Мұнай және мұнай өнімінің жалпы сипаттамалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 21:00, реферат

Краткое описание

Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түсті мұнай өндіріледі.Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

І Мұнай және мұнай өнімінің жалпы сипаттамалары.docx

— 260.14 Кб (Скачать документ)

Майлар – мұнайдың қалдық фракциялары мен ауыр дистилляттарын арнайы тазартудан алынады. Ауыр көмірсутектерге парафиндер, церезиндер, озокериттер және олардың майлармен қоспасы жатады. Битумдер – гудронды ауамен тотықтыру арқылы немесе гудронды тереңдетіп айдау арқылы алынған май фракцияларынан кейін қалатын жартылай қатты және сұйық күйдегі өнімдер.

Әр түрлі мұнай өнімдеріне мұнай коксы, күйе, мұнай пиролизінің әр алуан өнімдері (бензол, толуол, ксилол, т.б.), асидолдар, деэмульгаторлар, хлорпарафиндер, т.б. жатады. Мұнай өнімдерінің сапасы физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты бағаланады.

Мұнай ұғымы


Жердің шөгінді қабатында таралған, жанғыш майлы сұйықтық; маңызды пайдалы қазынды. Мұнай 1.2-2,0 км-ден астам тереңдікте газ тәрізді көмірсутектермен бірге түзіледі. Түсі ашық-қоңырдан қою қоңырға, қараға дейін өзгереді, тығыздығы 0,65-1.05 грамм/см3 аралығында. Мұнай жеңіл (тығыздығы 0.83г/см3-ке дейін), орташа(0,831-0,860 г/см3), ауыр (0,860г/см3-тен жоғары) болып бөлінеді. 28С градустан жоғары температурада қайнайды, қату температурасы 26-дан-60'С-қа дейін, меншікті жылу сыйымдылығы 1,7-2,1 кДж/(кг*К), меншікті жану жылуы 43,7-46,2 МДж/кг, диэл.өтімділігі2-2,5; Электр өткізгіштігі 2*10*10(дәрежесі)-0,3*10*-18(дәрежесі) Ом-1*см-1(дәрежесі), тұтану температурасы 35-120*С, органикалық еріткіштерде ериді, суда ерімейді. Мұнай-көмірсутектердің күрделі (негізінен парафинді және нафтенді, аз дәрежеде-ароматты) қоспасы. Әр түрлі кен орындарында мұнайдың көмірсутектік құрамы түрліше өзгеріп отырады. Негізгі қоспалары (4-5%):нафтен қышқылдары, асфальтты-шайырлы заттар, меркаптандар, моно-және дисульфидтер, тиофендер және тиофандар, күкіртсутек, пиридин және пиперидин гомоглогтар, т.б. Элементтік құрамы: С 82,5-87%; H 11.5-14.5%; O 0.05-0.35%; S 0.001-5.5%; N 0.02-1.5%. Өнеркәсіптік зерттеулерде негізінен мұнайдың тығыздылығын, оның фракциялы құрамын, тұтқырлығын, құрамындағы күкірт, шайыр асфальтен, парафиндердің мөлшерін және олардың балқу температураларын анықтайды. Құрамындағы күкіртке байланысты аз күкіртті , күкіртті, жоғары күкіртті болып үш топқа бөлінеді. Әдетте мұнай құрамындағы азот пен оттек 10%-дан аспайды, тек кейбір жағдайларда 1,8 және 1,2%-ға азаяды. Мұнайдың негізгі пайда болу көзі – құрамындағы сутектің мөлшері жоғары болатын планктон, сапропельді органикалық зат және өсімдік қалдықтарынан түзілетін гумосты зат. Мұнайда 20-дан астам әр түрлі элемент (V, Ni, Ca, Mg, Fe, Al, Si, Na, т.б) бар. Мұнай түзуші жыныстар – саз балшықтар, олар мезокатагенез белдемесіне жеткенде мұнай түзілетін басты фактор – органикалық заттар 50*С-тан жоғары температурада ұзақ уақыт қызады. Бұл белдемнің жоғ арғы шекарасы 1,3-1,7-ден 2,7-3 км-ге дейін тереңдікте жатады. Төмен шекарасы -3,5-5 км. Мезокатагенез белдемінде көп мөлшерде мұнай көмірсутектері түзіледі, олар бензин және керосин фракцияларын беріп, микромұнайдың қозғалғыштығын жоғарылатады.[6]

Теңіз суының мұнаймен ластану жолдары және оның қазіргі жәйі

Терістік Каспийдің бірқатар аудандарында соңғы бірнеше жылдары жүргізілген мониторинг бұл аудандарда мұнай өнімдерінің, фенолдың және хлорлы органикалық пестицидтердің бар екенін және олардың кең таралғанын көрсетті.

Мұнай өнімдерінің барлығы икспектрометрі , хлорлы органикалық пестицидтер – газ хромотрографиясы. Фенол судың буын айдап спектрофотометр әдістерімен анықталады, бұл зерттеулер терістік Каспий суында Мұнай және хлорланған көмірсутегінің өсіп келе жатқандығын көрсетті. Мұнай өнімдерінің орташа барлығы 0,15 мг/л хлорлы органикалық пестицидтер 2 есе хлорланған сутегі 7есеге өскен, және әсіресе жазда өсіп отырады, әсіресе пестицидтердің ең жоғарғы өсуі шілде айында болады, теңіз ластануы соңғы 40 жылда тез өскен. Су жиналатын алқапты оның әрбір тарамы әр шамада  болса да бәрі де ластайды. Ал, Каспий теңізі бұрын , суреттегеніміздей құрлықта орналасқан, мұхиттар мен басқа теңіздермен байланысы жоқ тұйық су болғандықтан оған түскен улы заттар өз ішінде жиналады, ыдырайды, шіриді, түбіне шөгеді (жатады). Соңғы 15-20 жылда теңіз суы мен оның түбінің ластануы оларға  құйылатын улы заттардың қауырт (күрт) көбеюінен тез өсіп отыр.

Бұл, әсіресе, Терістік Каспийге тән, өйткені, бұл жер тұрақты тайыз, жыл мезгілдерінде температура көп өзгермейді, минералды фосфорға жарлы, ағысы жоқ. Сондықтан бұл аумақтың өзін – өзі тазартып отыруға әлі жетпейді. Терістік Каспийдің өзін-өзі тазарту қабілеті Орта және Оңтүстік Каспийден 8 есе кем. Каспий Аумақтық  Тақырыптық  Орталықтың (Каспийский Региональный Тематический Центр ) 2004 жылғы мәліметтері бойынша әр-түрлі көздерден теңізге 122,35 мың тонна кадмий, 17 тонна ртуть және басқа хром, қорғасын, мыс, қалайы сияқты ауыр металдардың, басқа да көптеген лас улы түседі екен. Олардың түсетін жолдары:

 

Түсетін

жолдары

(көздері)

Азот

Фосфор

Ртуть

Кадмий

Мұнай

1.

Өзендер

827000

88000

14

141

75000

2.

Қалалар

2400

6000

1

2

19000

3.

Өндіріс

орындары

200

1000

2

6

28000

4.

Ауа

39000

800

0

0

350

5.

Барлығы

890200

95800

17

149

122350


 

 

Мұнай және экология, олардың теңіз суына әсері

Америка құрама штаттарының энергетикалық ақпараттық басқарамасының  мәліметі бойынша Каспий маңы аймағы мемлекеттерінің мұнай газдық ресурстары (миллиард тонна шартты отынға шыққанда) мына кестеде көрсетілген:

 

     Елдер

               Мұнай

                     Газ

Дәлелденген

    қорлар 

Мүмкін

ресурс

Барлығы

     

Азербайжан

Иран

Қазақстан

Ресей

Түркіменстан

Каспий маңы

елдері

Каспий маңы

елдері

(Ресейді

қоспағанда)

0,7-2,0

0

2,0-3,2

0,04

0,3

3,0-5,7

 

3,0-5,7

5,4

2,4

17,0

1,0

6,4

32,0

 

31,2

6,1-7,0

2,4

19-20

1,0

6,7

37,9

 

34,2

0,4

0

2,0-3,1

-

3,7-5,8

-

 

6,1-9,0

1,3

0,4

3,3

-

5,9

-

 

10,0

1,7

0,4

5,3-6,4

-

9,6-11,7

-

 

17,0


Қазақстан  Республикасының Президентінің № 1095 «Қазақстан шельфін  өзгерту бойынша мемлекеттік бағдарламасы» бойынша бұл аймақтан 1-ші кезеңде (2003-2005) жылдық  өнім 500 мың тонна  мұнай, 2 ші кезеңде (2006-2010) жылы 40 миллион тоннаға жеткізіліп, одан әрі 3-ші кезеңде 100 миллион тонна өндіруге сай болуға тиіс. Каспий теңізінің Қазақстандық секторын игеру бойынша бағдарламаның кең масштабтағы деңгейін болашақ инвестиция көлемі куәландырады;алғашқы кезеңдегі олардың көлемі 5 миллиард, екінші кезеңде – 10 миллиард, үшінші кезеңде – 11 миллиард АҚШ доллары болмақ. Осындай инвестиция ағымының шикізатты өндіру бойынша жұмыстары мен оны тасымалдау мен өңдеу мәселелерін шешу мен , елдің және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен экологиялық қауіпсіздік шараларымен байланысты бағдарламаның бөлімдерін жүзеге асыру қажет. Осы құжат бойынша негізге алатын принциптер мыналар:

-Мемлекеттердің пікірлерінің  сақталынуы; (келісімге келуі);

-Халықаралық бірлестік  процестерін күшейту;

-Көмірсутек шикізатын  комплектік және қалдықсыз пайдалануға  қол жеткізу;

-Жүзеге асырылатын мұнай  операцияларының Каспий теңізінің  табиғи ортасына жағымсыз әсерінің  алдын-алу мақсатында барлық экологиялық  нормативтердің сақталуын бақылау.

-Каспий теңізінің биологиялық  алуан түрлілігін сақтау.

Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігі 113 мың шаршы шақырым, теңіздің 30%-тін құрайды. Қазақстан ғалымдарының бағасы бойынша мұнда бүтін теңізде болжанған көмірсутегінің 60%-ы шоғырланған. Бұл Қазақстанның құрлықтағы қорынан 4 есе көп. Мұнай қорынан Каспий теңізі Терістік теңізден екі есе артық, тек Персия шығанағына ғана жол береді. Сондықтан, Қазақстан үкіметі өз жеріне жататын Терістік, Орта, Оңтүстік Каспийде көлемі жағынан, қоры жағынан да ірі-ірі Қашаған, Құрманғазы, Хвалин, Оңтүстік Корчагин деген кен орындарында шетел компанияларына келісім шартпен барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат берген. Соның ішінде Қашаған кен  орны, мұның аумағы 2600шаршы км, мұнай беретін қабаты1200 метр, Аджип ККО компаниясы көмірсутегінің қоры 9 млрд. баррель деп болжаған, бағалаған, жарияланған. Ал, жалпы геологиялық қоры 38 млрд. баррель болып есептеледі. Мұнда ОКИОК компаниясы барлау, бұрғылау жүргізуде.Қазір Шығыс Қашаған, Батыс Қашаған деген Каспий теңізінің 5-6 метр тереңдігінде қайраңда жұмыс істеуде. Қашаған кенішінің өзге теңіз төріндегі Қаламқас, Ақтоты және Қайран  кен орындары да игерілмек. Геологиялық іздестіру шараларының жалғасына орай су айдынында жасанды арал салынды, әлде де бірнеше жасанды аралдар салынбақ, оған құрылыс материалдары Маңғыстау облысынан Баутино порты арқылы тасымалданады, онымен «Қазморттрнасфлот» компаниясы айналысады. Бұл кен орында бұрғылау қондырғылары мен жабдықтары осы аралдар мен кемелерге орнатылған. Құрманғазы кен орны Терістік Каспийдің  қорықтық жерінде Маңғыстау облысының Форт- Шевченко қаласынан батыста 80 шақырым жерде.Геологиялық қоры 6,2 млрд. мұнай эквиваленттегіндей деп болжануда.Орталық Маңғыстауда өндірістік өнімі теңіз түбінде 3-4 метр тереңдікте, қоры 250-300 миллион тонна деп болжануда. Оңтүстік Каспийде Дархан, Нұрсұлтан, Ұлытау, Ракуша деген алаңдарда да бұрғылау, барлау жұмыстары жүргізілмек. Мемлекеттік «Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі қорды игеру» бағдарламасы бойынша барланған кен орындарынан алынған өнімді бөлісу туралы Қазақстан мен Ресей мемлекеттері арасында келісім жасалған.Осы келісім шарт бойынша Ресей мұнай компаниясының «Исполин» кемесі Құрманғазы кен ауданында барлау жұмыстарына кіріссе, «Лукойл» компаниясы «Тұпқараған» , «Қазақстан» деген Каспий қайраңында теңіздік сейсмикалық зерттеуге , барлауға кірісті. Түркімен мемлекеті мен Азербайжан мемлекетінің түйіскен жеріндегі Азерли, Чираг кен орындары, осы мемлекеттердің күшімен зерттелуде. Бұл кен орындарындағы көмірсутегінің жиынтығы жер қойнауындағы қорынан ірі, аса ірі орындар және бұлар бір-бірінен құрылымы , түрі, аймақтарының орналасуы жағынан , табиғи ауа-райы мен жер бедері жағдайлары жағынан бір-біріне ұсамайды, сондықтан, бұл аталған орындарды игеру қоршаған ортаға әр-түрлі әсер етеді.Каспий теңізіндегі осылар сияқты ірі-ірі мұнай кен орындарын игеру, оны әртүрлі бағытта кесіп өтетін үлкен аумақтық мұнай және газ құбырларын салуды  талап етеді. Бұлар теңіз түбінен таратылмақ.Баку-Жейқан, Теңіз- Баку-Түркіменбашы , одан әрі Баку-Тбилиси –Эрзрум бағыттары. Қазір бұлардан тек қана Баку-Жейқан құбырына Ақтау қаласынан Баку қаласына дейін теңіз астымен құбыр тартып қосылуы туралы келіссөздер жүргізіп отыр, бірақ, әзірге тартылған құбыр жоқ. Бұл кен орындар игеріліп, құбырлар салынып іске қосылғанда қандай болса да табиғатқа кері әсерін тигізетіне де белгіл. Сөйтіп, барлығы қосылып, қоршаған ортаның табиғи болмысын бұзатыны, тіпті, апатты жағдайға дейін апаратыны ықтимал. Бірақ, ел экономикасы үшін мұнай, газ өндірмей отыра алмайтынымыз да тағы түсінікті.Әлем ғалымдары мұнай мен газға пара-пар шикізат түрін ойлап тапқанша, көмірсутегіне деген дүниежүзілік сұраныстар кемімейді. Тіпті, ОПЕК сарапшыларының пайымдауынша, 2020 жылы «Қара алтынға» деген сұраныс дүниежүзінде 1,5 пайызға артпақ, ал, бұл көрсеткіш Азия елдерінде 2,5 пайыз болмақ. Қазір дүниежүзілік нарықта 1 баррель бюджетінің 34 пайызы мұнайдың бағасы орта есеппен 62 доллар болып, Қазақстан мемлекеттік бюджетінің 34 пайызы мұнай сатудан құралып отырғанда мұнай өндіруді ұлғайтудың маңызы жоғары  екені әрбір қазақстандыққа түсінікті. Сонымен байлығымызды да игеріп,сатып игілігін көруіміз керек, табиғатымызды да сақтауымыз керек деген екі міндет алдымызда тұр.

 


Информация о работе Мұнай және мұнай өнімінің жалпы сипаттамалары