Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2013 в 21:21, реферат
Әлемдік саяси үрдіс саяси ғылымдағы аса күрделі категория. «Саяси процесс» ұғымы барлық қоғамдық ғылымдарда кеңінен қолданылады. Бұл ұғымның мәнін анықтау үшін, жалпы «процесс» терминінің мәнін айқындаудан бастау керек. «Процесс» термині латынның жалғасы, қозғау сөзінен шыққан, ол: біріншіден, өзінің бағыты бар белгілі бір қозғалысты, қозғалыстың қайсыбір барысын, ретін, дамуын; екіншіден, жәй-күйдің, сатының, эволюцияның табандылықпен ауысуын; үшіншіден, белгілі бір нәтижеге жету үшін табанды қимыл-әрекеттердің жиынтығын білдіреді. Демек, «процесс» терминінің әмбебаптық сипаты бар, өйткені ол табиғат пен қоғамның шынайы және тұрақты қалпын көрсетеді.
Осыған орай
вертикальды-ұйымдастырылған
Саяси ықпал
ету объектілері бойынша және
мазмұны тұрғысынан саяси процесс:
ішкі саяси және сыртқы саяси процесс
болып бөлінеді. Олар ерекшелікті
пәндік саласымен, субъектілердің өзара
әрекет етуі, институттардың өмір сүруі,
дамуы тенденциялары және заңдылықтарының
тәсілдерімен өзгешелінеді. Ішкі саяси
процесс саясаттың
Ішкі саяси
процестердің ерекшеліктерін түсіну үшін
азаматтардың саяси белсенділігін
институттендірілген формасының жетекші
рөлі мен маңызын естен шығармаған
жөн. Сонымен биліктің ұйымдық
құрылымы саяси процестің негізі
болып табылады, өйткені ол халықтың
қайсыбір деңгейдегі белсенділігін
талап етеді, азаматтарды саяси
мобилизациялау құралдарының жиынтығын
және басқарудың басымды әдістерін
анықтайды. Саяси ұйымдастырудың қозғалмалығы
мен мобилдігіне саясаттың
Сыртқы саяси процесс халықаралық істерді жүргізу өнері ретінде басқа мемлекеттермен қарым-қатынасқа тарайды. Сонымен қатар сыртқы саясат олардың өзара қарым-қатынастарын реттейді.
Дүние жүзінде мүдделері сәйкес келмейтін және әр салада үйлеспейтін бағдарламалары бар көптеген мемлекеттердің өмір сүруінен туындаған ерекшеліктерді сыртқы саяси процесс иемденген. Қазіргі жағдайда сыртқы саяси процесс келіссөз жүргізу өнеріне айналып, екі жаққа да тиімді саяси келісімге жету құралы болып отыр.
Билікті қайта құрудың жылдамдығы мен көлеміне, сипаты мен әдістеріне қарап саяси процесті эволюциялық және революциялық деп те бөледі3.
Революциялық сипаттағы саяси процесті билікті салыстырмалы түрде тез сапалы өзгеруі, шешім қабылдау тәсілдерінің өзгеруі, саясатқа қатысу жолдары мен механизмдерінің өзгеруі ерекшелейді. Бұл процесс қоғам өмірін түбегейлі төңкеру болып саналады. Оның барысында мемлекеттік биліктің және үстем етуші меншік формасының ауысуы болады. Революциялық саяси процесс салыстырмалы түрде қысқа саяси мерзім ішінде бейбіт және күштеу құралдарымен жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай кезеңдерде, әдетте, электоральдыққа сенім білдіру стихиялыққа орын береді, бұқаралық саяси қозғалыстардың еркін формалары алға шығады.
Эволюциялық саяси процесте саяси билік құрылымындағы өзгерістер біртіндеп қайта құрулар және реформалар жолымен іске асады. Саяси дамуы мен өмір сүрудің мұндай сипаты әр түрлі саяси субъектілердің белгілі бір функциялары мен рөлдерді бөлуге шешім қабылдау механизмдерінің тұрақтылығына арқа сүйейді. Биліктің заңдылығы және әдеттегідей басқарушылар мен басқарылатындардың ортақ социомәдени құндылықтарының және бағдарларының болуы, келісім этикасының және конструктивті оппозицияның болуы саяси процестің эволюциялық жолымен жүруінің негізі болып табылады.
Эволюция мен революцияның өзара тығыс байланысқан қозғалыстың, табиғат пен қоғамның дамуының екі формасы екенін айту керек. Саяси эволюция әрбір жеке алынған елде әрқашанда бірегей құбылыс, оның ұлттық тарихының элементін құрайды. Сонымен бірге бір топ елдерде эволюция элементтері ұқсас болуы мүмкін. Оның себептеріне салыстырмалы түрдегі тарихи жағдай, мәдени және діни құндылықтардың ортақтығы және с.с. жатады.
Саяси эволюция заңдылықтарын естен шығару, революциялық қарсыласуды қалыптастыруға жол береді, қоғамдық дамудың нормальды прогресін үзіп жібереді, мемлекет пен қоғамды қатал конфронтация жолына түсіреді.
Әлемдік саяси процеске қатысушылардың өз функцияларын көпшіліктің алдына іске асыруы мемлекеттің өз міндеттерін, қабылдаған шешімдерін сөзсіз орындауы немесе анық орындамауы тұрғысынан алғанда саяси процестер ашық және жасырын (көлеңкелі) түрлерге бөлінеді.
Ашық
саяси процестерге топтар мен
азаматтардың мүдделері партиялар
мен қозғалыстардың бағдарламаларында
айқындалады, сайлауларда дауыс
беруден білінеді, бұқаралық ақпарат
құралдар арқылы мәселелерді талқылаудан
көрінеді, азаматтардың билік институттарымен
байланысынан байқалады, қоғамдық пікірді
есепке алу арқылы және т.с.с. көрініс
табады. Демократиялық мемлекеттерде
саяси процестің ашықтығы деп
жұртшылықтың саяси шешімдерді қабылдауға,
бағдарламаларға түзетулер
Ашық саяси процеске қарама-қарсы тұрған жасырын саяси процестер жұртшылықтың алдында бекітілмеген саяси институттар мен билік орталықтарына арқа сүйейді, олардың рөліне тыйым салынған, сол рөлді жария емес және мойындалмаған қоғамдық құрылымдар атқарулары мүмкін.
Жасырын, көлеңкелі саяси құрылымдар биліктің жоғарғы және орта деңгейінде орнығады. Бұл жерде әңгіме мемлекеттердің, мекемелердің, жасырын әрекеттері туралы, құпия құжаттары, бұйрықтары жөнінде, құпия функциялы органдардың және толық жасырылған мекемелердің өмір сүретіндігі туралы болып отыр. Ресми адамдар мен билікте заңсыз қызмет түрі жемқорлық-коррупция пайда болуы мүмкін, саяси емес сипаттағы жасырын (көлеңкелі) құрылымдардың (қара базар, қылмыс, мафия) жария мемлекеттік құрылымдармен бірігіп кетуі қаупі бар.
Саяси процеске саяси қатысушылардың сипаты тұрғысынан ангажирламау және ангажирлау (ерікті және рұқсат етілген) болады. Ангажирламау саяси процестер азаматтардың мемлекетпен қатынаста және биліктің басқа да институттарымен еркін саяси қатысуларын жорамалдайды. Ангажирлау саяси процестерде азаматтарға саяси қатынастардың формаларын таңу және басқару шешімдерін қабылдаудың қатаң орталықтанған әдістерін таңу басым болады. Саяси процестің ангажирлау типіне, мысалы, теократиялық топтардың, әскери элитаның, авторитарлы лидерлерімен монархтардың немесе елдегі жалғыз партияның шешім қабылдауларын және саясатқа араласу формаларын санауға болады.
Өз
кезегінде саяси процестің
Адамдарды топтап жұмылдыру үкіметке белсенді түрде және мақсатты бағытталған ықпал жасауға мүмкіндік береді және оны қажетті іс-әрекет етуге итермелейді.
Қоғам үшін қайсыбір әлеуметтік қатынастарды саяси реттеудің формаларының маңыздылығы тұрғысынан айтқанда саяси процесс базалық және шет аймақтық болып бөлінеді. Базалық саяси процестерді саяси өмірдің әр саласындағы алуан түрлі өзгерістер сипаттайды4. Олар оның базалық модификациясына, жүйелік қасиеттеріне қатысты нәрсе. Бұған, мысалы, әлеуметтік топтардың мемлекетпен қарым-қатынасын тәсіл ретінде саясатқа қатысуын, басқару шешімдерінде халықтың талаптары мен мүдделерін жаңғыртудың формаларын, саяси элитаны қалыптастырудың типті тәсілдерін және т.б. жатқызуға болады. Осы сарында мемлекеттің материалдық күштерін қолдаудың негізгі бағыттарын анықтайтын мемлекеттік басқару процесі турасында да айтуға болады.
Сайып келгенде, базалық саяси жүйенің негізгі элементі мемлекеттік органдары мен бұқара халықтың өзара әрекетінен құрылады. Осындай өзара әрекеттен саяси бағыт-бағдар жасалады, ол қоғамның басым көпшілігінің маңызды биліктік мүдделері мен талаптарын білдіруге және іс жүзіне асыруға бағытталған.
Шеткі аймақтық процестер қоғам үшін айтарлықтай аса маңызды емес салдарлы өзгерістерді білдіреді. Мысалы, ондай өзгерістер олар негізінен жеке аймақтардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінде, нақты саяси партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, мүдделік топтардың және т.б. қалыптасуымен өзара әрекеті саласына шоғырланған.
Сондықтан да олар билікті атқарудың басымды формаларына және тәсілдеріне принциптік деңгейде ықпал ете алмайды.
Әлемдік саяси жүйе институттарының өзара қатынасының тұрақтылығы тұрғысынан саяси процестер тұрақты және тұрақсыз болып бөлінетінін айтуымыз керек.
Тұрақты саяси процесс қайсыбір күштер мен тенденциялар қарсылық етуіне қарамастан саяси қатынастардың тұрақты ұдайы өндірілуін ұйғаратын анық белгіленген бағыттық өзгерістерді, биліктік қатынастардың бағыттық типтерін, билік ұйымдастыру формаларын білдіреді. Сонымен ол азаматтардың тұрақты институттендірілген саяси жұмылдыру формасы мен мінез-құлқын, сондай-ақ саяси шешімдер қабылдаудың функционалды меңгерілген механизмдерін сипаттайды. Тұрақты саяси процесс тұрақты әлеуметтік құрылымға, жұрттың өмір сүру деңгейінің артуына, режимнің заңдылығына, жоғары саяси мәдениетке негізделеді. Азаматтар ойын ережесін қолдайды, билікке сенім білдіреді. Саяси процеске қатысушылардың бәрі ынтымақтастыққа, ымыраға келетін шешімдер іздестіруге икемделеді, оларды біртұтас саяси құндылықтар жолын ұстаушылық біріктіреді. Өйткені үкімет өз шешімдерінде қоғамдық пікірді ескеріп отыратындықтан адамдар өздерінің билікке ықпал ету мүмкіндік сенімін береді.
Тұрақсыз әлемдік саяси процесс саяси бағытты өзгертудің қажеттігі ретінде әдетте биліктің, режимнің дағдарысы мен заңдылығын жойған жағдайда пайда болады. Оның: өндірістің құлдырауы, халықаралық қатынастардың шиеленісіп кетуі, өмір деңгейінің төмендеуі, әлеуметтік шиеленістер, қайсыбір әлеуметтік топтардың дискриминациялануы, олардың өз қоғамдық мәртебесіне қанағаттанбауы және сол сияқты әр түрлі себептері болуы мүмкін. Саяси процестің тұрақсыздығы сайлаушылардың қажетті қоғам даму жолын таңдауындағы кенеттен жалтақтауынан және оппозицияның белсенділігінен, үкіметті сынаудан, саясаттағы қиғаштықтардан және т.б. анық көрінеді. Осындай жағдайда басқару шешімдерін қабылдау кейде импульстік сипат алады, құқықтық және моральдық нормалардың реттеушілік рөлі шектен тыс құлдырайды. Және де билік қатынастары мен механизмдерінің мұндай күйі уақытша ғана болмайды, ол тұрақты және ұзақ мерзімдік сипатқа айналады.
Саяси процестердің барлық типтері таза күйінде өте сирек кездеседі, өмірде олардың тығыз өзара байланысымен өрілуі тұрақты түрде болады. Алайда олардың жіктеп қарастыруы саяси өзара әрекеттің ең типтік белгілерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, саяси процестің типологиясы кейбір идеалдық типтерді теориялық жіктеуге жол берудің нәтижесі деуге болады.
Сонымен, тұжырымдай айтқанда, саяси процесті өзі дамитын нақты жағдайлардан бөліп қарауға болмайды, өйткені ол өз саяси жүйесінің өмір сүруімен шектеліп қана қалмай, саяси ситуацияға қалай да ықпал ететін қоғамның бүкіл салаларын қамтиды.
Бақылау сұрақтары:
1. Әлемдік саяси процесс дегеніміз не?
2. Әлемдік саяси процестің мәні қандай?
3. Саяси процестің негізгі сатылары қандай?
Негізгі әдебиеттер:
1. Жеребкин М.В. Политический процесс: типология и режимы функционирования. –М., 1999. –С.10-15.
2. Политология. Словарь-справочник. – М., 2001. – С. 213-216.
3. Әбсаттаров Р.Б. Саяси элиталар және саяси көшбасшылар: теориялық талдау // Хабаршы. «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы. - Алматы: Абай ат. ҚазҰПУ, 2004. – №4(8л ). - 91-б.