Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 07:55, реферат
Компьютерден қолыңызды босатып, көзіңізге гимнастика жасаңыз.
Статистикаға сүйенсек, жер шарында әрбір үшінші адамның көзі нашар көреді екен. Егер сіздің көз жанарыңызда кінарат болса(алыстан көрмеу немесе қыли көз, астигматизм) және сіз мұндай жағдайға көнгіңіз келмесе, біліп қойыңыз – бәрі сіздің қолыңызда.
Бірақ мынаны ескеріңіз, көзіңіз жәймен, бірте-бірте бұзыла бастағаны сияқты, оның қалыпқа келуі де ақырын жүреді. Біз сіздің көзіңіз- дің қалыпқа келуін хирургиялық, лазерлік немесе коррекциялық жолдармен емес, шынайы жолмен емделуін сөз етіп отырмыз. Көзіңіздің нашарлауына, сіз бір-ақ жыл жұмыс істеген жоқсыз. Көзіңіздің жөнделуіне дәрігер емес, сіз табандылықпен жұмыс істеуіңіз керек. Денсаулық болу үшін еңбек сіңіру керек.