Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 16:05, реферат

Краткое описание

Байқоныр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрым-сонды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста неше түрлі космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарының ешқандай бөлігінде кездеспейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері.docx

— 20.31 Кб (Скачать документ)

Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері

Байқоныр космодромы қазақ  жеріндегі ең үлкен және өте күрделі  инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрым-сонды  жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста  неше түрлі космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран-тасымалдаушыларды  сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми-зерттеу жұмыстары  жүргізіледі. Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарының ешқандай бөлігінде кездеспейді.

Сол себептен Байқоңыр космодромы жер жүзі халықтарының назарын аударып, аландатып отырады. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне үшырау мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, өскери қару -жарақтардьщ  жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Сондықтан да Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып  есептелінеді.

Космодромда неше түрлі өнеркәсіп  және шаруашылық орын-дары бар. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың. зымыран-тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын  және жылдамдығын анықтайтын электронды есептсу орталығы бар.

Космодром 1957 жылы салынған. Оның орталығы – Байқоңыр қаласы. Онда осы кезде 60 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшыру кешені, 15 зымыран ұшырататын қондырғылар  бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан  корабльдері мен зымырдандыры осы  Байқоныр космодромынан ұшырылған. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, космонавттардың денсаулығын  бақылайтын мсдициналық орталық, 1-класқа жататын екі аэродром, сұйық отгек, сұйық азот өндіретін завод, электр жылу жүйесі, газ құбырлы (газ турбиналы) электр станциясы, 470 шақырым темір  жол, 1280 шакырым автомобилвдер жүретін  магистрал, электр, жылу, сумен қамтамасыз ететін жүйелері бар. Космодромның құрылысы алғашқы кезде тым құпия болған. Көп салынған жүйелер мен құрылыстар объектілерді жасырын түрде жүргізілген. Осы аймаққа космодром саламыз  деп Ресей үкіметі ешкімнен сұраған  жоқ. Қазақстан Республикасының  басшыларын көздеріне де ілмеген. Мұның  негізі де бар еді. Қазақ жерін  олар билеп-төстеп, өздерінің меншігіне  ежелден айналдырып алған болатын. Қазақ жері ашық айтылмаса да, орыс елінің бір отары (колониясы) ретіндс саналатын. Қазақ елінің жерге деген билігі жоқ болатын,

Байқоныр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда  облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы  келеді. Қысы суық, жаз айлары ыстық, жауын-шашын аз түседі. Небәрі 90-150 мм. Сол себептен ауа райы ылғалсыз болып  келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып  тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар болмайды. Тек қана км белестері  мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай  бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердін  систематикалық түрлері де өте аз. Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен  айтқанда — эфемерлер. Көктем айларында  құлпырып өсіп, жер-көкті жасыл түске  бөліп, қызыл-жасылды бәйшешектер  атып, ұрық береді дс, жаз айлары туысымен олар тіршілігін жойып қурап қалады. Дегенмен, мал жайылатын жайылымдар бұл аймақта көп. Шөбі шүйгін, жұтымды  келеді. Малдар тез арада қонданып кетеді. Ол жайылымдар космодром салынуына  байланысты түгелімен жойып кеткен. Малға азық болатын шөптердің  барлығы құрып, уланып біткен.

Байқоңыр космодромының  көлемі 6717 шары шақырым. Ол солтустіккс  қарай 75 шақырым, ал батыстан шығысқа  қарай 90 шақырым қашықтыққа созылып  жатыр. Байқоңыр космодромын салуға байланысы 20000 гектар жер шаруашылық айналымынан шығьш қалған. Ол жерлер не егін егуге, не бау-бақша өсіруге, не мал жаюға жарамай, рәсуі болып  қалған. Мұнда бұрынгы кездс малдар қысы-жазы өз аяғымен жайылып жата беретін еді, ұшы-қиыры жоқ сол  малдардан, бір бас малды осы  күндерде кездестіре алмайсыз. Зымыраңдардың  қатты дыбысы малдардың, адамдардың зәресін алады. Сондықтан да малдар бұл жақта қайдан өссін. Шу – экологиялық  факторлардың ішіндегі ең бастысы. Адам ағзасына, малдарға айрықша әсер етеді.

Бұл аймақта ерсілі-қарсылы  соққан жел көп болады. Кейбір күндері, күшті дауыл тұрып, жердің үстіңгі  қабатындағы топырақтарды ұшырып әкетіп, қара боран туғызады. Осындай қара боранды күндер бір жылдың ішінде 20-25 күн болады. Ал космодром орнағаннан кейін бұл аймақтың ауа райы мүлдем бұзылып кетті. Ауа райының мөлшерден  тыс өзгеруін кейбіреулер Арал тсңізінің  тартылуынан деп есептейді. Өйткені, космодром Арал теңізіне жақын жерге  орналасқан. Қашықтығы 70 шақырымдай жер.

Байқоныр космодромының  айналаны қоршаған ортаға ерекше әсер ететіні кейінгі кезде ғана байқала  бастады. Кейінгі уақытта космодром  орналасқан жердің ауа райын, табиғи биологиялық ресурстарын жан-жақты зерттегенде, космодром айналаны қоршаған ортаға айрықша әсер ететіні байқалады. Ол туралы қолымызда бірнеше ғылыми деректер бар.

Оған бір мысал:

Қарағанды облысының экологиясын  зерттейтін ғалым-экологтардың жүргізген  жұмыстарының қорытындыларына қарағанда, космос корабльдері, космос зымырандары  космос кеңістігіне ұшып кеткеннен  кейін, жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел тұрып, қара боран соғатыны байқалады. Мұндай құбылысты Жезді  ауданының жергілікті тұрғындары да растайды. Ал қыста зымырандар космосқа ұшып кеткеннен кейін 2-3 күн бойы қарлы боран соғатыны белгілі  болды. Бұл аймақта жылына 40-50 күн  бойы күшті жел тұратыны анықталды. Мұндай құбылыстар, бұл аймақта бұрынғы  кезде, космодром орнамай тұрған уақытта болмағанын жергілікті тұрғындар  жіпке тізгендей етіп айтып береді.

Қандай болмасын, ұшырылған  космос корабльдері мен оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған табиғи ортаға елеулі өзгерістср енгізетіні кейінгі кезде айқындала  тусті. Ол өзгерістсрді арнаулы түрде  жүргізілген зерттеулер анықтап  берді. Ол өзгерістер төмендегідей:

1. Ұшырылған космос корабльдері  және басқадай космостық аппараттар  табиғи жолмен ғасырлар бойы  қалыптасқан ауа режімін төтенше  түрде бұып жіберетіні белгілі  болды;

2. Космос корабльдерін  тасымалдайтын зымырандардың пай-даланатын  отындары улы (радиоактивті) қосылыстардан  тұратын болғандықтан, айналаны  қоршаған ортаның мөлшерден тыс  улануына әкеп соғады;

3. Космос кеңістігіне  ұшырылған зымырандар өсімдік  әлеміне, жануарлар дүниесіне  айрықша әсер ететінін арнаулы  түрде жүрзігілген ғылыми-зерттеу  жұмыстары толығымен дәлелдейді. Биосферадағы тірі ағзалардьщ  тіршілік ететін табиғи ортасы  кенет бұзылып кеткендіктен, олардың  биологиялық жүйелері мүлдем  бұзылып кетіп, бірнеше өзгерістер, олардың ішінде өте қауіпті  мутациялық (секірмелі) өзгеріс туатыны  байқалды;

4. Жер бетінде зымырандардың  жұмыстан шыққан бөлшектері құлап  түсіп, оны ластайды (ол бөлшектерде  де радиоактивті қосылыстар бар). Ол жер не егін егуге, не  болмаса мал жаюға жарамай  қалады.

Байқоңыр космодромынан  ұшырылған космос корабльдерінің қалдықтарының  жерге түсетін аймақтары алдын  ала белгіленген. Ол Жезді және Ұлытау аудандары территорияларының 10 пайызын қамтиды. Өйткені зымырандар осы көрсетілген аудандардың территорияларының үстін басып ұшады.

Зымырандарға жағылатын  отын улы (радиоактивті) және усыз қосылыстардан  тұрады.

а) Усыз отынның негізгі  компоненті — сұйық күйіндегі (радиоактивті) оттек пен Т-1 маркалы кәресін, сонымсн бірге сұйық оттек  және сұйық күйіндегі (радиоактивті) сутек болады.

ө) Өте улы зымыран отынның  құрамында – улы тотықтан-дырғыш типіне жататын (радиоактивті) “самин”  және (радиоактивті) “меланж” болады. Сонымсн қатар, симметриялы емес радиоактивті — диметил гидразин (гептил) бар. Осы аталған компоненттер 1-кластағы өте улы қосылыстардың  қатарына жатады. Бұл улы заттар адамзат баласының тіршілігін, әсімдік  әлемін, жануарлар дүниесін айрықша  улаңдырады, Олар биосферадағы барлық тіршілік иелерін жойып жіберуі  де мүмкін.

1957 жылғы 1 қазан айынан 1999 жылғы 21 қаңтарға дейін, яғни 42 жыл ішінде, Байқоңыр космодромынан  1129 зымыран 1115 басқадай космос  кеңістігін зерттейтін аппараттар  ұшырылған. Осы көрсетілгендердің  бәрі Қазақстан Республикасының  экономикасына айрықша үлес қосады  деп кейбір орыс зерттеушілері  даурығады, Мұның бәрі, шын мәнісінде,  бос сөз екенін өмірдің өзі  көрсетіп келеді.

Ұлы конструктор (зымыран  жасау жөніндегі әлемге әйгілі С.П. Королевтің) басшылығымен алғаш рет  космос кеңістігіне ұшып шыққан ұшқыш-космонавт  Ю.А. Гагарин 1961 жылы көкек айының 12 күні “Восток” атты космос кораблімен жер шарын 87 минут ішінде айналып  шықты. Оның биіктікке көтерілген мөлшері 270 шақырым еді. Бұл геостанционарлық орбита болатын. Планетааралық зымырандарды ұшыру тек қана Байқоңыр космодромында  сынақтан өткізіледі. Оның алдында 1957 жыл тамыздың 21 күні космос кеңістігіне  алғаш рет жер серігі ұшырылған  болатын. Ол ұзақ уақыт геостанционарлық орбитада ұшып жүрді де, кейіннен ұшу  үрдісін тоқтатқан соң, әуеде  жанып кетті.

Космос корабльдерінің, зымырандардың  ұшу бағыты күні бүгінге дейін  өзгертілген жоқ. Тек қана Байқоңыр космодромы қазақ жерінде болғандықтан Қазақстан Республикасына бағынатын  болғаны рас. Ал шын мәнісінде, Ресей  Федерациясы өздерінің білгенін істейді. Бізден сұрамайды.

1994 жылы Қазақстан Республикасы  мен Ресей Федерациясы арасында  Байкоңыр космодромын пайдалануға  байланысты және Ресей Фсдерациясына  оны жалға беру үшін үкіметаралық  шарт жасалынып, оған үкімет  басшылары қол қойған. Жал мерзімі  20 жыл деп белгілснген. Ресей  жағы Байқоңыр космодромының  және сол аймаққа жақын жерлердің  экологиясына зиянды әрекет етпейміз  деп міндет алған. Ол міндет  іс жүзінде орындалып жатыр  ма, жоқ болмаса орындалмай жатыр  ма, о жағы бізге беймәлім. Зымырандардың  отындарының қалдықтары түскен  жер арнаулы тәсілдерімсн тазартылу  керск деген келісім шартта  баптар бар. Тазарту жұмыстары  белгілі дәрежеде жүргізілген  емес. Бос сөздер көп. Зымырандардан  түскен қалдықтардың бәрі тірі  ағзаларға өте зиянды. Өйткені  олар радиоактивті заттардан  тұрады. Қазақстан жағы шамасы  келгенінше, экологияны бұзбайтын  тәсілдерді Ресей жағының пайдалануын  қадағалап отырады. Зымыран ұшатынынан 5 күн бұрын, қай мезгілде зымыран  ұшатынын Ресей Федерациясы Қазақстан  Республикасының басшыларына алдын  ала хабарлап отырады. Даулы  проблемаларды дер кезінде шешіп  отыратын тұрақты комиссия бар.  Ол комиссия “Байқоңыр” деп  аталады.

Қандай да болмасын, ұшырылған  зымыран-тасымалдаушылар апатқа ұшырауы  – табиғи құбылыс. Неге десеңіз, техниканың аты техника ғой, ешкім де апат болмайды деп кепілділік бере алмайды. Космос корабльдерін жасағанда, оларды космодромда ұшуға дайындағанда, бірнеше қателер кетуі мүмкін. Зымырандар жер бетінен 40-50 шақырым  биіктікке көтерілгенде, бірнеше  себептерге байланысы кенеттен апатқа ұшырап отыратын жайлары болады. Зымырандар апатқа ұшыраған кезде, олардың бактеріндегі улы (радиоактивті) отындардың жарым-жартысы  әуеде жанып кетеді де, ал қалған аз мөлшері жерге түседі. Олар табиғи ортаны ластауы мүмкін. Ал отын төгілген жерге көресін шашып, оны өртеп  жібереді. Немесе отынның улылығын жоятын бірнеше химиялық препараттар  қолданылады.


Информация о работе Байқоңыр космодромы және оның Қазақстан биосферасына әсері