоқ.Шешек ауруының вирусы қысқа уақыттың ішінде көп адамның ажалына себеп бола алады. Америка әуе күштерінің мәлімдемесі бойынша, егер 3 млн адам осы вируспен уланса, 2 айдың ішінде 1 млн адам өлімге ұшырайды  
 
 

 

.

  • Қауіпті оба ауруы да – адам мен жануарларға ортақ аурулардың бірі.Бұл ауру осы ауруға шалдыққан науқастардың 90-100 пайызын өлімге ұшырата алады.Аталмыш ауру дем алу жолдары арқылы жұғады.Қазіргі уақытқа дейін бұл вирусқа қарсы екпе шығарылмаған.  
 
• Топалаң ауруы – адам мен жануарлар арасында кездесетін жұқпалы, қауіпті ортақ аурулардың бірі.Тіпті жел соқпай, күн ашық кезде тұрғын аймақта 100 кг топалаң вирусын тарату арқылы биологиялық шабуыл үш миллионнан астам адамның өліміне себеп болуы мүмкін.  
 
                       Өтпелі радиация  
Өтпелі радиация (ядролық жарылыс кезіндегі гамма-сәулелену мен нейтрондар ағыны-әсері 10 – 15 с-қа созылады) сәуле ауруының пайда болуына әкеп соғады. 100 кт тротилдік эквивалентті ядролық жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын жерден тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімге ұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі, 1,9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен онда орналасқан нысандардың радиоактивті зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан және радиоактивтік заттардың түсуінен пайда болады. 


Информация о работе Радияциялық және химиялық ұару туралы түсінік