Жіті және созылмалы сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі синдромдары.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 17:23, реферат

Краткое описание

Қауырт сыртқы тыныс жеткіліксіздігі бірнеше минуттан бірнеше сағаттың ішінде дамиды. Оған мысал ретінде: дыбыс байламдарының аяқ астынан жиырылуы немесе жоғары тыныс жолдарына бөгде зат түскенде адамның тұншығуын, бронхиальді демікпенің ұстамасын, өкпе тамырларында тромбоз, эмболия дамуын келтіруге болады.
Жіті сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі бірнеше аптаның ішінде дамиды. Мәселен, жіті пневмония, плеврада біртіндеп сұйық немесе ауа жиналуы, өкпе сыртынан қысылып қалуы, өкпе ісінуі кездеріндегі сыртқы тыныс жеткіліксіздігі.

Содержание

Кіріспе
1.Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігінің клиникалық түрлері.
Негізгі бөлім
1.Жіті және созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі.
2.Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігінің спецификалық және бейспецификалық көріністері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

патфиз.pptx

— 254.82 Кб (Скачать документ)

“АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ” АҚ 
 
Тақырыбы: Жіті және созылмалы  сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі синдромдары. 
 
 
              Орындаған: Тургунбаева Д. , Маден А. 
                                     312 ЖМ 
 
 
 
 
                             Астана-2013 ж.  

      Жоспар: 
Кіріспе  
1.Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігінің клиникалық түрлері.  
Негізгі бөлім 
1.Жіті және созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі. 
2.Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігінің спецификалық және бейспецификалық көріністері.  
Қорытынды 
Пайдаланылған әдебиеттер 

  Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі – деп белгілі бір жүктемелерден кейін немесе тыныштық жағдайдың өзінде артериялық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының жағдайын айтады. Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі қауырт, жіті және созылмалы түрлерде болады.

  Қауырт сыртқы тыныс жеткіліксіздігі бірнеше минуттан бірнеше сағаттың ішінде дамиды. Оған мысал ретінде: дыбыс байламдарының аяқ астынан жиырылуы немесе жоғары тыныс жолдарына бөгде зат түскенде адамның тұншығуын, бронхиальді демікпенің ұстамасын, өкпе тамырларында тромбоз, эмболия дамуын келтіруге болады. 
  Жіті сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі бірнеше аптаның ішінде дамиды. Мәселен, жіті пневмония, плеврада біртіндеп сұйық немесе ауа жиналуы, өкпе сыртынан қысылып қалуы, өкпе ісінуі кездеріндегі сыртқы тыныс жеткіліксіздігі.

Созылмалы сыртқы тыныс жеткіліксіздігі бірнеше айдан бірнеше жылдар бойы дамиды. Мәселен, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, өкпе туберкулезі. Бұл кезде сыртқы тыныс жеткіліксіздігі үш сатыда өтеді:  
- теңгерілген (компенсациялық) жеткіліксіздік сатысы. Бұл кезде өкпе вентиляциясы бұзылған белгілер болғанымен қанда  оттегінің қалыпты деңгейі ұсталып тұрады. 
  - шала теңгерілген (субкомпенсациялық) жеткіліксіздік сатысында өкпе вентиляциясы қалыпты немесе төмендеген, өкпеде газдардың диффузиясы мен перфузиясы бұзылған болады. Қанда тотыққан, оксигемоглобиннің  деңгейі 93%- дан азаяды,гипоксемия байқалады. 
  - теңгерілмеген (декомпенсациялық) жеткіліксіздік сатысы кезінде ауыр гипоксемия және гиперкапния дамиды. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі нәтижесінде қанның газдық құрамы өзгереді және ентікпе пайда болады. Гипоксемия, гиперкапния және гипокапния түрлерінде көрінеді.

Сыртқы тыныс  жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері:

 

   Спецификалық коріністері – деп тыныс алудың жеткіліксіздігіне ғана тән бұзылыстары айтады. Оларға артериялық гипоксемия мен гиперкапния жатады.

 

   Бейспецификалық көріністеріне тыныс алудың жеткіліксіздігінде ғана емес, басқа жүйелердің аурулары кездерінде де байқалатын бұзылыстарды жатқызуға болады. Бұларға:

    • Тыныс алудың жиілігі мен ырғағының өзгерістері;
    • тері мен шырышты қабықтардың көгілдірленуі (цианоз);
    • ентік;
    • әртүрлі дерттік тыныстар.

Сыртқы  тыныс жеткіліксіздігінің спецификалық көріністері:

 

Гипоксемиялық немесе ұлпалық тыныс жеткіліксізігі ( І түрі ) – кезінде артериялық қанда оттегінің үлестік қысымы с. б, б.50 мм- ден төмендеп кетеді. Оның даму жолдарында:

    • Өкпе ұяшықтары мен қылтамырлар қабырғалары арқылы газдардың диффузиясының бұзылыстары;
    • -ұяшықтардың желдетілуі мен олардың қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары;
    • веналық қанның, өкпе тамырларына түспей, тікелей сол жақ жүрек қуыстарына ауысуы;
    • дем алатын ауада оттегінің үлестік қысымы қатты азайып кетуі – маңызды орын алады.

 

Гиперкапниялық  – гипоксемиялық немесе вентиляциялық  тыныс жеткіліксіздігі ( ІІ түрі ) өкпе ұяшықтарының гиповентиляциясы нәтижесінде дамиды. Бұл кезде организммен көмірқышқыл газының сыртқа шығарылуы азайып, қанда оның деңгейі көбейіп кетеді. Қанда бұл газдың үлестік қысымы с. б. б. 45 мм – ден астам көтеріледі. Осыны гиперкапния дейді. Гиперкапнияның деңгейі өкпе ұяшықтарының желдетілуі азаюынан тікелей байланысты болады. Осыдан қанда қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің бұзылуы байқалады, газдық ацидоз дамиды. Артынан гипоксияның нәтижесінде газдық емес, метаболизмдік ацидоз дамиды.

Сыртқы  тыныс жеткіліксіздігінің    бейспецификалық көріністері:  
 
-гиперпноэ; 
-брадипноэ; 
-тахипноэ; 
-ентікпе; 
- дерттік тыныстар ( Чейн – Стокс, Биот, Кусcмауль, асфиксия, агониялық тыныс ) 

Гиперпноэ – жиі терең дем алу. Ол қол жұмысын атқарғанда, гипоксемия, ацидоз, асқын қызыну кездерінде тыныс алу орталығы қозуынан дамиды. 
Брадипноэ – сирек тыныс алу. Ол организмге  оттегі көп түсуінде, кезбе жүйкенің межқуаты көтерілгенде, тыныстық орталықтың қозымдылығы төмендегенде, артериялық қысым көтерілгенде байқалады. 
Тахипноэ - жиі, беткейлік тыныс. Ол тыныстық орталықтың қозымдылығы көтерілгенде, өкпе тінінің бүліністері нәтижесінде тыныстық беттің азаюы кезінде, симпатикалық жүйке жүйесінің межқуаты көтерілгенде, артериялық қысым төмендегенде, гипоксемия кездерінде дамиды.

  Ентікпе – тыныс алу бұлшықеттерінің ұдайы ауыр жұмыс атқаруымен және адамда ауа жетіспеу сезімімен қабаттасатын өте ауыр сезім. Ол жиі үрейлену, қорқыныш, абыржу сезімдерімен қабаттасады. Ентік инспирациялық және экспирациялық ентікпелер деп ажыратылады.

    • Инспирациялық ентікпе – демді ішке тартудың ауырлауымен және оның ұзаруымен сипатталады. Ол жоғары тыныс жолдары мен кеңірдек саңылаулары тарылғанда ( тамақ ісінулерінде, дыбыс байламдары жиырылғанда, бөгде зат тамаққа тұрып қалғанда ) дамиды.

 

    • Экспирациялық ентікпе – кеуде қуысының ішіндегі тыныс алу жолдары тарылғанда байқалады. Бұл кезде демді сыртқа шығару ұзақтығы демді ішке тартудан ұзақ және ауыр болады. Демді сыртқа шығарғанда тыныс алу жолдарындағы ауа қысымы кеуде қуысы ішіндегі қысымнан төмен болады да, тарылған жер одан сайын тарылады, дем шығару ауырлайды.

 Дерттік тыныстарға Чейн – Стокс және Биот, Кусcмауль тынысы, асфиксия, агониялық тыныс немесе ақтық дем жатады. 
Чейн – Стокс тынысы бассүйек ішіндегі қысым көтерілгенде, ұйықтататын немесе наркоздық дәрілермен уланғанда, ауыр артериялық гипертензия, ми тамырларының атеросклерозы, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, уремия кездерінде байқалады. Бұл кезде тыныс алу біртіндеп қалыптыдан жоғарылайды , одан кейін төмендейді, соңында апноэ болады.

Чейн – Стокс  тынысы

   Биот тынысы – ОЖЖ бүліністері кездерінде, әсіресе сопақша ми бүліністерінде байқалады. Бұл кезде тыныс қалыпты – апноэ – қалыпты.

  Кусcмауль тынысы тым терең және сирек тыныстық қозғалыстармен және қатты тыныстық шумен қабаттасады. Бұндай тыныс алу қанда қышқыл өнімдер  жиналып қалғанда байқалады.

Асфиксия кезінде сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі жедел дамып, қанға оттегі түсуі тоқталады да, көміртегі шығарылмайды. Ол тыныс алу жолдары қысылғанда, олардың саңылаулары бөгде затпен бітелгенде, тыныс алу жолдары мен өкпе ұяшықтарында сұйық жиналғанда, кеуденің екі жағында пневмоторакс дамығанда болады. Асфиксия 4 сатыда өтеді.

І саты инспирациялық ентік сатысы делінеді. Бұл кезде терең жиі тыныс алу байқалады. Демді ішке тарту сыртқа шығарудан ауыр және ұзақ болады. Жалпы организмнің қозуы байқалады, тырыспа – селкілдек байқалады. 
ІІ саты экспирациялық ентік сатысы делінеді.Бұл кезде тыныс алу жиілігі сирейді, бірақ оның тереңдігі жоғары қалпында сақталады, демді сыртқа шығару оны ішке тартудан ауырлап, ұзарады. 
ІІІ саты жантәсілім алды сатысы делінеді. Бұл кезде тыныстың тереңдігі мен жиілігі біртіндеп азайып, тыныс алу тоқтайды. Мұны соңғы үзіліс дейді. Бұл сатыда адам есінен танады, тыныстық және қан тамырларының қимылдық орталықтары тежеледі, рефлекстер мүлде жоғалады. 
ІV саты ақтық сатысы делінеді. Соңғы үзілістен кейін агониялық тыныс басталады.

Агониялық тыныс кезінде демді ішке тарту барлық тыныс алуға қатысатын бұлшықеттердің әдеттегіден  тыс тым қатты жиырылуымен,дем алуға қалыпты жағдайда қатыспайтын бұлшықеттердің (ауыз, мойын бұлшықеттері) қатысуымен болады. Бас артқа шайқалып, ауыздың кең ашылуымен  өліп  бара жатқан адам ауаны ауызымен  қармап, жұтуға тырысады. Бұл кезде жүректің қызмет атқару мүмкіншілігі әлі сақталып қалады, ол 5-15 минут жиырылуы мүмкін.

                      Қорытынды  
Қорыта келе, сыртқы тыныс жеткіліксіздігі өте ауыр патологиялық үрдістердің бірі. Ол адам организміндегі көптеген қызметтік жүйелерге өз әсерін тигізеді. Мысалы, жүйке жүйесі, қан жүйесі және т.б. Сондықтан ол адам организміне өте қауіпті және асқынған түрі өлімге алып келуі мүмкін.

Қолданылған әдебиеттер: 
1.Ә. Нұрмұхамбетұлы “Патофизиология” Алматы, 2007  
2. www.google.kz  

Назарларыңызға  рахмет!

 

 

1

 

2


Информация о работе Жіті және созылмалы сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі синдромдары.