Қанның ағуы және оны тоқтату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 17:58, реферат

Краткое описание

Қан кету (лат. Haemorrhagia compensatio - қан кету, ағу) - қан кету. Қан кету деп қанның тканьдерде жиналуын айтады. Оның түрлері гематома, геморрагиялық сіңбе, қан сүйелері, петехия, экхимоздар. Қан тканьдерде жиналады деген ұғым бойынша қанның ішке құйылуы, қанның кілегей қабықтарға құйылуы деп айтады. Дұрысында қан кілегей қабықтың астында, эпидермис астында жиналады.
Қан жүйесінің маңызы. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады.

Содержание

1.Қан кету дегеніміз не?
2. Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік.
3. Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама.
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қан кету.docx

— 31.25 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Атырау мұнай және газ  институты

«Қоршаған ортаны қорғау»  кафедрасы

 

 

 

 

 

Реферат

 

 

Тақырыбы: Қанның ағуы және оны тоқтату

Пән аты: Тіршілік қауіпсіздік негіздері

 

 

                         Орындаған: АжБ-13 қ/т ст. Хайруллаев. Н.Ғ

                          Тексерген: аға оқытушы Қуанышева. Г.А

 

 

 

 

                                              

Атырау, 2013ж

 

                                   

Жоспар:

1.Қан кету дегеніміз не?

2. Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік.

3. Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама.

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қан кету дегеніміз не?

 

Қан кету (лат. Haemorrhagia compensatio - қан кету, ағу) - қан кету. Қан кету деп қанның тканьдерде жиналуын айтады. Оның түрлері гематома, геморрагиялық  сіңбе, қан сүйелері, петехия, экхимоздар. Қан тканьдерде жиналады деген ұғым бойынша қанның ішке құйылуы, қанның кілегей қабықтарға құйылуы деп айтады. Дұрысында қан кілегей қабықтың астында, эпидермис астында жиналады.

Қан жүйесінің маңызы. Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ  құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын  тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде  зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қан атқарады. Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұны мен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.

Адам денесіндегі эритроциттердің  өмір ұзақтығы 90-120 күндей, бірақ олар үнемі жаңарып отырады: ескілері бауырда және басқа мүшелерде  ыдырап, жаңа жас эритроциттер сүйек  кемігінде өндіріліп, қан айналымына қосылады. Алғашқы аптадағы эритроциттер ыдырағанда босайтын темір иондары  сәбидің терісінде қор ретінде  жиналады да, тотығып баланың терісі сарғыш тартады. Мұны сәбидің "сары ауруы" деп атайды, бірақ ол жұқпалы  Боткиннің сары ауруына байланысты емес, қордағы темірдің тотығуынан болған. Кейіннен терідегі темір иондары  жаңа қан клеткаларын түзуге пайдаланылады  да, терінің түсі дұрыс қалпына  келеді.

Лейкоциттер. Лейкоциттер - ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер  болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру , қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер  бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И. И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а) дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер.

Қанның құрамы мен қасиеттері. Қан қан клеткаларынан және сұйық  плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл  қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Жаралар және олардың асқынулары туралы түсінік.

 

Ядролық қарудың  зақымдаушы факторлары әр түрлі жарақатты туғызады. Терінің жамылғыш қабаты немесе шырышты қабықша тұтастығының бұзылуы жара деп аталады. Жаралар ластанған және таза болып келеді. Ядролық ошақтағы барлық жаралар ластанған болады.

Жаралар беткі  кабаттағы (терінің жоғарғы қабаты зақымданады) және терең (тері асты клеткасы, сіңірлер, терең орналаскан тіндер бұзылады) болуы мүмкін. Адам денесінің ішкі қуыстарына — кеуде және бас сүйегі ішіне еніл кеткен жаралар аса қауіпті болып саналады, өйткені бұл кезде белгілі бір ішкі орган закымдануы мүмкін.     Жаралар оқ тиген (оқтық , жарыкшақтық және т.б.), тесіп өткен (оқ немесе жарықшақ тіндерді тесіп өтіп, кірер жөне шығар тесік жасаса) немесе соқыр (оқ немесе жарықшақ тіндерде қалып қойса, яғни денеде жаттекті зат болады) болуы мүмкін. Оқ тиген жаралардың ерекшелігі — бұл кезде ірі қан тамырлары, нервтер, сүйек жөне буындар, ішкі куыстар (кеуде, іш, бас сүйегінің іші, буындар) жараланғанда енген (өткен) зақымданулар болады. Кейде аралас зақымданулар болуы мүмкін, яғни жаралар зақымданудың басқа түрлерімен (күйік, сөулелену ауруы жөне т.б.) қабаттасып келеді.

  Кез келген  жаралану кезінде әр түрлі асқынулар болуы мүмкін. Қан тамырлары жараланса, нәтижесінде, міндетті түрде қан кету байқалады, ол кейде қатты болып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Қатты қан кету кезінде жедел жүрек-қан айналым жеткіліксіздігі күшейіп, өлімге өкеп соқтыруы ықтимал. Ауқымды закымданулар — жаралар, сыну, күйік кезінде зардап шегуші шок деп аталатын ауыр жағдайға түсуі жиі кездеседі. Шок өте күшті ауырсыну тітіркендіргіштері, қан кету және баска да себептерге байланысты нерв жүйесінің қозуы нәтижесінде пайда болады.

    Қан кетуден басқа әрбір жара үшін ең қауіптісі — жараға микробтардың түсуімен байланысты туатын асқынулар мүмкіндігі.

    Микробтар  жараға жаралану кезінде (алғашқы  инфекция) немесе алғашқы көмек, ем көрсету кезінде асептика ережелерін бүзу (екіншілей қайталанған инфекция) салдарынан түседі. Бір жағдайларда ірің туғызатын ұшыну процесі дамуы мүмкін (іріңтекті микробтар стафилококтар, стрептококтар), ал кейде тілме ушығуы жүреді (қалшылдау, дене ыстығыньщ көтерілуі, жара айналасының қызаруы, оның шеттерінің тегіс еместігінің анық байақалуы).

     Соғылған  және мылжаланған тіндері бар жараларда және топырақ пен ластану кезінде газды гангрена туғызатын газды инфекция пайда болуы мүмкін (оттек жоқ жерде дамитын микробтардың көбеюінің, яғни анаэробты инфекцияның көрінісі — тіндердің тез өлі еттене бастауы). Жараның инфекцияға ұшырауымен байланысты дамитын тағы бір қауіпті ауру — сіреспе (жараның сіреспе таяқшасы бар топырақпен ластануы). Клиникалық тұрғыда сіреспе бұлшық еттердің тырысып қалуы, тыныс алу мен жүрек жұмысының бұзылуы, шайнау бұлшық еттердің қарысуы, тыныс алу мен кіші дәретке отырудың қиындығымен сипатталады. Соңғы екі жағдайда гангренаға және сіреспеге қарсы сарысу егу қолданылады.

     Жаралану  кезіндегі алғашкы көмек көрсеткенде,  қан кетуді тоқтату, жараны таңғышпен жабу, тыныш қалыпта ұстау үшін дененің зақымданған бөлігін иммобилизациялау (тұрақтандыру) жұмыстарын жүргізу керек.

      Қанды уақытша  тоқтату — алғашкы медициналық  жәрдем көрсету кезіндегі маңызды шаралардың бірі және қан кетудің түріне байланысты оның тәсілдері таңдалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қан кетудің түрлері және оларға сипаттама.

    Қан кету дегеніміз — зақымданған қан тамырынан қанның қүйылуы (шығуы) қан кету деп аталады. Зақымданған тамыр сипатына сәйкес : артериялык, веналык, капиллярлык және паренхиматозды қан кету деп бөлінеді.

     Артериядан қан кету ірі артерияның зақымдануы кезінде пайда болады. Ол жарадан ал қызыл түсті қанның шапшып ағуымен сипатталады. Ірі артериялардың (сан, иық) зақымдануы зардап шегуші өміріне қауіп төндіреді.

Венадан қан кету ірі вена тамырларының зақымдануы кезінде болады. Жарадан қою қызыл түсті қан үздіксіз жайлап ағады. Кейбір веналардың (мысалы, мойын) жаралануы кезінде олардың ішіне ауа кетіп қалса, зардап шегушінің өліміне әкеп соғатын ауа эмболиясы дамиды.

Капиллярдан қан кету ұсақ қан тамырларының жаралануы салдарынан пайда болады, оның ерекшелігі — жараның жоғарғы бетінен қан ағады.

Паренхиматозды  органдардың (бауыр, көк бауыр) зақымдануы кезінде байқалады және ол көбіне аралас болып келеді.

Қан ағу (құйылу) орнына байланысты қан кету: сыртқы (қан терінің жарасы мен шырышты қабыкшасы арқылы сыртқа ағады) және ішкі (қан тіндерге, орган немесе ішкі қуыстарға кұйылады) болып бөлінеді. Кейде олар кеуде немесе іш қуысы жараланған кезде аралас болуы мүмкін.

Байқалу уақытына сәйкес қан кету: алғашқы (жараланғаннан кейін бірден қан кету) және екіншілей (зақымданғаннан соң бірнеше уақыттан кейін) болып бөлінеді.

Капиллярлар мен  кішкене тамырлардан кеткен қан  таяу арада зақымданған тамыр маңында, егер қанның ұю дәрежесі төмен болмаса (сәуле ауруы — гемофилия), қанның қоюлануы нәтижесінде өзі тоқтауы мүмкін (қанқатпа— қанның ұюы нәтижесінде). Қан кеуіп кеткен жағдайда қолма-қол әрекет жасалады.

Мұрыннан қан кету –  көп жағдайда тұмау кезінде мұрынға  тамызатын сұйықтарды шектен тыс  пайдаланудың әсерінен болып жатады. Себебі дәрі әсерінен мұрынның шырышты  қабығы кеуіп кетеді. Мұндай жағдайда сіз аскорбин қышқылы мен аскорутин  дәрумендерін қабылдаңыз. Сонымен қатар жатардың алдында зәйтүн немесе шырғанақ майына (облепиховое масло) шыланған мақтаны мұрыныңызға тығып жатыңыз.  Егерде балаңыздың мұрынынан қан кетсе: Бала орындықта отырса, басын сәл еңкейтіңіз. Әйтпесе баланың ауызына қан кетіп, оны жұтып қоюы мүмкін. Бұл қауіпті жағдай. Егер бала төсекте жатқан болса, оны бір жақ қырымен жатқызып, басын төмен түсіріңіз. Қан кету кезінде сіңбіруге немесе мұрынды орамалмен қысып, жатып алуға болмайды. Дәке не матаны шиыршықтап алып, ақырындап мұрын қуысына тығып қойыңыз. Сондай-ақ мұрынды шұқуға болмайды, себебі қан кету одан әрі күшеюі мүмкін. Басы мен маңдайына суық суға шыланған орамал қойыңыз. Сондай-ақ желке тұсына да қою қажет. Бұл әрекеттер қан ағуды баяулатады. Сондай-ақ мұрынға 1-2 тамшы лимон шырынын тамызу арқылы қан кетуді тоқтатуға болады. Егер қан кету 10 минуттан артық жалғасса, дереу жедел жәрдемге хабарласып, дәрігер шақыртқаныңыз жөн. Қан қысымы бар адамдарда мұрыннан қан кету жиі байқалады. Егерде еш себепсіз балаңыздың мұрынынан үнемі қан кететін болса, ол қандай да бір аурудың белгісі болуы мүмкін. Сондықтан дәрігерлік тексерістен өткізгеніңіз артық болмас. 

Қан кету кезінде ең алдымен, қандай қан тамырлары – күретамыр, артерия, капиллярлар зақымданғанын  біліп алу қажет. Осыған байланысты алғашқы жәрдем көрсетіледі. Артерия  зақымданған кезде қан ақшыл  қызғылт түсті болады және жарадан  атқылайды. Артерия қаны жүректен периферияға  түсетіндіктен, қан ағуын зақымданған  жерден жоғары жердегі тамырды басу қажет. Артерияны сүйекке қатты  қысу арқылы қысуға болады. Егер  қан  кету иықтың, иық маңының және қолдың орташа және төменгі үштен бір  бөлігіндегі жарадан болса, иық  артериясын басу қажет, егер қан кету иық буындары, қолтық асты, бұғана аймағындағы  жарадан кетсе, онда бұғана немесе ұйқы артериясын басу қажет. Егер аяқ жақтан қан кетсе, онда жамбас артериясын басады.

Артериалды қан кету кезіндегі  жәрдем

Саусақпен басу. Қан кетуді тез тоқтату үшін саусақпен артерияны  сүйекке басу қажет немесе егер жамбас артериясы болса – онда жұмырдықпен басу қажет. Бірақ сіз осылай саусақпен ұзақ басып тұра алмайсыз, сондықтан Сіз артерияны саусақпен ұстап тұрған кезде, сізге біреу резеңке артериалды жгут, мәрлі және мақтаны әкелуі тиіс.

Артериалды жгут салу.

 Саусақпен басқан жерге  астына мәрлі мен мақтаны салып,  артериалды жгуттардың бірнеше түрін салуға болады. Жгутты дұрыс салу туралы жарадан қан кетуінің тоқтауы куәландырады (тартылған жгуттың бірінші турынан кейін) және жгут салған орыннан төменгі жерде тамыр соғуының болмауы. Әлсіз салынған жгут қан  кетуін күшейтеді.

Егер Сіз жгутпен ұйқы артериясын бассаңыз, онда жгуттың  астына пациентті тұншықтырмау үшін және трахеяны баспау үшін міндетті түрде жазылмаған бинтті салыңыз.

 Жгут жаздың күні 2 сағаттан артық емес, ал қыста  1 сағаттан артық емес салыну  керек, сондықтан жгут салған  уақыт көрсетілген хатты салу  қажет.

Осыдан кейін пациентті  ауруханаға жеткізу керек, сондай-ақ жгут салынған дене бөлігі киіммен  жабылған болуы тиіс.

 Аяқ-қолды бүгу тәсілі, егер артериалды қан кетуі аяқ-қолдың сынығынан болмаса қолданылады.  Қол мен иық маңының ішкі жағынан қан кеткен кезде бинт салады, қолды білек буынына дейін бұрады және оны бинт арқылы осындай жағдайда иыққа байлап қояды. Иық және қолтық маңынан қан кеткенде қолды барынша арқаға апарады және білек буынында бүгеді. Қол-аяқты бинт арқылы қатайтады. Аяқтан қан кеткен кезде бинтті тізенің астына салып, аяқты тізеге дейін бүгеді және оны жамбасқа бекітеді. Жамбастан қан кеткен кезде аяқты бүгеді және тізе мен жамбас буындарында да бүгеді. Шап аумағында мақтадан немесе киімнен үлкен және тығыз кесек салады.

Күретамырдан қан кету белгілері

Егер қан қара түсті  болса және жарадан ақырын немесе әлсіз тамыр соғулы ағынмен ақса, Сіздің пациентіңізде күретамырдан қан кетуі болған. Ірі күре тамырдан қан кетуі (жамбас, бұғана астыр, бұғау) қанды тез жоғалтудан науқас өміріне  қауіп, сондай-ақ ауа эмболиясына  келтіреді. Тамырлардың жарақатынан  басқа күретамырдан қан кетуі  мұрынның шырышты қабыршағында қан  тамырларының жарылуынан немесе аяқтың варикоз тамырларының жарылуынан болуы мүмкін. Асперинді ішкеннен және артериалды қысымның жоғарлауынан мұрыннан қан кетуі ұзақ уақыт тоқтамауы мүмкін немесе науқасты ауруханаға жеткізуді талап етеді. Кез-келген күретамыр қан кетулері кезіндегі алғашқы жәрдем басып тұратын таңбаны салуда, суықты және жоғары көтеріп қоюды талап етеді.

Күретамырдан қан кету кезіндегі көмек

Басып тұратын таңбаны  салу және суықпен әсер ету. Басып  тұратын таңбаны жарадан төмен  салады, өйткені күретамыр қаны периферия  тамырларынан жүрекке қарай көтеріледі. Осындай басып тұратын таңба бірнеше дестерильденген мәрліден немесе ағытылмаған бинттен тұрады, онда жгут немесе эластикалық бинт салынады. Күретамыр жгутын дұрыс салу туралы қан тоқтауы, бірақ басқан орыннан төмен тамыр соғуы куәландырады.  Бинттен жоғары қан ағу көзіне мұз оралған киімді немесе сумен толтырыған грелканы салу қажет. 30-40 минуттан кейін суықты 10 минутқа алып тастауды ұмытпаңыз, өйткені осы аймақтағы жалпы қан айналымын қалпына келтіру қажет. Егер қан кетуі аяқ-қолдан болса, онда оны жоғары көтеру қажет.Мұрыннан қан кеткен кезде оның ортасынан қысу керек, алдын ала мұрын қуысына сутек тотығымен 3 % малынған мақтаны салу қажет. Мұрын қырына немесе желкеге 3-4 минутқа арасында 3-4 минут үзіліспен қан тоқтағанша дейін суық басыңыз. Басты артқа қоюдың қажеті жоқ, сондықтан қан өңештің артқы қабырғасынан ағады.

Информация о работе Қанның ағуы және оны тоқтату