Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июля 2013 в 21:38, реферат
Терроризм заң шеңберінен тыс жолмен, қорқыныш ұялату үшін зорлық көрсету актілерін жасау арқылы, қазіргі кезде территориялық және ұлтаралық қайшылықтарды шешу тәсіліне айналып барады. Халықаралық терроризм, оның барлық түрінде, ұстанған жасыл, қызыл, қара, қоңыр және т.б. жалауының түсіне қарамастан, бүгінгі күннің өте ауыр мәселенің біріне айналды. Ұйымдасқан қылмыстың, оның ішінде террористік әрекеттің қарқынды дамып кетуі, осы қылмыстар шеңберінің кеңеюіне әкеліп соқты. Ресейлік заңгер-ғалым Г.А. Зоринның айтқанындай, ұйымдасқан террористік топтар орналасқан территориясынан қылмыстық әрекет жасау территориясына шығып тұратын болды [1, 32 б.]. Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының бір маңызды есебінде болашақ ғасырда адамзатқа екі үлкен қатер төнетін болады делінген
Аймақтық терроризмге қарсы құрылымның негізгі мақсаттары және функциялары, құрылу және қаржыландыру қағидалары, қызмет ету тәртібі қатысушы мемлекеттер жасасатын бөлек халықаралық шартпен және өзге олар қабылдайтын қажетті құжаттармен реттелінеді (ШЫҰ Хартиясының 10 бабы). ШЫҰ органдардың функциялары және жұмыс тәртібі мемлекеттер басшыларының Кеңесімен бекітілетін тиісті ережелерімен белгіленеді (4 бап). 7 маусым 2002 ж. Аймақтық терроризмге қарсы құрылым туралы Келісім–шартқа қол қойылды. Оның қызметі ШЫҰ бюджет қаражаты есебінен қаржыланады және мүлкі мен активтері әкімшілік немесе сот араласудың барлық нысандарынан иммунитетке ие болады. АТҚҚ бөлмелері және көлік құралдары, соған қоса архивтер мен құжаттар, қызметтік корреспонденциясы, орналасу жеріне қарамастан тінту, реквизициялау, тәркілеу және оның қызметіне кедергі келтіретін басқа да бір араласу нысанға жол берілмейді. АТҚҚ тура салықтарды, баж салығын, орналасатын мемлекеттің жерінде алынатын өзге төлемдерден, қызмет көрсетудің тікелей түрлері үшін ақы төлеуден басқа, босатылады.
Орталық Азия аймағында қауіпсіздікті
қамтамасыз етудің жаңа қалыптасып отырған
жаңа тетігін көріп отырмыз. Конвенцияға
қатысушы елдер шекараларын нығайту
және аумақтық мәселелерді шешу жолымен
терроризммен күресу, заңсыз миграцияға
жол бермеу сияқты бағыттарын дамыта
отырып, өз ынтымақтастығын жалғастыру,
аймақтық терроризмге қарсы құрылым
арқылы одан әрі әрекеттесу, террористік
қызметке жол бермеу үшін әскери күшті
қолданудың тәртібін белгілеу қажет. Терроризммен,
бөлінімпаздық (сепаратизм) және экстремизммен
күрес – ШЫҰ қызметінің басты
мақсаттардың бірі. ШЫҰ аймақтағы
сенімді қауіпсіздікті
Терроризммен күрестегі жетістікке тек жақтардың біріккен ынтымақтастығымен жетуге болады. Тәжірибе және ақпараттармен алмасу, бірлескен құрылымдар құру, ғылыми конференцияларды, терроризммен күрес бойынша мамандардың жиындарын, арнайы бөлімшелердің біріккен жаттығуларын дайындау және өткізу, бірігіп жұмыс жасау мақсатында терроризмге қарсы іс әрекеттер мәселелерін шешетін арнайы бөлімшелер мен ведомство бастықтарыдың, сарапшылардың екіжақты және көпжақты кездесулер негізінде өткізілуі септігін тигізер еді.
АҚШ-тағы 11 қыркүйектегі оқиға террористтік ұйымдардың қызметіне әлем қауымдастығының реакциясын күшейтті. Атқарылған жұмыстың нәтижесі әлемдік антитеррористтік саясат жақсы жалғаcу үшін мына талаптар орындалғаны дұрыс:
Адамзат XXI ғасырға қадам аттағалы өткен жүзжылдықта шешілмеген көптеген мәселелерге ие болса, соның бірі – терроризм. Әлем қауымдастығының даму жолы мен басқа қиындықтарды шешу жетістігі осы мәселені шешу нәтижесіне байланысты. Антитеррористтік әрекеттердің нәтижелі болуы халықаралық қауымдастықтың барлық мүшелерінің осы мәселені шешуге талпыныстармымен анықталады.