«Адам-машина-өндірістік орта» жүйесі және оны үйлестіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 09:19, реферат

Краткое описание

Қоғамымыздың басты мақсаты – еңбекті адамның бірінші кезектегі өмірлік қажетіне айналдыру. Ал, тиімді еңбек ету үшін еңбекшілерге қажетті жағдай жасау, олардың денсаулығын сақтау, еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби сырқаты және өндірісте зақымдануды болдырмау қажет. Еңбек қорғау ғылымы осы мәселермен, яғни еңбектің зиянсыз, қауіпсіз жағдайларын жасаудың проблемалары мен айналысады.
Халықаралық еңбек ұйымның «ХЕҰ» дерегі бойынша дүниежүзінде жыл сайын орта есеппен 50 мың миллион немесе күніне 160 мың жазатайым оқиғалар болып тұрады. «ХЕҰ-ның ақпарат бюлетенні. – Жанева,19990».

Прикрепленные файлы: 1 файл

01.Кіріспе.docx

— 21.57 Кб (Скачать документ)

Кіріспе

 

Қоғамымыздың басты мақсаты – еңбекті адамның бірінші кезектегі өмірлік қажетіне айналдыру. Ал, тиімді еңбек ету үшін еңбекшілерге қажетті жағдай жасау, олардың денсаулығын сақтау, еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби сырқаты және өндірісте зақымдануды болдырмау қажет. Еңбек қорғау ғылымы осы мәселермен, яғни еңбектің зиянсыз, қауіпсіз жағдайларын жасаудың проблемалары мен айналысады.

Халықаралық еңбек ұйымның  «ХЕҰ» дерегі бойынша дүниежүзінде жыл сайын орта есеппен 50 мың миллион немесе күніне 160 мың жазатайым оқиғалар болып тұрады. «ХЕҰ-ның ақпарат бюлетенні. – Жанева,19990».

Қысқасы еңбеті қорғау дегеніміз  – құқықтық, әлеуметтік -  экономикалық, ұйымдастыру-  техникалық, санитарлық – эпидемологиялық, емдеу – профилактика, оңалту және өзгеде іс-шаралармен құралдарын қамтитын еңбек қызметі үдерісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі болып табылады. Демек, еңбекті қорғау ғылымы өндірістегі жазатайым оқиғалардың, кәсіби сырқаттардың, жарылыстар мен өрттың себептерін анықтап, оны болдырмаудың қажеттеті шараларын жасайды.

Еңбекті қорғау еңбек қорғаудың заңдылықтарын, өндірістік- санитарияны, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін қамтиды.

  Еңбек қорғаудың заңдылықтарына ҚР Заңдары мен басқада мемлекеттік актілері, Министрлер кабинетінің, кәсіп одақтардың орталық кеңестердің қаулы – қарарлары, кәсіп одақ ұйыммен келісілген министірліктердің нұсқаулары мен ережелері, сондай – ақ ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген еңбек қорғаудың нормалары жатады.

Өндірістік санитария дегеніміз – еңбекшіге зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын ұйымдастыру, гигиеналық және санитарлық техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі.

Қауіпсіздік техникасы  дегеніміз -  еңбекшіге қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын ұйымдастыру және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі.

Өрт қауіпсіздігі дегеніміз – өрттің алдын алудың өрт шығу себептерін жоюдың, өрттің жайылуына жол бермеудің, адамдарды, жануарларды және материалдық құндылықтарды жедел көшіруді ұйымдастырудың және өртті сөндіру шараларының жүйесі.

Еңбек қорғау ғылымы міндеттерінің  күрделігі одан еңбектің қауіпсіз және тиімді жағдайларын жасауға қатысы бар басқа да ғылымдардың жетістіктерін  пайдалануды, ең алдымен, әлеуметтік-  құқықтық ғылымның сондай – ақ еңбекті  ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың, әсемдікпен эргономиканың жетістіктерін пайдалануды  талап етеді. Мысалы, машиналдарды, апаратураларды, басқада жабдықтардың қауіпсіз пайдаланудың тәсілдерін пайдалану барысында еңбекті қорғау ғылымы техникалық ғылымдардың шешімдерін пайдаланса, санитарлық талаптарды дайындау барысында кейбір медициналық және биологиялық пәндердің зерттеу қорытындыларын пайдаланады.

Еңбекті қорғау мен еңбек  жағдайын жақсартудың әлеуметтік –  экономикалық маңызы зор. Ол еңбекшілердің  өмірін қорғау мен қатар, еңбек өнімділігін  арттыруға еңбекшілердің еңбекке  қатысу мерзімін ұзартуға, мамандарды тұрақтандыруға ықпалд етеді және түрлі  жағдайларға байланысты шығынды  азайтады.

Қазір еліміз борйынша жыл  ішінде пайдаланылмаған барлық жұмыс  күнінің 60-80 пайыызы түрлі себептермен  науқастануынан болады. егер, осы жұмысқа  уақытша жарамсыздықтық жылдық орташа көрсеткіші 1 күнге кемітілсе, онда еліміздің халықшаруашылығы қосымша  – 18 миллион жұмыс күнін сақтаған болар еді. Мұның өхзі ұлттық табысты 1,3 млн теңгеге арттыруға  және әлеуметтік қамтамасыздандыруға жұмсалатын бюджеттік шығынды 550 мың теңгеге  азайтуға мүмкіндік берер еді.

Сондай-ақ жұмыс жағдайының нашарлығына байланысты еңбекшілердің жұмыс орнын ауыстырылып отыруы да зиянға жатады. Еңбек ғылыми-зерттеу институтының есебі бойынша 1 адамның жұмыс орнын ауыстыруы  1990 жылы 3500 теңге зиян келтірілген. Егер, еңбекшілердің жұмыс орнын ауыстырудың 1 пайызға кемітсек, онда ол жылына экономикалық зитянды 446 мың теңгеге азайтқан болар еді. Осыларды ескерсек еңбек қорғау ғылымның орта буын мамандар үшін қаншалықты қажет екендігін  өзінен- өзі түсінікті. Яғни, әрбір өндіріс қызметкері, маманы Еңбек қорғау заңдылықтары мен құралдарының тиімді пайдалануын бақылауға алып, оны экономикалық жағынан тиімді ұйымдастырылуын қадағалап отыруы тиіс.

Еңбек қорғау пәнінің  оқу арқылы болашақ мамандар:

  • еңбек қорғаудың негізгі заңдылық актілерін оқып үйренеді;
  • өндрістік жарақаттану, кәсіби сырқаттанудың себептері мен оның алдын алудың жолдарын меңгереді;
  • өндірістік тазалықтың негіздері  мен өрт қауіпсіздігін білетін болады;
  • жәбірленушіге, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетудың жолдары мен танысады;
  • жұмыс орнындағы еңбек жағдайын бақылаудың құралдары мен оны пайдаланудың әдістері мен танысады;
  • еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері мен және онның құжаттарын жүргізу жолымен танысады

Сондай-ақ, еңбек қорғау жөніндегі ұжымдық шарт жасауды, еңбек қорғау қорғау мен өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталуына бақылау жасаудың жолдарын, еңбек қорғаудың шараларын жоспарларды, өндірістік жарақаттанудың, жазатайым оқиғалардың кәсіби сырқаттардың себебін анықтап олардың алдын – алудың жолдарын, жеке – дара қорғану құралдары мен арнайы киімдердің қажеттілігін анықтауды үйренеді.

 

«Адам-машина-өндірістік орта» жүйесі және оны үйлестіру

 

Еңбек үдерісі қоршаған ортаның  белгілі бір жаңдайында еңбешінің  еңбек құралының пайдалану арқылы жүргізіледі. Оларды жиынтығы Адам-машина-өндірістік орта» қалыптастырады. Адам-машина жүйесіне еңбек ететін адам-оператор мен жұмыс орнында ол пайдаланылатын машина басқада еңбюек құралдары жатыды.

Оператордың жарақат алмай, науқасқа шалдықпай еңбек етуге  қабілетін сақтауға осы айтылған жүйе тоқтаусыз, іркіліссіз жұмыс істеуі тиіс. Алайда, өндірсітік жағдайында кездесетін әртүрлі себептерідің әсерінен «  айталық, шаңның, шудың,дірілдің т.с.с» жүйеде кідірістер болып жатады. Бұдан  басқа оператордың жұмыс қабілетіне ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалу  жылдамдығы, сондай – ақ ұжымдағы психологиялық  жағдай, еңбек тәртібі, тағыда басқа  факторларда әсер етеді.

Оператордың ағзасы қоршаған ортаға қалыптасқан жағдайға бірте-бірте  бейімделеді де, нәтижесінде адам ағзасының кейбір жүйелері мен қоршаған ортаның факторлары арасында динамикалық  тепе – теңдік қалыптасады. Егер оператор осы тепе – теңдіктің шеңберінен шығып кетсе, онда шаршағышытқ пайда  болып, жұмысқа қабілеттілігі төмендейді.

Адам ағзасының еңбек  жағдайынына бейімделу мүмкіндігінің  шектелуі екендігі ескеріліп, оған тән  факторлардың нормалары енгізілген. Бірдей жұмыстарды атқарып жатқан адамдардың барлығы бірдей энергия жұмсамайды. Өйткені, әр адамның еңбек қарқыны  әр түрлі болады. Еңбек қарқыны дегеніміз -  оның еңбек етуге ынтасының дәрежесі. Қарқынның қоғамға қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін адамның физиологиялық мүмкіндігі деңгейінде ой мен күш қабілетін толық пайдалану қажет. Еңбек қарқыны операцияны орындаудың сапасына әсер етеді, қателіктерді тудырады, тіпті оператордың «тоқтап қалуына» әкеліп соқтырады. Адам-машина-өндірістік орта жиынтығының бір бірімен байланысты эргономикамен айқындалады.

Эргономикаының негізгі  заттың эргономикалық қасиеттері, эргономикалық  талаптары мен көрсеткіштері  болып табылады.

Ғылыми-техникалық прогресс соңғы кезде өндірістік барлық салаларына жаңалық әкелуде. Атом энергиясы автоматтандыру мен электроника, полимерлер, химия мен  микробиология, кибернетикамен ЭЕМ – осының барлығы еңбек жағдайын күрт өзгертетін жаңалықтар. Бұл жаңалықтарды өндіріске енгізу арқылы, ең алдымен, қол еңбегі жойылады, еңбек жағдайы жақсарады.

Машина жасау өнеркәсібінде  станоктардың жұмысының автоматтандыруы, бағдарламалық басқарудағы манипуляторды  іске қосылуы жұмысшыларды ауыр қол  жұмысынан босатып, шаршамай өнімді еңбек етуіне мүмкіндік беріп  келеді.

Көптеген электрстанциялары  қырылыс матеиалдары өнеркәсібінде  бетон шығаратын автоматтандың  іске қосылуы болатты балқытып қою  жұмысының қашықтан басқарылуы, ауыл шаруашылығындағы қол еңбегінің  машиналармен алмастырылуы еңбекшілердің  жұымысын едәір жеңілдетеді.

Алайда, өндірістік жоғарғы  дәрежеде жарақаттандырылуы мен  автоматтандырылуы, бір адамынң  бірнеше агрегаттарда пульт арқылы басқаруы,екінші жағынан адамның  қозғалысын азайтады, денесінің енжарлығын ұлғайтады. Мұның өзі адамынң  нерв жүйелері мен жүйкесінің тозуына, жүрек қантамырлары ауруларынынң пайда  болуына әкеліп соқтырады. Түрлі механизмдердің пайдалануы дыбысты секілді көбейтеді. Химиялық заттарды пайдалану адамның денсаулығына зиянын тигізіп типті олардың улануына әкеліп соқтырады.

Демек, ғылыми-техникалық прогресс еңбекті жеңілдетіп, оның өнімділін  арттыру мен қатар еңбекшілерге шексіз қайғы да әкеледі. Өйткені  қазіргі техникалардың көпшілігі  еңбек қорғаудың ережелерімен стандартарына әсер етпейді.

Өрттің салдарынан жыл  сайын 10 мың адам қайтыс болады. 1990 жылы қайғылы оқиғалардың әсерінен 491мың теңгеге зиян келген болса, өрттен 2 млн теңгеден аса шығын болады.

Халық шаруашылығының басқа салаға қарағанда АӨК саласын да жарақаттану 1,4 есе жоғары, жыл сайын онда 300 мың адам жарақаттанып, оның 5мыңы қазаға ұшырайды. Оның 65-70 пайызы еңбектің нашар ұйымдастырылуынан 15-20 пайызы инструкташ берудің сапасыздығынан, 20-25 пайызы түрлі техникалық себептерден болады.

Қазір ТМД-да 7 млн дай мүгедек бар, олардың әрбір 5-шісі өрдірістік  оқиғалардан болған. Жыл сайын 30 мың адам өндірістен мүгедектік алса, 11мың адам кәсіби науқасқа шалдығады.

Сондықтан, ғылыми-техникалық прогресс жағдайында еңбек қорғау талаптарының орындалуы оны терең талддап  анықтап отыруды талап етеді. Осы мақсат та Тәуелсіз Мемлекеттер  достастығында 350 ғылыми-зерттеу институтары, құрылымдық-жобалау мекемелері мен жоғары оқу орындаыр жұмыс істеуде.

Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар  жүйесі дегеніміз – еңбек үдерісінде адамның денсаулығы мен еңбекке қабілетін сақтауға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттың жиынтығы.

Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар  жүйесі мемлекеттік, аймақтық, салалық  және кәсіпорындық болып бөлінеді.

Мемлекеттік стандарт-өндірістік қауіпті және зиянды факторлардың түрін  көрсетіп, оның жоғарғы және төменгі  мөлшерін шектейцді және оған бақылау  жасаудың әдістерін көрсетеді.

Ал кәсіпорындық стандарт – сол мекеме жағдайында еңбек қауіпсіздігіне шек қойып, жарақаттанудың себебін анықтауды, арнайы қорғану құралдарын жұмысшыларға беру мен оны есептен шығаруда мөлшерлеп шектейді.

Стандарттарды енгізу мен  оның орындалуына бақылауда мемлекеттік  стандарт органдары, кәсіподақтарының  инспекторлары мен және де басқа  мелекеттік инспекциялары мен бірлесе  отырып жасайды.

Мемлекеттік станджартқа  сәйкес еңбекті қорғаудың атаулары мен анықтамалары болады.  Олардың  негізгілері – еңбек қауіпсіздігі, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, эргономика, өндірістік эстетика.

Еңбек қауіпісіздігі – еңбек жағдайының жұмысшыға қауіпті және зиянды әсер ететін өндірістік факторларды болдырмайтын ахуалы.

Қауіпті өндірістік фактор деп – еңбекшіге әсерінен оның жарақаттануына әкеліп соқтыратын өндірістік факторды айтады.

Зиянды өндірістік фактор деп – еңбекшінің ағзасына әсерінен оның кәсіби науқасқа шалдығуына әкеліп соқтыратын өндірістік факторды айтады.

Эргономика - «Адам-машина-қоршаған орта» жүйесін зерттейтін ғылым. Оған тракторлармен комбайындардың орындықтары мен басқару  органдарының жүргізушіге ыңғайлы, залалсыз, шаршатпайтындай етіп орналастыруы жатады.

Өндісітік эстетика дегеніміз  – физиологтар мен гигенист-психолгтардың  талаптарын қанағаттандыратын өндірістік жағдай жасау болып табылады. Оған жұмысшыларды таза да ыңғайлы арнайы киімдермен қамтамасыз ету, жұмыс орнының  тазалығы, бөлмені тартымды түстегі  әрменен бояулы, жұмыс орнын көгалдандырылуы  т.с.с жұмыстар жатады.


Информация о работе «Адам-машина-өндірістік орта» жүйесі және оны үйлестіру