Конституциялық құқық-ҚР жетекші саласыретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 13:09, реферат

Краткое описание

Конституциялық құқық-ҚР құқық жүйесінің жетекшісі салаларының бірі ретінде-ол өзінің ішкі тұтастұғымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктермен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Конституциялық құқық.docx

— 30.04 Кб (Скачать документ)

Конституциялық құқық-ҚР жетекші саласыретінде

Конституциялық құқық-ҚР құқық жүйесінің жетекшісі салаларының бірі ретінде-ол өзінің ішкі тұтастұғымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктермен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.

Конституциялық  құқық пәнін оның нормаларымен реттелтін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей баланысты жүргізіледі.

Конституциялық құқық  пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеуге мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттілігін анықтап алу керек. Ал ол үшін,реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу қажет.

Конституциялыққұқық нормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын; саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі,базалық қабаттарда ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.

 Конституцялық құқық,  тұтас алғанда, құқықтың реттеу  әдістері деп аталады, белгілі  бір тәсілдер мен әдістердің  көмегімен мемлекеттік және қоғамдық  қатынастарды реттейді. Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:

  1. Міндеттеу әдісі; 2. Тыйым салу әдісі; 3. Рұқсат ету әдісі; 4. Тану әдістері қолданылады.

Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғалалға да қатысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.

Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдарының өкілеттілігін белгілеу кезінде де қолданылады.

Құқықтың  реттеудің тағы бір әдісі тану әдісі де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс обьективті фактордан-адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды.

Конституцияның  құқықтық нормалары сала ретінде  конституциялық құқықтың тура және тікелей  қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша қайнар көзі ретінде сипатталады:

1.ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық заңдардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнатылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік-құқықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.

2.ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды және реттемейд. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.

3.Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда, ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР қабылданған заңдар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған қайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР Конституциясында  оның қағидаларының жоғары заңдық күшін  қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.

4.ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық қана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларының бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың, мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.

5.Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік-құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелегентараптарын қамтиды. Ал, ҚР Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.

6.Сондай-ақ, Конституция-констуциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың, ерекше тәртібін белгілеумен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп  Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын  қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.

7.ҚР Конституциясының тағы бір өзіндік қыры-онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жай заңдары, Президенттің нормативтік жарлықтары мен қауылары, ҚР Үкіметінің қауылары, заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариалау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.

ҚР  конституциялық құқығының мемлекеттік  мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық зандар жатады. ҚР конституциялық заңдарының өзіндік ерекшелігі-олар Конституцияға өзгерістер мен толықтаулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР конституциялық заңдарын қабылдауға іс жүргізу Конституцияға өзнерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуінде ерекшеленеді.                                                                                                

 

Қазақстан Республикасының 

Конституциясы-мемлекеттің Ата Заңы.

1993 жылы 28 қаңтарда егеменді тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бірінші Конституциясы қабылданды. Ол құқықтық мемлекет құру, оның мемлекеттілігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылатын тарихи орын алатын ҚР Конституциясы болды. Алайда, қоғам дамуының қажеттілігі негізінде жаңа Конституция жобасы жасалды.

1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдум өткізу (бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен конституция қабылданды. Осы Конституцияға-конституциялық реформалар нәтижесінде екі рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.Алғашқысы 1995 жылдың 7 қазанында болса, екіншісі 2007 жылдың 21 мамырында болды.

Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы  мемлекеттік биліктің қайнар көзі –өзінің  егемендік құқығын баянды етті. Ата  Заң қабылданған күн демалыс, мемлекеттік мереке-ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.

Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртінші Ата Заңы ( 1937, 1978, 1993, 1995). Оның  құрылымы кіріспеден, 9 бөліменен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.

Конституцияның  ең жоғары заңдық күші бар және ол ҚР бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Мұның өзі Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтік  актілердің нормаларынан үстем екендігін көрсетеді. Кейінгі екі Конституцияның алдыңғы екеуінен елеулі айырмашылығы сол-бұлар тұнғыш рет мемлекетіміздің тәуелсіздігі, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырды.

Жаңа  Ата Заңда құқықтық мемлекеттің  қалыптас бағыттары, азаматтардың құқықтары  мен бостандықтары, соның ішінде жеке адамның еркіндігі, идеологиялық және саяси әр алуандығы( сөз және шығармашылық бостандығы, саяси партиялар  мен бұқаралық партиялар, бұқаралық  қозғалыстар бірлестігін құру еркіндігі), халық билігін жүзеге асырытын демократиялық  амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет ету әлемдік талаптарға сәйкестендірілген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейімделіп тұжырымдалған.

ҚР  Конституциясы барлық заң салаларының  негізгі болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшін басты  заңдар болып есептеледі.

ҚР  Конституциясының кіріспесінде Ата  Заңды қабылдаудың себептері  мен мақсаттары былай түсіндірілген: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшілік азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүние жүзі қоғамдастығында лайықты орын алуды көздей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершілігімізді сезіне отырып , өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». Ата Заңның бұл бөлігі саяси және идеология тұрғысынан алғанда аса маңызды. Өйткені, бұл Ата Заң ҚР демократиялық, зайырлы, құқықтық және әулеметтік мемлекет құрудың конституциялық негізін қалады.

Осыдан  келіп, ҚР мынадай негізгі мақсаты  туындайды: өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамды және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекіту; өз елінде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбітшілікті, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдістерін орнықтыру; байырғы қазақ жерінде мемлекеттік бірлікті сақтау; республиканың тәуелсіздігін сақтап, ұстап тұру; ҚР демократиялық негіздерінің мызғымастығын бекіту.

Осыған  орай республика қызметінің түбегейлі  қағидалары айқындалады, олар:

-қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық;

-бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;

-қазақстандық патриотизм;

-мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламенттік дауыс беру арқылы шешу.

Ата Заңның негізгі бөлігінде азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемлекеттік буындардың жүйесі мен  мәртебесі туралы               ( Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, соттар және сот төрелері, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару) нормалары тұжырымдалған.

Қортынды  және өтпелі ережелер мазмұндалған  соңғы бөлімінде Ата Заңға  өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі, конституциялық заңдар мен  өзге де заңдарды қабылдау рәсімі сөз  болады. Ата Заң құрылымына  жасалатын  талдау оған негіз болған конституциялық идеялардың айқын көрінісін береді.

«Жалпы  ережелер» деп аталатын бірінші  бөлімінде жаңа конституциялық құрылысқа  сапалық сипаттама беріген, яғни Конституця бойынша республикада мемлекеттік  билік біртұтас, ол Конституция мен  заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөліну, олардың тежемелік  әрі тепе-тендік жүйесін пайдалану арқылы, өзара қимыл жасау қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлімде осыған орай Конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қатынастарынан туындайтын негізгі қағидалар тұжырымдалған, олар:

-Қазақстан халқының толық билігі(егемендігі);

    -мемлекеттік билікті жүзеге асыру барысындағы пікір еркіндігі;

-Конституцияның үстемдігі (жоғары тұратындығы);

-Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы;

-мемлекет билігінің бөлінісі;

-адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделері.

-мемлекеттік тіл саясатының кепілдігі, т.б.

Адамзаттық  қоғамда мемлекет адам мүддесі үшін жұмыс істейді, мемлекеттік билік заң шығарушысы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлініп, олардың тежемелік, тепетең жүйесі пайдалынады.

ҚР  конституциялық құрылысының мазмұны  саяси, экономикалық негіздерден, әлеуметтік саясат негіздеріненн, ішкі саясат негіздерінен құралады. Олар ҚР Конституциясының 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 12, 14, 26-баптарында тұжырымдалған.

Конституцияның  бірінші бабының, бірінші тармағында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әулеметтік мемлекет ретінде орнықтырады»,-деп жариялаған.

ҚР азаматтарының саяси  құқықтары мен бостандықтары.

Азаматтық түсінігінің өзінде саяси мағына бар, яғни адамзат пен мемлекеттің  өзара саяси байланыстығын көрсетеді. Демек азаматтар мемлекетті басқаруда, қоғамдық істерде қатыса алуы үшін белгілі құқықтар мен бостандықтарға ие болу тиіс. 

Саяси құқықтардың ең негізгі өкілді органдарды (аудандық, қалалық, облыстық, маслихаттар, парламент) қалыптастыруда азаматтардың тікелей қатысуы. Азаматтар мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.

Конституция бойынша азаматтар бейбіт әрі  қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізу және тосқауылдарға тұруға хақылы. Мемлекет органдары азаматтардың заңды  мұндай әрекеттеріне кедергі жасамауға  тиіс.

Азаматтар қоғамның саяси өмірінде белсенді қатысу мақсатында қоғамдық бірлестіктер құру құқығын пайдалынады. Діни бірлестіктер саяси өмірге қатыса алады. Олардың ережелері мен бағдарламалары Конституция көлемінде түзілу керек.

Азаматтардың  мемлекеттік қызметке лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына байланысты болады және олар заңмен белгіленеді.

ҚР азаматтарының экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары.

Әркімнің  экономикалық құқықтары мен бостандықтары, оның материалдық өндірісте және материалдық байлықты бөлуде қатысу мүмкіндігін жүзеге асыру үшін керек. Оның әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары адамның рухани және жеке талаптарын қанағаттандыру үшін қажет.

ҚР  Конституциясы бойынша азамат заңды  түрде аған қандай да болса мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.

Әркімнің  еңбек ету бостадығына, қызмет пен  кәсіп түрін еркін таңдауына  құқығы бар. Экономикалық құқықтар жүйесінде  бұл негізгі орын алады. Седебі, еңбекке  қабілетті әрбір адам өз еңбегімен  күн көруге заңды мүмкіндігін  алады.

Конституция бойынша еріксіз еңбекке соттың үкімі  бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол  беріледі.

Конституцияда азаматтардың демалу құқығы бекітілген. Жұмыс күнінің ішінде үзілістің  болуы, апталық демалыс күні, жыл  сайын берілетін еңбек демалысы, мемлекет тарапынан белгіленген  мейрам күндері-тынуға құқығының түрлері болып танылыды.

Қазақстан азаматтарының денсаулық сақтау құқығы бар. Олар заңмен  белгіленген кепілі медициналық  көмек көлемін тегін алуға хақылы. Сонымен қатар,мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналасушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі. Мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.

Информация о работе Конституциялық құқық-ҚР жетекші саласыретінде