Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 18:40, доклад
Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пенхалық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру .
Азаматтық қорғаныс
Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары
жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері:
жергілікті халық пенхалық шаруашылығын жау шабуылынан,
жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан
т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және
қорғану шараларын үйрету; су тасқыны,
сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын
жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе
табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала
хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт
кезеңде және соғыс уақытында мынадай
шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру
қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс
жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары
дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз
жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері
үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа
егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде
өндіріс орындары мен мекемелердежұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру
және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі,
нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтама
Халықаралық Азаматтық Қорғаныс символы
Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргізу объектілері мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы;
Азаматтық қорғаныстың басты міндеті халықты (адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау), шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен ел аумағын қорғау болып табылады.
Азаматтық қорғаныстың негізгі күштері Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, аумақтық, объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары; жедел-құтқару отрядтары – жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объектілерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар болып табылады.
Азаматтық қорғаныстың басқару органдары – бейбіт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс іс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары.
Азаматтық қорғанысты жүргізу және қызметкерлер мен студенттерді ТЖ салдарларынан қорғау үшін КИМЭП Университеті АҚ президентінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 52 бұйрығымен келесі АҚ және ТЖ басқару органдары құрылды:
Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабы – Азаматтық қорғаныс және қызметкерлер мен студенттерді қорғау мәселелері жөніндегі негізгі ұйымдастырушы және үйлестіруші орган. Оның құрамына АҚ және ТЖ штабының бастығы, АҚ және ТЖ жөніндегі маман кірді.
Өзінің күнделікті қызметінде штаб Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру, халықты және ел аумағын төтенше жағдайлардан қорғау, Азаматтық қорғаныс органдарын, құрамалар күші мен құралдарын дайындау, қызметкерлер мен студенттерді Азаматтық қорғаныс саласы бойынша оқыту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің бұйрықтары мен жарлықтарын басшылыққа алады.
Азаматтық қорғаныс құрылымы
Азаматтық қорғаныс күштері