Азаматтық құқық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2013 в 15:56, курсовая работа

Краткое описание

Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және екі кезеңді рәсімдер арқылы аукцион, тендер және конкурс нысанында сауда-саттықта жекешелендіру объектілерін сату тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату және акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

6.doc

— 200.50 Кб (Скачать документ)

Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысы

 

 

      «Мемлекеттік мүлік туралы»  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы  1 наурыздағы Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы бекітілсін. 
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 9 тамыздағы  
№ 920 қаулысымен    
бекітілген    

 

   Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы

 

 

      Жекешелендіру объектілерін  сату қағидасы (бұдан әрі –  Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы»  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы  1 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және екі кезеңді рәсімдер арқылы аукцион, тендер және конкурс нысанында сауда-саттықта жекешелендіру объектілерін сату тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату және акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді.

 

   1. Жалпы ережелер

 

 

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі  ұғымдар пайдаланылады: 
      1) ағымдағы баға – жекешелендіру объектісінің аукциондағы немесе электрондық аукциондағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы; 
      2) бастапқы баға – әрбір жекешелендіру объектiсi бойынша сауда-саттық басталатын баға; 
      3) аукцион – қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны; 
      4) аукцион нөмірі – қатысушыға аукционға немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде электрондық аукционға қатысу үшін берілетін нөмір; 
      5) аукционшы – аукцион жүргізетін және тиiстi аукциондық сауда-саттық жүргiзу техникасын меңгерген, сатушының қызметкері болып табылады не Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен тартылатын жеке тұлға; 
      6) алғашқы баға – тәуелсіз бағалаушының бағалау туралы есебін ескере отырып, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейтін баға; 
      7) екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс – кезең-кезеңдi келiссөздер жүргiзу арқылы қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен сатушы конкурс жеңiмпазын айқындайтын сауда-саттық нысаны; 
      8) ең төменгі баға – жекешелендiру объектiсiн одан төменге сатуға болмайтын баға; 
      9) жабық тендер – қатысушылардың шектеулi тобы қатысатын тендер; 
      10) жекешелендіру объектісі – мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекеме; жекешелендiрiлуi тұйық технологиялық тізбекті бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi; мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкi; акционерлік қоғамдардың акциялары; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестері; акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздар; 
      11) жеңiмпаз – жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға қатысушы; мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі тендерлiк комиссияның қорытындысы бойынша ең үздік шарттар ұсынған тендерге қатысушы; екi кезеңдi рәсiмдер арқылы ең үздік шарттар ұсынған конкурстың екiншi кезеңiне қатысушы; 
      12) инвестициялық тендер – комиссияның қорытындысы бойынша тендердiң шарттарына сәйкес ең жақсы инвестициялық бағдарлама ұсынған қатысушы жеңiмпаз болып танылатын сауда-саттық; 
      13) коммерциялық тендер – жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы жеңiмпаз болып танылатын, тендердiң шарттарын орындауға келiскен қатысушылар арасындағы сауда-саттық; 
      14) қаржы кеңесшiсi – жекешелендiру объектiлерiн сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнiнде консультациялық қызметтер көрсету үшiн екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурсты өткiзу кезiнде сатушы тартатын тұлға; 
      15) қатысушы – аукционға, тендерге немесе eкi кезеңдi рәсiм арқылы конкурсқа қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға; 
      15-1) кепілдік жарнасы – сауда-саттыққа қатысу үшін жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома; 
      16) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген жекешелендіру объектісінің түпкілікті бағасы; 
      17) сатушы (мүлікті иеліктен айыруды жүргізетін адам) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган; 
      18) сатып алушы (ие болушы) – мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару процесiнде мүлiктi сатып алатын жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға; 
      19) сауда-саттық – жекешелендіру түрі; 
      20) сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi – сауда-саттықтың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен арттырылатын әдiсi; 
      21) сауда-саттықтың голландтық әдiсi – сауда-саттықтың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн әдiсi; 
      22) тендер – қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жазбаша жабық конвертте мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны; 
      22-1) Тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, Мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – Тізілім) жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс; 
      23) ұйымдастырушы – жекешелендіру объектілерін дайындауды және сатуды ұйымдастыратын сатушы не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен тартылатын заңды немесе жеке тұлға; 
      24) электрондық аукцион – Тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін сауда-саттық нысаны; 
      25) электрондық аукцион залы (бұдан әрі – аукцион залы) – электрондық аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін Тізілім веб-порталының бөлімі; 
      26) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат; 
      27) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі. 
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      2. Объектіні жекешелендіру туралы шешімді жекешелендіру объектілері туралы ақпаратты Тізілімге енгізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қабылдайды. 
      Мүліктік кешендер ретінде кәсіпорындарды немесе табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында басым немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың мемлекетке тиесілі акцияларын жекешелендіру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды және жекешелендіру түріне нұсқауды қамтуға тиіс. 
      Кәсіпорында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешім қабылдау кезінде осы кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы шешімнің жобасын мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру даярлығы және қорғаныс саласындағы уәкілетті органдармен келіседі. 
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      3. Эмиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген акцияларды сатуға жол берілмейді. 
      4. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін сату «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып, жүргізіледі. 
      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушының үлесін сатып алу немесе қатысушылардың бірі оның бір бөлігін сатуы кезінде үшінші тұлғалардың алдында артықшылықпен пайдаланады. 
      5. Мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттік мүлікті сатуға ұсынған кезде басқаруында осы мемлекеттік заңды тұлға бар мемлекеттік органның жазбаша келісімі қажет. Бұл ретте сатушыға жекешелендіру объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды беру қажет. 
      Қажет болған жағдайда сатушы жекешелендіру объектісінің техникалық және функционалдық сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік беретін құжаттарды сұратады. 
      Мемлекеттік мүліктің баланс ұстаушысы жекешелендіру объектісінің сақталуына және сатып алушыға меншік құқықтары өткенге дейін жекешелендіру объектісі бойынша мәліметтердің дұрыстығына жауап береді. 
      Хабарлама жарияланғаннан кейін баланс ұстаушы жекешелендіру объектісін сатып алуға ниет білдірген жекешелендіру объектісін көруге еркін қатынауды қамтамасыз етеді. 
      Акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату кезінде мәліметтердің дұрыстығына акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылығы жауап береді. 
      6. Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді. 
      Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке төлейді. 
      7. Сатушы жекешелендiру объектiлерiн сатуды Заңда және осы Қағидада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады. 
      8. Сатушының функциялары: 
      1) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жекешелендіру объектісінің құнына бағалау жүргізуді қамтамасыз ету; 
      2) осы Қағиданың 1-тармағының 7) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия шешімінің негізінде әрбір жекешелендіру объектісі бойынша жекешелендіру жүргізу түрін, сауда-саттық шарттарын және нысандарын анықтау; 
      3) сауда-саттық өткізу мерзiмiн белгiлеу; 
      4) сауда-саттықты дайындауды және өткізуді жүзеге асыру; 
      5) мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде жекешелендіру объектілерінің алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағаларын, кепілдік жарнасының сомасын айқындау; 
      6) мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде ең төменгі сатылу бағасын өзгерту, сондай-ақ ең төменгі бағасы бойынша шектеулерді жою; 
      7) мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сатуды жүзеге асырады; 
      8) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату кезінде брокерлік компанияның ұсынымдары бойынша сауда-саттық жүргізу әдісін анықтайды; 
      9) мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде тендер шарттарын анықтау; 
      10) биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзімі мен ұзақтығын, сатудың шекті мерзімдері мен биржалық сауда-саттықтан алу күнін анықтау; 
      11) жекешелендіру объектілерін сауда-саттықтан алу туралы шешім қабылдайды; 
      12) сатып алушының талабы бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары, сондай-ақ егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретінде кәсіпорын болып табылса, жекешеленетін кәсіпорынның жасасқан шарттарының кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы туралы ақпаратты дайындау және ұсыну; 
      13) жекешелендiру объектiсiнде мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары болған жағдайда, объектiнi жекешелендiруге дейiн бұл материалдық құндылықтарды одан әрi орналастыру туралы шешiм қабылдауы үшiн мемлекеттiк материалдық резервтi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органға болатын жекешелендiру туралы алдын ала хабарлау; 
      14) кепілдік жарналар қабылдау; 
      15) ұйымдастырушымен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге, сондай-ақ аукционшы тартылған жағдайда онымен аукционды ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасу; 
      16) сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу барысын бақылауды жүзеге асыру; 
      16-1) электрондық аукционға қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар ұсынған электрондық өтінімдер мен құжаттарды қарау және электрондық аукционға жіберу; 
      17) сауда-саттық жеңімпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуын бақылау; 
      18) қатысушылармен, сатып алушылармен және ұйымдастырушылармен сауда-саттық өткізу рәсімдеріне байланысты есептесулерді жүзеге асыру; 
      19) жекешелендіру жүргізу үшін қажет басқа да іс-шараларды жүргізу болып табылады. 
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      9. Мыналар: 
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес қызметтiң жүзеге асырылуы объектiнi сауда-саттықтарда сатудың шарты болып табылатын түрлерiмен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар; 
      2) ұйымдастырушы сауда-саттықтың қатысушысы ретінде тіркелуге жатпайды. 
      Стратегиялық объектіні сату кезінде сауда-саттыққа шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға, резидент еместердің қатысуы бар заңды тұлғалар мен олармен аффилиирленген адамдарға жол берілмейді. 
      10. Мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде сатып алушы акционерлік қоғам егер соңғысы сатып алушының акцияларына иелік етсе, акционерлік қоғам акцияларының жиырма бес пайыздан астамын сатып ала алмайды.

 

   2. Комиссия

 

 

      11. Сауда-саттықты ұйымдастыру  және өткізу үшін сатушы міндетті  тәртіппен мемлекеттік меншік  объектілерін жекешелендіру мәселелері  жөніндегі тұрақты комиссия (бұдан  әрі – комиссия) құрады, оның құрамына сатушының және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің өкілдері енгізіледі. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды. Сатушының өкілі комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды. 
      Комиссия шешімдері қатысатын комиссия мүшелерінің жалпы санынан қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі сатушы үшін ұсынымдық сипатта болады. 
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      12. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады: 
      1) өз жұмысының регламентiн дербес әзiрлейдi; 
      2) осы Қағиданың 1-тармағының 7) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір жекешелендіру объектісі бойынша жекешелендіруді жүргізу түрі, сауда-саттық шарттары, нысандары мен әдістері туралы шешім қабылдайды; 
      3) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату туралы шешім қабылдайды; 
      4) жекешелендіру объектiсiнiң құнын бағалау туралы бағалаушы ұсынған есепті ескере отырып, жекешелендіру объектiсiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағаларын белгілеу туралы шешім қабылдайды; 
      5) ең төменгі сатылу бағасын өзгерту, сондай-ақ ең төменгі бағасы бойынша шектеулерді жою туралы шешім қабылдайды; 
      6) кепілдік жарна сомасы туралы шешім қабылдайды; 
      7) тендер шарттары туралы шешім қабылдайды; 
      8) жекешелендіру объектілерін сауда-саттыққа одан әрі қоюдың орындылығы туралы шешім қабылдайды; 
      9) биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзімі және ұзақтығы, сатудың шекті мерзімі және биржалық сауда-саттықтан алу күні туралы шешім қабылдайды; 
      10) тендер өткізеді; 
      11) сауда-саттыққа қатысушылардың құжаттарын қарайды және оларды сауда-саттыққа (электрондық аукционды қоспағанда) жібереді; 
      12) сауда-саттық (электрондық аукционды қоспағанда) жеңімпазын жариялайды. 
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      13. Сауда-саттықты өткізуге дайындықты сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз ететін, өтiнiмдерді қабылдауды және қатысушыларды тiркеудi жүргiзетiн, аукционның, тендердің және екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурстың келіп түскен материалдарын комиссияның қарауына беретін сатушы жүзеге асырады. 
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

   3. Сауда-саттықты  өткізуге дайындық

 

 

      14. Сауда-саттықтарды  өткiзуге дайындық мынадай тәртiппен  жүзеге асырылады: 
      1) қажеттi материалдарды жинау жүргiзiледi; 
      2) жекешелендіру объектiсiнiң құнын бағалау туралы бағалаушы ұсынған есепті ескере отырып, жекешелендіру объектiсiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағалары айқындалады; 
      3) осы Қағиданың 1-тармағы 7) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбiр жекешелендiру объектiсiнiң сатылу нысандары мен әдiсi айқындалады; 
      4) жекешелендiру объектiлерi жекелеген сауда-саттықтар бойынша бөлiнедi; 
      5) кепiлдiк жарнаны енгiзу тәртiбi айқындалады; 
      6) сауда-саттықты өткізу мерзiмі белгiленедi; 
      7) қажет болған кезде ұйымдастырушы немесе аукционшы тартылады; 
      8) сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жарияланады; 
      9) кепiлдiк жарналар қабылданады; 
      10) қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi; 
      11) сатып алу - сату шартының жобасын дайындау жүзеге асырылады. 
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      15. Кепiлдiк жарна сатушының деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепiлдiк жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді. Сатушы кепiлдiк жарнаның алушысы болып табылады. 
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      16. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу - сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу - сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады; 
      17. Сатушы мынадай жағдайларда: 
      1) сауда-саттыққа қатысушыға - сауда-саттықтарға қатысудан ол өткiзiлуiне үш күннен аз қалғанда бас тартқан жағдайда; 
      2) жеңiмпазға - ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда; 
      3) сатып алушыға - ол сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды. 
      Қалған барлық жағдайларда кепiлдiк жарналар сауда-саттыққа қатысушының деректемелерін көрсете отырып, қатысушы өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзiмде қайтарылады. 
      18. Сауда-саттық өткiзiлетiндiгi туралы хабарлама олар өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын, ал акцияларды және ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестердi сату кезiнде - сауда-саттық өткiзiлетін күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жариялануы тиiс. 
      Қор биржасында бағалы қағаздарды сату туралы хабарлама сауда-саттықты өткізу мерзімі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жарияланады. 
      Хабарлама қазақ және орыс тiлдерiнде мерзімді баспа басылымдарында және Тізілімнің веб-порталында жарияланады. 
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      19. Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді: 
      1) сауда-саттықтың өткiзiлетiн күнiн, орнын және уақытын; 
      2) сауда-саттықтың нысаны мен әдiсiн; 
      3) жекешелендiру объектiсi туралы мәлiметтерді (акцияларды сату кезінде акциялар эмитентінің атауы мен олар туралы мәліметтер, сатылатын акциялардың саны); 
      4) бастапқы, ал аукцион сауда-саттықтың голландтық әдiсiн қолдана отырып өткiзiлген кезде, сатуға қойылатын жекешелендіру объектiлерiнiң ең төменгі бағасын; 
      5) сатушының кепiлдiк жарнасының мөлшерi мен банктiк деректемелерiн; 
      6) өтiнiмдердi қабылдайтын орны мен мерзімін; 
      7) сауда-саттықтарды өткiзу, оның ішінде сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу, сауда-саттық жеңімпазын анықтау шарттары туралы тәртіпті; 
      8) сауда-саттықтарды ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерiн; 
      9) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтуы тиiс. 
      Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату туралы хабарлама мынадай мәліметтерді: 
      1) сауда-саттықтың басталатын күнi мен уақытын; 
      2) сауда-саттықтың өткізілетін орнын; 
      3) акциялар эмитентінің атауын; 
      4) эмитент туралы мәліметтерді; 
      5) сатылатын акциялардың санын; 
      6) сауда-саттықты ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерiн; 
      7) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтуы тиiс. 
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      20. Әрбiр объектi бойынша хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы мынадай құжаттардың көшiрмелерiнен тұратын құжаттардың пакетін: 
      кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде, жекешелендiрiлуi тұйық технологиялық тізбегін бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерiн, акционерлік қоғамдардың акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталында қатысу үлестерін, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықтарын куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату кезінде: 
      1) сауда-саттыққа қойылатын жекешелендiру объектiсi болып табылатын не акциялары немесе қатысу үлестері жекешелендiру объектiсi болып табылатын заңды тұлғаның жарғысын; 
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы; 
      3) соңғы үш жылдағы қосымшаларымен бiрге және жекешелендiру объектiсiн сату туралы шешiм қабылданған күнге дейiнгi есептi кезеңдегi бухгалтерлiк теңгерiмдердi; 
      4) акционерлiк қоғам акционерлерiнiң немесе серiктестiк қатысушыларының тiзiлiмiнен көшiрменi; 
      5) құны көрсетіле отырып, жарғылық капиталға енген негiзгi құралдардың тiзбесiн; 
      6) кредиторлық және дебиторлық берешектердiң таратылып жазылуын; 
      7) әлеуметтiк сала объектiлерiнiң тiзбесiн, олардың құнын көрсете отырып, акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерi сауда-саттыққа қойылатын акционерлiк қоғамдар мен серiктестiктер ұсынады; 
      8) акциялар эмиссиясының проспектін және эмиссияны тіркеу туралы куәлікті; 
      9) жекешелендіру объектісінің құнын бағалау кезінде есепті; 
      мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкін сату кезінде: 
      1) осы мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерін; 
      2) жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есепті дайындайды. 
      Құжаттар пакетіне қажет болған кезде, инвестордың тәуекелi факторларының талдауы, ұйымды техникалық қайта жарақтау нұсқаларының мүмкiндiктерi туралы деректер, кiрiстілік есептерi, өндiрiс үшiн қажеттi инвестициялардың көлемiн бағалау, өндiрілетiн өнiмнiң әлемдiк немесе iшкi нарықтағы болашақтағы мүмкіндіктерін бағалау енгiзiледі. 
      Хабарлама жарияланғаннан кейiн сатушы барлық ниет бiлдiрушiлердің Тізілім веб-порталы арқылы жекешелендiру объектiсi және сауда-саттықтарды өткiзу ережесi туралы ақпараттарға қол жетімділігін қамтамасыз етеді. 
      Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      21. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және электрондық аукцион басталғанға дейін қырық сегіз сағат бұрын, аукцион басталғанға дейін бір сағат бұрын және тендер және/немесе екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. 
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      22. Аукционға, тендерге немесе екі кезеңді рәсім арқылы конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды: 
      1) осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді; 
      2) жеке тұлғалар үшiн: 
      салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн не көрсетілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн; 
      банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасын; 
      заңды тұлғалар үшiн: 
      салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, жарғының көшiрмесiн немесе көрсетілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн; 
      салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасын; 
      банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасын. 
      Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі; 
      3) кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы мен көшірмесін. Қатысушы сауда-саттықтан кейін жүгінген кезде төлем құжатының түпнұсқасы қайтарылады; 
      4) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың түпнұсқасын, сондай-ақ салыстырғаннан кейін қайтарылып берілетін түпнұсқасын қоса бере отырып, заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін не заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсыну қажет. 
      Акционерлік қоғамдар олардың акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (ақпараттық хабарлама жариялану сәтіндегі) үзінді-көшірменің түпнұсқасын ұсынады. 
      Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі нотариалдық куәландырылған аудармасымен бірге құрылтайшы құжаттарының нотариалдық расталған көшірмелерін ұсынады. 
      Тендерде қатысу үшін ұсыныстар жабық конвертте жазбаша ұсынылады. 
      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      23. Аукционға, тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың өтінімдерін қабылдау және оларды тiркеу талап етілетін құжаттардың толық жинағы болған кезде жүргізіледі. 
      Өтінім қолма-қол тәсілмен берген кезде талап етілетін құжаттардың болуын тексеруді сатушы сол жерде, бір жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады және осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда ұсынылған өтінім тіркелмейді. 
      Өтінім поштамен келіп түскен кезде осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда ұсынылған өтінім тіркелмейді, бұл туралы сатушы өтінім берген тұлғаға бес жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабарлайды. 
      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      23-1. Электрондық аукционға қатысу үшін мыналарды: 
      1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда); 
      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда); 
      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін; 
      4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail); 
      5) ұлттық куәландырушы орталық берген ЭЦҚ-ның жарамдылығы мерзімін көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет. 
      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. 
      Ескерту. Қағида 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      23-2. Электрондық аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттардың: 
      1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; 
      заңды тұлғалар үшін: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың, сондай-ақ банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың; 
      2) қатысушының кепілдік жарна сомасын аударғанын растайтын банк белгісі бар төлем құжатының; 
      3) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың; 
      4) мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде – қатысушының акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты (хабарламаны жариялау сәтінде) қамтитын акционерлердің тізілімінен үзіндінің көшірмелерін қоса бере отырып, электрондық аукционға қатысуға осы Қағиданың 22-тармағында көрсетілген нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған (сканерленген) электрондық өтінімді (бұдан әрі – электрондық өтінім) Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. 
      Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі нотариалдық куәландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелерін ұсынады. 
      Ескерту. Қағида 23-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      23-3. Электрондық аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде осы Қағиданың 23-2-тармағында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін, көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариалдық куәландырылған көшірмелерін салыстыру үшін міндетті түрде көрсете отырып, сатушыға ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. 
      Ескерту. Қағида 23-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      24. Сатушы мен ұйымдастырушыға мыналарға: 
      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сауда-саттықты дайындау және оны өткізудің бүкіл кезеңінің ішінде сауда-саттыққа қатысушыларға қатысы бар ақпаратты жариялауға; 
      3) қатысушы ретінде тіркелу үшін осы Қағиданың 22 және  23-2-тармақтарындааталғандардан басқа, қосымша құжаттар ұсынуды талап етуге жол берілмейді. 
      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      25. Қатысушылардың құжаттары журналда тіркелгеннен кейін сейфте сақталады, аукцион, тендер немесе екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс өткiзiлетiн күні қатысушылардың құжаттары қарау және аукционға, тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурсқа жіберу үшін комиссияға берiледi. 
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      26. Аукционға жiберiлген қатысушы аукциондық нөмiр алады. Сауда-саттық процесiнде аукциондық нөмiрдi басқа тұлғалардың пайдалануына тыйым салынады. 
      26-1. Сатушы электрондық өтінімді Тізілімнің веб-порталында тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электрондық аукционға қатысу үшін жеке және заңды тұлғалар ұсынған электрондық өтінімдер мен құжаттарды қарайды және қатысушының Тізілімнің веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына электрондық өтінімді қабылдау немесе электрондық өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Сатушы электрондық аукционға жіберген қатысушыға Тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі. 
      Сатушының электрондық өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін қатысушының осы Қағиданың 23-1 және 23-2-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаның электрондық өтінімі мен құжаттарын қарау мерзімі аяқталғанға дейін сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның Сатушының шотына түспеуі негіз болып табылады. 
      Ескерту. Қағида 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      26-2. Сатушы аукционға немесе электрондық аукционға қатысудан, оны өткізуден бұрын үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша бас тартқан қатысушының аукцион нөмірін жояды. 
      Ескерту. Қағида 26-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

   4. Аукционды  өткiзу

 

 

      27. Сауда-саттықтың ағылшындық  әдiсiн қолдана отырып, аукционды  өткiзу кезiнде жекешелендiру объектiсiнiң  бастапқы бағасы алғашқы бағаға  тең. 
      Сауда-саттықтың голландтық әдiсiн қолдана отырып, аукционды өткiзу кезiнде бастапқы баға алғашқы бағаны арттырылатын коэффициентке көбейту арқылы айқындалады. Бұл коэффициенттi сатушы белгiлейдi, бiрақ 5-тен кем болмауы тиiс. 
      Аукцион өткізілетін кезде алғашқы, бастапқы және ең төменгi бағаны сатушы белгілейді. 
      28. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      29. Қатысушыларға кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілдік жарнасы қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін осы кепілдік жарнасын енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді. 
      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      30. Жекешелендiру объектiсi алғашында аукционға сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi қолданыла отырып шығарылады. Екiншi және одан кейiнгi аукциондардағы сауда-саттықтың әдiсiн комиссия анықтайды. 
      Сауда-саттықтың ағылшын әдісін қолдана отырып жекешелендіру объектісін екінші және кейінгі сауда-саттыққа қою кезінде объектінің бастапқы бағасы сауда-саттықтың ағылшын әдісімен өткізілген алдыңғы аукционның бастапқы бағасын төмендету арқылы, бірақ 50 пайыздан асырылмай белгіленеді. Сауда-саттықтың голланд әдісін қолдана отырып жекешелендіру объектісін сауда-саттыққа қою кезінде бастапқы ең төменгі баға бастапқы бағаның кемінде 50 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Голланд әдісі бойынша кейінгі әрбір аукцион кезінде ең төменгі баға Комиссия ең төменгі баға бойынша шектеулерді жою туралы шешім қабылдауға рұқсат ететін голланд әдісін қолдана отырып үшінші және кейінгі сауда-саттықты қоспағанда, алдыңғы аукционның ең төменгі бағасын 50 пайызға төмендету арқылы белгіленеді. 
      Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      31. Аукционды аукционшы жүргiзедi. Аукцион оның өткiзу тәртiбiн жариялаудан басталады. Қатысушылар мен қатысып отырған адамдарға аукцион барысына ықпал етуге немесе оны өткiзу ережесiн бұзуға жол берілмейді, олай болмағанда оларды аукционшы аукцион өткiзiлiп отырған залдан шығарып жiберуi мүмкiн. 
      Жекешелендiру объектiлерiн сауда-саттыққа қоюдың дәйектілігі хабарламада белгiленген тәртiпке сәйкес келуi тиiс. 
      32. Әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша аукцион аукционшының сату объектiсiн, қойылып отырған жекешелендiру объектiсiнiң қысқаша сипаттамасын, сауда-саттықты өткiзудiң әдiсiн, бастапқы бағасын және бағаның өзгеру қадамын жариялауынан басталады. Аукцион процесiнде аукционшының ол туралы хабарлай отырып, қадамды өзгертуіне жол беріледі. 
      Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді: 
      1) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгiленедi; 
      2) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгеннен бастап 500 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi; 
      3) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде, және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы 1 пайыз мөлшерінде белгiленедi. 
      Аукционшының объект бағасын қайталап жариялауы арасындағы үзiлiс кемінде 5 секундты құрайды. 
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      33. Аукцион төменде сипатталған екi әдiстiң бiрi бойынша өткiзiледi: 
      1) Сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi: 
      Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын және бағаның арттыру қадамын жариялайды. Аукционға қатысушылар нөмiрін көтере отырып, бастапқы бағаны арттырады, бiрақ жарияланған қадамнан кем болмауы тиiс. Аукционшы аукционға қатысушылардың аукцион нөмiрлерiн жариялайды, бағаларын бекiтедi және оны көтерудi ұсынады. Жекешелендiру объектiсi бойынша аукцион ұсынылған ең жоғары бағаға дейiн жүргiзiледi. Аукционшы жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны жариялайды. Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа нөмiр көтерiлмеген жағдайда балғаны соғып, осы жекешелендiру объектiсiнiң сатылғандығы туралы жариялайды. 
      Жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемiнде екi қадамына артқан жағдайда ғана сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi бойынша жекешелендіру объектiсi бойынша аукцион өткiзiлген болып саналады, бұл ретте бастапқы бағаны екі қадамға арттыруды кемінде екі қатысушы жүзеге асырады; 
      2) Сауда-саттықтың голландтық әдiсi: 
      Аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы бағасын жариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, оны мәлiмделген қадаммен төмендетедi. Аукционшы баға жарияланған кезде аукцион нөмiрiн бiрiншi көтерген қатысушының нөмiрiн атайды және балғаны соғып, осы жекешелендiру объектiсi бойынша оны жеңiмпаз деп жариялайды. Егер аукционшы жекешелендiру объектiсiнiң ең төменгi бағасын жариялаған кезде қатысушылардың бiрде-бiрi осы жекешелендiру объектiсiн сатып алуға ниет бiлдiрмесе, онда бұл жекешелендiру объектiсi аукционнан алынып тасталады. 
      Егер бағаны жариялаған сәтте екi немесе одан көп нөмiр бір мезгілде көтерiлсе, онда аукционшы бағаны жеңiмпаз айқындалған сәтке дейiн белгіленген қадам көлемiне көтере бастайды. Жарияланған қадам аукционның голландтық әдiсi бойынша белгiленген қадамға, бiрақ ұлғайту жағына тең болады. Егер бағаны арттыру кезiнде өз нөмiрлерiн бiр мезгiлде көтерген аукционға қатысушы тұлғалардың бiрде-бiрi оны арттырылған баға бойынша сатып алуға ниет бiлдiрмесе, онда аукционшы жеребе тастау рәсiмiн қолданады. 
      Жекешелендіру объектісі бойынша аукцион, егер оны өткізу сәтіне жекешелендіру объектісін жалғыз қатысушыға сатуға жол берілетін голландтық әдіс бойынша үшінші және кейінгі сауда-саттықтарды қоспағанда, тек бір қатысушы қатысқан жағдайда өтпеген болып саналады. 
      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      34. Әрбір сатылған жекешелендіру объектiсi бойынша аукцион нәтижелерi аукцион нәтижелерi туралы хаттамамен ресiмделедi, оған әрбiр жекешелендiру объектiсi бойынша аукцион аяқталғанда комиссияның төрағасы, комиссияның барлық мүшелерi, аукционшы және жеңiмпаз қол қояды және аукцион өткен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде ол Тізілімге енгізілуге тиіс. Комиссия мүшесi қажет болған кезде өзiнiң айрықша пiкiрiн хаттамада жазбаша баяндайды немесе хаттамаға қоса береді. Аукционшы қажет болған кезде хаттамаға қол қою үшiн он минуттан аспайтын уақытқа үзiлiс жариялайды. Хаттама сатушы, сатып алушы және ұйымдастырушы үшін бiр-бiр данадан жасалады. Ұйымдастырушы аукцион өткiзiлгеннен кейiнгi күннен кешiктiрмей, аукцион нәтижелерi туралы хаттаманың бiр данасын сатушыға береді. 
      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      35. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының сату бағасы бойынша жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу-сату шартын жасасу мiндеттемелерiн тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. Жеңімпаз аукцион нәтижелерi туралы хаттамаға немесе сатып алу-сату шартына белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда осы жекешелендiру объектiсi тағы да сауда-саттыққа қойылады. 
      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      36. Сатушының аукционды ұйымдастыру және өткiзу үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын ұйымдастырушыны, ал аукционды өткізу үшін - аукционшыны тартуына жол беріледі. Сатушының, ұйымдастырушы мен аукционшының құқықтары мен міндеттері мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шартпен реттеледі.

 

   4-1. Электрондық  аукционды өткізу

 

 

      Ескерту. Қағида 4-1-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

 

      36-1. Жекешелендіру объектісінің  бастапқы, алғашқы және ең төменгі  бағаларын айқындау, кепілдік жарнасын  енгізу, электрондық аукцион жүргізу  кезінде жекешелендіру объектісін  бірінші және кейінгі сауда-саттыққа  қою осы Қағиданың 27, 29, 30-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады. 
      36-2. Электрондық аукционға қатысушылар электрондық аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Электрондық аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. 
      Аукцион залында электрондық аукцион Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұманы қоса алғандағы кезеңде өтеді. Электрондық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 17:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі, бұл ретте электрондық аукцион Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден кешіктірілмей басталады. 
      Егер сауда-саттықтың ағылшындық тәсілін қолдана отырып, жүргізілген электрондық аукционның аяқталу сәтінде сағат 17:00-де электрондық аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады. 
      Егер сауда-саттықтың голландтық тәсілін қолдана отырып, жүргізілген электрондық аукционның аяқталу сәтінде сағат 17:00-де электрондық аукцион жеңімпазы айқындалмаса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өтпеді деп танылады. 
      36-3. Егер электрондық аукцион басталған сәтте жекешелендіру объектісі бойынша аукцион залында екі қатысушыдан аз тіркелсе және болса (жалғыз қатысушыға жекешелендіру объектісін сатуға жол берілетін голландтық әдіс бойынша үшінші және келесі сауда-саттықтарды қоспағанда), осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады. 
      36-4. Бағаны өзгерту қадамы былайша белгіленеді: 
      1) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 10 пайыз мөлшерінде белгiленедi; 
      2) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 100 000 еселенгеннен бастап 500 000 еселенгенге дейінгі мөлшерінде болған кезде өзгерту қадамы 5 пайыз мөлшерінде белгiленедi; 
      3) жекешелендiру объектiсiнiң бастапқы немесе ағымдағы бағасы айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің 500 000 еселенген мөлшерінде, және одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы 1 пайыз мөлшерінде белгiленедi. 
      Электрондық аукцион төменде көрсетілген екі әдістің біреуі бойынша жүргізіледі. 
      36-5. Сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша электрондық аукцион: 
      1) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі осы Қағиданың 36-4-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады; 
      2) егер аукцион залында электрондық аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі осы Қағиданың 36-4-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 
      3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады. 
      Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша электрондық аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. 
      Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны ұлғайтудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша электрондық аукцион өткізілген болып танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. 
      36-6. Сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша электрондық аукцион: 
      1) егер электронды аукцион басталған сәттен бастап бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі электрондық аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 36-4-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды; 
      2) егер баға азайғаннан кейін бес минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. 
      Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алуға ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голландтық әдісі бойынша электронды аукцион жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша электронды аукцион өткізілген болып танылады; 
      3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда электрондық аукцион өткізілмеген болып танылады. 
      Осы Қағиданың 36-2-тармағының төртінші бөлігінде, 36-3-тармағында, 36-5-тармағының 1) тармақшасында және 36-6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, сатушы Тізілімнің веб-порталынан басып шығарылатын электрондық аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды. 
      36-7. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша электрондық аукцион нәтижелері электрондық аукцион нәтижелері туралы электронды хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, электрондық аукцион аяқталғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. 
      36-8. Электрондық аукцион нәтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нәтижелерін және жеңімпаз сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына электрондық аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады. 
      36-9. Егер жеңімпаз электрондық аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамаға осы Қағиданың 36-7 және 36-8-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқан жағдайда, сатушы Тізілім веб-порталынан басып шығарылатын электрондық аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі сауда-саттыққа тағы да шығарылады. 
      36-10. Тізілім веб-порталының қызмет етуін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) қамтамасыз етеді. 
      36-11. Электрондық аукцион кезінде электрондық аукционға қатысуға кедергі болатын техникалық ақаулықтар туындаған жағдайда, қатысушы: 
      1) Тізілім веб-порталымен орнықты байланыстың жоғалған кезден бастап 30 секунд ішінде электрондық аукционға қатысушының мониторында бірыңғай оператордың байланыс деректері бар электрондық хабарламаны шығару жолымен хабардар етеді; 
      2) бірыңғай оператордың байланыс деректері бойынша телефон немесе электрондық хабарлама арқылы дереу хабардар етеді. 
      36-12. Бірыңғай оператор техникалық ақаулықтардың болуы фактісін тіркеп, Тізілім веб-порталы жағында техникалық ақаулықтар болған кезде ақпаратты Тізілім веб-порталында орналастыру жолымен электрондық аукционға қатысушылардың барлығын хабардар етеді. 
      36-13. Қатысушының компьютерлік және/немесе телекоммуникация жабдығының техникалық ақаулықтары болғанда, электрондық аукцион жалғаса береді. 
      36-14. Электрондық аукционды жүргізуге немесе электрондық аукционды жүргізу рәсіміне кедергі болатын осы Қағиданың 36-12-тармағында көрсетілген Тізілім веб-порталының техникалық ақаулығы фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы сатушыға жазбаша түрде хабарлайды, ал сатушы алдын ала міндетті түрде осы электрондық аукционның жалғастырылатын күні мен уақыты туралы ақпаратты Тізілім веб-порталында орналастыру және Тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы электрондық аукционға қатысқан қатысушыларды хабардар етіп, электрондық аукционды бірыңғай оператор техникалық ақауларды жойған күннен кейін келесі үш жұмыс күнінің біреуіне ауыстырады.

Информация о работе Азаматтық құқық