Орман өрті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2013 в 13:28, реферат

Краткое описание

Орман өртi - орман ауданы бойынша таралып жатқан басқарылмайтын жану. Орман өрттері жануды объектісіне және олардың тарату сипаты бойынша сипатталады.
Дала өрті - далаларда табиғи болатын немесе жасанды шақырылатын өрттер.
Қазақстанның барлық аумағында орман, дала және орман дала өрттері тіркеледі. Олар хайуанаттар дүниесін, тал-шыбықтарды, бұталарды, дала мен орманда дайын өнімдерді, құрылымдарды және ғимараттарды жояды. Өрттермен әлсіреген отырғызулар қиын аурулардың ошақтары болып қала береді, бұл өттерден зардап шеккен аумақтардың ғана емес, сондай-ақ оған көршілес орналасқан отырғызулардың да жойылуына алып келеді. Өттер салдарынан қорғаушы, су қорғау және басқа да ормандардың және далалардың пайдалы құрылымдары, азықтылар төмендейді.
Орман өрттері төменгі, жоғарғы және жер асты болып бөлінеді. Өз кезегінде төменгі және жоғарғы, тұрақты және тұрақсыз

Прикрепленные файлы: 1 файл

Орман өртi.docx

— 27.26 Кб (Скачать документ)

Орман өртi - орман ауданы бойынша таралып жатқан басқарылмайтын жану. Орман өрттері жануды объектісіне және олардың тарату сипаты бойынша сипатталады. 
Дала өрті - далаларда табиғи болатын немесе жасанды шақырылатын өрттер. 
Қазақстанның барлық аумағында орман, дала және орман дала өрттері тіркеледі. Олар хайуанаттар дүниесін, тал-шыбықтарды, бұталарды, дала мен орманда дайын өнімдерді, құрылымдарды және ғимараттарды жояды. Өрттермен әлсіреген отырғызулар қиын аурулардың ошақтары болып қала береді,  бұл өттерден зардап шеккен аумақтардың ғана емес, сондай-ақ оған көршілес орналасқан отырғызулардың да жойылуына алып келеді. Өттер салдарынан қорғаушы, су қорғау және басқа да ормандардың және далалардың пайдалы құрылымдары, азықтылар төмендейді. 
Орман өрттері төменгі, жоғарғы және жер асты болып бөлінеді. Өз кезегінде төменгі және жоғарғы,  тұрақты және тұрақсыз болады. 
Тұрақты төменгі өрттер орманның төменгі қабаттары бойынша аз жылдамдықпен (минутына 0,5м) ағаштардың топырақ бетіне шыққан тамырлары бар төменгі бөліктерімен (топырақ қабаты, бұталар, ұсақ шырпылар өртенеді)  таралады. 
Тұрақсыз төменгі өрттер топырақтың тірі және өлі бөлігін, шырпылрды, орман егістерін, бұталарды өртейді, бірақ қолайлы жағдайлар есебінен жылдамдығы минутына 0,5-1 м және өрттің жоғары болуымен, дымқылдығы жоғары орындардан өтіп кетіп таралады. 
Төменгі өрттер үшін кең таралған өрттің формасы тән. Түтін түсі – ашық-сұр, төменгі өрттердің таралу жылдамдығы желмен қарағанда желге қарсы 6-10 есе қарсы. Тәуліктің түнгі уақытында күндізгіге қарағанда жылдамдығы азырақ болады.  
Жел бағыты өзгерсе өрттің формасы – оның форнтының, қанатының, соңының негізгі элементтері өзгеріп кетеді. Бұнадй жағдайларда әсіресе өрт үлкен көлемдерге жайылса, орман ішіндегі адамдарды да қоршап алуы мүмкін. Ірі өрт кезінде авиациялық барлау көмегімен ғана жағдайға бейімделуге болады.  
Жоғарғы тұрақты өрт төменгі өрттердің келесі кезеңі, төменгі өрттер ағаштардың тамырын өртмей отырып, бұтақтарын, жапырақтарын, ұсақ және ірі бұтақтарын өртке орап әкетеді. Төмен өрттердің ағаш жабындыларына өршігуі қатты желдерде, сондай-ақ қылқан жапырақты ағаштардың кебулерінде (әсіресе тау бөктерлерінде, өрт жоғарыға тарағанда) болады. Ағаш кебулері жоғарыда болған өрттен кейін толығымен өліп қалады, бұтақтардың тек күйіктері ғана қалады. Жоғарыдағы тұрақты өрт кезіндетөменгі өрт басының жылжу шамасы бойынша ағаштардың ұшар басы бойынша таралады.  
Тек қатты желдердің әсерінен ғана болатын, жоғарғы тұрақсыз өрттер кезінде ағаштардың бастарынан «ауыспалы», төменгі өрттің фронттарын баса отырып таралады. Жел сонымен қатар ағаштық ұсақ бөліктерін, басқа да ұсақ жанып жатқан объектілер мен шоқтарды шашыратып, негізгі ошақтың алдынан бірнеше жүз метрге төменгі өрттерде жаңа ошақтар пайда болуына әкеледі. Көптеген жағдайларда өрт айтылған тәсілмен жолдардан асып, өртті сөндіруге арналған минералданған сызықарға, өртке қарсы жарылулар және басқа да шептерге «лақтырылады». 
Өрттердің «алмасуы» кезінде  ағаш ұштары бойныша сағатына 15-25 км жылдамдықпен таралады, бірақ та жоғары тұрақсыз өрттің орташа жылдамдығы әрқашан да аз, өйткені «алмасудан» кейін өрт фронтының таралуы төменгі өрт  жанған ұштары учаскісінен өткенше тоқтап тұрады. Бұл өрттің «алмасуы» орман жабындыларының  төменгі өрттерден қызуларынан болады. Жылу жел бағыты бойынша көтеріліп, көп ара қашықтықта өрт фронты алдында ағаштар ұштарын қыздырады.  Өрт шыққан кезде бір ағаштың ұшы болса да түгелімен жанып, ал қалғандары қызып тұрған ағаш ұштарымен «алмаса» береді, бірақ та қызу тоқтаған кезде  өшіп қалады. Келесі учаскеде төменгі өрт фронтқа жеткен кезде жабындардың қызу процесі қайталанып, «өрттердің алмасуы» қайта болады. 
Жоғарғы өрттер көп көлемде жылу бөліп, өрт өнімдері мен қызылған ауа ағынын шақырып,  бірнеше жүз метр диаметрде конвективті ағыны (бағандары) пайда болады. Олардың қозғалысы өрттің фронтының бағытымен түйіседі. Конвективті ағыстың ортасындағы өрт 100 мерт биіктікке дейін көтеріле алады. Конвективті бағана өрт аймағының ауа кіруін жоғарылатады және  өрттің көбеуіне жол беретін жел тудырады. 
Тұрақсыз жоғарғы жел кезінде аудан формасы жел бағыты бойынша соөылыңқы болады. Жоғарғы өрт түтінінің түсі қою қара.

Өрттiң параметрлерi

Өрттiң күшi көрсеткiшiнің мәнi

әлсiз

орташа

күшi

Төменгi өрт

Тарауының жылдамдығы минут/м

1 дейін

1-3

3-тен көп

жалынның биiктiгі

0,5 дейін

0,5-1,5

1,5- тен көп

Жоғарғы өрт

Тарауының жылдамдығы минут/м

3 дейін

3-100

100- ден көп

Жерасты өртi

Жану тереңдігі, см

25 дейін

25-30

50 –тен көп


Орман өрттер әр түрлi себептермен болады. 90 % өрттерге дейiн еңбек және демалыс орындарында өрт қауiпсiздiгi шараларының тұрғындардың бұзуы,  сондай-ақ жөнделмейтін техниканы пайдалану нәтижесінде болады. Табиғи өрттер найзағайлардан болады. Әсіресе жиі өрттер  қолайсыз метеорологиялық жағдайларында (ауаның жоғары температурасы, жаңбырдың көп уақыт боламуы) болады. Өрттер жиі табиғи объектілер жағдайын бақылау қызметтерінің жеткіліксіз бақылауы және жекелеген өрт ошақтарының пайда болғаны туралы сәйкес органдарға уақытында хабарланбағандығынан, сондай-ақ жағдайды объективті емес бағалау нәтижесінде болады. Осының барлығы жекелеген өрт ошақтарының ірі, болып, табиғи апатқа айналады. Республикамызда орман өрттерінің шығына ондаған миллион теңгемен бағаланады.

Орман өрттері

№ 
р/б

Атауы

2006

2007

2008

2009

2010

1

Жағдайлардың,  өрттердің саны

959

505

901

529

643

2

өрттер болған 
орман ауданы, га

21 900

67 398

7 727

4 368

11 700

3

орман өрттерімен келтiрiлген залал, млн. теңге

387,3

501,9

586,9

90,8

331,8


Табиғи өрттердiң  салыстырмалы талдауы ормандардың республикасындағы ең жоғары өрті шiлде айында орын алады бiрiншi өрт ошақтарының пайда болуы сәуiрдiң соңғы онкүндiгi және мамырдың бiрiншi жартысына дәл келетiнiн көрсетедi. Орман өрттерінің сәуір-мамыр айларында бірінші пайда болулары қар ерігеннен кейін топырақ жылынғанға дейінгі былтырғы жылғы шөпті өсімдіктердің  және түскен жапырақтардың жану материалы болып кебуімен шартталады. Бұл кезең 3-4 аптаға созылады, сосын ол төмендеп, жаңа шөпті өсімдіктердің  пайда болуымен шартталады. 4-5 апта өткеннен кейін жоғары температурада және жауын-шашынның болмауынан жаңа алмасу басталады, бұл өзінің шарықтау шегіне 2-3 аптадан кейін жетеді. Бұдан әрі орман өрттернің белсенділігі күндізгі температураның төмендеуімен және күзгі жауынның басталуымен шартталып, 4-5 аптадан кейін жағдай қалыпқа келеді. Тамыздың бірінші, екінші онкүндігінде адамдардың  піскен жидек және саңырауқұлақтарды теру үшін ормандарға жалпы баруымен шартталады. Қыркүйекте жекелеген өрт ошақтары пайда болады, бұл 4-5 аптаға созылып, осымен өрт қауіпті кезең аяқталады. 
Көктемгі кезеңде: шаруалар бақыланбайтын ауыл шаруашылық далаларын өртейді, алаңда ғана емес далада өрттер аз кездеседі. 
Орман массивтеріне жататын ауыл шаруашылық заттарын үнемі алдын ала бақыланбайтын ауыл шаруашылық өрттерін жүргізеді, бұл орман-далалы массивтерде өрттердің таралуына алып келеді. Нәтижесінде флора және фаунаға опат болады, топырақ эрозиясы өседi. 
Өрт қауiптiлігі жоғары болып Ақмола, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Қостанай облыстарды аумақтағы орман массивтері жатады. 
Бақылаудан шығып кеткен орман және дала өрттері орман массивтерін, ауыл шаруашылық мәдениетінің егіндерін және жайылымдарын жояды. Орман өрттері кезінде  түтіндеу аймақтары пайда болуы мүмкін, ол орман массивтеріне жататын бірнеше елді-мекендердің түтіндеуіне алып келеді. 

Республиканың орман қоры

№р/б

Облыстың  атауы

Орман қорының жалпы ауданы,  
мың га

ормандылығы, пайыз

1

Ақмола

986,4

2,5

2

Ақтобе

977,1

0,2

3

Алматы

5 187,9

8,0

4

Атырау

164,8

0,1

5

Батыс Қазақстан

215,4

0,7

6

Жамбыл

4 450,7

15,3

7

Қарағанды

590,5

0,4

8

Қостанай

652,0

1,1

9

Қызылорда

6 671,2

13,6

10

Манғыстау

465,7

0,7

11

Оңтүстік Қазақстан

3 440,0

13,7

12

Павлодар

478,7

2,0

13

Солтүстік Қазақстан

687,6

5,4

14

Шығыс Қазақстан

3 693,8

6,4

15

Барлығы

28 661,8

4,5


Дала және нан массивтері үлкен ауданды алады, оларда жанатын материал болып өсімдік жабыны, әр түрлі шөптер, астық дәндері, техникалық мәдениеттер қамыс бұталар табылады. Бұл материалдардың барлығы кішкене ғана өрт көзінен әсіресе тұрақты құрғақ ауа райынан оңай тұтанады. 
Астық өнімдері ең қауіпті олардың пісу және егінді жинап алудың соңына дейінгі кезең  болып табылады.  Дала және астық өнімдерінің өрттер тез таралып, өрттің таралу жылдамдығына желдің жылдамдығы әсер етеді.  
Даладағы өрт, сондай-ақ астық алқаптарында кейін анықталады, нәтижесінде үлкен көлемдерді алады. Өрттің таралу процесінде «құйындар» пайда болып,  өрттерді үлкен ара қашықтыққа, көлденеңі 12-15 метрге дейін жасанды және табиғи бөгеттерден лақытады.



Информация о работе Орман өрті