Қазіргі қоғамның даму жағдайында жеке тұлғаның қалыптасу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 22:35, реферат

Краткое описание

Демократиялық мемлекетте мемлекеттік биліктің әкімшілік саласы қызметтің қалыптасуы және реті заң нормаларымен анық, айқын реттеуді қажет етеді. Әкімшілік заңнама мемлекеттік аппараттың ең ірі, ең белсенді жүйесі-атқару билігі тиімді қызмет етуінің құқықтық негізі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
I. Негізгі бөлім
1.1 Әкімшілік құқықтың жүйесі
1.2 Әкімшілік құқық - ҚР құқық жүйесінің жетекші құқық саласы ретінде
1.3 Әкімшілік құқық және басқару
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Кіріспе.docx

— 41.09 Кб (Скачать документ)

Әлеуметтік басқару элементтері:

1) басқарудың мақсатын  анықтау;

2) нақты билігі немесе өктемдігі бар басқару субъектісі (басқарушы). Әлеуметтік басқару субъектісі - бұл мемлекеттік немесе қоғамдық органның  рөлінде қатысушы  адамдар ұжымы немесе лауазымды тұлға.  Оның өз еркіне басқарылатындардың мінез-құлқын бағындыратын қабілеті болады. Басқаруды жүзеге асыру үшін сәйкес өкілеттілік беріледі;

3) Басқару объектісі (басқарылатын адам );

4) Басқару бойынша қызмет (субъект пен объект арасындағы тура байланыстар);

5) Басқару  субъектісі мен объектісі жұмыс істейтін орта;

6) Басқарудағы адам факторлары (психика, эмоция, көңіл-күй);

7) Басқару  еңбегінің  нәтижелері (алдыға қойған мақсатқа жету). 

 

 

  

 

Басқару процесі белгілі бір жүйеде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік басқарудың  мынадай түрлері бар:

1) мемлекеттік басқару (мемлекеттің істерін басқару);

2) Қоғамдық басқару (қоғамдық  бірлестіктердің, ұйымдардың істерін басқару).

Сонымен, әлеуметтік басқару - бұл  адамдардың бірлескен қызметінің процесінде алдыға қойған мақсатқа жету үшін қажетті жағдайлар тудыратын ұйымдастыру қызмет жүзеге асыру. Оның маңызды міндеті  адамдардың  ынтымақтастығын қолдау, сүйемелдеу, нығайту және дамыту. Мемлекеттік басқарудың қоғамдық басқарудан айырмашылығын қарастырамыз.

Мемлекеттік басқару -  қоғамды дамытуда қоғамдық процестерді тікелей, практикалық ұйымдастыру бойынша  атқарушы және бұйырушы қызмет.

Мемлекеттік басқаруды мемлекеттік органдардың барлығы жүзеге асырады және  оған мыналар жатады:

- заңдарды орындау бойынша қызмет;

- әртүрлі объектілер мен адамдарды күнделікті басқару қызметі және бұл  солар үшін міндетті заң күшіндегі актілерді шығарумен байланысты болады.

Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері:

1) басқару қызметінің  атқарушы және бұйырушы сипатта болуы. Атқарушы - басқару органдарын құрайтын билік ;

2) басқарудың заңды - өктемдік  сипаты оның мемлекет атынан  іс асырылуын және қажетті өктемді өкілеттіліктер  берілетіндігін білдіреді. басқару объектісінің басқару субъектісіне  бағыныштылығ білдіреді, сондықтан да  басқару қатынастары өз сипаты бойынша  субординациялық, өктемді-бұйырушы болып табылады.

3)  басқарудың ұйымдастырушылық  сипатта болуы. Көптеген адамдардың еңбек ұжымдарының бірлескен қызметін үйлестіру, алдыға қойған мақсатқа жетуді басқару аппараты мен оның звеносын ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету осының көмегімен жүзеге асырылады.

4) Басқарудың күнделікті және үздіксіз сипатта болуы.

5) мемлекеттік басқарудың заң күшінде және бақылауда болуы. Бұл басқару органдары шығаратын барлық құқықтық актілер  заңның талаптарына сай келіп, заңға қайшы келмеуі тиіс екендігін және де басқарудың барлық құрылымдарын билік органдары өздерінің шешімдерін жүзеге асыру үшін  құратындығын білдіреді., ал мемлекеттік басқарудың  бақылауда болуы  билік органдарының нығайту үшін және әкімшілік бассыздыққа жол бермеу үшін жүзеге асырылатындығын білдіреді.

Мемлекеттік басқару функциялары - бұл басқару қызметінің мақсатымен анықталатын басқару қызметінің дербес және жеке бағыттары.

Атқарушы билік органдары атқарушы - бұйырушы қызметті жүзеге асырады. Оның мәні мемлекеттің ішкі және сыртқы функцияларының орындалуын тікелей, күнделікті ұйымдастыру.

Мемлекеттік басқару функциялары ның мынадай түрлері болады:

а) жалпы;

б) арнайы;

в) қосалқы.

Жалпы функциялар кез келген әлеуметтік басқару субъектілері мен объектілері  арасындағы  басқарушылық сипаттағы өзара әрекет етуде орын алады және кез келген басқарушылық ықпал ету  процестерінде болады.

Оларға мыналар жатады:

1) болжау - алынған мәліметтер мен  ғылыми жетістіктердің нәтижесінде  қандайда бір оқиғалар немесе процестердің дамуындағы өзгерістерді алдын ала көру. Бұл функцияның  басқарудағы барлық функциялардың табысты орындалуына  маңызы зор.

2) жоспарлау - бұл 

 

3) ұйымдастыру - бұл басқаратын  және басқарылатын жүйелерді  қалыптастыру, олар бір басқару жүйесінің құрамды бөліктері болып табылады. Басқару жүйесінің құрылымын құру, жұмысшыларды тағайындау, олардың өзара қарым-қатынастарының тәртібін белгілеу, мысалы, ұйымдар мен органдарды құру, қысқарту, тарату, біріктіру және бөлу, олардың бағынушылық функцияларын, құқықтары мен міндеттерін, өзара қарым-қатынастарын, құрылымы мен штаттарын белгілеу,  материалды және ақшалай қаражаттар бөлу, кадрларды таңдау және орналастыру.

4) Реттеу -  қандайда бір қызметке тәртіп белгілеу, қандайда бір әрекеттерді жасаудың тәртібін белгілеу немесе оларға жанама жолмен ықпал ету.

5) Ортақ басшылық - басқарушылардың  қызметінің бағыты ретінде түсіндіруге болады, ол оның мазмұнынан туындайды, мысалы, нұсқаулар , жарлықтар беру,  ережелерді белгілеу, үйлестіру сияқты.

6) қолма-қол бұйыру - басқарылатын объектілердің қолма-қол қызметтерінде ықпал ететін ағымдағы нұсқауларды беру.

7) Бақылау - басқарылатын  объектінің оған алдын - ала берілген жағдайына факт жүзіндегі жағдайы сай немесе сай еместініе  анықтау (мемлекеттік басқару органдары басқарылатын объектілерге тексеру жүргізеді), сөйтіп бақылаудағы объекттің қызметіндегі бұзушылықтарды анықтайды, кінәлілерді жауапкершілікке тартады, түзетулер енгізеді).

8) Есепке алу - ресустардың (адамдар,  материалды, ақшалай, шешімді орындау  бойынша қызметтердің нәтижелері  туралы құжаттардың бары және  қозғалысы туралы) бар болуы және  шығындары туралы мәліметтерді  сандық түрде көрсету.

Арнайы функциялар - нақты бір мемлекеттік басқару органының ерекшеліктерін білдіреді, мысалы, техникалық және әдістік   басқару, техникалық бақылау, бақылаудың  ерекше түрлері және т.б. 

 

Қосалқы функциялар - басқару ықпалын  тікелей көрсетпейді, тек жалпы  және арнайы функциялар шегінде басқару  процесінде  қызмет көрсетуге арналған, мысалы, іс қағаздар жүргізу, кадрларды дайындау, қайта даярлау,  қаражат бөлу және т.б.

Профессор Д.Н.Бахрахтың  пікірі бойынша, функцияларды 3 топқа бөлуге болады:

1)  Жүйеге бағыт көрсетуші: 

а) болжау;

б) жоспарлау;

в) нормативті реттеу;

г) әдістік басқару.

2) Жүйені қамтамасыз ету:

а) кадрлық;

б) материалдық-техникалық;

в) қаржылай;

г) ұйымдастыру - құрылымдық;

д) ақпараттық.

3) Жүйені қолма-қол басқару:

а) қызметті тікелей реттей (бұнымен  кәсіпорынның өндірістік және диспетчерлік бөлімдері, ЖОО оқу бөлімдері айналысады, бұл жұмысты істеу барысында ақауларды болдырмаумен байланысты).

б) есепке алу;

в) бақылау;

г) бағалау (барлық жұмыстарды,  жекелеген жұмысшыларды, жекелеген тапсырмалардың орындалуын және т.б.).

Мемлекеттік басқару қағидалары-  бұл негізгі басқарушы бастаулар және солардың негізінде басқару құрылады, басқару аппараты қызмет етеді, сонымен қатар нақты ереже түрінде тұжырымдалуы қажет. Олар заңдарда, бұйрықтарда, жарғыларда, нұсқауларда бекітілген. 

Мемлекеттік басқару қағидалары 2 топқа бөлінеді:

1) әлеуметтік - құқықтық;

2) ұйымдастырушылық.

Әлеуметтік  - құқықтық қағидаларға мыналар жатады:

1) демократиялық централизм (демократиялық бір орталықтан басқару жүйесі) - бір орталықтан басқару, бірақ толық және жеке  емес, тек төменгі органдарға орталықтың қаулыларын жергілікті жағдайларды есепке ала отырып, өмірге енгізу  мүмкіндіктері және олардың дербестігін жергілікті маңызы бар істерді шешуге ынта білдіруге мүмкіндік беру.

2) ұлттардың тең құқылығы - барлық ұлттар мемлекетті басқаруға қатысуға құқылы, ешкім ешқандай дискриминацияға ұшыратылмайды (ҚР Конституциясының 14 бабы).

3) жоспарлылық - мемлекеттік басқару органдарының қызметі жоспарланады  және экономикалық, әлеуметтік дамудың бекітілген жоспарларын орындауға бағытталған, осы жоспарлардың жобасы мемлекеттік басқарудың сәйкес орындарымен жасалынады;

4) басқаруда көпшіліктің  қатысуы, жариялылық және қоғамдық  пікірлерді есепке алу - қоғамды демократизациялау жолдарының бірі.

5) заңдылық қағидасы - мемлекеттік басқару аппаратын ұйымдастыру мен оның қызмет етуі, халықтың еркін білдіретін құқықтық нормалармен реттеледі және осы нормалар қатаң сақталады.

Ұйымдастырушы қағидаларға мыналар жатады:

1) өкілеттілік пен функцияларды  дифференциациялау және белгілеу қағидасы;

2) Құзырлылық шегіндегі жауапкершілік қағидасы;

3) басқаруды салалық, сала  аралық, аумақтық бастаулардың үйлесу қағидасы;

4) сызықтық үстемдік  етудегі сызықтық және функционалдық бастаулардың үйлесімділік қағидасы (органның немесе органдар жүйесінің сызықтық құрылым дегеніміз -әрбір төменгі инстанцияларда немесе орындаушыда басшылық етудің барлық функциясы бойынша нұсқау беруге құқылы тек бір ғана тікелей жоғарғы инстанция болады дегенді білдіреді. Функционалды жүйе - бұл басқарудың әрбір жеке функциясын арнайы басқарушы инстанция жүргізеді дегенді білдіреді).

5) үстемдік етуде алқалылықтың үстемділігі  кезіндегі  алқалылықтың  дара басшылықпен үйлесімділігі қағидасы. 

 


Информация о работе Қазіргі қоғамның даму жағдайында жеке тұлғаның қалыптасу