Оқытудың интерактивті әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2014 в 09:40, лекция

Краткое описание

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оқытудың интерактивті әдістері.docx

— 20.74 Кб (Скачать документ)

Оқытудың интерактивті әдістері

Елде болып жатқан саяси, әлеуметтiк, экономикалық және т.б. өзгерiстер бiлiм беру жүйесiне де әсер етуде. Бұл өзгерiстер оқыту әдiстемесiнде жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа пәндер, ендiруге қажеттiлiк тудырды.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.            

 Бiздiң ел дамудың  демократиялық жолын таңдауына  байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды  шешiм қабылдауға тартудың маңызы  арта түстi. Осы бағытта оқушылардың  белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк  беретiн әдiстемелiк тәсiлдер   и  н  т  е  р - а к т и в т i  деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұдлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.

Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері

Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойыгндай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекеи дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.

Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау. Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық  өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен  түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.

Топтың сандық құрамы оқыту  немесе өзара әрекеттестiктiң сапасын анықтамайды. "Өзара әрекеттестiк” әдiсiнiң өзектi ерекшелiгi – ол АШУ ҮРДIСIН бiлдiредi, оның мәнi – оқушылардың оқыту дағдыларын  өзара әрекеттестiк арқылы меңгеруi.

Оқытудың  икем-дағдыларды  дамытуға  бағытталуы           

 Бiз оқытуды және  бiлiм берудi, егер сабақ барысында  мұғалiм мен оқушы арасында  өзара әрекеттестiктiң жоғары  деңгейiне қол жеткiзсе, "интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда, inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.            

 Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда  маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң  м а қ с а т ы – тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.            

 Интерактивтi оқыту әдiстерiн  қолданатын мұ-ғалiмдер, тек ақпарат  беретiн және өздерiнiң қатысу-ынсыз  берiлген тапсырмаларды оқушылардың  есте сақтауы нашар болады, оқушылар  қолдарындағы кө-термелеушi қор –  құрдастарының идеяларын пайда-лана  алмайды деп  есептейдi. Зерттеулердiң "бiз қолы мызбен iстегеннiң 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын, естiгенiмiздiң 10 пайызын ғана есте сақтаймыз” деген қорытындысын жиi естимiз.

Бiздiң тәжiрибе - соның дәлелi. Атқа шабу дағдысын меңгеру үшiн, оны қалай жасау керектiгiн бiреудiң түсiндiргенi немесе оны кiтаптан оқып алу әлi жеткiлiксiз. Ол үшiн шындығында атқа мiнiп барып, дағдыларды меңгерген абзал. Бұлай болатын себебi, iскерлiктi практика жүзiнде дамыта отырып, бiз бiлгенiмiздi қайта өңдеп, оны әрекетке айналдырамыз.

Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі: балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру, балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау, оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату және іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.

"Жағада тұрып жүзуді  үйренуге болмайтыны сияқты”  дайын білімді қабылдап алу  арқылы қажетті икем-дағдыларды  дамыту мүмкін емес. Сондықтан  оқушылардың арнайы іс-әрекет  барысында икем-дағдыларды меңгеруі  маңызды роль атқарады. Ол үшін  оқыту білімді балалардың өздігінен  оқып-үйренуге бағытталуы керек.

Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу

Оқушылардан, шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi неге беретiндiгiн сұрағанда, олар:

-          өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi;

-          шешендiк өнерiн жетiлдiредi;

-          танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын);

-          сыни ойлау дағдыларын дамытады;

-          өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады;  

-          пiкiрлердiң көптiгiн түсiнесiң және т.б. деп жауап берген.

Жоғарыда аталғандарды "үйрене бiлу” деген ұғыммен жинақтауға болады. Яғни, үйрене бiлу – қажеттi дағды, өйткенi ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң негiзi болып табылады және барлық дамыған және дамушы елдердегi азаматтар үшiн қажет.

Екінші жағынан, құстың қос қанаты сияқты оқушының да екі сүйеніші бар: бірі – оқи алуы болса, екіншісі – оқығысы келуі. Бірінші тірек баланың дербестігін құраса, екіншісі белсенділікті береді.

Өзара әрекеттесуге бағытталған үрдiс барысында бала iстеп жатқан iсiнің мәнiне енедi. Оқушыларға дайын жауаптары бар тапсырмалар бергенде, олардың танымдық белсендiлiк деңгейi жоғары болмайды. Ал, өз ойын тиянақтап, оны қорғау кезiнде танымдық белсендiлiк деңгейi күрт артады.

Өзара әрекеттесу үрдісінің негізгі мәні өзара тәжірибе алмасу болмақ. өйткені, сыныптағы оқушылардың белгілі бір салада ортақ білімдері бар болғанымен, олардың тек өздері ғана білетін білімдері де бар екені айқын.

Танымдық iскерлiктi қажеттi интеллектуалды дағдылар деңгейiне қарай жіктеуге болады. Тиiмдi оқыту бағдарламасы оқушылардың төмендегi iскерлiктерiн практикада қолдануды көздейдi, олар:

-          Фактiлердi есте сақтау (аса көп күштi қажет етпейдi);

-          Құбылыстардың мәні мен маңызын түсiну;

-          Бiлiмдердi дағдылы және жаңа жағдайларда қолдану;

-          Анализ (бiз бiр нәрсенi құрамдас бөлiктерге бөлу);

-          Синтез (идеяларды жаңа нәрсе жасау үшiн топтастыру);

-          Бағалау (бiр нәрсенiң сапасы туралы пiкiр бөлiсу).

Қоғамның дамуы  осы аталған iскерлiктердiң барлығының болуын талап етедi, дегенмен бiлiмдердi қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса маңыздылары болып табылады.

 

 

 

 

Интерактивті әдістер  

 

 

            Эвристикалық  әңгіме – бұл әдіс  бойынша әр түрлі сұрақтар мен мысалдар арқылы оқушының өз бетінше  дұрыс жауап беруіне мүмкіншілік  туғызады. Сократтың «Эвристика»  әдісінен атын алған (гр – табамын, ашамын).  Бұл әдіс өзінің ежелгі  гректік нұсқасында негізінен Сократтың әңгімесінен алған оқыту жүйесін ұсынады. Оларда  өнерлі құрастырылған  бағыттағыш сұрақтар мен мысалдар арқылы оқушыны қойылған сұраққа өздігінен  дұрыс жауап табуға талпындырады.            

 Психологиялық жағынан  эвристикалық әңгіме – бұл  мәселенің жауабын  іздеу ретінде ұжымдық ойлау немесе  әңгіме. Сондықтан  педагогикада  бұл әдісті проблемалық оқыту әдісі деп санайды.           

 Эвристикалық әңгімені  проблемалық оқыту әдістемесіне  жатпайды. Себебі   ??????????????  ізденімпаздық ұжымдыққа  айналып, онда ойлармен ауысу болады.  оқушылар іске асырып, өзара көмектесу арқылы жетеді.  Сол үшін интерактивті  әдіс  ретінде  қарастырады.            

 Дискуссия – бұл арнайы  жоспарланған  еркін сұхбат, ол арқылы  теориялық сұрақтарды талқылайды. Дискуссия – сөз әрекетінің диалогты түрі. Бұл әдіс арқылы әңгіме  барасында туындаған әр түрлі ойлар алмасып, пікірлер  ортаға салынады. Дискуссия  оқытудың интерактивтік әдісі ретінде  пікірдің плюрализмінен басқа, тұрмыстық, теориялардың мәселелерінен, саясаттан тыйым салынғаннан  кейінгі  жылдары  қолданыла бастады.           

 Дискуссия әдісі арнайы  бағдарланған оқу басғдарламасының теориялық сұрақтарын ашық талқылау. Әдетте ол сұрақты құрастыруданг басталады және басында  эвристикалық әңгіме  ретінде ашыла басталады. Оның  бірте-бірте  дисскуссияға айналуы – сабақтың  қалыпты барысы.           

 Дискуссия  әдісі сабақтың топтық формаларында семинар – дискуссияларда, семинар – тәжірибелерде, лобароториялық және практикалық жұмыстардың нәтижелерін талқылау кезінде қолданылады. Кейде лекция – дискуссияда  қолданылады.  Мұнда лектор лекцияны түсіндіру кезінде студентке қысқа жауапты талап ететін сұрақтар  қойып отырады.           

 «Миға шабуыл» - бұл әдіс  оқыту  әдісі ретінде жоғарғы оқу орындарында сабақ беру тәжірибесінде әлі толық қалыптасқан жоқ. Әдістің атының өзі басқару жүйесінде, сонымен қатар ғылыми зерттеулер аймағында  пайда болады. ол әсіресе мендежментте  экономикалық басқару іс-әрекетінде кең  қолданылады. Осы әдістің негізі мамандық күрделі мәселенің  жауабын миға  келетін қайсыбір ойлаврдың, ұйғарымдардың, кездейсоқұ ұқсастықтардың, сонымен қатар  күтпегенде пайда болатын қажет және қажет емес ассоциаициялар арқылы  табу.            

 Миға шабуылдың алтын  ережесі – талқылауға  қатысушылардың бірде бір сөзіне қарсы келмей, керісінше өз ойын ашық, қысылмай жеткізуді қамтамасыз ету. Осындай  жағдайда әр түрлі айлар  пайда болып, күтпеген шындыққа  келмейтін ойлар айтылады.  Сол үшін миға шабуыл жасалынады. Бірақ бұл ғылыми  зерттеулерде,  менеджментте сәтті нәтижелерді  іздеу үшін  қолданылады.            

 Дөңгелек үстел әдісі – педагогикамен,  саясаттану  мен  ғылымнан  алынған болатын: «Дөңгелек үстелдер» әдетте  әр түрлі саясаттың және ғылымилық бағыттардың  өкілдерінің  қандай-да бір мәселені талқылау үшін  ұйымдастырылады.            

 Оқытуда дөңгелек үстел  әдісі әр түрлі мамандардың  қатысуымен теориялық мәселелерді эффективті игеруді арттыру  үшін  мәселені әр түрлі ғылыми  аспектілерде  қарастыруда  қолданылады.            

            

 «Іскерлік ойыны» - бұл әдіс алдымен  білім беру жүйесінде  емес,  басқарудың тәжірибелік аймағында  пайда болды. Қазіргі кезде  іскерлік ойындарды түрлі тәжірибелік аймақтарда қолданылады: зерттеу жұмыстарында  проектілік зерттеулер  процессінде сонымен бірге  әскер ісінде.

Жоғарғы оқу  орындарында әр түрлі  кәсіптегі мамандарды дайындау кезінде  іскерлік ойыны басқару әрекетіне  оқыту кезінде  қолданылады.  

 

Тренинг.  Осы оқыту  әдісінің жаңалығы біріншіден оның бізде көп уақыт білмеді, ал сол уақытта  Батыста оны психокоррекциялық  жұмыстарды  жүргізу  әдісі  ретінде  қолданылғанмен түсіндіріледі.  Екіншіден ол психология  немесе басқа да  оқу пәндерінің студенттерін көпшілік  оқыту әдісі ретінде  қабылданбаған. Осыған  қарамастан  кейбір  оқу  орындарында  әлеуметтік психологияны оқытуда тренингті  әрекет  процесінде  тұлғааралық  әрекеттесу  жағдаятын  модельдеу  үшін қолданыла бастады. 

 


Информация о работе Оқытудың интерактивті әдістері