Қазақстандағы әйелдердің
жағдайы
ХХ ғасырдың соңғы жылдары жаһандық
сипаттағы құбылыстарға бай және олар
қоғамдық прогреске белсенді әсер етіп,
болашақта өркениетті дамуға бет алуда.
Солардың ішінде әйелдердің бұқаралық
түрде еңбек нарығында орын алуы және
тәуелсіз кәсіпкерлікке белсенді түрде
бет бұруы ерекше құбылыстар болып табылады.
Бұл феноменді әйелдер кәсіпкерлігін
зерттеп жүрген америкалық ғалымдар Р.Петерсон
мен К.Вермейер «әлемдік масштабтағы тыныш
революция» деп кӛрсетіп, тәуелсіз кәсіпкерлікке
деген әйелдердің қызығушылығын осылай
тұжырымдады. Ал бұл құбылысты қазіргі
заманғы кәсіпорындағы әйелдің рөлінің
өзгергенін талдай келе америкалық ғалым
Д.Нэсбит «жаңадан пайда болған мүмкіндіктер
дүмпуі» деп бағалады.Соңғы жылдары посткеңестік
кеңістікте және Қазақстанда болып жатқан
өзгерістер бірнеше себептермен, оның
ішінде нарықтық қатынастарға өтумен
сипатталады. Қазіргі замандық қоғамның
жаңа экономикалық, әлеуметтік, саяси
жағдайының негізгі белгісі – әйелдер
кәсіпкерлігі. Әйелдер кәсіпкерлігі –жаңа
құбылыс . Нарықтық экономикаға өту барысында
әйелдер, сонымен қатар, қарт адамдар және
балалар аз қамтылған әлеуметтік топтар
болып қалды. Жұмыссыз қалған әйелдер
кәсіпкерлікті жұмыспен қамтылудың бір
нұсқасы ретінде қарастырады. Әйелдер
– тұрғындардың әлеуметтік белсенді бөлігі,
бірақ олардың белсенділігі қоғамдағы
экономикалық, саяси және әлеуметтік ортаға
байланысты.Әлемнің көптеген елдеріндегі
сияқты Қазақстанда да жаңа идеялардың
қайнар көзі іспеттес кәсіпкерлікті дамытуды
ынталандыру ісіне айрықша мән беріліп,
сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына
қолдау көрсетіп отыр.Әйелдер кәсіпкерлігінің
дамуы қоғам үшін маңызды. Әйелдер кәсіпкерлігі
бәсекелес нарықтық ортаны құруға мүмкіндік
туғызады, нарықты тауарлар және қызметтермен
қанықтырады, сұраныстың өзгерістеріне
икемді жауап қайтарады және тәуекелді
жобалар мен жаңалықтар енгізеді, мамандарды,капиталды,
негізгі, сондай-ақ қосымша материалдарды
толықтыру көзі болып табылады. Әйелдер
кәсіпкерлігінің дамуы еңбекке қабілетті
халықтың жұмыс бастылық деңгейін және
олардың өмір сүру сапасын арттыруға өз
септігін тигізеді.Шетелдік және отандық
тәжірибе бойынша, әйелдердің өз ісін
ашуға түрткі болған негізгі себептер
ретін көрсетуге болады:
1) жұмыстан шығару;
2) жұмыста өзін қажеті жоқ деп сезіну;
3) қолы жеткен деңгейге қанағаттанбау
сезімі;
4) өзінің жеке идеялары мен жоспарының
болуы және дәстүрлі жұмыс орнында оны
іске асыру мүмкіндігінің болмауы;
5) жаңа бастықтың келуі;
6) өзін қанағаттандырмайтын жаңа мәртебеге
немесе жаңа жұмыс орнына ауысуы;
7) белгілі бір жасқа келу, өмірлік жеткен
табысқа қанағаттанбау;
8) өз ісінің негізін қалаған досының, танысының
жетістіктері мен табысы.
Әйелдер жұмыссыздығы мәселесін шешу
жолдарының бірі – оларды шағын кәсіпкерлікке
баулу. Жалпы әлемдік тенденцияларға сәйкес,
шағын кәсіпкерлік болашақта әйелдердің
жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні 5 миллион америкалық әйел
шағын және отбасылық бизнесте жұмыс істеуде.
Отбасылық бизнес – шағын бизнестің бір
түрі ретінде көрініс тауып, «әйелдердің
саласы» ретінде даму үрдісінде. Кеңес
өкіметі кезеңінде әйелдердің экономикалық
белсенділігі жоғары болды. Әйелдердің
экономиканың дамуына, отбасының өмір
сүру сапасының жақсаруына қосқан үлесі
байқалып тұрды. Әйелдердің білім деңгейі
де байқалды. Білім алу тек материалдық
игіліктерді жинаудың стимулы ғана емес,
сондай-ақ А.Маслоу көрсеткендей, адами
қажеттіліктер иерархиясында ең жоғары
позицияны иемденетін жеке өзіндік жетілу
үшін де қажет. Бүгінгі білімді әйелдердің
экономикалық белсенді болуы таңғаларлық
мәселе емес.Оған қоса, Батыс және Шығыс
елдерінде еңбек нарығындағы күрделі
жағдай әйелдерді жеке бизнес ашуға ынталандырады.
Жаһандану заманында қазіргі кезде бүкіл
әлемде іскер әйелдер саны артуда.Кәсіпкер
әйел өзінің кәсіпорнында өзгерістерді
жүзеге асырып, жетілдіре отырып, мүмкіндіктерді
іздестіретін және тәуекелге бара алатын
менеждер ретінде іскерлік қызметті белсенді
жүзеге асырады.Әйелдер кәсіпкерлігінің
бұрыннан әйелдер қызмет етіп келе жатқан
өздеріне ыңғайлы салаларда дамуы байқалады.
Мұндай салаларға тұрмыстық қызмет көрсетулер,
қоғамдық тамақтану, сауда, білім беру,
денсаулық сақтау,қонақ үй шаруашылығы.
Ал әйелдер тарапынан аз игерілген сала
ретінде құрылыс, транспорт, шикізат өнеркәсібі
болып табылады.Әйелдер кәсіпкерлігі
ер кісілерден ерекшеленетінін айта кетуге
болады. Кәсіпкер әйелдер мен ерлердің
салыстырмалы іс-әрекетіне қатысты көптеген
зерттеулер кӛрсеткендей, еркіндік, мақсатқа
бағытталу, бастамалық, өзгермелі экономикалық
жағдайларға бейімделу деңгейі сияқты
іскерлік қасиеттердің негізгі критерийлері
бойынша ерлер алдыңғы қатарда. Дегенмен
де, іскерлік салада әйелдер мынадай артықшылықтарға
ие: оларда аса менмендік жоқ, кәсіпорынның
стратегиясын дайындауда үлкен жауапкершілік
танытады; адамдармен сыпайы, жақсы қарым-қатынаста
болады; өзінің интуициясын белсенді пайдаланады;
әлеуметтік жауапкершілігі мол. Осы қасиеттерінің
арқасында кәсіпорын міндеттерін іске
асыруда ерлерге қарағанда біршама артықшылықтарға
ие болады. Мұның бәрі әйелдердің кәсіпкерлік
белсенділігінің маңызды әлеуетін сипаттайды.Әйелдер
кәсіпкерлігінің мынадай артықшылықтары
бар:
1. Әрқашанда өзін-өзі жетілдіріп отыруы
2. Жақсы пайда табуы
3. Қоғамда жоғары дәрежеге ие болуы
4. Әлеуметтік қарым-қатынас орнатуы
5. Қоғамға пайда тигізуі
6. Қызметтік көтерілуі
7. Өзінің жақсы көретін ісімен айналысуы
8. Өз ісінің нәтижесін көруі
9. Достары мен таныс адамдарының сыйластығын
иемдену
10. Тыныш және бақытты өмір сүру
11. Еркін және тәуелсіз болуы
12. Өз мүмкіндіктері мен қасиеттерін көрсете
білуі .
Сондай-ақ ғалымдардың пікірінше, әйелдерге
кәсіпкерлік қызметте өзін-өзі жетілдіріп,
дамытуға негізгі мынадай факторлар кедергі
келтіреді:
- қатаң мемлекеттік бақылау,
- жасы, отбасылық жағдай,
- қажетті кәсіби дайындықтың жоқтығы,
- нарықтық экономика саласындағы білімнің
аздығы,
- қаржылық құралдың жетіспеуі,
- әлеуметтік байланыстардың, желілердің
аздығы.
Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешуде
бизнес пен мемлекеттің тығыз байланыстылығы
аңғарылып, бұл проблемаларды шешу үшін
арнайы құрылымдардың көмегіне жүгіну
қажет. Әйел бизнесінің мән-мазмұнын талдай
келе, оларды белгілі бір қасиеттеріне
байланысты топтастыруға болады. Көп жағдайларда
кәсіпкерлік туралы жазылған әдебиеттердің
кез келгені көбінесе көшбасшылыққа бейімділікті
көздейтін ерекше «кәсіпкерлік рухқа»
көңіл аударады. Мысалы, көшбасшылық сипаттамасына
мынадай қасиеттерді жатқызады: жеке меншікке,
өз бетінше жұмыс істеуге, тәуелсіздікке,
еңбек іс-әрекетінде жетістікке, мансап
пен билікке ұмтылу , сондай-ақ өзіне деген
сенімдік пен шешім қабылдай білу. Сонымен
қоса, кәсіпкердің «айрықша күш-қуатын»
- ерекше іскерлік қасиеттерді көрсетеді:
бұл, әрине, бастамашылдық пен жігерлілік,
іскерлік белсенділік, қажетті ақпарат
жеткіліксіз жағдайында жұмыс істей білу,
қайсарлық, табандылық және өзіне жауапкершілік
ала білу. Кәсіпкердің ерекше интеллектуалдық
қабілеттіліктері былай сипатталады:
ойлау икемділігі және аналитикалық ой
жүйесі, ойлау, сондай-ақ коммерциялық
идеяларды іске асыру ептілігі; сонымен
қатар, дүниетанымы кең, кез келген сәтте
шешім қабылдай алатын, шығармашылық адам.
Әйелдердің кәсіпкерлік қызметке бейімділігі
ретінде тұлғаның ерекше психологиялық
сипаттамаларын көрсетуге болады:
- өзгерістерге төзімділік,
- жаңашылдыққа, инновацияларға ұмтылу,
- тәуекелге бас ұру,
- эмоциялық тұрақтылық, сабырлылық.
Кәсіпкер әйелдердің басқару стилдері
кәсіпкер ер кісілерден ерекшеленетінін
айта кетуге болады. Кәсіпкер әйелдер
мен ерлердің салыстырмалы ғадетіне қатысты
зерттеулер көрсеткендей, еркіндік, мақсатқа
бағытталу, бастамашылдық, өзгермелі экономикалық
жағдайларға бейімделу деңгейі сияқты
іскерлік қасиеттердің негізгі критерийлері
бойынша ерлер алдыңғы қатарда. Дегенмен
де, іскерлік салада әйелдер тағы мынадай
артықшылықтарға ие: оларда аса менмендік
жоқ, кәсіпорынның стратегиясын дайындауда
үлкен жауапкершілік танытады, адамдармен
сыпайы, жақсы қарым-қатынаста болады,
өзінің интуициясын белсенді пайдаланады,
әлеуметтік жауапкершілігі жоғары. Осы
қасиеттерінің арқасында кәсіпорын міндеттерін
іске асыруда ерлерге қарағанда, біршама
артықшылықтарға ие болады. Мұның бәрі
әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігінің
ерекше әлеуетін сипаттайды.Сонымен қатар,
кәсіпкердің ерекше қасиеттерінің топтамасы
ретінде коммуникациялық қабілеттерін
көрсете аламыз: адамдармен қарым-қатынас
жасай білу және олармен өзара қарым-қатынас
орнату, яғни коммуникативті болу,өз ісіне
байланысты серіктес таба білу, ынтымақтастыққа
ұмтылу және басқалар. Экономикалық сипаттамалары:
байлықты арттыруға, инновацияларға және
оны жүзеге асыруға деген ұмтылыс; материалдық
және ақшалай қаражатты біріктіру әрекеттері
және олардың бағасын арттыру мақсатындағы
еңбегі. Әлеуметтік сипаттамалары: бастамашылдық,
ұйымдастырушылық дарын; әлеуметтік-экономикалық
механизмдерді ұйымдастыру мен қайта
ұйымдастыруды жүзеге асыру мүмкіндігі,
тәуекелге бару қабілеті.Ал психологиялық
сипаттамаларына шығармашылық бастаудың
болуы және жаңашылдыққа, жекешілдікке
ұмтылу, бір нәрсеге қол жеткізу ниеті.Қазақстандық
әйелдер кәсіпкерлік қызметке белсенді
түрде араласып келеді. Қазақстан іскер
әйелдері ассоциациясы елімізде әр түрлі
салада кәсіпкерлік қызмет ету, кәсібі
мен мамандылықты арттыру нәтижесінде
нарықта отандық тауар өндірушілердің
бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру
мақсатында семинар-тренингтер өткізіп
келеді. Еліміздің бірқатар қалалары мен
өңірлерінде әйелдер арасында кәсіпкерлікті
дамытуға бағытталған жаңа жоба басталды.
Оны «Шеврон» компаниясының қолдауымен
Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы
ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері
және отбасылық-демографиялық сяасат
жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесіп
жүзеге асыруда. Онда, ең алдымен қазақстандық
және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып,
әйелдер жұмыссыздығы мәселелерін шешу
мүмкіндіктерін әлеуметтік тұрғыдан зерттелінеді
.Қазақстан нарықтық экономикаға көшкелі
елімізде кәсіпкерлік қызмет белсенді
түрде, алға өрши бастады. Соңғы кезде
Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысатын
әйел азаматтар жылдан жылға артып келе
жатыр.Кәсіпкерліктегі әйел рөлі де артып,
әйелдер кәсіпкерлігі өзге де бәсекеге
қабілетті елдердегі жағдайға жету үстінде.
Әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы еңбекке
қабілетті халықтың жұмыс бастылық деңгейін
және олардың өмір сүру сапасын арттыруға
өз септігін тигізіп келеді.
Әдебиет:
1. Состояние гендерных исследований
в Казахстане: политика,
образование, культура. – Алматы:
«Қазақ университеті», 2010. 292 б.
2. Барсукова С.Ю. Женское предпринимательство:
специфика и
перспективы //Социологические
исследования. №9. 1999. С. 75-84.
3. Сәрсембаева Р.Б. Гендерные
аспекты системных социально-
экономических реформ в Казахстане:
социологический анализ. Автореферат
диссертации на соискание ученой
степени доктора социологических наук.
–
Алматы, 2005. 28-б.
4. Грищенко Ж.М., Новикова
Л.Г., Лапша И.Н. Социальный портрет
предпринимателя // Социологические
исследования. - М.,1992. №10 53-61б.
5. Гали Д.А. Социальные
аспекты демографических проблем
Казахстана //Жаһандану және
әлеуметтік мәдени бейімделу мәселелері.
Қазақстан социологтарының
ІІ Конгрессі. Астана, 2005. 109-111 6. Социальный
портрет современного предпринимателя