Қазақстандағы жаңа діни ағымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 08:31, реферат

Краткое описание

Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың тарихы. Қазақстандағы соңғы он жыл ішінде діни өмір көптеген жаңа діни ағымдардың көптеп пайда бола бастауынан байқалады. Елдегі дәстүрлі ислам және христиан діндерімен бәсекелестікке түскен бірқатар жаңа діндер шет елдік миссионерлер арқылы елімізде көптеп тарап кетті. Олардың өздерін ерекше көрсеткен кезі ХХ ғ. 90 ж., алайда жаңа діни ағымдардың келе бастауы кеңестік кезеңде басталды. Миссионерлердің белсенді қызметінің арқасында ориенталисттік бағыттағы (кришнаиттер, бахаи қауымы, «Трансцендентальная медитация», т.б.) ілімдер мен протестанттықтың харизматтық тармақтары, «Иегова Куәгерлері», «Саентология» және басқаларының әсерлері байқала бастады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстандағы жаңа діни ағымдар.docx

— 23.13 Кб (Скачать документ)

Қазақстандағы жаңа діни ағымдар

Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың тарихы. Қазақстандағы соңғы он жыл ішінде діни өмір көптеген жаңа діни ағымдардың көптеп пайда бола бастауынан байқалады. Елдегі дәстүрлі ислам және христиан діндерімен бәсекелестікке түскен бірқатар жаңа діндер шет елдік миссионерлер арқылы елімізде көптеп тарап кетті. Олардың өздерін ерекше көрсеткен кезі ХХ ғ. 90 ж., алайда жаңа діни ағымдардың келе бастауы кеңестік кезеңде басталды. Миссионерлердің белсенді қызметінің арқасында ориенталисттік бағыттағы (кришнаиттер, бахаи қауымы, «Трансцендентальная медитация», т.б.) ілімдер мен протестанттықтың харизматтық тармақтары, «Иегова Куәгерлері», «Саентология» және басқаларының әсерлері байқала бастады.

 

Бұл кеңестік коммунисттік иеология толтыра алмаған рухани вакуум мен Қазақстандағы дәстүрлі діндердің қызметінің әлсіздігінен еді. Жаңа діни ағымдардың адепттері әр адамға өз ілімдерін жалықпай насихаттау мен жаппай дінге тарту науқанын бастап кетті.

 

Ғылыми әдебеттерде, мемлекеттік органдардың қызметтерінде, көпшілік санада діндерді дәстүрлі және дәстүрден тыс деп бөлу қалыптасты.

 

Дәстүрлі діндерге Қазақстанда суниттік исламның ханафи мазхабы мен православие діндері жатты. Өзге этникалық топтар үшін католицизм, протестантизмнің кейбір бағыттары (например лютеранство) және иудаизм дәстүрлі дін болып саналады. Осылайша негіздеу олардың ұзақ тарихи уақыттарда таралуы, нақты дінді белгілі бір этноспен бірге қарастыру, сәйкесінше ұлттық тарих пен мәдениетпен (ислам – казақтар, өзбектер, татарлар және т.б.; православие – орыстар, украиндықтар, белорустар; католицизм – поляктар, немістер, латыштар; лютерандық – немістер; иудаизм – евреилер және т.б.) бірлікте қарастыру. Дәстүрлі дінді ұстанушылық отбасында ұрпақтан ұрпаққа беріліп, дін ұлттық болмыс пен мәдениетті сақтаушы ретінде қаралады.

 

Дәстүрлі емес діндерге салыстырмалы түрде жаңадан пайда болған (ХІХ немесе ХХғғ.), ешқандай этносқа қатысы жоқ ағымдарды жатқызылады. Олардың діни ілімі нақты мемлекет немесе халық тарихымен терең байланыспайды. Кейбір діни ағымдар өздерін саналы түрде мемлекет пен қоғамда басым діндерге қарсы қояды. Көп тараған пікірлер бойынша, дәстүрлі емес культтердің догматтары канондық догматтарға қайшы блып келеді. Олардың көптеп таралу құралы белсенді миссионерлік қызмет болап табылады.

 

Еліміздегі дәстүрлі емес ағымдардың пайда болуын ғалымдар шартты түрде екі кезеңге бөледі.

 

Бірінші кезең ХХ ғ. 30-50 жылдары. Осы кездері Қазақстан территориясына дін ұстанушылар қоныстадырылды, олардың ішінде «Иегова Куәгерлері», «Жетінші күн адвентисттері», елуіншілердің түрлі бағыттары және өзге конфессиялар өкілдері болды.  Осы кезден Кеңес үкіметінің ыдырауына дейін атеисттік идеология жетекшілерінің түрлі қуғындарына қарамастан, олар өз дін сенімдерін жоғалтпады.

 

Екінші кезең 1980 жыдардың соңынан қазіргі кезге дейін жалғасуда. Кеңестік идеологияның орнына түрлі ағымдар келіп, олардың кейбіреулерін ұстану (мәселен, оккультизм) сәнге де айналған кездер болды. Осы тұста діни ағымдардың ең көп шоғырланған жерлері Алматы, Астана, Қарағанды секілді үлкен қалалар болды.

 

«Кришна санасы қоғамы», «Виссарион шіркеуі», «Трансценденталді медитация», «Бірігу шіркеуі» секілді ұйымдар өздері туралы белсенді түрде жариялай бастады. Баспа беттеріндегі жарияланымдар арқасында сатаналықтар мен неотілдік ағымдар кеңінен танымал бола бастады.

 

1990 ж. басында Батыста кең таралған бірақ қазақ жерінде бұрын болмаған протестанттық шіркеулердің саны күрт көбейді. Олардың белсенді миссионерлік қызметтері өз дін и сенімдерінің (ең алдымен харизматтық, пресвитериандық, методисттік, евангельдік)  арттарынан ерушілер санын көбейтті.  Олардың арасында танымалдары: «Грейс» («Благодать», «Ракым» және т.б.), «Жаңа өмір», «Агапе», «Живая лоза» және басқалары болды.

 

Дәстүрлі емес діни ұйымдардың классификациясы. Дәстүрлі емес діни ұйымдардың діни ілімдері қатаң бір жүйеге келтірілмегендіктен, эклектикалық негізде болғандықтан, табынушылық ғұрыптары жетілдірілмегендіктен белгілі бір топқа бөліп жіктеу қиын. Олардың арасында шекара жойылып кеткен. Дегенмен де, діни іліміне, догмалық ерекшелегіне, культ ерекшелігіне, мақсат міндеттері мен қолданатын әдістеріне қарай дәстүрлі емес діни ұйымдардың негізгі деген бағыттары зерттеу әдебиеттерінде былай көрсетілген:

 

1. Христиандық бағыттағы қозғалыстар «бірлестік Шіркеуі» немесе «Құдайдың балалары», «Христос Шіркеуі» т.б. Бұл бірлестіктер дәстүрлі христиандық сенімге сүйенеді. Солай бола тұра олар Библияны өздерінше түсіндіріп, дін туралы басқа да деректерге өзгерістер енгізеді. Олар негізгі басымдықты эсхатология (ақыр заман туралы ілім) мен мессиандыққа бере отырып, басшылары Құдайдың жіберген елшісінің деңгейіндегі пайғамбарларға саналады.

 

2. Ориенталистік бағыттағы ағымдар (қозғалыстар) «Кришна санасының қоғамы», «Құдайлық Сәуленің миссиясы», «Трансцендентальдық медитация», «Вайшнав-тар» т.б. Бұл ұйымдардың негізіне шығыстық діни-философиялық жүйелер – индуизм, кришнаизм, буддизм, конфуцишылдық т.б. жатады. Олардың ілімдерінің мазмұны – медитация. Олардың медитациялық тәжірибесі «жанды құтқаруға» арналған. Мұнда медитациялық тәжірибені орындауда белгілі-бір сөздер айтып, дыбыстар шығарып оларға мистикалық маңыз береді.

 

3. Сатанистік, оккультты-мистикалық ағымдар (қозғалыстар)  христиандық ілімге қарсылық ретінде пайда болды.  Бұл ағымның өкілдері саналы түрде зұлымдық пен жауыздықты ұлықтап, Сатана, шайтан сияқты зұлымдықтың көздерімен мистикалық байланысқа түсуге шақырады. Бұл ағымның белді өкіліне «Сатана Шіркеуі» жатады.

 

4. Сцентистік бағыттығы ұйымға «Саентология Шіркеуі» жатады.  Аталған бағыттың өкілдері әртүрлі белгісіз мистикалық құбылыстарға назар аудара отырып, ол адамның физикалық, психикалық табиғатына әсер етеді деп түсіндіреді. Ұйымдарына жаңадан кіргізгісі келген адамның психикасына агрессивті түрде шабуыл жасайды. «Жаңа ғасыр» ағымы  мектептер мен үйірмелер, қауымдастықтарға атын беріп көне өркениеттерге баса назар аударады (Атлантида, Гипербория). Олар бұл өркениеттерге балама тарих ретінде өздерінше сипат беріп әртүрлі теорияларды, құпия ұйымдар туралы ілімді ойлап тауып бір кездері осы өркениеттерді басқарамыз деген ойларын білдіреді. Жалғанпсихологиялық және парамедициналық ұйымдар психотерапевтикалық, дәстүрлі емес халықтық емдеу әдісі арқылы емшілікпен айналысады.  Олардың ішінде көп тарағаны «Әлла-Аят» (фархатшылар), «Ата жолы», т.б.

 

 

 

 

 

 

                    Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы

  

    Реферат

Тақырыбы:Қазіргі  Қазақстандағы  діни бірлестіктері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                               Орындаған:Дайырбек Панагүл

                                                                                                              Тексерген:Карибжанов Ержан

 

 

 

                                           Балқаш 2012-2013 жыл


Информация о работе Қазақстандағы жаңа діни ағымдар