Саяси жүйелердің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 19:22, реферат

Краткое описание

Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы. Және де қоғамдағы басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы және мемлекет аралық қарым-қатынастарды реттеуді іске асыра отырып, қоғамның ішкі бірлігін, қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың, саяси принциптер мен құқықтық нормалардың тұтастығы.

Содержание

КІРІСПЕ
САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ мәні, ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
саяси жүйенің құрылымы және атқаратын қызметі
САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
г.Алмонд ұсынған Саяси жүйе жіктеліністері
Қорытынды
пАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

реферат ст 3 апта.docx

— 69.48 Кб (Скачать документ)


Оңтүстік  Қазақстан 
Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы

 

 

 

 

 

 

 

           Пәні: Саясаттану

          Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер

Тақырыбы: “САЯСИ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ”

 

 

 

                                                  Орындаған: Ауесханова А.А.

                                                            Қабылдаған: Оразымбетова З.Ш.

 

 

ШЫМКЕНТ - 2013

 

ЖОСПАР:

  1. КІРІСПЕ

 

  • САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ мәні, ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ

 

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

  • саяси жүйенің құрылымы және атқаратын қызметі

 

  • САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

 

  • г.Алмонд ұсынған Саяси жүйе жіктеліністері

 

  1. Қорытынды

 

  1. пАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

кІРІСПЕ

Жүйе дегеніміз – құрылымы күрделі, құрамындағы бөліктері  өзара ретті түрде ұйымдасқан әрі бағытталған тәуелді байланыста бола отырып, ажырамас тұтастықты құрайтын, сол негізде іс-әрекет атқарып, дамып  отыратын құбылыс.

  Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы. Және де қоғамдағы басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы және мемлекет аралық қарым-қатынастарды  реттеуді іске асыра отырып, қоғамның ішкі бірлігін, қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың, саяси принциптер мен құқықтық нормалардың тұтастығы.

Саяси жүйе қоғамдағы сан  түрлі әлеуметтік топтардың түпкілікті мүдделерін белгілейді, оларды іске асыруға  арналған элементтер мен механизмдерді  біріктіреді және олардың саясатқа байланысты өзара қарым-қатынасын  тұтастырып отырады. Оның қызмет атқару механизмдері тұрақтылық пен өміршеңділікті  қамтиды. Бұл механизмдер арқылы қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар  шешіліп, түрлі топтардың, ұйымдардың, қозғалыстардың іс-әрекеттері шешіліп  отырады.

Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси  жүйенің қоғамды басқарудағы  ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің  барлық элементтерін біріктіріп, саяси  функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын  әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру  дегеніміз - қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.

Бұл жұмыстың негізгі тақырыбы «Саяси жүйелердің түрлері» деп аталады. Жұмыстың тақырыбын толығымен ашу  мақсатында мынадай мәселелер қарастырылады:

  • Саяси жүйенің түсінігі және мән мағынасы
  • Саяси жүйенің мазмұны және құрылымы
  • Саяси жүйенің түрлері және даму заңдылықтары
  • Ғаламдық саяси жүйелер
  • Қазақстан Республикасындағы саяси жүйе
  • Қазақстан Республикасындағы саяси жүйені реформалау және оның алатын ролі
  • Өзге елдегі саяси жүйе түрлері мен қазақ еліндегі саяси жүйе түрлері.

Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі  жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң  алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған 30 елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз.

Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде  саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең  әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау  жөніндегі ұлығаусар міндеттерді  еңсере алады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке – жеке қарастырып өтелік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

нЕГІЗГІ БӨЛІМ

саяси жүйенің  құрылымы және атқаратын  қызметі

Жүйе  туралы ғылым XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық революцияның қарқынды дамуына, кибернетика сияқты синтездік ғылымның дүниеге келуіне, түрлі зерттеу салаларына жүйелік әдістің қолданылуына байланысты үлкен өріс алғанын атап өткен жөн.Жүйелік талдау теориясы бойынша: 1) жүйе көптеген элементтер мен бөліктерден құралады; 2) ол бөліктер өзара байланыста отырып тұтастық құрайды; 3) жүйенің шегі бар; 4)жүйенің қызмет атқаруы үш циклдан тұрады: кіру, өндеу және шығу.

Жүйе


 

кіру            өңдеу (өзгерту)             шығу. 
          Кері байланыс


 

 

ҚОҒАМ - объективті заңдылықтар негізінде  қалыптасатын, тұтастық сақтайтын, қызмет атқарып, дамып отыратын әлеуметтік жүйе.

Қоғам құрамында сан алуан кіші жүйелер бар: дара адам, отбасы, ұжым, әлеуметтік топ, саяси ұйым мен қозғалыс, т.б. Оларды экономикалық, саясат, әлеуметтік және рухани жүйелер деп салалар бойынша да жіктеуге болады.

САЯСИ ЖҮЙЕ ҚҰРЫЛЫМЫ



 







 


 


 

 

Саяси жүйенің басты  элементі, өзегі - саяси билік. Себебі, түптеп келгенде бүкіл саяси жүйе билікті қамтамасыз етуге қызмет етеді. Ол қоғамдағы барлық адамдардың мүддесіне қатысты.

Саяси жүйенің құрылымы негізінен алғанда элементтердің  төрт түрлі тобынан құралады: саяси институттар (ұйымдар мен мекемелер); саяси қатынастар; саяси принциптер мен нормалар және саяси сана мен саяси мәдениет.

Жүйе құрамында саяси биліктің қызмет атқаруы саяси институттар арқылы жүргізіледі. Ол өз ретінде бірнеше тарамдарға бөлінеді: тікелей саяси институттар, жанама саяси институтар және саяси емес құрылымдар. Мемлекет пен саяси партиялар тікелей саяси институттар болып есептеледі. Себебі саяси билікті осылар жүргізеді. Саяси билікті ұстап тұру, жүргізу немесе ол үшін күрес - мемлекет пен саяси партиялардың қызметінің мазмұны.

Саяси жүйенің құрамындағы  маңызды тарамдарының бірі -

САЯСИ ҚАТЫНАСТАР. Олар - саяси билікті жүргізу барысында немесе оған байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың бірсаласы. Саяси қатынастарды үш топка жіктеуге болады. Ең әуелі таптардың, топтардың, ұлттар мен мемлекеттер арасындағы саяси мәнді қатынастар. Саяси қатынастардың екінші тобы саяси билік жүргізу барысында басқару органдарының қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани процестерге жасайтын ықпалы негізінде қалыптасады. Үшінші топқа саяси жүйе құрамындағы түрлі саяси ұйымдар мен мекемелердің өзара қарым-қатынасы жатады.

САЯСИ ПРИНЦИПТЕР мен НОРМАЛАР саяси жүйенің нормативтік негізін қүрайды. Саяси режимдер бір-бірімен осы принциптермен  нормалардың мәндері арқылы ажыратылады. Олар саяси қатынастарды реттеп отырады, саяси институттардың іс-қимылын, бағыт-бағдарын, өзара байланысын анықтайды. Саяси принциптер мен нормаларды да бірнеше топқа белуге болады: 1) құқықтық нормалар: конституция, оған негізделген заңдар және түрлі нормативтік актілер; 2) жарғылық (уставтық) нормалар - саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың қызметінің, ішкі тәртібін анықтайды; 3) қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптар; 4) адамгершілік нормалары мен принциптері: ар-ождан, сөз бен істің бірлігі, бөтен пікірге құрметпен қарау, өз ісіңе жауапкершілікпен қарау. Қысқасы, саяси принциптер мен нормалар арқылы белгілі әлеуметтік мүдделер мен саяси сенімдер ресми мойындалып, бекімін табады.

Саяси жүйенің атқаратын  қызметтері: саяси әлеументтендіру, азаматтардың саяси санасын қалыптастыру; билік алдына қойылған талаптарды сұрыптау; зандар мен нормаларды шығару, оларды қолдануды ұйымдастыру және бакылау мәселелері.

Саяси жүйенің басты функциалары:

  1. Саяси жүйе - қоғамның ахуалының, сыр-сипатының, даму қайшылықтарының бейнесі. Одан экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, демографиалық құрылымдар мен рухани жағдайдың болмысы көрініс табады.
  2. Саяси жүйе арқылы әлеуметтік мүдделер іріктеліп, топтастырылады.
  3. Саяси жүйе біріктірушілік, топтастырушылық міндет атқарады (консенсус, тұрақтылық, тұтастық).
  4. Маңызды әлеуметтік мүдделердің саяси шешім табуы және іске асуын қамтамасыз етеді.

САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ  ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

 Саяси жүйелердің пайда  болатын әлеуметтік ортасының  сипатына қарай мынадай саяси  жүйе түрлері болады: тоталитарлық, либералдық-демократиялық және аралас жүйелер; ал өзара байланасу сипатына қарай ашық және жабық саяси жүйелер болады.

 Саяси жүйенің даму  процесінің бірнеше түрі болды.  Бірінші түрі социалистік типті  мемлекеттерде сталиндік саяси  жүйе қалыптасты. Оның мазмұны:  жеке адамға табынушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектеулі.

 Саяси жүйенің екінші  түрі - дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жылдары қалыптасқан нарықтық  экономика мен либерал-демократиялық  мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың  өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына   сәйкес дамуы. Бұл елдерде де  толық бостандық әділеттік, теңдік  жоқ. Мысалы, таптардың, топтардың  әлеуметтік саяси теңдігінің  жоқтығы.

 Саяси жүйенің үшінші  түрі - ХХ ғасырда қалыптасқан  аралас мемлекеттік құрылыс-конвергенция  теориясы. Капитализм мен социализм  қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін  біріктіру. Бұл саяси жүйеде  де кемшіліктер көп кездеседі.

 Адам қоғамының тарихында  ұлтшылдық, шовинистік, расистік, фашистік  саяси жүйелері қалыптасқан, аз  болса да өмір сүрген.

 Қазіргі заманда мемлекеттердің  саясаты дүниежүзілік бірлікке, одаққа бет бұруда. Бұл объективтік   прогрестік құбылыс. Глобальдық  проблемаларды шешуге қолайлы  жағдай қалыптасуы мүмкін.

Саяси жүйенің төрт бағыты болады:

  • Институционалдық - мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар бірігіп қоғамның саяси жүйесін құрайды;
  • Реттеуші - құқық, саяси  нормалар, әдет- ғұрып, мораль;
  • Функционалдық  - саяси әрекеттің тәсілдері, саяси жүйе;
  • Идеологиялық - саяси сана, қоғамдағы үстемдік идеология.

 Саяси жүйенің негізгі  элементтері: саяси және құқықтық  нормалар, саяси құрылыс, саяси  іс-әрекет, саяси сана және саяси  мәдениет.

 Қоғамның мүдде-мақсаты  объективтік тұрғыдан қалыптасады.  Ол мүдде-мақсатты іске асыратын, орындайтын күштер субъективтік  жолмен қалыптасып, жұмысқа кіріседі. Олардың ішінде ең негізгі  басқарушы, ұйымдастырушы, реттеуші, шешуші күш - саяси жүйе, одан  кейін мемлекет. Субъективтік күштердің  дамуының негізгі шешуші себептері  сол күштердің (мемлекет, қоғамдық  ұйымдар, бірлестіктер, одақтар,  еңбек ұжымдары, саяси ағымдар,  партиялар т.б.) арасындағы үзіліссіз  дамып жататын қайшылықтар. Қоғамның  даму процесінде бұл қайшылықтар  өмір тәжірибесінен өтіп, шыңдалып  дұрыс саяси  жүйесін қалыптастыруға, дамытуға зор үлес қосып отырады.  Бұл субъективтік қайшылықта  екі жақты субъектілер болады. Оларда қоғамның мүдде-мақсатын  іске асыру страгегиясы бірдей, ал тактикасы әр түрлі болады. Осы әр түрлі тактикалардың  арасындағы  үзіліссіз қайшылықтар  субъективтік күштерге нәр беріп,  саяси жүйені дұрыс қалыптастыруға, дамытуға шешуші ықпал жасап  отырады. Соның  нәтижесінде  қоғамда демократиялық бағытта  әділетті саяси жүйе қалыптасқан,  оның негізгі мазмұны мемлекеттің констритуциясына, құқықтық нормаларына кіріп, саяси жүйенің даму заңдылықтарына айналады, оның түрлері: таптық, топтық, ұлттық, әлеуметтік, саяси, нәсілдік, халықаралық, мемлекетаралық т.б. қайшылықтар. Ол қайшылықтарды бейбітшілік жолмен реттеп, бір келісімге келіп, саяси жүйенің, біліктің дұрыс дамуына мүмкіншілік жасалып отырады.

Қоғамның саяси жүйесіндегі  мемлекеттің алатын орны өте зор, өте жауапты. Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының  дұрыс, жағымды дамуына жауапты  және сол жауапты жұмыстың басым  ауыртпалығын мемлекет өз мойынына алады.

 Сонымен, жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз - қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы.

Информация о работе Саяси жүйелердің түрлері