Семирамиданың аспалы бақтары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 21:24, реферат

Краткое описание

Семирамиданың аспалы бақтары – әлемнің еті кереметінің бірі. Бұл құрылыстың нақтырақ аты – Амитистің аспалы бақтары ( басқа деректерге сүйенсек, Аманистің аспалы бақтары).
Аманис – аспалы бақтар арналып салынған, Новуходонсор II-ң әйелінің есімі. Қазіргі Хилла қаласының жанында болған ежелгі Вавилон елінде орналасқан деп болжанады. Ал альтернативті нұсқасына сүйенсек, біздің заманымызға дейінгі VII ғасырдың салынып, Асирия патшалығының астанасы Ниневииде орналасыпты.

Содержание

Кіріспе.
Тарихы.

Негізгі бөлім.
Семирамида- Кіші Азия патшайымы.
Семирамиданың құрметіне салынған аспалы бақ.

Қорытынды бөлім.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Семирамида.docx

— 21.09 Кб (Скачать документ)

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті.

 

 

 

 

МӘНЖАЗБА

 

Тақырыбы: Семирамиданың аспалы бақтары.

Орындаған: Кимбай С.

Тексерген: Қыдырова С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                          Ақтөбе 2013

                            Жоспар.

  1. Кіріспе.   

Тарихы.

                               

  1. Негізгі бөлім.

Семирамида- Кіші Азия патшайымы.

Семирамиданың құрметіне  салынған аспалы бақ.

 

  1. Қорытынды  бөлім.

 

  1. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Кіріспе.                                                                                               

Семирамиданың  аспалы  бақтары – әлемнің еті кереметінің  бірі. Бұл құрылыстың нақтырақ аты  – Амитистің аспалы бақтары ( басқа  деректерге сүйенсек, Аманистің аспалы бақтары). 

Аманис – аспалы бақтар арналып салынған, Новуходонсор II-ң әйелінің есімі. Қазіргі Хилла қаласының жанында болған ежелгі Вавилон елінде орналасқан деп болжанады. Ал альтернативті нұсқасына сүйенсек, біздің заманымызға дейінгі VII ғасырдың салынып, Асирия патшалығының астанасы  Ниневииде орналасыпты.

Вавилон патшасы Новуходонсор II (605-562 б.з.д) өзінің ең басты жауы Ассирияға қарсы, елдің астанасын екі рет құлатқан, Мидия патшасы Клаксармен әскери одақ құрады. Жеңіс тауып, олар Ассирияны өз араларында бөліп алады.

 Олардың одағы Новуходоносордың  Амитис патшаның қызына уйленуімен  бекітілді. Шулы және шаңды Вавилон , таулы және жасыл-желекті Мидия жерінде өскен патшайымның көңілінен шықпады. Патшайымды жұбату үшін, Новуходоносор аспалы бақтар салуға бұйрық береді.

 Алайда тарихи ғылымда бұл бақтарды екі ғасыр бұрын өмір сүрген  Семирамида патшайымның атымен байланыстырылады. Көп деректерде, қолжазбаларда, ғалымдардың еңбектерінде Мидия патшайымы емес, көп жерлерді жаулап, қатігездігімен ерекшеленген Семирамида патшайым туралы сөз қозғалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            Семирамида патшайым.

Семирамида немесе Шамирам , Шаммумурат – ежелгі аккадтық және ежелгі армяндық жыр-эпостарында Ассирияның аңызға айналған патшайымы, атақты Нин патшаның әйелі. Ол Нинді алдап, өлтіріп, таққа отырған деп те айтылады.

Семирамиданың тарихи баламасы Ассирия патшайымы  Шаммумурат    (б.з.д 812-803) , ол Ежелгі Шығыста өте сирек кездесетін жағдай,                   еш тірексіз өзі басқарған. Ал Шамирам-Семирамида образына кейбір     құдай-аналардың қасиеттері ұштасады. Шамирам-Семирамида жайында аңыз-әңгімелер Ктесия, Диадор еңбектерінде көптеп кездеседі.

Ктесияның айтуынша Семирамида-  Деркета құдай-ананың және белгісіз сириялықтың қызы. Семирамиданы көгершіндер  асырап, тәрбиелеп, кейін Дамасктан шыққан Симаның қолына берген деседі.

Семирамида Сирияның патшасы  Онна/Оннеяның әйелі болып Оннеядан екі ұл туып, күйеуімен бірге Бактрыны жаулап алады.

Кейін ол Ассирия патшасы  Ниннің әйелі болып, Ниннің өлімінен кейін таққа отырады. Динонға  сүйенсек, Нин әйеліне бес күнге  Азияны басқаруға рұқсат береді. Осыны пайдаланған Семирамида оны өлтіруге күзетшілерге бұйрық береді.

Ежелгі авторлар оны Вавилонның негізін қалаушы дейді, оған вавилон-ассириялық ескерткіштер орнатады, оған арнап  салынған аспалы бақтар мен жаулап алынған елдерді қоспағанда.

Басқа деректерге сүйенсек Семирамида патшайым аталып кеткен Мидияның Тамара  ханшайымы өзінің екінші күйеуі Новуходоносорды қадір тұтып, аспалы бақтар үшін жақсы көрген деседі.

Қай нұсқасы болмасын кез  келген автор еңбектеріне драматизмді  қосып, тарихты неше түрлі ғып  өзгерткен. Оладың бір келісетін  жерлері, кезінде көз тартатын әдемі  бақтың кейін әлемнің жеті кереметіне кірген құрылыстың әйел сұлулығы үшін салынғаны.

 

 

 

 

 

Семирамиданың аспалы бақтары.

Тамара патшайым, Мидияның патшайымы, кейін Семирамида патшайым аталатын, ешқашан бұл бақтарда болып  көрмеген деседі.

Бақтың салынуына барлық күш, тәжірибе жұмсалып, математиканың  биігі көрінді. Вавилон әлемде ең алғашқы болып пәк махаббаттың  монументін жасады.

Бақ тас колонналармен  бекітілген жоғарыға  қарай кішірейе беретін тас терассалардан құралған құрылыстың сипаты үлкен баспалдақты  пирамида секілді. Топырақтарына әртүрлі  өсімдіктер отырғызылған, ол кезде  әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген. Носос арқылы жоғарыға қарай көтерілген сумен суарған.

Колонналар жиырма бес  метрге дейін жетіп жатты. Тас плиталар жасалып, қамыс кірпіш жасалып жатқан құрылыс орындарында түтін тоқтамай жатқан кезде Евфраттың төменінен шегі жоқ керуендер ағылып жатты. Керуендер сирек кездесетін шөптер мен бұтақтардың, ағаштардың тұқымдарын әкеліп жатты. Қыста, күн салқындаған кезде, ауыр арбаларда жақсылап, суланып оранған ең ауыр ағаштар әкеліне бастады.

Новуходонсор өзінің махаббатын дәлелдеді. Вавилонның үлкен қабырғаларынан биікте бақтың ағаштарының жасыл  кілемі орналасты. Патшайым елінің жасыл  желегін есіне түсіріп тамсанды. Ал ең төменде құлдар күні түні Евфраттан  су айналдырып жатты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды  бөлім.

Кейін Ұлы Новуходоносордың елін Александр Македонский жаулайды. Өзінің елі Македонияға ұқсайтын болған соң Александр ваилонға жиі  келетін болады. Жорықтарында шаршап, ауырып, еліне жете алмайтындай халде  болса ол бірден Вавилонға баратын  болған.

Александр өмірден озғаннан кейін Вавилон құрдымға ұшырады. Жан жақтан төнген жаулар патшаның сүйікті әйеліне дәлелдеген махаббатының тас талқанын шығарды. Тез арада салынған кірпіштер жеткілікті күйдірілмеген болып шықты, тас платформалар баспалдақтар құлап, колонналар құлдырады.

Ал жайқалған өсімдіктер бұдан бұрын әлдеқашан солып, шіріп кеткен еді. Елдегі тәртіпсіздіктердің кесірінен құлдар әлдеқашан өзеннен су айналдыруды қойған еді.

Қазірде гидтер бұрынғы Вавилонның орнындағы тау тастарды ғана көрсетеді. Семирамиданың қалдықтары да қалмаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. www.historic.ru

2. www.wikipedia.ru

3.www.lifeglobe.net


Информация о работе Семирамиданың аспалы бақтары