Қазақстан Республикасында басқару органдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 19:27, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы басқару органдарының мәні мен қызметін, ерекшеліктері мен табиғатын саяси ғылымдардың бүгінгі жетістіктері тұрғысынан терең, жан-жақты, кең ауқымды түрде талдау, сондай-ақ қос Палаталы Парламенттің заң шығарушылық қызметі мен бүгінгі күнгі Праламентаризмнің саяси жүйеде алатын орны және елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар жайында, атқарушы, жергілікті басқару органдары туралы жан-жақты түсінік алу.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3

Қазақстан Республикасында басқару органдарының жүйесі.............5
Қазақстан Республикасында басқару органдарының құзыретін ұйымдастыру.................................................................................................5
Мемлекеттік комитеттер мен министрліктердің қызметін ұйымдастыру.................................................................................................7

Мемлекеттік басқарудағы өкілді органдар............................................10
Парламент – заң шығарушы өкілді орган...............................................10
Үкімет – атқарушы биліктің жоғары органы..........................................13

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары...........................................................................................................17
Жергілікті басқару органдарының құзыреті және қызметін ұйымдастыру...............................................................................................17
Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдары..............20

Қорытынды..........................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курстық жұмыс МБТ.docx

— 63.24 Кб (Скачать документ)

Парламент алдында Үкіметтің есеп беру міндеті бекітілді. Мәжіліс депутаттарының өкілеттіктері кеңейеді: Конституциялық Кеңес, Орталық сайлау комиссиясы, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесін қызметіне тағайындау үшін депутаттар кандидатураларды ұсынатын болады.  Ал Конституциялық Кеңестің құзырына Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Конситутуцияға сәйкестігін қарастыру рәсімі берілді. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана әкімдерін қызметке Президент тиісті мәслихаттардың келісімі бойынша тағайындайтын болды.

Енгізілген өзгерістер билік тармақтарының өзара қарым-қатынастарындағы тепе-теңдігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Парламент рөлі күшейеді. Үкімет Парламенттің белсенді араласуымен жасақталады. Қоғам мемлекетті басқаруға қатысуға барынша мүмкіндіктер алды. Әрине, пропорционалдық жүйемен сайлау өткізу Парламенттегі жағдайды айтарлықтай өзгертті. Осы ретте еліміздің саяси үдерісінде Парламенттің рөлі артып қана қоймай, оның сайлаушылар алдындағы жауапкершілігі де өсе түсті.

Жоғарғы өкілетті органның көпұлтты құрамы күшейтілді. Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжіліске тоғыз депутат сайланғаны белгілі. Мұның ұлтаралық келісім саласындағы біздің баралық жетістіктерімізді әрі қарай дамытуға бағытталған салмақты қадам екеніне сенімдімін.

Еліміздің қолданыстағы Конституциясына сәйкес Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі болып табылады. Бұл принцип біздің саяси жүйемізді жаңғырту поцесінде өзінің өзектілігін жойған жоқ.

Президент депутаттардың жартысын мажоритарлық жүйе, ал жартысын – пропорционалдық жүйе бойынша сайлауды ұсынған мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын одан әрі тереңдете түсті. Сондықтан, Президенттің Мәжіліс депутаттарын пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша сайлауға көшу ұсінісі неғұрлым екшелеген әрі сындарлы болып көрінеді, өйткені өкілділікті қамтамасыз етіп, саяси партияларға еліміздің саяси жүйесіндегі өз рөлін күшейту жөнінде қосымша мүмкіндіктер беруге тиіс. Сенатқа қосымша өкілеттіктер берілетіндігі туралы факті назар аудартады. Олардың қатарына, сөз жоқ, Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылудан туындаған, ол уақытша болмаған кезде заңдар қабылдау бойынша Парламент функциясын  орындау жатады.

Бұдан басқа Ұлттық Банк Төрағасының қызметіне кандидатура Сенатпен келісілетін болады. Мұндай көзқарас Ұлттық Банктің мемлекеттің ақша-кредиттік саясатын іске асыру кезіндегі дербес болу принципіне сәйкес келеді.

Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес Үкіметтің мемлекеттік қызметтер көрсетудің жоғары тиімділігі мен сапасын, қоғам алдындағы ғана емес, Парламенттің алдындағы жауаптылығын белгілейді. Тиісінше, парламенттің Үкіметтің қызметіне тиімді бақылау жасау жөніндегі өкілеттігі күшетілді. 

Қазақстан Республикасының Парламенті Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Заңды қабылдаған 2007 жылдың 18 мамыр біздің еліміздің тарихында кең ауқымды демократияға қадам басқан күні болып енді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жоғарыда жазылғандарды қорытындылай келе, атқарушы биліктің ең жоғары органы - Қазақстан Республикасның Үкіметі – Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын  және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган деп түсінеміз.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымын министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.

Қазақстан Үкіметі – алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері – республиканың Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.

Жергілікті атқарушы органдарға әкімдер және олардың аппараттары жатады.

Әкім – Қазақстан Республикасы Президенті мен Республика Үкіметінің жергілікті атқарушы органдарды басқаратын, қарауындағы аумақта мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын, Қазақстан Республикасның орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімдерінің үйлесімді қызмет жасауын қаматамасыз ететін,атқарушы органдарға басшылық жасайтын, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігіне ие, сол сияқты тиісті аумақтың әлеуметтік және экономиалық дамуына жауапты уәкілі болып табылады.

Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейді.Парламент екі Палатадан : Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Заң шығару процесі – үнемі толысу үстіндегі, динамикалық процесс. Бұл істегі ең жауапты, маңызды мәселе  - заңдардың қоғамда қабылданған нормалармен үйлесіп, қабысып, оның материалдық, ұйымдық және құқықтық жүйесіне «етене» еніп қана қоймай, сонымен бірге қоғамдағы аса күрделі әлеуметтік-экономикалық және рухани қатынастарды бүгінгі және болашақ ұрпақтардың мүддесі тұрғысынан реттеуді қамтамасыз етуі.

Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз – жергілікті өкілдікті және атқарушы органдардың белгілі бір аумақта мемлекеттің саясатын жүргізетін, осы және басқа да заң актілерінде көрсетілген өкілеттіктердің аясында оның дамуына  және осы аумақтағы істің ахуалына жауапты болу үшін

Президент Н. Назарбаевтың бастамасымен Ата Заңымызға енгізілген президенттік басқару формасының орнына  жаңа, яғни президенттік-парламенттік деп атауға болатын жүйенің негізін қалап берді. Осылайша жас мемлекетіміздің тарихында Қазақстанның мемлекеттік құрылысының өзіндік жаңа биігі деуге болатын кезең басталды. Бұл еліміздің жүйелі және сындарлы дамуының заңды нәтижесі.

       Енгізілген өзгерістер билік  тармақтарының өзара қарым-қатынастарындағы  тепе-теңдігін қамтамасыз етуге  ықпал етеді. Парламент рөлі күшейеді. Үкімет Парламенттің белсенді  араласуымен жасақталады. Еліміз демокртиялық дамудың жаңа жолына айқын қадам басты, жас мемлекет енді Президенттік-Парламенттік басқару нысанын жүзеге асыру барысында жаңа саяси реформаларды жүзеге асыруда.

Мемлекеттік биліктің атқарушы бұтағы да реформаланды, жетілдіріле түседі. Елбасының биылғы жылғы  Жолдауында көрсетілгендей, бұл билік тармағы да бұдан әрі ықшамдалып, біраз өкілеттігін жергілікті органдарға береді.

Ұсақ-түйек мәселелердің бәрін орталық билік өз қолында шоғырландырмай, төменгі буындарға ауыстырады. Мұның өзі азаматтардың болмашы мәселелерді шешу үшін Астанаға, облыс орталығына ағылуына азайтады.

Осыған орай Елбасы елімізде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін айқындайтын, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу процесін аяқтайтын заң жобаларын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізуді Үкіметке тапсырды.

Мемлекеттік биліктің атқарушы тармағының қызметін жетілдіруге бағытталған реформалар жүргізудің маңызы зор.  «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді Даму стратегиясына қатысты баяндамасында Президент Нұрсұлтан Назарбаев: «Атқару билігінің құрылымын, қажетсіз қызметтер мен сатыларды таратып, басқару процесін орталықсыздандыру арқылы одан әрі қарай жетілдіре түсуіміз керек.» деп ерекше атап көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері.- Алматы:Жеті Жарғы,2001.- 265-272 б.
  2. Билік жүйесі дамудың жаңа деңгейіне сай болсын // Егемен Қазақстан.- 2003.- 4 сәуір.- Б.2
  3. Жергілікті мемлекеттікбасқару: бүгін және ертең // Егемен Қазақстан.- 2005.- 16 наурыз.- Б.2
  4. Қазақстан Республикасының Конституцяиысының түсіндірме сөздігі .- Алматы: Жеті Жарғы, 1996.- 368 б.
  5. Қалмырзаев Ә. Атқарушы билік // Ақиқат.- 2000.- №1.- б.23
  6. Мемлекет дамуының тамыршысы – халық : Елбасы Жолдауының ғылыми негізі мен сабақтастық сипаты// Егемен Қазақстан.- 2005.- 3 0 наурыз.- Б.2
  7. Жергілікті мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері // Ақиқат .- 2001 .- 3.- Б.42-46

8.  Несіпбай А. Жергілікті басқару  жүйеісін жетілдіру : ел дамуына  жаңа серпін қосады// Егемен Қазақстан.- 2005.- 7 қаңтар.- Б. 2.

  1. Нүкенов А.  Жергілікті басқаруды жетілдіру мәселелері// Саясас.- 2002.- N 7.- Б. 26- 3
  2. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы.- Алматы: Жеті Жарғы, 2004.- 480б.
  3. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Конституциясы : тәуелсіздікке қызмет етудің 10 жылы// Егемен Қазақстан.- 2005 .- 26 қаңтар.- б.1-2
  4. Дьяченко С. Қазақстандық Парламентаризмның эволюциялық кезеңі // Егемен Қазақстан.- 2007.- 25 қазан.- б.5
  5. Жұмабаев Е. Қазақстандық Парламентаризмнің дамуы: Кеше, бүгін, және ертең // Егемен Қазақстан.- 2006.- 16 желтоқсан.- б.5
  6. Көпеев М. Қазақстандағы парламентаризм // Егемен Қазақстан.- 2007.- 18 шілде.- б.2
  7. Қазақстан парламентаризимі : теориялық негіздері және қазіргі деңгейі туралы // Ақиқат.- 2004.- №2.- 23-25 б
  8. Қосмамбетов Т. Парлмамент: оның заң шығарушылық қызметі // Егемен Қазақстан. – 2006.- 16 желтоқсан.- б.5
  9. Парламентаризм  және халық билігі принципі // Қазақстан жоғары мектебі.- 2004. – №1.- 169-176 б.
  10. Парламентаризм – саяси жүйенің маңызды институты // Қоғам және дәуір.- 2004.- №3.- 16-19 б.
  11. Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі // Ақиқат.- 2001.- №12.- 19-25 б.
  12. Мемлекеттікбасқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы // Егемен Қазақстан. 2012. 13 қыркүйек.

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасында басқару органдары