Жеке тұлғалардың жауапкершілігі
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2013 в 20:37, творческая работа
Краткое описание
ХХ ғасырдың ортасынан бастап халықаралық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу, яғни осы әрекеттерді криминализациялау халықаралық құқық бойынша жеке тұлғалардың жауапкершілік институтын дамытудың нәтижесі болып табылады.
Прикрепленные файлы: 1 файл
Жеке тұлғалардың жауапкершілігі
- ХХ ғасырдың ортасынан бастап халықаралық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу, яғни осы әрекеттерді криминализациялау халықаралық құқық бойынша жеке тұлғалардың жауапкершілік институтын дамытудың нәтижесі болып табылады.
- Jus gentium ретінде пайда болған және дамыған классикалық халықаралық құқық тек мемлекетаралық және мемлекет тектес құрылымдардың арасындағы қатынастарды реттеді; кейінірек халықаралық құқық субъектілері арасында халықаралық ұйымдар пайда болды. Жеке тұлғалар халықаралық құқықтың субъектісі ретінде қарастырылмады және мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының «бенефициарилері» ретінде қарастырылып, мемлекеттердің бақылауында болды
- Жеке тұлғалар, мемлекеттің лауазымды тұлғаларымен қоса халықаралық құқық бойынша жауапкершілікке тартылу қағидасы Нюрнберг және Токия әскери трибуналдарының жарғыларында орын алып, 1946 жылдың 11 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеяның резолюциясымен бекітілді. Бұл қағида осы трибуналдар үкімдерінде, сонымен қатар, бұрынғы Югославия және Руанда трибуналдарының үкімдерінде іске асырылды. Оның мәні қолданыстағы әмбебап қағида ретінде қылмыстық соттың Халықаралық Статусымен бекітілді.
- Қазіргі уақытқа дейін бұл қағида қылмыстық жауапкершілікке қатысты қолданылды. Алайда ол жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігіне, негізінде шығынды өтеу жағынан таралады. Осылайша, қинау және басқа да қатыгез, рақымсыз немесе ар-намысты кемсітетін әрекеттер мен жазаларға қарсы Конвенция 1984 ж. жәбір шегушілерге қиыншылықтарын өтеуді ескереді (14 бап). Мұндай жауапкершілік толықтай «жеке жауапкершілік» жайлы баппен қамтылған
- Ұзақ уақыт бойы халықаралық құқықта жеке тұлғалардың жағдайы туралы жалғыз ережеден ауытқу – «қарақшылық» болды. Қарақшылар hostes humani generis – барлық адамзаттың дұшпаны деп саналды және әлемнің барлық мемлекеттері қарақшылардың азаматтығына және олардың құрбандарына қарамастан кінәлілерді жазалап және табуға құқылы болды. Сонымен қатар халықаралық құқық жеке тұлғаларға қылмыстық тәртіпті бұзудан ұлттық заңнама арқылы емес, тікелей міндеттеме жүктеді. Қарақшылықтың ізіне түсуді халықаралық реттеуді бағалай отырып, қарақшылардың өз қылмыстарын қандай да бір мемлекеттің территориясынан тыс – ашық теңізде жасайтынын атап өту керек, сондықтан осындай әрекеттер үшін жауапкершілікті реттеумен халықаралық құқықтың айналысқаны орынды
- Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі – бұл егемендікті шектеумен көрсетілетін мемлекет жауапкершілігінің формасы деген фактіден нақты индивидтердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігін іске асыру мүмкіндігі шығады. Мемлекет егемендігін былай шектеу оның саяси жауапкершілігінің формасы болып жеке тұлғалар жауапкершілігінің қажетті шарты қызметін атқарады.
- Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілінің ерекше белгісі – оның мемлекеттің халықаралық қылмысымен байланысы. Соңғысыз алғашқысы да жоқ. Осыған орай, әрекеттердің екі категориясы – халықаралық қылмыстар мен халықаралық сипаттағы қылмыстар арасындағы айырмашылықты айту артық болмас. Бұл екі құбылысқа мысал ретінде 1973ж. апатеид қылмысын тоқтату және жазалау туралы Халықаралық конвенцияны және 1970ж. ауа кемелерін және т.б. заңсыз алу туралы Конвенцияны келтіреді.
- халықаралық құқықтың әрбір субъектісі өздері істеген халықаралық құқыққа қайшы іс әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылады немесе субъектінің жеке жауаптылық қағидасы бойынша жауапкершілік көтеретіндігі» (nemo punitur pro alieno delicto) және «өз территориясын басқа мемлекеттердің құқығын бұзатын әрекеттер үшін қолдануға рұқсат етпеу» міндеттемесі (sic uti suo ut non laedat alienum) жатады.
Информация о работе Жеке тұлғалардың жауапкершілігі