Ішкі су құбырының жүйесін техникалық пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 10:21, реферат

Краткое описание

Ғимараттың сыртқы су құбырынан қажетті қысымы бар су тарату құралдарына су беруді қамтамасыз ететін инженерлік құрылғылардың жиынтығын ғимарат сумен жабдықтау жүйесі деп атайды. Мақсаты бойынша шаруашылық ауыз су, өндіретін және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің су тарататын құрылғылардың қажетті қысым жасау тәсіліне қарай былай бөлінеді. Сыртқы су құбырында қысыммен жұмыс істейтін сумен жабдықтау жүйесі (60 сурет). Сыртқы су құбырындағы қажетті қысым, суды көп пайдаланатын уақытында жетіспейтін жағдайда, тәуліктің басқа сағат қысым қажеттіден жоғары болған жағдайда, сорғы қондырғысыз суды қысымды багы бар сумен жабдықтау жүйесі қолданылады (61 сурет).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Искак Адилбек.doc

— 47.00 Кб (Скачать документ)

Ішкі  су құбырының жүйесін техникалық пайдалану

 

Ғимараттың  сыртқы су құбырынан қажетті қысымы бар су тарату құралдарына су беруді қамтамасыз ететін инженерлік құрылғылардың  жиынтығын ғимарат сумен жабдықтау  жүйесі деп атайды. Мақсаты бойынша  шаруашылық ауыз су, өндіретін және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің су тарататын құрылғылардың қажетті қысым жасау тәсіліне қарай былай бөлінеді. Сыртқы су құбырында қысыммен жұмыс істейтін сумен жабдықтау жүйесі (60 сурет). Сыртқы су құбырындағы қажетті қысым, суды көп пайдаланатын уақытында жетіспейтін жағдайда, тәуліктің басқа сағат қысым қажеттіден жоғары болған жағдайда, сорғы қондырғысыз суды қысымды багы бар сумен жабдықтау жүйесі қолданылады (61 сурет). Егер суды пайдалану режимі әркелкі, ал сыртқы желістегі қысым тұрақты болса немесе қажеттіден төмен болса, ғимаратқа суды қысыммен айдайтын баксыз сорғы қондырғысы бар сумен жабдықтау жүйесімен жабдықтайды.

Тәулік ішінде суды әркелкі пайдалану кезінде сыртқы су құбыры желісінде қажетті қысым жеткіліксіз болса, ғимараттағы су алатын қондырғысында нормативтік қысымды қамтамасыз ету үшін су арынды бакты және су деңгейін көтеретін сорап қондырғысы бар жүйені орнатады. Көп қабатты ғимараттарда сумен жабдықтаудың аймақтық жүйесін пайдаланады және төменгі аймақ сыртқы су құбырынан алынатын сумен тікелей жабдықталады, ал төменгіден жоғарғы аймаққа су деңгейін көтеретін қондырғыларды орнатады.

Ғимаратқа кіретін  су құбыры болат құбырлардан жасалады. Ғимаратты сыртқы су құбырына қосу, бұранда немесе ершік (седелка) арқылы жүзеге асырылады.

60 сурет. Сыртқы су құбырында қысыммен жұмыс істейтін сумен жабдықтау жүйесі.

1 – кіретін  жері; 2 – су ағызатын кран; 3 –  бөлетін су құбырлары; 4 – қабат  бойынша разводкалардың вентильдері; 5 – магистральды құбыр жолы; 6 – су өлшенетін торап.

61 сурет. Су  арынды багы бар сумен жабдықтау  жүйесі.

1 – кіретін  жері; 2 – бөлетін құбыр жолдары; 3 – жоғарғы магистарль; 4 – су  арынды бак; 5 – төменгі құбыр  жолы; 6 – су өлшейтін торап; 7 –  төменгі магистраль; 8 – кері клапан; 9 – жеткізгіш.

62 сурет. Сорапппен айдалатын су құбырының схемасы.

1 – кері клапан.

63 сурет. Резервуар  желісіне су айдайтын су құбырының  схемасы.

1 – шарлы  кран; 2 – кері клапан; 3 – еңіс; 4 – ендірме; 5 – сорап; 6 – су  арынды бак.

Бұранда арқылы қосу тәсілі күрделі, өйткені қалалық су құбырларының желісін жабуда және бұранда салу кезінде ғимараттарға су беруді тоқтатуды талап етеді. Ершікті пайдалану (64 сурет) абоненттерге суды беруді тоқтатпай сыртқы су құбырына қосуға мүмкіндік береді. Ажыратылған қондырғыларды орналастыру үшін қосылған жеріне кірпіш немесе темірбетон құдық салады. Қатып қалмауы үшін, су құбырының кіретін жерін топырақтық қату тереңдігінен 10 – 20 см төмен деңгейге көмеді.

Төменде ғимаратқа  су кіргізудегі көп кездесетін ақаулар  қарастырылған. Топырақтың әркелкі отыру салдарынан шойын құбыр жолдарының жапсарының ашылуы, болат құбырлардың дәнекерленген жапсарының ашылып кетуі, нашар тығыздалған топырақтың просадкасының кесірінен қисаюға бейім болатын, шойын құбырлардың сынуын атап көрсетуге болады. Болаттан жасалған және нашар оқшауланған құбырлар, кезбе токтардан туындайтын топырақпен тотығуы мүмкін. Құбыр жолдарының мезгілінен бұрын істен шығуының алдын алатын, су кіргізуді техникалық пайдалану шараларына электр химиялық және топырақ тотығына қарсы қорғаныс үймеретін салу; асфальтты алаң жабындарын уақытылы жөндеу және су таратуды дұрыс ұйымдастыру мерзімі өткен құбырларды ауыстыру жатады.

Жөндеу аралық мерзімінде ақаулар табылған жағдайда, жапсарлардың ақаулары, шойын құбырларды соғу немесе болат құбырлардың жапсарларын электрлі дәнекерлеумен жаңадан бітеу арқылы жояды.

Бүлінген құбырларды тұтас немесе тиекті муфталар арқылы ауыстырады (65 сурет).

65 сурет. Шойын  құбырларын ағытпалы муфталармен  жөндеу.

 А – аралықтың  ортасындағы бүлінген құбырды  жөндеу; б – құбырдың раструбын жөндеу; 1 – бүлінген аймақ; 2 – ашпалы – жаппалы муфталар; 3 – раструбты жамау.

66 сурет. Болат  құбырлардың құйымдарын жамау.

А – жамаумен; б – резьбалы тығынмен; 1 – құбыр  қабырғасы; 2 – жамау; 3 – дәнекерлеу; 4 – тығын.

67 сурет. Су  өлшейтін торап.

1 – су өлшеуіш  құрал; 2 – ысырма; 3 – вентиль; 4 –  тройник; 5 – тексеру краны; 6 –  сосуд.

Болат құбырлардағы қалуларды металл пластинаны дәнекерлеу, резеңке төсенішке ершік орнату немесе резьбалы тығын орнату арқылы жоюға болады (66 сурет).

Судың пайдаланылғанын тексеру үшін су өлшеуіш құралын орнатады (67 сурет). Суды пайдаланудың белгіленген нормаларына қарсы судың шығынын күрт артуы, жабдықта ақау барын, судың ағып кетуі немесе оны тиімсіз пайдалануды білдіреді. Қалалық желістегі су қысымының жоғары ауытқуы жағдайында, ғимараттың жоғарғы қабатын сумен қамтамасыз ету үшін сораптарды орнатады. Сораптардың қажетті көлемі мен олардың қуатын есептеу арқылы анықтайды, су деңгейін көтеретін қондырғының сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін резервтік сораптар қолданылады (68 сурет).

Сорапты іске қосу қалалық су желісінде қысым азайғанда  және жұмыс істеп тұрған сораптың бірі істен шыққан жағдайда автоматты қосылуы тиіс. Сораптардың дауысын оқшаулау, оларды амортизациялайтын прокладкаларға орнату арқылы қамтамасыз етіледі. Су беретін және соратын құбырлар жүйесі сораптармен ұзындығы 1 м кем болмайтын, тиісті диаметрдегі резеңке арынды құбырдан тұратын (вибровставка) дірілді ендірме арқылы жалғанады. Ғимараттың қалың қабырғалары өтетін құбырларды гильза және құбыр қабырғаларының арасындағы кеңістікті дыбыс оқшаулайтын және қымтайтын материалдармен толтыру арқылы болат гильзаларға жалғайды.

68 сурет. Сораптардың қосарлы  қондырғысы.

1 – сораптар; 2 – кері  клапандар; 3 – дірілді оқшаулайтын ендірме; 4 – контактілі манометр; 5 – арынды желістегі манометр; 6 – су құбырының ысырма тиектері; 8 – жылжымайтын тіреуіштер; 9 – темірбетон плита.

Гильзаның қалыпты жұмысын  қамтамасыз ету және гильзаның төмен  және жоғары нығыздалуын бақылап тұру үшін, қабырғаның бетіне екі жаққа 0,5 см шығарып қояды. Сорап бөлмелерінің қабырғалары мен басқа да құрылыс конструкцияларын дыбыстың таралуынан қабырғаларды рулонды престелген шлаковатамен және төбені жанбайтын қаатты әрлеу материалын орнату арқылы қорғайды.

Сумен жабдықтау жүйесінің  ішкі жағын мырышты болат құбырлардан  жабдықтайды. Мырышталмаған құбырлар жарамайды, өйткені олар тез тотығады. Болат мырышпен қапталған құбырлардың  жапсарының тотығу процесіне қарсылығын арттыру үшін, оларды көмір қышқыл газымен доғалы дәнекерлеу арқылы жалғанады.

Кейде ішкі су құбырының  желістеріне винил пластты және полиэтиленді құбырлар қолданылады. винилпластты құбырларды желіммен раструб және муфталардың  көмегімен жалғанады, ал полиэтиленді құбырлар – контактілі дәнекерлеу арқылы жалғанады.

Бір қатар оң қасиеттерге  ие  бола отырып (тотығуға, аязға  шыдамдылығы, ішкі бетінің тегістігі) полиэтиленді және винилпластты құбырларға бір қатар кемшіліктер тән: өте  нәзік және желістік кеңею коэффициенті төмен.

Винилпластты құбырлар ауыз су құбыр жолына қолданылмайды. Нормативтік қызмет көрсету мерзімі өткен элементтерді олардың жағдайына қарамастан кезекті жөндеу кезінде ауыстырған жөн. Ғимаратты көктемгі – жазғы және қысқы кезеңге даярлау кезінде жылына 2 рет ішкі су құбырының жүйесіне жөндеу жүргізіледі, сумен жабдықтау жүйесінің желістерін 2 кг/см2 аспайтын қысыммен сынайды.

Сумен жабдықтау жүйесі келесі кезектілікпен сыналады: алдымен  жоғарығы қабаттағы бактардағы су тарату арматурасының орнына орнатылған тығынның саңылауы арқылы жүйеден ауаны шығара отырып, барлық құбыр жолдарын сумен толтырады. Құбыр жолдарын толтыру кезінде, сальниктерді нығыздайды, жапсарды тартып, арматураны бекітеді. Одан кейін гидропреспен жүйеде жұмыс қысымын жасайды, табылған ақаулар жөнделеді, қысымды қажетті деңгейге арттырады және 10 мин бойы жүйенің тығыздығын тексереді. Қажетті деңгейден қысымның төмен түсуі, бірден жойылуы тиіс жүйедегі тесіктің барын білдіреді. Ішкі су құбырының жүйесін кезекті жөндеу кезінде барлық су тарату крандары мен араластырғыштың прокладкаларын арттыру керек және нормативтерге сәйкес арматура алдындағы арынды реттеу қажет.

Раковинадағы кран – 2 м;

Қол жуғыш әжетхана краны  – 2.

Қол жуғыш смесителі – 2.

Ваннаның смесителі – 3.

Су ағызатын бактың қалтқылы клапаны – 3.

Жөндеу аралық кезеңінде  пайдалану процесінде анықталған ақауларды  тұрғын – үй қорын техникалық пайдалану  нормалары мен ережелерімен белгіленген  мерзім ішінде жойылуы тиіс, ал апатты жағдайда жедел жойылады.

69 сурет. Құбырдың бүлінген  жерін жөндеу.

А – құбырдың бүлінген жерін  жөндеудің кезектілігі; б – бүлінген жерді жөндегеннен кейінгі қалған шетін кесу; в – ендірме; г –  жөнделген құбыр; 1 – котргайка; 2 – муфта.

Резьба жапсарларында  саңылау пайда болған кезде, жіктерді нығыздайтын материалдарды алдын ала жосамен (бояу) сіңдіру арқылы ауыстырады. Муфтаның резьбасының құруы жағдайында оны жаңасымен ауыстырады. Кезекті жөндеу жұмыстары арасындағы кезеңде құбырлардағы сызат пен ойықтарды қамыт немесе жамау арқылы бітейді, құбырдың барлық метал бөліктері боялуы тиіс. Құбырдың учаскесі толық бүлінген кезде жаңа құбыр салынады (69 сурет). Клапанның астындағы нығыздағыш прокладкасы (жабын) тозуы, сальниктің нашар тығылуы, су құбырының крандарынан судың сыртқа ағуына ықпал етуі мүмкін. Осындай судың ағуын болдырмас үшін, прокладканы ауыстыру, сальникті нығыздау және золотниктің стерженінің астына бір немесе мыс сымнан сақина салу керек.

Смеситель мен су тарату крандарынан судың сыртқа ағуына кранның корпусының және айналатын  тығынның арасындағы саңылау себеп  болуы мүмкін. Су құбырларында конденсаттың көп болуы, олар салынған ғимараттың желдету жүйесінің нашар екенін білдіреді. Конденсаттың себебі болып ыстық сумен жабдықтау жүйесінің құбырға жақын орналасу себебінен нашар жылумен оқшаулау табылады. Желдетуді күшейтуден кейін және жылуды оқшаулауды жақсартқаннан кейін ыстық су құбырының жанына орналасқан су құбырының бетінен конденсат кетпеген жағдайда, дұрыстап сүртіп, тольмен (смола жағылған су өткізбейтін картон қағаз) орау қажет, бетіне битумды мастиктегі стекломата салу керек.

Қыста дұрыс қымталмау  себебінен ішкі су құбырының және судың жерге жалғанған бөлігінің  қатуы байқалады. Қатып қалған құбырларды ыстық сумен немесе 6 В кернеудегі электр тогымен қыздырады.

Су құбырының жүйелерінде  жұмыстық қалыпты режимінің бұзылуы және халық тарапынан шағымды тудыратын шулар пайда болады. Шудың таралу көзі болып, құбырлар бойынша көрші бөлмелерге берілетін, суалатын крандардың нығыз емес бекітілген золотниктердің дірілі табылады. Бұл ақауды жою үшін, барлық бөлшектерді бекіту керек, иілмелі және қажетті қалыңдықтағы прокладка орнату қажет.


Информация о работе Ішкі су құбырының жүйесін техникалық пайдалану