Болат өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 21:40, реферат

Краткое описание

Қарындаштар. Сызба салуға арнайы жасалған қарындаштарды графиттеріне қарай қатты, жұмсақ және қаттылығы орташа қарындаштар деп бөледі. Қатты қарындаштарда: Т, 2Т, 3Т, т.т.,жұмсақ қарындаштарда: М, 2М, 3М, тт., ал қаттылығы орташа қарындаштарда ТМ белгісі болады. Мұндағы Т орыстың «твердый», ал М «мягкий» деген сөздерінің бірінші әріптері. 2Т, 3Т, ... қарындаштары Т қарындашынан екі, үш, ... есе қатты болса, 2М, 3М ... қарындаштары М қарындашынан екі, үш ... есе жұмсақ болады. Кейбір елдерде қатты қарындашты Н әрпімен,, ал жұмсақ қарындашты В әрпімен белгілеу қабылданған қарындашты дұрыс ұштап, жұмысқа дайындай білу керек. Қарындаштың ұшталған бөлігінің ұзындығы шамамен 30 мм, ал графит өзектің ағаш құндақтан шығып тұрған бөлігінің ұзындығы 10 мм-ге жуық болуы тиіс. Қарындаштың графит өзегі конус немесе күрекше тәрізді үшкірленеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

9.synyp.doc

— 70.00 Кб (Скачать документ)

Сабақ: №1

Сабақтың  тақырыбы:

Сызу аспаптары  мен жабдықтары.

 

Сабақтың  мақсаты:

а) Білімділік:                      Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді                  

                                            қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру  және т.б.

 

ә) Дамытушылық:             Сабақ оқытудың негізгі үрдісін  есте қалдыру,

                                            оқушы санасына терең сіңіру.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сызу арқылы оқушыларды тазалыққа,

                                            ұқыптылыққа үйрету.

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.

 

Сабақтың  өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.    

                       

Сабақтың  барысы:

    Сызбаны орындау үшін аспаптар мен жабдықтар керек. Олардың оқушыларға қажеттерін атап өтемін.

Сызба қағазы. Сызбаны кез келген қағазға орындауға болмайды.сызба салынатын қағаз аппақ және тығыз болуы керек. Сондықтан сызба салу үшін арнайы қағаз пайдаланылады. Ол ватман деп аталады.

Қарындаштар. Сызба салуға арнайы жасалған қарындаштарды графиттеріне қарай қатты, жұмсақ және қаттылығы орташа қарындаштар деп бөледі. Қатты қарындаштарда: Т, 2Т, 3Т, т.т.,жұмсақ қарындаштарда: М, 2М, 3М, тт., ал қаттылығы орташа қарындаштарда ТМ белгісі болады. Мұндағы Т орыстың «твердый», ал М «мягкий» деген сөздерінің бірінші әріптері. 2Т, 3Т, ... қарындаштары Т қарындашынан екі, үш, ... есе қатты болса, 2М, 3М ... қарындаштары М қарындашынан екі, үш ... есе жұмсақ болады. Кейбір елдерде қатты қарындашты Н әрпімен,, ал жұмсақ қарындашты В әрпімен белгілеу қабылданған қарындашты дұрыс ұштап, жұмысқа дайындай білу керек. Қарындаштың ұшталған бөлігінің ұзындығы шамамен 30 мм, ал графит өзектің ағаш құндақтан шығып тұрған бөлігінің ұзындығы 10 мм-ге жуық болуы тиіс. Қарындаштың графит өзегі конус немесе күрекше тәрізді үшкірленеді.

Сызғыш. Сызу пәнінде түзу сызық жүргізу үшін ағаш немесе пластмасса сызғыштар пайдаланылады. Көлденең планкасы – басы бар сызғышты рейсшина деп атайды. «Рейсшина» неміс сөзі, қазақшасы «үлкен сызғыш».

Сызба тақтасы. Сызба салынатын қағаз сызба тақтасына батырмалармен бекітіледі. Сызба тақтасы жұмсақ ағаштан жасалады. Оқушыларға арналған сызба тақтасы рейсшина сызғышымен қоса сатылады.

Бұрыштықтар. Рейсшина горизонталь сызық жүргізу үшін керек болса, бұрыштықтар вертикаль және көлбеу сызық жүргізу үшін керек. Сызба салуда екі түрлі бұрыштықтар қолданылады. Оның біреуінің бұрыштары 90º, 45º, ал екіншісінің бұрыштары 90º, 60º және 30º болады.

Даярша (готовальня). Қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтығын даярша деп атайды. Даяршаның түрлері көп. Оқушыға арналған даярша құрамына шеңберсызар (циркуль), өлшемдерді көшіруге және түсіруге арналған өлшегіш, сызбаны тушьпен бастыра жүргізуге арналған рейсфедер, ұзартқыш, ине және графит өзектер салынатын қобдиша, центрик және басқа аспаптар енеді. Циркуль латын сөзі, дөңгелек деген мағына береді. Рейсфедер, тушь неміс тілінен орыс тілі арқылы қазақ тіліне енген сөздер. Сызу аспаптары мен материалдарын ұқыптылықпен сақтау, таза ұстау және оларды жұмысқа дұрыс дайындай білу керек. Бұрыштықтың, рейсшинаның және сызғыштың түзу сызықтар жүргізетін жиегін еппен ұстаған жөн. Олардың жиектері тегіс, кетіксіз және жаншылмаған болуы тиіс.

   Сызба салынатын  қағаз бетіне жарық сол жақтан  түсетін болсын және сызба  тақтасында тек қажетті аспаптарды  ғана қалдыру керек. Жұмыс аяқталғаннан  кейін аспаптарды құрғақ матамен  сүртіп, жинап қоямыз.        

 

 

 

Үйге  тапсырма беру: Сызу аспаптары мен құрал-жабдықтарымен тереңірек танысып, оларды қолдана білуді үйрену.

 

 

 

Сабақ: №2

Сабақтың  тақырыбы:      

Сызба сызықтарының түрлері.

 

Сабақтың  мақсаты:

а) Білімділік:                    Оқушыларға сызу құралдарын қолдану амал тәсілін        

                                           үйрету, жаңа мағлұмат беру және  т.б.

 

ә) Дамытушылық:             Сабақ оқытудың негізгі үрдісін  есте қалдыру,

                                            оқушы санасына терең сіңіру.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сызу арқылы оларды тазалыққа, ұқыптылыққа

                                            үйрету.

 

Сабақтың  көрнекілігі:  А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар, сызғыш, өшіргіш, шеңберсызар және тағы басқа.

 

Сабақтың  өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  4. Тапсырмаларды орындау.
  5. Сабақты бекіту.
  6. Үйге тапсырма.    

                           

Сабақтың  барысы:

    Оқушыларға сызба сызықтарының түрлері жайлы тереңірек мағлұмат беремін және әр сызықты тақтаға сызып түсіндіремін.  Сызба сызуда 9 түрлі сызық қолданылады. Олардың төртеуі тұтас, ал қалған бесеуі тұтас емес сызықтар.

  1. Тұтас жуан негізгі сызық. Егер бұл сызықтың жуандығын s (латын әрпі) деп белгілесек, онда s кескіннің үлкен-кішілігі мен күрделілігіне және сызбаның пішіміне байланысты 0,5 мм-ден 1,4 мм-ге дейінгі аралықта болады. Бір сызбадағы сызықтардың жуандықтары бірдей болуы тиіс. Тұтас жуан негізгі сызық сызбада көрінетін сызықтарды бастыра жүргізу үшін қолданылады.
  2. Тұтас жіңішке сызық. Оның жуандығы негізгі сызықтың жуандығынан екі-үш есе жіңішке болады. Бұл сызықтың сызбада қолданылатын орны көп, соның бастыларын ғана атап өтейік. Шығару және өлшем сызықтары, проекция және координата осьтері, көмекші тұрғызу сызықтары, қима және тілікті сызықтау (штрихтау) тұтас жіңішке сызықпен жүргізіледі.
  3. Тұтас жіңішке іркесінді сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығындай болады. Ұзын үзу сызықтарын көрсету үшін қолданылады.
  4. Тұтас ирек сызық. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей. Үзу сызықтары үшін және тілікті көріністен бөлу үшін қолданылады. Ирек сызық сызу аспаптарының көмегінсіз, қолдан салынады.
  5. Үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 2 мм-ден 8 мм-ге дейінгі аралықта, ал олардың арақашықтықтары 1 мм-ден 2 мм-ге дейінгі аралықта алынады. Үзілме сызық сызбадағы көрінбейтін сызықтарды кескіндеу үшін қолданылады.
  6. Жіңішке нүктелі үзілме сызық. Сызық бөліктерінің ұзындығы 5 мм-ден 30 мм-ге дейінгі, ал аралықтары 3 мм-ден 5 мм-ге дейінгі аралықта алынады. Нүкте (сызықша) бөлік аралықтарының дәл ортсына қойылады. Жіңішке нүктелі үзілме сызық, үзілме сызық сияқты бөліктерінен басталып, бөліктерімен аяқталады және бөліктерімен қиылысады. Сызбаның осьтік және центрлік сызықтары осы сызықтың көмегімен көрсетіледі.
  7. Жуандатылған нүктелі үзілме сызық. Жуандығы тұтас негізгі сызықтың жуандығынан 1,5-2 есе жіңішке болады. Бөліктерінің ұзындықтары 3...8 мм, ал олардың аралықтары 3...4 мм болады. Шынықтырылатын және қапталатын беттерді жуандатылған нүктелі үзілме сызықпен көрсетеді. Бұл сызықты қиюшы жазықтықтың алдындағы нәрсе бөлігін кескіндеу үшін де пайдаланады.
  8. Жуандығы тұтас жіңішке сызықтың жуандығымен бірдей болады,. Бөліктерінің ұзындығы 5...30 мм, олардың аралығы 4...6 мм болады.
  9. Сызбада қиюшы жазықтықтардың орындарын көрсеткенде пайдаланылады, сондықтан оны қима сызығы деп те атайды. Жуандығы (1 ... 1,5) s-ке тең болады. Бұл сызық екі бөліктен тұрады, бөліктерінің аралығы қимасы немес тілігі берілетін нәрсенің сәйкес өлшеміне байланысты. Бір бөлігінің ұзындығы 8... 20 мм-ге тең.      

 

 

 

 

 

 

Үйге  тапсырма беру: Сызба сызықтарын А4 пішіміндегі қағазға сызып келу.

 

 

       1-2-3-4 токсанга   Толық жоспарды   www.jospar.ucoz.com  сайтынан көшіріп алыңыз


Информация о работе Болат өндірісі