Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 18:06, реферат
Соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде психикалық денсаулықтың бұзылуы жоғары көрсеткішпен сипатталады. Психикалық аурулардың, тұлға фрустрациясының, мазасызданулардың, стресстердің таралу көрсеткіштерінің өсу тенденциясы, әр түрлі суицидтердің, тұлғаішілік келіспеушіліктердің, тәуелділіктердің (нашақорлық, ішімділік, токсикомания, ойын құмарлық және т.б.) орын алуы байқалады. Сондай-ақ, әлеуметттік-экономикалық өзгерістер салдарынан халықтың басым көпшілігінде, психологиялық әдебиеттерде теңелу дағдарысы деп белгіленген психологиялық феномен қалыптасып қалған болып шықты.
І. Кріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Психалық аурулардың түрлері
2)Адам психиологиясын зерттеу
ІІІ.Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан республикасының
білім және ғылым министрлігі |
Реферат |
Тақырыбы: Психикалаық ауралар |
|
Жоспар:
І. Кріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Психалық аурулардың түрлері
2)Адам психиологиясын зерттеу
ІІІ.Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Соңғы жылдары әлемнің көптеген елдерінде психикалық денсаулықтың бұзылуы жоғары көрсеткішпен сипатталады. Психикалық аурулардың, тұлға фрустрациясының, мазасызданулардың, стресстердің таралу көрсеткіштерінің өсу тенденциясы, әр түрлі суицидтердің, тұлғаішілік келіспеушіліктердің, тәуелділіктердің (нашақорлық, ішімділік, токсикомания, ойын құмарлық және т.б.) орын алуы байқалады. Сондай-ақ, әлеуметттік-экономикалық өзгерістер салдарынан халықтың басым көпшілігінде, психологиялық әдебиеттерде теңелу дағдарысы деп белгіленген психологиялық феномен қалыптасып қалған болып шықты. Ол өз-өзін сезіну сезімін жоғалтуынан, өзгерген қоғамдағы өзіндік рөліне бейімделе алмауынан (немесе қиналуынан) пайда болады. Бұл жағдай өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық қатынастар мен тұлғалық мақсаттардың, мінез-құлық стереотиптерінің қайта қалыптасуы қиыншылығы арасындағы талаптардың айырмашылығына байланысты туындайды. Адам денсаулығына оның жасайтын таңдауы тікелей әсер етеді. Денсаулыққа жетелейтін таңдаудың алғы шарты болып өзіндік ішкі дүниесіне, яғни Мен «дауысына» сүйенуі саналады, бұл таңдау жасау барысында оны бөліп алуға, тыңдауға, соған еліктеуге мүмкіндік береді.
Бүкіләлемдік денсаулық қорғау ұйымының пайымдауынша, психика саулығы дегеніміз адам ақыл-ойының, физикалық және эмоционалдық дамуының толыққанды жетілуіне ықпал етуші күй болып табылады /6/.Адам психикасының саулығын білдіретін нормалар мен аномалиялардың көрсеткіштерін анықтау – аса күрделі мәселелердің бірі. Мәдени-әлеуметтік дәстүрлердің норма көрсеткіштері болып есептелетін жағдай тарихи түрде қалыптасып қалған. Бірдей психикалық көрініс барлығына ортақ норма ұғымына қатысты қалыпты да, аномальды да болып саналуы мүмкін. Қазіргі заманғы ғылым психика саулығын медициналық және психологиялық көрсеткіштер қосындысы, сондай-ақ әлеуметтік нормалар мен құндылықтар арқылы анықтайды.Адам денсаулығының осы аспектісімен шектелетін жағдайлары психикалық көріністердегі ауқымды әрі зерттелуі қиындыққа соғатын топқа жатады. Клиникалық түрде нақты көрінбеген психикалық ауытқу мен психикалық саулық арасындағы шекараны айқын ажыратып көрсету қиынға соғады. Оларды өзара ажыратып, сондай-ақ өзара жалғастырып тұрған шекара аумағы айтарлықтай кең болады, ал ауруды денсаулықтан бөліп тұрған шекара тұрақсыз әрі белгісіз болып табылады. Кейбір авторлардың мәліметтері бойынша, зерттелген адамдардың 20-26 пайызынан психикалық ауытқулар, 40-62 пайызынан – шекаралық жағдай анықталып, 13-15 пайызынан ешқандай психикалық бұзылыстар байқалмаған .
Психика саулығы дегеніміз – адам мен сыртқы дүние арасындағы тепе-теңдік жағдайы, оның әлеуметтік ортаға, физикалық, биологиялық және психикалық ықпалдарға қатысты реакциясының сай болуы, жүйкелік реакция күші мен сыртқы тітіркендіргіштер арасындағы сәйкестігі, адам мен оның айналасындағылар арасындағы үйлесімділік, адамның шынайы объективтілік жайлы пікірінің басқа адамдардың пікірлерімен ұштасуы, өмірдің кез-келген жағдайына сын көзбен қарауы.
Адам психикасының саулығын білдіретін үш деңгейді көрсетуге болады:
Адам психикасының әрбір деңгейінде норма мен аномалиялар көрсеткіштерінің өзіндік медициналық-психологиялық және әлеуметтік құндылықтар жүйесі болатыны анық. Жағымсыз өзгерістердің бірінші деңгейде де, екінші деңгейде де, үшінші деңгейде де орын алуы мүмкін. Психофизиологиялық саулық деңгейіндегі ауытқулар орталық жүйке жүйесінде де, перифериялық жүйелерде де (мигрень, невралгия, неврит, полиневрит және т.б.) пайда болатын алуан түрлі жүйке аурулары түріне білінеді. Жеке психологиясының саулық деңгейіндегі ауытқулар бірқатар психикалық ауруларды (қабылдау, ойлау, есте сақтау және т.б. қабілеттіліктерінде ауытқулар) тудырады. Тұлға саулығының деңгейіндегі ауытқулар тұлғаның өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қалыпты түрде өмір сүру бағытындағы өзгеріске (нашақорлық, ішімділік, қылмыскер және т.б.) әкеліп соғады .
Психикалық аурулар мен ақыл-ой кемістігі түрлерінің бірқатары тұқым қуалайды. Баланы дүниеге әкелуді жобаламас бұрын, оның тұқымындағы психикалық аурудың орын алу-алмауын анықтау үшін медициналық-генетикалық қеңес беру пайдаланылады. Бұл белгілі бір ата-ананың ауру баланы дүниеге әкелуінің мүмкіндігін (тәуекелділігін) анықтайтын ерекше медициналық көмек түрі болып табылады.
Шизофрения, маникальды-депрессивтік психоз, эпилепсияның соққыдан болмаған түрлері, ақыл-ой кемістігі сияқты тұқым қуалайтын аурулардың пайда болуына қоршаған ортаның жағымсыз әсері мен генетикалық айғақтардың қосылысы себеп болады.Мұндай тұқым қуалайтын өзгерістердің алдын алу шаралары ауруды ерте бастан зерттеу, медициналық-генетикалық қеңес беру және олардың дамуына кедергі болатын ортаны қалыптастыру әрекеттерінен тұрады.
Даун синдромы, сияқты хромосомдық аномалия пайда болған кезде генетикалық қеңес беру арқылы «қателік» қай жерде және қашан пайда болғанын анықтауға болады: әкесінің немесе анасының жыныстық жасушаларының қалыптасуы барысында ма, әлде аналық жыныс жасушасының немесе зиготаның пайда болуы барысында ма. Осы арқылы өзгерістері бар баланың тууының алдын алуға болады.
Тұқым қуаламайтын психикалық ақаулар да болады. Олардың болуына әйелдің жүктілік барысында жұқпалы ауруға ұшырауы немесе туу барысындағы психикалық және физикалық әсерлер немесе мидың зақымдалуы себеп болады .
ХІХ ғасырдың соңынан бастап, З.Фрейдтің, содан кейін К.Юнг пен басқалардың зерттеулерінен соң, психология мен психиатрияда психиканың саналы түдегі іс-тәжірибемен ұштаспайтыны жайлы тұжырым қалыптасты. Психика мен ондағы ауытқулар жайлы зерттеулерге біздің саналы жан дүниемізді санадан тыс құбылыстар, импульстар, эмоциялар мен оларға қарсы тұратын қорғаныс механизмдері анықтайтыны туралы фрейдтік ілім қатты ықпал етті .Фрейдизмнің бұл ықпалы осы уақытқа дейін сақталуда, бірнеше жылдар бойы (1950-1960 жылдарға дейін) айтарлықтай әсер еткен, психикалық іс-әрекеттің бихевиоральдық теориясы ғана тыс қалған. Оны жақтаушылар психиканың санадан тыс нәрсе екеніне қарсы шығып, оның мінез-құлыққа түсініктеме бере алмайтынын айтты.
Адам санасындағы тәртіптер арасындағы жайттар жайлы зерттеулерді жүргізу үшін қазіргі заманғы психологияның басқа ғылымдармен, атап айтқанда, антропологиямен, нейробиологиямен, нейрохимиямен, кибернетикамен, лингвистикамен байланысын анықтады. ХХ ғасырдағы осындай ғылымдар терминологиясында психика саулығы ұғымына анықтама берілген. Мұндай терминологияны білмеген ХІХ ғасыр психологтарын психика саулығына қатысты мынадай қазіргі заманғы анықтама қанағаттандыратын еді: қоршаған орта ынталандыруына саналы және санадан тыс реакциялармен тиімді жауап беретін психика сау психика болып табылады. Қазіргі кезде ХІХ ғасырдағы француз психологы П.Жаненің «белгілі бір психикалық ой-пікірлер біздің санамызға сыймайды» деген идеясы өзекті болуда. Бұл интуция пікірлері – Фрейд жазғандай «қолданылмайтын ойлардың қайнаған қазаны» емес, алайда олар көп уақыт бойы мойындалмаған
Жалпы психикалық аурулар өз ішінде шартты түрде екіге бөлінеді: невроз және психоз. Невроз (депрессия, стресс, дистимия, т.б) кез-келген адамда кездесуі мүмкін. Жақын адамнан айрылу, нашар бастық, ерлі-зайыптылардың ажырасуы, ауыр жұмыс, ақшаның жетіспеушілігі үрей тудырып, ауруға ұшыратады. Ал, психоз тұқым қуалау немесе аварияға ұшырап, бастан жарақат алу барысында, не инфекция әсер еткен соң туындайды. Маман дәрігер невроз жағдайында адам ұйқысынан айрылып, күші кетіп, жыламсырайтынын, қорқыныш, үрейдің құшағында тұншығып, өмір сүруге құлшынысы азаятынын, дегенмен, осының бәрінде өзін бақылауда ұстап, сана-сезімінен толықтай ажырамайтынын, сөйте тұра кейде өзіне қол жұмсауы мүмкін екенін, психоз жағдайында кісі өзінің ауру екенін де сезбейтіндей дәрежеде есін жоғалтатынын алға тартады. Есесіне психоз аурулары тәуелсіздік орнаған тұста да кеңес заманындағы бір пайыздық үлеспен тұр екен. Жылдан жылға өсіп бара жатқан ауру – невроз. Оның ішінде депрессия. Астана қаласындағы жүйке аурулар диспансерінде бүгінде он екі мың ауру ресми есепте тұрады. Онда кәрілердің де, жастардың да арасында жүйкесі тозғандар өте көп. Бірақ олардың көпшілігі есепте тұрмайтын дерттілер. Оның үстіне наркологиялық диспансерлер мен полицияларда есепте тұратындардың да көпшілігі белгілі дәрежеде жүйкесі тозыңқы жандар екенін ескерсек, елордадағы дерттілер санының көптігіне шүбә қалмайды.
Шизофренияның
этиологиясы мен патогенезі жеке нозологиялық
бірлік ретінде бөлінгеннен кейінгі арнайы
оқудың пәніне айналды. Э.Крепленшизофрениятоксикоз,
әсіресе, жынысбездерініңқызметініңбұзыл
Нейролептиктерді қабылдап жүрген, әсіресе, жоғары дозаны, науқастарда неврологиялық кері әсер- нейролептикалық синдром дамиды: жалпы бұлшық еттік құрысумен, тремормен, жеке бұлшық еттердің спазмымен, бір орында отыра алмаумен, гиперкинездермен көрінетін дәрілік паркинсонизм дамиды. Бұл асқыныстарды алдын алу үшін антипаркинсондық ем- циклодол, акинетон және бензодиазепинді транквилизаторлар мен ноотропты препараттар қолданылады.
Невроз – өмірдегі жағымсыз жағдайларға тұлғаның реакциясы. Осы реакция нәтижесінде тұлға бұзылысы, сана және ес бұзылысы туындайды. Невроздардың келесі түрлері бар: неврастения, есіріктік невроз, жабыспалы қалып күй неврозы. Балалар неврозының этиологиясы: психикалық травма, биологиялық факторлар, психикалық факторлар, әлеуметтік факторлар. Невроз аурулары психогенияныд ең көп тараған түрі болып табылады. Невроздың ең бір елеулі ерекшелігі әдетте өзгеше дөрекі психозға, бейнелеуші, танымдық әрекеттің айқын бұзылуына соқтырмайтын, демек, мінез-кұлыктың айқын білінетін дұрыс емес күйлерін өзімен бірге тудырмайтын аурулы күйдің пайда болуы саналады. Дегенмен, бұл ауруда ағзаның үйреншікті қызметі едәуір қиындайды. Қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты оның әдеттегі нәзік тепе-теңдігі қиындайды. Невроздық симптомдардың клиникасы өте алуан түрлі, соған орай, невроздың сипатымен ғана емес, сондай-ақ оның даму сатысымен де сипатталады. Невроздар невроздық реакциялар: 1) неврастения; 2) истерия; 3) жабысқақ күйлердің неврозы болып бөлінеді. Невроздық күйлердің аралас көріністерінің де болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда белгілі бір невроздың диагнозы клиникалық жағынан басым жетекші синдромға қойылады. Неврастения адамға психикалық жарақаттық факторлар ықпал еткенде, бірақ үлкен күшпен емес, ұзаққа созылатын жағдайда, кейде бірнеше жыл бойына әсер еткенде болады. Үнемі психикалық зорлануды тудыратын мұндай жарақатты күй, мысалы, жанұядағы жиі болатын қолайсыздықтарға байланысты, сол сияқты жұмыстағы шиеленіскен қарым-қатынастан, жеке өмірдің сәтсіздігінен пайда болуы мүмкін.
Неврастения ауруы негізінен 20-дан 40 жаска дейінгі адамдарда кездеседі. Әйелдерге карағанда еркектер жиі ауырады. Бұған тән симптом ашушаңдық болып табылады. Неврастениямен ауырған адам толқи бастап, бұрын өзі назар аудармаған ұсақ-түйектерді өз бойынан таба бастайды. Көшедегі шу, біреудің катты әңгімелескені, күлгені, кенет шыққан дыбыс, тіпті маңайдағылардың біреуінің түрі де — осының бәрі тітіркенуді туғызады. Ауру өзін ұстай алмайды, ашуланады, мақайындағыларға айқайлайды немесе жылапсықтайды. Бұл жағдайда әсерлену күші ете үлкен болмайды. Ашулану куйі сабасына тусу күйімен ауысады. Тітіркену әлсіздігі аталатын мұндай күй неврастениямен ауыратындарға өте тән болып келеді. Олардың ашулануы да, ашуларының басылуы да өте тез болады. Сол сияқты ұйқының бұзылуы да айрықша тән болып келеді. Ұйқы әдетте терең емес, үстіртін келеді, қымқиғаш түстер керіп, таяуда болған оқиғалар көрінісі пайда болады. Симптомдардың осындай бірыңғай болмауы неврастенияны екі түрге — ашуланғыштық және сарыуайымшылдық деген түрлерге бөлуге негіз береді. Жоғары дамыған жануарларда тәжірибе жасау жолымен алынған невроз тудыратын деректерді ескере отырып, И.П.Павлов неврастенияның осы аталған екі түріне алғаш рет патегенетикалық жағынан түсінік берді. Сонымен бірге мынадай да көзқарас бар: неврастения клиникасындағы айырмашылық дербес түрдің көріну; түріндегі емес, белгілі бір аурулық процестің әр түрлі сатыдағы көрінісі болып табылады. Истерия жедел, сондай-ақ азды-көпті әсер етуші әр түрлі психикалық тұрғыдан жарақаттаушы факторлардың ықпал етуімен пайда болады.