Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 17:24, реферат
Қосалқы станцияларда трансформатор болады, олар кернеуді түрледіру үшін қолданылады. Электір қондырғыларға мыналар жатады : бір немесе бірнеше трнсформаторлар мен автотрансформаторлар, жоғарғы кернеулі тартылу құрылғылары, қосымша қондырғылар және т.б. Қосалқы станцияларда синхронды компесаторлар, статикалық конденсаторлар, реакторлар орнатылуы мүмкін.
КІРІСПЕ
1. Электр станцияларының және қосалқы станциялардың негізгі қондырғылары ........................................................................................................ 3
Синхрондық генераторлар .............................................................................. 3
Күшейткіш трансформаторлар және автотрансформаторлар. Трансформаторлардың типтері және параметрлері ..................................... 3
Белгілі жүктеме бар қосқыштар (РПН) ......................................................... 3
Синхронда компенсаторлар және генераторлар........................................... 4
Электр энергетикасы саласындағы қауiпсiздiктiң жалпы талаптары ........ 5
2.1 Электр энергетикасы саласындағы жабдықтар мен электр қондырғыларын жобалау кезiндегi қауiпсiздiк талаптары ............................... 5
3 Қосалқы станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері ................. 6
3.1 Қосалқы станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері .............. 7
4 Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi ............................................................................................................... 8
4.1 Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушыларға қойылатын талаптар .................................................................................................................. 9
4.2 Электр қондырғыны ажырату ...................................................................... 11
5 Пайдаланылған әдебитеттер ........................................................................... 14
4.1 Электр энергиясын өндiру мен беруге қатысушыларға қойылатын талаптар
1. Өңiрлiк электр желiлiк компаниялары олардың желiлерiне қосылған электр энергиясы бөлшек сауда нарығының барлық субъектiлерiнiң электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестелерiн сақтауын және өңiрлiк электр желiлiк компанияларының желiлерi мен ұлттық электр желiсi арасында жүйелiк оператормен келiсiлген электр энергиясы сальдо-ток ағымдарының сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Энергиямен жабдықтау тұтынушының кiнәсiнсiз тоқтатылған жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым - электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушi тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды шарт негiзiнде қамтамасыз етедi.
3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өзiнiң тұтынушыларын энергиямен жабдықтау мақсатында энергия өндiрушi ұйымдардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырады.
3-1. Энергия өндiрушi ұйымдар өндiрген электр энергиясын:
1) тұтынушыларға, энергиямен жабдықтайтын ұйымдарға, энергия берушi ұйымдарға (электр энергиясының өз желiлерiндегi және шаруашылық мұқтаждарына нормативтiк шығындарын жабу үшiн) және электр энергиясын орталықтандырылмаған сатып алу-сату нарығында жасалатын шарттар негiзiнде экспортқа;
2) электр энергиясын орталықтандырылған сауда нарығында;
3) электр энергиясын теңгерiмдеушi нарықта сатуды жүзеге асыруға мiндеттi.
3-2. Энергия өндiрушi ұйымға, электр энергиясын экспорттауды қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектiсi болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлғаларға электр энергиясын өткiзуге (сатуға) тыйым салынады.
3-3. Энергиямен жабдықтаушы
ұйымдарға, теңгерiмдеушi нарықтағы сатып
алу-сату жағдайларын қоспағанда, электр
энергиясын басқа энергиямен жабдықтаушы
ұйымға өткiзуге (сатуға) тыйым салынады.
Энергиямен жабдықтау мақсатында электр
энергиясын сатып алу жөнiндегi қызметтi
жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың
тiзiлiмiн табиғи монополиялар салаларындағы
және реттелетiн нарықтардағы басшылықты
жүзеге асыратын мемлекеттiк орган ресми
веб-сайтта қалыптастырады, жүргiзедi және
жариялайды.
4. Энергия өндiрушi ұйымдар
жүйелiк қызмет пен қосалқы
қызмет көрсету нарығының
Энергия өндiрушi ұйым қуаты авариялық
iстен шыққан жағдайда ғана электр энергиясын
сатып алу-сату шарттары бойынша жасалған
өз мiндеттемелерiн орындау мақсатында
басқа бiр энергия өндiрушi ұйымнан электр
энергиясын сатып алуды жүзеге асыруға
құқылы.
5. Электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну қатынастарына қатысушылар жүйелiк оператор электр энергиясының теңгерiмсiздiктерiн табиғи реттеу нәтижелерi бойынша беретiн теңгерiмдеушi электр энергиясы көлемдерiнiң есептерi негiзiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың шарттық және нақты шамалары арасындағы электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығында қаржылық реттеу үшiн өзара мiндеттемелер атқарады.
6. Электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерi меншiк нысанына қарамастан нақты уақыт режимiнде теңгерiмдеушi тетiкке (нарыққа) қатысуға мiндеттi.
6-1. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiлерi жүйелiк операторымен жасасқан электр энергиясын өндiрудiң-тұтынудың теңгерiлiмiн ұйымдастыру жөнiндегi жүйелi қызметтер көрсетуге арналған шарттар негiзiнде имитациялық режимде жұмыс iстейтiн электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығына қатысуға мiндеттi.
7. Энергия өндiрушi ұйымдар - су электр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңiнде өндiрiлетiн электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықтарда сатуға мiндеттi.
Электр қондырғыдағы кернеуді
түсіре отырып,
жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
техникалық іс-шаралар
4.2 Электр қондырғыны ажырату
Жұмыс орнын кернеуді алуды
талап ететін жұмысқа дайындау үшін мынадай
техникалық іс-шаралар орындалады :
1. қажетті ажырату жүргізіледі
және ажыратылған коммутациялық аппаратураның
қате немесе өз бетінше қосылып кетуін
болдырмайтын шаралар қабылданады ;
2. жұмыс орнына кернеу беріліп
кетуін болдырмайтын тыйымсалушы
плакаттар ілінеді ;
3. ток өткізгіш бөліктерде кернеудің
жоқтығы тексеріледі ;
4. жерге тұйықтау реттеледі
5. жұмыс орнын қоршау бойынша
жұмыстар жүргізіледі ;
6. «Жерге тұйықталды» деген көрсеткіш
плакаттар ілінеді .
Жұмыс орнын дайындау кезінде
мыналар ажыратылады:
1. жұмыс жүргізілетін ток өткізгіш
бөліктер
2. осы Қағидаларға 10-қосымшаның 1-кестесінде көр
3. токтан ажыратылған ӘЖ осы Қағидаларға
10-қосымшаның 1-кестесінде көр
Әрбір жағынан жұмыс орнына коммутация
аппараты арқылы кернеу беріледі, кернеуі
1000 В жоғары электр қондырғыларында көзге
көрінетін үзік болады. Көзге көрінетін
үзік айырғыштардың токтан ажыратылуынан,
сақтандырғыштарды алып тастаудан, жүктеменің
бөлектегіштері мен ажыратқыштарын ажыратудан,
шиналар мен сымдарды токтан ажыратудан
пайда болады, олардың қатарына аппараттардың
өздерінде қалдырылған, автоматты ажырату
серіппелерімен іске қосылатын жүктеменің
ажыратқыштары жатпайды .
Құрама ажыратқышты тізбектерінде,
ажыратқыштардың блокты немесе түйіспелердің
ажыратылған қалпына кепілдік беретін
сенімді механикалық көрсеткіш болған
кезде элегазбен толтырылған ЖТҚ-да көзге
көрінетін үзіктің болмауына рұқсат етіледі
Күштік трансформаторлар мен
электр қондырғыларының жұмыс жүргізуге
бөлінген учаскесіне қатысты кернеу трансформаторлары
токтан ажыратылады және басқа орамалары
тарапынан ток күшінің қайта трансформациялар
мүмкіндігін болдырмау үшін схемалары
бөлшектенеді.
Ажыратқыштарды,
айырғыштарды (бөлектегіштерді) және жүктеменің
қолмен басқарылатын ажыратқыштарын токтан
ажыратқаннан кейін сырттай байқап тексеріп,
олардың ажыратылғанына және шунттаушы
бөгеттің жоқтығына көз жеткізу қажет
Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында
жұмыс орнына кернеу берілетін мүмкін
коммутациялық аппараттардың қателікпен
немесе өздігінше іске қосылуын болдырмау
үшін мынадай шаралар қабылданады:
1) жүктеменің айырғыштарының,
бөлектегіштерінің, ажыратқыштарының
қол жетектері токтан ажыратылған күйінде
механикалық құлыппен жабылады (бір полюсті
айырғышы бар, кернеуі 6-10 кВ электр қондырғыларында
механикалық құлыптың орнына пышақтарға
диэлектрлік қақпақ кигізуге рұқсат етіледі)
2) жедел штанга жүргізілетін
айырғыштардың орнықты қоршаулары механикалық
құлыппен жабылады ;
3) құрама ажыратқыштарының ажыратылған
күйдегі жетектері механикалық құлыпқа
жабылады ;
4) қашықтан басқарылатын коммутациялы
аппараттар жетектерінің ток беретін
тізбектері мен басқару тізбектері токтан
ажыратылады, ал пневматикалық жетектердің
қысылған ауа өткізгіш құбырларында, ысырма
жабылады және механикалық құлыппен бекітіледі,
тығыз ауа шығарылады, бұл ретте төмен
түсірілген клапандар ашық қалпында қалдырылады;
5) жүк жеткізуші және серіппелі
жетектердің іске қосушы жүгі немесе іске
қосушы серіппелері жұмыс істемейтін
күйге келтіріледі;
6) тиісті тыйым салушы плакаттар
ілінеді .
Кернеуі 1000 В дейінгі барлық жағынан ток
өткізгіш бөліктерінде жұмыс жүргізілетін
электр қондырғыларындағы кернеу қол
жетегімен іске қосылатын коммутациялы
аппараттарды токтан ажырату арқылы түсіріледі,
ал схемаларда сақтандырғыштар болған
кезде - соңғысы алынып тасталады. Схемада
сақтандырғыштар болмаса, коммутациялық
аппараттардың қателікпен іске қосылуын
болдырмау тұтқаларды немесе шкаф есіктерін,
бастырмаларды жабу, коммутациялық аппараттар
түйіспелерінің арасына оқшаулауыш жапсырма
орнату және басқа шаралар арқылы қамтамасыз
етіледі. Кернеуді қашықтан басқарылатын
коммутациялық аппаратпен түсірген кезде
орауышты іске қосатын екінші реттік тізбектерді
ажыратып жіберу қажет
Жоғарыда келтірілген шаралар кәбілді
коммутациялық аппараттың немесе жұмыс
жүргізілетін жабдықтың сымдарын шиналау
немесе ажырату жұмыстарымен ауыстыруға
жол беріледі .
Тексеру үшін маңына жақындауға болмайтын,
кернеуі 1000 В дейінгі коммутация аппараттарының
токтан ажыратылған күйі сол қысқыштарда
немесе тарамдалатын шиналарда, сымдарда
немесе осы коммутация аппараттарымен
іске қосылатын құрал-жабдықтың қысқыштарында
кернеудің жоқтығын тексеру жолымен анықталады.
Пайдаланылған әдебитеттер
Интернет көздері: http://old.kazee.kz/