Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2014 в 16:30, реферат
Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану бойынша жұмыс көлемі мен күрделігіне байланысты электр техникалық персоналдың біліктілігіне сай жиынтықталған энергетикалық қызмет құрылады. Қызметтің осы түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйыммен (бұдан әрі - мамандандырылған ұйым) шарт бойынша электр қондырғыларын
пайдалануға жол беріледі.
Кіріспе
3
I. Электр тоғының адамға әсері
5
II. Электр кауіпсіздігінің техникалық ұйымдастыру шаралары жұмыс орнын ұйымдастыру
6
III. Пайдаланушылар үшін еңбекті қорғаудың және техникалық қауіпсіздігін, қорғану құралдары
7
Қорытынды
9
Пайдаланылған әдебиеттер
11
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті
"Еңбекті қорғау" кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Электр тоғының адам ағзасына әсері
Орындаған:______________
Тексерген: ______________
Қарағанды 2014
Жоспар
Кіріспе |
3 |
I. Электр тоғының адамға әсері |
5 |
II. Электр кауіпсіздігінің техникалық ұйымдастыру шаралары жұмыс орнын ұйымдастыру |
6 |
III. Пайдаланушылар үшін еңбекті қорғаудың және техникалық қауіпсіздігін, қорғану құралдары |
7 |
Қорытынды |
9 |
Пайдаланылған әдебиеттер |
11 |
Кіріспе
Электр қауіпсіздігі – электр тоғының, электр доғасының, электр магнитті алаңның және тұрақты электрліктің қауіпті және зиянды әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін, құралдар мен техникалық және ұйымдық шаралар жүйесі.
Электр тоғының тірі денеге әсерінің әр жақты немесе өзіндік сипаты бар. Адам организімінен өткен электр тоғының термиялық, электромагниттік, механикалық және биологиялық әсері болады.
Тұтынушылардың электр қондырғыларды пайдалануды арнайы дайындалған электр техникалық персонал жүзеге асырады.
Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану бойынша жұмыс көлемі мен күрделігіне байланысты электр техникалық персоналдың біліктілігіне сай жиынтықталған энергетикалық қызмет құрылады. Қызметтің осы түріне рұқсаты бар мамандандырылған ұйыммен (бұдан әрі - мамандандырылған ұйым) шарт бойынша электр қондырғыларын
пайдалануға жол беріледі. Электр қондырғыларын пайдалануды ұйымдастыру бойынша міндеттерді тікелей орындау үшін заңды тұлғаның жетекшісі тиісті құжатпен электр қондырғыларын пайдалану үшін жауапты тұлғаны (бұдан әрі - электр қондырғылары үшін жауапты тұлға) тағайындайды, және оның орынбасарын тағайындайды, ал жеке тұлғалар - кернеуі 1000 В-тан жоғары электр қондырғылардың иелері қауіпсіз пайдалану үшін жауапкершілік міндеттелетін арнайы ұйымдармен электр қондырғыларына қызмет етуге келісім-шарт жасайды.
Жеке тұлғалар - кернеуі 1000 В-тан төмен электр қондырғыларының иелеріне электр қондырғылары үшін жауаптылар тағайындалмайды, электр қондырғыларын пайдалану заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
10 киловольтамперден (кВА) аспайтын электр қондырғылар орнатылған тұтынушыларда электр қауіпсіздігі үшін жауапты адамның міндетін атқаратын жұмыскер тағайындалмайды. Электр қондырғылары үшін жауапты адам және оның орынбасары тұтынушының басшысы мен мамандар қатарынан тағайындалады. Тұтынушыда бас энергетик лауазымы болған жағдайда электр қондырғылары үшін жауапкершілік оған жүктеледі.
Электр қондырғылары үшін жауапты адамның лауазымдық нұсқаулығын тұтынушының бас инженері (техникалық басшысы) жасайды.
Электр қондырғылары үшін жауапты адамның лауазымдық нұсқаулығында оның құқығы мен жауапкершілігі қосымша көрсетіледі.
Электр қондырғылары үшін жауапты адамды және оның орынбасарын тағайындау электр қауіпсіздігі бойынша тиісті тобы беріліп, білімі тексерілгеннен кейін жүргізіледі:
V - кернеуі 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында;
IV - кернеуі 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларында.
Электр қауіпсіздігі бойынша топтардың сипаттамасы Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларында қарастырылған.
Тұтынушының басшысы электр қондырғыларына жауапты адамның ұсынуы бойынша құрылымдық бөлімшелердің (филиалдардың) электр қондырғылары үшін жауапты адамдарды тағайындайды. Тұтынушының электр қондырғылары үшін жауапты адам мен құрылымдық бөлімшелердің жауапты адамдары арасындағы міндеттерді бөлу және өзара қарым-қатынас олардың лауазымдық нұсқаулықтарында көрсетіледі.
Электр қондырғыларын техникалық пайдалануды және оларды монтаждау, реттеу, жөндеу, шарт бойынша сынау және өлшеу жұмыстарын атқаратын дара кәсіпкерлердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қауіпсіздік техникасы мен пайдалану қағидалары бойынша білімі тексеріледі және электр қауіпсіздігі бойынша
тиісті тобы болады.
Электр тоғының адамға әсері
Тоқтың әсері термиялық, электролиттік және биологиялық болады. Зақымдау түрі бойынша әсерлер келесілерге бөлінеді:
- электро жарақаттар- ұлпаларды жергілікті зақымдау (күйік, электр белгісі, терінің металлдануы);
- электр соққылары адамның салмағына тоқтың әсер етуі;
Әсер ету дәрежесі бойынша келесілерге бөлінеді:
I дәрежесі- есінен танбайды, бірақ бұлшық еттері жиырылып қалады;
II дәрежесі – есінен танады, бұлшық еттері жиырылып қалады;
III дәрежесі – есінен танады,
жүрек немесе тыныс алу
IV дәрежесі- клиниклық өлім, тыныс алмайды және қан айналымы тоқтайды.
Электр тоғынан зақымданудың алғашқы себептерін анықтайтын факторлар:
1. I тоқ мәні (негізгі зақымдаушы
фактор). Адам үшін өте қауіпті,
өлімге алып келетін
Адам арқылы өтетін (U=220B, t = 50Γц) өндірісітік тоқтың жиілігінің сипатты мәні 3-ке бөлінеді:
- алғашқы сезімдері пайда
- кернеудегі (бұлшық еттердің тырысып
қалуының салдарынан) тоқ өтетін
бөлігінен ажырай алмайтын
- жүрек бұлшық еттерінің
- адам денесі арқылы тоқтың өту жолы (тоқ арқандары). Өте қауіпті тоқ жолы, қол-қол жолы бойынша, өмірге қажетті мүшелер арқылы, аяқ-аяқ арқылы өтеді.
- тоқтың түрі (пайда болуы). Тұрақты тоқ, ауыспалы тоққа қарағанда қауіптілігі аз, мұнда бұлар кіре беріс тоқтардың мәні бойынша көрініп тұр, бірақ бұл 250-300 В –тан аз кернеу үшін әділ болады. Гармониктің болу себебінен тура тоқ, аккумлятордан, тұрақты тоқтан қауіптірек болады.
Электр қондырғылардың бірнеше түрімен жұмыс істеген кезде ереже бұзып, немесе ток жүретін қондырғының ашық жеріне тиіп, кеткен жағдайда адаммын өміріне қауіп төнуі мүмкін.
Адам ағзасына ток тиген кезде, есінен танып қалуы, демалу органдары жұмыс істемеуі және жүйке жүйелерінің бүлінуі мүмкін.
Бұдан басқа электр тоғы адам денесінің ашық жерлерін күйдіруі мүмкін және күюдің ауырлық жағдайы тоқтың шамасына байланысты болады.
Адам ағзасының өтіп жатқан тоққа кедергісі бірнеше факторларға байланысты, тұрақты тоқпа жоқ ауыспалы тоқ па? Адам шаршаған болса, қанша көлемде тоқ тартқан ауыспалы тоқтың соғуына теріс байланысты. Адам ағзасынан тоқ қанша көлемде өтсе, тоқ тарту сонша көлемде өтеді. Адамды тоқ тартқан кезде, 30 секундта денесі 25% төтеп береді, ал 90 секундта — 70% күйіп қалады. Адам ағзасы үшін түрақты тоқ та ауыспалы тоқ та қауіпті, бірақ тұрақты тоқтың қауіпсіздігі 3-5 рет аз, ауыспалы тоқтан. Тұрақты ток 50МА-ге дейін, ал ауыспалы тоқ ІОМА-ге дейін қауіпті.
Тоқ күші 0,05А болса, адамға қауіпті, ал 0,1 А — адам өмірін қияды. Тоқ өткізудің екі түрі бар:
1) электрлік соғулар — олар адамның ішкі ағзасын жарақаттайды, жүйке жүйелерін, көкірек клеткаларын жарақаттайды.
2) электрлік жарақаттар — олар адамның сыртқы терілерін жарақаттайды.
Электр кауіпсіздігінің техникалық ұйымдастыру шаралары жұмыс орнын ұйымдастыру.
Электр қауіпсіздігінің техникалық ұйымдастыру шаралары 3-ке бөлінеді. Бұларды орындайтын жүмысшылар электр қондырғыларын іске қосқанда өте білімді жауапты маман болуы тиіс.
1) оперативтік персонал — кезекші электротехникалық персонал — бүкіл қарамасындағы электр қондырғыларын қосып және соған жауап береді.
2) жөндейтін персонал - бұлар электр қондырғыларын
жөндеу,
реттеу, монтаждау сияқты жүмыстарға жауап
береді.
3) оперативтік жөндеу персоналы — бұлар
әрі жөндеу, реттеу, монтаждау
мен қоса бүкіл, электр қондырғыларын
іске қосып, жауап береді.
Электр қондырғыларын жөндейтін, әрі іске қосатын жұмысшылар, денсаулықтары мықты, ешқандай науқас емес және білікті, білімді болуы керек, әрбір жүмысшы электрлік жұмысқа барар кезде электр қауіпсіздігі туралы емтихан тапсырып, білімін тексереді. Электр қауіпсіздігі жөнінде курстық сабақтар өтіп, жұмыс орнында квалификациялық комиссиялар жұмысшыларды тексереді.
Комиссия жұмысшылардың біліміне қарай оқу дәрежесін жоғарылатады, сөйтіп білімін және дәрежесін көрсететін куәлік беріледі.
Жұмыс орнын ұйымдастыру электротехникалық жабдықтарды қолданарда техникалық қауіпсіздікті сақтау екі түрге бөлінеді:
1) оперативтік электр қондырғыларды іске қосып тексеру, жеңіл
жұмыстар істеу, қорғаныс жабдықтарын
ереже бойынша қарап шығу,
қауіпсіздігін қарау, еңбекті қорғау;
2) электр қондырғыларында өндірістік жұмыс
істеу дегеніміз — жөндеу,
монтаждау, құрылыс жұмыстарын және т.б.
жұмыстарды орындау -
электр қондырғыларында.
Пайдалынылатын электр қондырғыларын еңбек қауіпсіздігі шараларымен қамтамасыз ету.
Электр қондырғыларының еңбек қауіпсіздігі шаралары немесе электр тоғынан қорғану шаралары:
1) тоқ өткізгіш бөліктерді қауіпсіз жерге орналастыру;
2) изоляцияны бақылау (ашық қалған жерлері болмау);
3) қорғаныстық жерге қосқыш;
4) қорғаныстық нөлдік сым;
5) автоматтық ажыратқыш;
Қорғаныстық жерге қосқыштың 2 түрі бар: кәдімгі және жасанды.
Кәдімгідей қорғаныстық жерге қосқышқа кез-келген металл құрылмалы ғимараттар жер астындағы металл труба еткізгіштер, кран жолдары жатады. Ал, жасанды қорғаныстық жерге қосқышқа металл стержендер немесе трубалар 25-50мм, үзындығы 2-Зм, бұрыштық болат 50х50х5мм және металл ленталар 40х4мм өлшемдегі.
Автоматтық ажыратқыш — аппаратын ішіне орналасқан, ол электр кұбырлардың немесе электр қондырғылардың (1000 В-қ) ішіне орналастырады қауіпті жағдайда ол өздері тоқтан ажыратады.
Пайдаланушылар үшін еңбекті қорғаудын және техникалық қауіпсіздігін, қорғану құралдары.
Қорғану құралдары 2 түрге бөлінеді:
1) Негізгі құралдар: изоляцияланған өлшем штанглері, ток өлшейтін қысқыштар, кернеу көрсеткіштері изоляцияланған құрылғылар, сатылар монтерлық құрал-жабдықтар изоляцияланған ұстатқыштары бар траптар, алаңдар.
2) Қосымша қорғаныс құралдарына 1000 В кернеулік электр құрылғыларда: диэлектрикалық қолғаптар, дорожкалар және де изоляцияланған подставкалар, резина фартуктар.
Қоршаулы қорғаныстарға: щиттар уақытына қорғаныстық жерге қосқыш, уақытша алып жүретін жерге қосқыштар, сосын қорғаныс плакаттары.
Қорғаныс құралдары жұмысшыларға қорғаныс көзілдірігі арнайы қолғаптар жанбайтын матадан жасалған қорғайтын монтерлық белдіктер, қорғаныс халаттары жэне т.б.
Жоғарыдан түсу үшін монтерлық белдіктер, тырнақшалар, ременьмен телескоптық қондырғылар, сатылар.
Белдіктер 225кг салмақты, ал тырнақшалар — 135кг салмақты 5 минуттай ұстап түра алады. Қорғаныс плакаттары 4-ке бөлінеді:
1) қорғану плакаттары: «тиіспе қауіпті», «жоғары кернеу», «өміріңе қауіпті» жэне т.б.
2) өткізбейтін: «адамдар жұмыс істеп жатыр — қосуға болмайды», «желілерде жұмыс жүріп жатыр — қосуға болмайды».
3) рүқсат беру: «осы арада жұмыс істеу», «осы араға міну», «жұмыс істеуге нұсқау».
4) ескерту; қолданылған шаралар туралы
ескерту. Резеңке
колғаптар, қорғаныс құралдары жабық шкафтарда
және жәшіктерде құрал-
саймандардан бөлек, майдан, бензиннен,
жэне басқа заттардан аулақ, ал
қолдану алдында қағып, тазалап алу керек.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жиынтығын құрайды.