Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама. Плутон

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 12:19, реферат

Краткое описание

Жас астроном Клайд Томбо 1930 жылғы 18 ақпанда Американың Ловелл обсерваториясында Күн жүйесінің тағы бір жаңа планетасын тапкан еді. Бұл планета Плутон деген атқа ие болды. Ірі телескоптар көмегімен алынған фотосуреттерде ол кішкентай ғана әлсіз жұлдыз тәрізді көрінеді. Оның диаметрі 3000 километрге жуық. Ол Күннен шамамен 6 млрд километр қашықтыкта баяу қозғала отырып, оны 248 жылда бір айналып шығады. Плутон - Күн жүйесіндегі планеталардың ең кішісі болып есептеліп келген еді. Алайда соңғы зерттеулер нәтижесінде алынған планеталар Әлемі жөніндегі делелді мөліметтер негізінде Халықаралық астрономиялық одақтың шешімімен

Прикрепленные файлы: 1 файл

Плутон реферат Microsoft Word.docx

— 16.74 Кб (Скачать документ)

Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама

Күннің  төңірегінде оның тарту күшінің  әсерінен жерді қоса есептегенде 9 ірі  аспан денелері болған. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон айналып жүреді. Олар – планеталар (грекше – кезбе  деген сөз).  
Планетаның Күн төңірегіндегі жолы орбита деп аталады (латынша – із, жол). Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең қашықтығы Плутон. Олардың өлшемі де түрліше – жерден үлкен, кішісі, сонымен шамаластары бар.  
Планета – өзінен жарық шығармайтын салқын дене. Дегенмен, түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап, көрінеді. Олай көрінетін себебі: планетаның бетіне күннен түскен сәуленің шағылысуына байланысты екен. Планета – «кезбе жұлдыз» деген мағынаны беретін грек сөзі. Жұлдыздар сияқты планеталар да белгілі бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемінде жүреді. Себебі олар күнді айнала қозғалады. Планетаның пішіні шар тәріздес келеді және барлығы да осінен айналады. Күн шығар алдында және кешке күн батқаннан кейін Шолпан жарқырап ерекше көзге түседі. Күн жүйесіндегі аспан денелері топтасқан – «Құс жолы» галактикадағы шоқжұлдыздардың бірі. Құс жолы көзге қарай аспан әлемінде айқын көрінеді. Құс жолы қазіргі телескоптармен байқағанда көмескі жарқыл шығаратын аса көп жұлдыздар шоғырын көреміз, ал жай көзге ол тұтасқан шұғыла болып көрінеді. Құс жолы орасан зор жұлдыздар жүйесі. Галактика құрамына кіретін жұлдыздардың негізгі бөлігі. Галактикағы сонымен қоса жер аспанда байқалатын басқа да жұлдыздар мен өз жұлдызы күн де жатады. Галактикадағы жұлдыздардың жалпы саны орасан көп – шамамен 100 миллиардтай. Күн – Галактиканың қарапайым жұлдыздарының бірі.

Плутон.

Жас астроном Клайд Томбо 1930 жылғы 18 ақпанда Американың Ловелл обсерваториясында Күн жүйесінің тағы бір жаңа планетасын тапкан еді. Бұл планета Плутон деген атқа ие болды. Ірі телескоптар көмегімен алынған фотосуреттерде ол кішкентай ғана әлсіз жұлдыз тәрізді көрінеді. Оның диаметрі 3000 километрге жуық. Ол Күннен шамамен 6 млрд километр қашықтыкта баяу қозғала отырып, оны 248 жылда бір айналып шығады. Плутон - Күн жүйесіндегі планеталардың ең кішісі болып есептеліп келген еді. Алайда соңғы зерттеулер нәтижесінде алынған планеталар Әлемі жөніндегі делелді мөліметтер негізінде Халықаралық астрономиялық одақтың шешімімен (Прага, тамыз, 2006 ж.) Плутон «ергежейлі планета» аталып, оған ресми астероидтық 134340 нөмірі берілді. Сонымен қазіргі кезде Күн жүйесінің сегіз планетасы белгілі. Ғалымдар әлі де болса жаңа планеталарды іздестіру жұмысын жалғастыруда.

Жер тобындағы Плутон планетасын, оның серігі Харонды қарастырамыз. Бұл Күн жүйесіндегі ең салқын ең кішкене планета. Оның диаметрі 2260 км, ал бетінің орташа температурасы –230оС. Ғалымдар планетада өте сирек азот пен метаннан тұратын салқын атмосфера бар болар деп жобалайды. Плутонның түнгі аспанында Күн тек жарық жұлдыз тәрізді көрінеді. Оның серігі Харон планетадан екі есе кіші. Күн жүйесінің соңғы планетасы 1930 жылы табылды, оған әлі ешқандай ғарыш аппараттары ұшып барған жоқ. Соңғы кезде Плутонды Күн жүйесіне кіретін тең құқықты планета арасына жатқызуға бола ма деген пікірталас та қызу жүріп жатыр. Ал Жерден алынған фотосуреттермен оның қандай да бір ерекшеліктерін анықтауға әлі мүмкіндік болмай тұр. Плутон мен Харонды зерттеу дәуірі әлі алда.  


Информация о работе Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама. Плутон