Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 23:21, контрольная работа
Исламға дейінгі кезеңде арабтарда әйелдің құқығы тым төмен еді. Әсіресе, арабтар қыз балаларды тірідей жерге көметін. Өлтіруге қимағандары қыздарын ұлдарша киіндіріп, жұрттан жасырып ұстаған. Бұлайша әйел мәртебесін тым төмендету себебі, қыздар өскенде жезөкшелік жасап, «абыройымызға дақ түсіреді» деп ойлайтын. Шынында да исламға дейінгі жабайы араб қоғамында жезөкшелік ерекше асқынып тұрды. Кейбір арабтар ұлдарын текті ету үшін әйелдерін өз қолымен ақсүйек адамның төсегіне апарып жатқызатын. Жезөкше әйелдер жүкті болып қалған жағдайда, Кайф деген сәуегей келіп, еркектердің біріне мына баланың әкесі сенсің деп, оны зинадан туған балаға әке ететін. Арабтардың «шиғар» деген некесі бойынша, қыздары бар арабтар бір-біріне қыздарын қалыңмалсыз беріп үйленетін.