Мемлекеттік сертификаттау жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2013 в 05:38, реферат

Краткое описание

ҚР-да тек бір ғана – мемлекеттік сертификатау жүйесі бар. Сол жүйенің құқықтық функцияланжыру ҚР «Техникалық реттеу» туралы Заңымен анықталады. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау аумағында бірыңғай саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді және сертификаттау процедураларына, сертификаттау органдарына, сынау зертханаларына (орталықтарына) және аккредиттеу процедураларына, дайындау және аттестаттауға, мемлекеттік сертификаттау жүйесіне реестр жүргізуге, аудит және инспекциялық бақылауға негізгі талаптарды бекітеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі.docx

— 25.43 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сертификаттау жүйесі - өз құзырет шегінде сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың және ҚР-дағы сертификаттау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы;

ҚР-да тек  бір ғана – мемлекеттік сертификатау  жүйесі бар. Сол жүйенің құқықтық  функцияланжыру  ҚР «Техникалық реттеу» туралы  Заңымен  анықталады. Мемлекеттік  сертификаттау  жүйесі   сертификаттау  аумағында  бірыңғай  саясаттың  жүргізілуін қамтамасыз етеді  және  сертификаттау  процедураларына, сертификаттау  органдарына,  сынау  зертханаларына (орталықтарына)  және  аккредиттеу  процедураларына,  дайындау және аттестаттауға, мемлекеттік  сертификаттау  жүйесіне  реестр  жүргізуге, аудит және инспекциялық бақылауға   негізгі  талаптарды  бекітеді.  

Сертификаттау жүйесі –  сертификаттау сәйкестігін жүргізу үшін өзіндік ережелердің процедуралары және басқаруы бар жүйе. Сертификаттау жөніндегі орталық орган (АҚ «Сараптаудың және сертификаттаудың ұлттық орталығы») «Техникалық реттеу туралы» ҚР-ң орнатылған заңымен, өзіндік қызметін функцияға сәйкес іске асырады және бұл келесі функцияларды орындайды:

-     қолданыстағы  заңмен, ҚР-ң  МЕМСТ-ң сертификаттау жүйесінің талаптары, ҚР-ң Мемстандартының ережелерімен сәйкес сертификаттау орнатады.

-     Біртекті өнімдерді  сертификаттау жүйесін дайындауға және өңдеуін (реттік ережемен) ұйымдастырады, белгіленген бағыттағы жұмыс координациясын және басшылықты іске асырады,

-     Сертификаттауды  жүйеде жүргізетін нормативті  құжаттар қорының жаңалығын және жұмысының актуальдылығына сәйкес қатысады. Сапалы органда орындаушы биліктер сертификаттау туралы нормативті жұмыспен қамтумен айналысады: өңдеуді ұйымдастырады және жұмыс жүргізудің, қондырғы, құрал-жабдықтарды эксплуатациялау және дайындау, қажетті жағдайда бірлік талаптарды орнатады, белгіленген ережелерге және нормаларға көрсетілген сертификаттау мақсат үшін олардың есептік жарамдығымен қауіпсіздік талаптарын бекітеді;

-      Құрал-жабдықтарды  эксплуатациялау жәнедайындау, қондырғы  жұмыс жүргізудің қауіпсіздік  талаптары бойынша басқа нормативті құжаттардың басқарушы органдарына сай  стандартжобалары келіседі және қарастырылады;

-     өңдеуге және  халықаралық ережелер, нормалар  және қауiпсiздiк бойынша талап қоятын стандарттардың келiсуiнде қатысады;

-     жүйе және бiркелкi өнiмнiң сертификаттау ережесiнiң  Мемстандартына мемлекеттiк тiркеуге ұсынады;

-     сертификация  бойынша перспективалы бағыттар  өндейдi;

-     ҚР-ң сертификаттауына міндетті жататын өнімнің және қызмет көрсетудің номенклатурасы бойынша қосымша дайындалады;

 

-     олардың қызметiне сертификаттау жөнiндегi органдар және сынау зертханаларының тiркеуiнде, ипспекциялық бақылауды өткiзуге қатысады;

-     сертификаттау  жөніндегі органдар және сынау  зертханаларының қызметін үйлестiредi;

-     сертификаттау  жөнiндегi органдар және сынау зертханалары есеп жүргiзедi;

-     шетел сертификаттары, сынау нәтижелерiн және сәйкестiк белгiсiн мойындау туралы ұсынысын әзiрлейдi;

-     сертификаттау  органдарының жүйелері, сынау зертханалары  бойынша және т.б. біртекті топтағы өнмді сертификаттау жүйесінің құрамын рациональды қалыптау бойынша жұмысты басқарады;

-     сертификаттау  және сынау зертханаларының органдары  бойынша апелляция қарастырылады; 

-     өндірістік  өнеркәсіптер обьектілерінің және  жұмыстарының қауіпті потенциалды  аумағын сертификаттау бойынша  қалыптастырады.

Сертификаттау  бойынша  жұмыстарды  басқару  сертификаттау  бойынша  ресми органға – «Сараптау  және сертификаттаудың ұлттық орталығы»  АҚ  жүктелген. Сертификаттау жүйесінің  негізгі  процедурасын  анықтайтын  14 стандарт – ҚР СТ 3..., 7...   бар.

Сертификаттау  бойынша  органдар  өнім  өндірушіге, тұтынушылар  мен оның жеткізушілеріне  тәуелсіз,  МСС (ҚР СТ 7.2-2001) нормативтік құжат талаптарына жауап беретін, барлық  меншік  түріндегі заңды тұлғалар бола алады.

Сынау зертханалары (орталықтары)  заңды  тұлға  лауазымына (тәуелсіз  сынау  орталығы)  ие болуы мүмкін немесе  тұлғаның  құрылымдық  бөлімшесі ( болуы  мүмкін.

Сертификаттау  бойынша  жұмыстардың  ұйымдары  үшін  келесі  шарттар  орындалуы  керек:

1.Сертификаттаудың  объектілері   анықталған.

2. Жүргізілетін сертификаттау  талаптарына  сәйкес,  нормативтік құжаттардың  түрлері  мен  категориялары  бекітілген.

3. Осындай  сәйкестікті   растайтын, сынауды жүргізу процедуралары  мен ережелері  регламенттелген. 

4. Оны жүргізу шарты  қамтамасыздандырылған, яғни, сынауды  жүргізуге қабілетті, сынау орталықтарында  бекітілген ережеде аккредиттелген.

5. Аккредиттеу  аумағына  сәйкес, сертификаттау  бойынша  аккредиттелген  органның  болуы. 

Сертификаттау объектілері.  Міндетті  сертификаттауға  жататын  өнімдер  тізімі ҚР Мемстандартының Үкіметінде қарастырылып шығарылады және ҚР Үкіментімен бекітіледі.

Міндетті  сертификаттауға  жататын өнімдердің  номенклатурасын анықтау  үшін тұтынылатын және  сыналатын  өнімдерге  тиянақты  сараптама  жүргізу керек, осыған баланысты келесі  аспектілерді  ескеру керек:

-     өнім  реттік  түрде өндірілуі керек және импортталуы  керек және  көптеген  мөлшерде,

-     өнімнің   техникалық  сипаттамасын  немесе  қызметін (ұйымдардың  стандарттары) (идеалды жағдайда – мемлекетаралық  стандарттың немесе ҚР СТ деңгейі) анықтайтын, ҚР нормативтік құжаттардың заңды болуы;

-     егер ұйымдардағы   стандарттарда өнімдерге  қойылатын   мінндетті  талаптар  жеткіліксіз   болса,  онда  сол  құжат   негізінде  сәйкестікке  жататын,  нақты параметрлер  көрсеткішімен сертификаттау  бойынша   қажетті  талаптар әзірлеу.

Сертификаттауды жүргізу  аумақтары

 

Сертификаттау  міндетті және ерікті болып  бөлінеді.

Міндетті сертификаттау  қоршаған ортаның, өмірдің, денсаулықьың және мүліктің қауіпсіздігін  қамтамасыз етумн  байланысты қызметтерге, өнімдерге  тараталады. Осы тауарларға заңнамалық бекітілген  талаптар ішкі нарықтағы өндірушілермен  және  осы елге тауарларды кіргізген кезде импортерлармен  орындалуы керек.   ҚР міндетті  сертификаттауға жататын қызметтер мен өнімдердің номенклатурасы  Мемстандарттың ұсынысы бойынша ҚР Үкіметінің қаулысымен регламенттелген және  арнайы  реестрде  бекітілген.  Ол:

- өнім – машина жасаудың, электротехниканың, медициналық  техниканың тауарлары,  тағам  өнеркәсібінің  және  ауылшаруашылық  өндірісінің тауарлары,   шикізат салаларының  және  ағаш өңдеудің  тауарлары,  тыныс  алу  органдарын  қорғаудың жеке құралдары, тара, пиротехника  өнімдері, ветериналық биологиялық препараттар;

- қызметтер — жолаушылар  тасымалының, байланыстың, туристік және экскурсиялық, сауданың, қоғамдық тамақтанудың.

Ерікті сертификаттау  өнімдерге, қызметтерге немесе  процестерге   арналған  стандарт  талаптарын немесе  басқа нормативтік  құжаттар  талаптарын  қатаң  қадағалау  кезінде, яғни, стандарт немесе  нормалар қауіпсіздік  талаптарына  қатысты емес болып және тауар  өндіруші  үшін  ерікті сипатқа ие болған кезде  жүргізіледі. Ерікті сертификаттауға  қажеттілік  сертификаттау  обьектілерінің  стандарттарға  немесе  басқа  нормаларға  сәйкессіздігі  кезінде  туындайды, өндірушінің  экономикалық қызығушылығын оятады.

Ерікті  сертификаттаудың объектілері :

Өнім – өндірістік-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық тағайындалған (мысалы, кітаптар мен журналдарды шығару, жиһаз  шығару);

Қызметтер  - материалдық, материалдық емес, (мысалы, білім беру, сауда, медицина);

Аумақтағы персонал – бақылауды, материалдық құндылықты  бағалауды, сертификаттауды, тұрмыс ықметтерін, білім беруді және т.б. бұзбайтын.

Кәсіпорын сапасының жүйелері - ИСО 9000 сериялы стандарттар моделдері  бойынша.

Сертификаттау келесідей  мақсаттарға жетуге бағытталған: біртүтас тауар нарығында кәсіпорынның және үйымньщ ісқызметіне, сондайақ, хальждралық экономикалық, гылымитехникалық ынтымақгастыққа және халыкаралық саудаға қатысуға жағдай жасау; түтынуіпылардың өнімге жетік талдау жасауына көмектесу; өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарьыатуга және оны экспорттауға көмектесу; түтынушыларды арам ниетті өндірушілерден қорғау; өнімнің адам өміріне, денсаулығына, мүлікке және қоршаған ортаға қауіпсіздігіне бақылау жасау; өндіруші үсынған өнім сапасының көрсеткіштерін дәледцеп, бекіту. Ресей Федерациясында сертификатгау қызметі Ресей Федерациясының “Түтынушылардың қүқығын қорғау туралы”, “Өнімдер мен қызметтерді сертификаттау туралы” Заңдарына және басқа да нормативтік акгілерге негізделген. Мүндай зандар басқа да ТМД едцерінде шығарылған. Бүдан ары қарай сертификатгау мәселелері РФ тәжірибесі бойынша кдрастырьшады. Сертификаттаудың зерттелген ережелері мен шарттары — халықаралық стандарттау үйымының, халыкдралық электротехникалық комиссиясының және ИСО 9000 халықаралық стандарттарының басшылығымен жасалған заңцық күші бар халыкдралық нормалар мен ережелерге сәйкес кұрылған.

Өнімнің бәсекегеқабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы Өнім мен қызметтерді  сертификаттаудың негізгі мақсаты  – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау. Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға және ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет. ҚР – ның мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі: өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету; өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі; сынақтың кәсіби түрде өтуі; шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау; өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі; сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сертификат уақытының біткендігі, жойылғандығы  жөніндегі ақпарат; сертификаттау объектілерінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі; сертификаттау жұмысында ИСО/ХЭК аймақтық ұйымдардың, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану; ҚР қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдік сертификаттау органдарының аккредитацияланған сынақ зертханаларының сертификатталатын және сәйкестік белгісін ҚР-да тану. ҚР – ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85%-ды құрайды. Сондықтан өнімді сертификаттау қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналды. ИСО Халықаралық Ұйымының сертификаттау саласындағы негізгі қызметі – ұйымдастырушылық-әдістемелігімен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда бұл аумақта сапа және сертификаттау комитеті (ССК) жұмыс жасайды. Бұл ұйым халықаралық электр комитеті (ХЭК), халықаралық сауда орталығы (ХСО), БҰҰ, сауда және өркендеу конфедерациясы ұйымдарымен бірігіп жасаған «Сертификаттау принципі мен тәжірибесі» жасаған зерттеулері нәтижесінде құрылды. ССК ұйымына 50 ел қатысады. Олардың қызметіне: әртүрлі елдерде өнімді бағалау және сапаны қамтамасыз ету жүйесінің тәсілдерін зерттеу; өнімдерді, процестерді, қызметтерді сонымен қатар сынақ лабораторияларының сертификаттау органдарының сапа жүйесін қамтамасыз етудегі сынақ басшылығын, инспекциялық бақылауды сертификаттауды дайындау; ұлтық регионалды сапа жүйесін қамтамасыз етіп және халықаралық сынақ стандарттарын сынауды, бақылауды, сертификаттауды өзара тануда көмек жасау. ИСО сертификаттау саласында ХЭК-пен бірге жұмыс жасауда негіз болатын ИСО/ХЭК 28 нұсқауы «Үшінші жақпен өнімді сертификаттаудың жалпы типтік ережесі» ұлттық сертификаттау жүйесінің негізі ретінде пайдаланылады. ҚР – да өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік Комитет жұмыс істейді. Бұл орган мемлекеттік стандарттарға сәйкес талаптардың дұрыстығына бақылау жасайды. Бұл органнан басқа өнімнің сапасын бақылауда сапаны мемлекеттік реттеу және  бақылаудағы экология жөніндегі инспекция, халықаралық санитарлық – эпидемиологиялық шарттарды орындауы, өнеркәсіп комитеті және т.б. Бұл жоғарыда аталған органдарды сапаны реттеудегі мемлекеттік институттарға жатқызуға болады. Олар өз қызметтерін сапаны реттеу жөніндегі заңдық актілері негізінде жүргізеді. Оларға: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау», «Стандарттау», «Сертификаттау» «Бірлік өлшемді қамтамасыз ету» заңдары жатады. Сертификаттау – бұл өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің нормативтік құжатта белгіленген белгілі бір талаптарға, стандарттарға сай екендігін білдіретін жазбаша құжат болып табылады. Стандарттау басқарудың нормативтік әдістерімен сипатталады. Ол объектілерге белгілі бір нормалар мен ережелер арқылы әсер етеді және нормативтік құжат түрінде жазылып, заңдық күшке ие құжат болып табылады. Стандарт – бұл өнім сапасына негізгі талаптарды бекітетін нормативтік-техникалық құжат болып табылады. Мемлекеттік стандартау – басқару деңгейінің барлық сатыларында таралып, қоғам мен өнім мен қызметті негізгі тұтынушылардың қызығушылықтарын қорғау ретінде қолданылады. ИСО 9000 сериялы стандарттары — өнімнің жасалу процесіндегі өнім сапасына әсер ететін заңдық базаларын, тұтынушылардың рөлін, талаптарының сақталуына кепілдік береді. Өнімдер, қызметтер мен процестерді ҚР – ның заңнамасына сәйкес стандарттаудың мақсаты төмендегідей: өнімдер мен қызметтерге нормалар белгілеу; қоршаған ортаны қорғау, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; өнімнің бәсекегеқабілеттілігін сыртқы және ішкі нарықта қамтамасыз ету; бірлік өлшемді қамтамасыз ету; барлық ресурстарды сақтау және тиімді пайдалану; Еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету; сапа төңірегінде тұтынушылар қызығушылықтарын қорғау. Сапаны қамтамасыз етуде жоғарыда аталған заңнамалардан басқа, Үкіметтің «Сапасыз тауарлардың ҚР территориясына кіруіне кедергі жасау» 29 сәуір 1999ж. жеке қаулысы да қызмет етеді. Бұл Үкімет қаулысы ҚР – на келетін сапасыз импорт тауарларының жойылуына, тұтынушыларды сапасыз тауарлардан сақтауға қол жеткізеді. ҚР территориясына импорт тауарлары келесідей жағдайда кіргізілмейді: егер өнім сертификатталатын өнімге жататын болса және ол өнім сертификатталмаған жағдайда; өнім қорабында мемлекеттік және орыс тілінде ақпарат берілмесе (тауар түрі, өндірілетін ел және өндіруші, өндірілген уақыты және жарамдылық мерзімі, сақтау белгілері және қолдану үлгісі, құрамы). ИСО стандарттарын енгізу мәселесі Астана қаласында өткен «TQM-2004» Халықаралық конференциясында талқыланды. Онда ҚР – ның «Стандарттау, метрология және сертификаттау» индустрия министрлігі Комитетінің төрағасы Әбілғазы Құсайнов сөз сөйледі: — ҚР – да әрекет ететін кәсіпорындарға  ИСО стандарттарын енгізуге, салық кодексіндегі өзгерістер ықпал етеді. Мұнда сапа менеджментін, экология стандарттарын енгізген  кәсіпорындар үшін корпоративтік табыс салығын төмендету қарастырылуда. 2010 жылға дейін Үкімет ИСО 9000 сериялы стандарттарын ҚР-да әрекет ететін барлық кәсіпорындарға енгізуге қол жеткізуге тиіс. Ол үшін мемлекеттік тендерлер, мемлекеттік сатып алулар жариялағанда осы стандарттар ескерілуі тиіс. Бұл процесс кәсіпкерлердің бұл стандартарды енгізуге қызығушылықтарын ынталандырады. Осы стандарттардың енгізілмегендігінен сыртқы нарықта біздің тауарларымыз өте төмен бағамен сатылуда. Егерде отандық кәсіпорындар, әсіресе мұнай және газ секторындағы кәсіпорындар сапа менеджментін енгізсе біздің тауарларымыз жоғарғы сұранысқа ие болар еді. Қазіргі таңда ҚР стандарттау және сертификаттау жүйесін жетілдірудің негізгі бағыты болып, сертификаттау мен аккредитациялаудың нормативтік базасын ИСО, Халықаралық электротехникалық комиссия, Европалық стандарттарға EN 45000 талаптарына сәйкес өзгерту. ҚР-да осы аккредитациялау жүйесін жетілдіру мақсатында халықаралық стандарттар мемлекеттік стандарттар ретінде қабылданды: ҚР СТ ИСО 17025-2001 «сынақтау және зертханалық зерттеулерге қойылатын жалпы талаптар», ҚР СТ ИСО/ХЭК 65-2001 «өнімді сертификаттау органдарына қойылатын жалпы талаптар».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі

                   Алматы Технологиялық Университеті

   

 

 

 

 

 

 

                               СӨЖ

Тақырыбы:Мемлекеттік сертификаттау жүйесі

 

 

 

 

                                                                               Орындаған:_________________

                                                                               Тексерген:__________________

 

 

 

 

                                        Алматы қаласы 2013ж.


Информация о работе Мемлекеттік сертификаттау жүйесі