Жүрек құрылысының және қан тамырларының балалық шақтағы ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 15:19, научная работа

Краткое описание

Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларыныңбұлшықет қабығы. Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді.

Содержание

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім
а) Жүрек туралы ұғым.
ә) Жүрек құрылысы
б) ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ
в) ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ
III. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

анатомия..docx

— 406.83 Кб (Скачать документ)

            

      Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы     250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады. Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрек бұлшықеті (гр. myocardiummys — бұлшықет, kardia — жүрек) - жүректің жүрекшелері мен қарыншаларыныңбұлшықет қабығы (миокард). Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бесет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.

                     

                       

                                                                                                                                          

 

Жүректің құрылысы оның атқаратын  қызметіне сай келеді. Ол тұтас  арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді, бұл жақтаулы қақпақшалар.Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына

 

 

 

ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ

Жүрек ақаулары- жүрек іші  гемодинамикасын өзгертіп, немесе қан  айналысының үлкен және кіші шеңберіндегі қанның өзара тікелей қатынасын  тудыратын жүрек қақпақтарының, жүрек пердесінің, жүрек қабырғасының және жүректен басталатын ірі тамырлардың  тумыстан болатын не жүре-бара пайда  болатын морфологиялық өзгерістері. Жүрек ақаулары көбіне қан айналысының  жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады.

  Жүрек ақаулары тумыстан пайда болатын және жүре-бара пайда болатын болып екі топқа бөлінеді.

Тумыстан немесе іштен туа болатын жүрек ақаулары жүрек дамуының, эмбрионды даму кезіндегі бұзылуынан болады.

Жүре бара пайда болатын жүрек ақауларының себептері: ревматизмдік эндокардит (70—80% жағдайда), бактериялы эндокардит, атеросклероз, мерез, кеуденің, жарақаттануы және т.б. Осы себептердің әсерінен жүрек қақпақтарында қабынуға, не склерозға тән өзгерістер туады. Олардың нәтижесінде жүрек кақпақтарының жармалары қысқарып, деформацияланады. Қақпақ жармаларында тыртық, пайда болып, олардың бір-біріне жабысуына әкеліп соқтырады.

Этиологиясы: Жүре бара болатын жүрек ақаулары себептерінің ішінде қос жармалы қақпақ шамасыздығын тудыратын жиі себептерге ревматизм мен атсросклероз жатады. 
Қос жармалы қақпақ шамасыздығында болатын анатомиялық, өзгерістер: тыртықтануға байланысты қақпақ жармалары қысқарады және олардың сүйелденулеріне байланысты.

              

 

                               

                             Жүрек ырғағы

 Жүрек ырғағы, яғни 1 минуттағы жиырылу саны негізінен жылжымалы (адасқан) және симпатикалық жүйкелердің (нерв) функционалдық күйіне байланысты болады. Симпатикалық жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі артады. Осы құбылыс тахикардия деп аталады. Жылжымалы жүйкелердің қозуы кезінде жүректің жиырылу жиілігі төмендейді - брадикардия. Жүрек ырғағына ми қыртысының күйі әсер етеді: тежелу артқанда, жүрек ырғағы баяулайды, қозу үрдісі күшейгенде, қуаттанады. Жүрек ырғағы гуморальды әсердің ықпалынан да өзгеруі мүмкін, әсіресе жүрекке келетін қанның температурасының өзгеруі кезінде. Тәжірибелерден оң жақ жүрекшелер бөлігін (жетекші түйіншегін жайылдырмау- татарпау- локализация) жылумен жергілікті тітіркендіргенде, жүрек ырғағының жиілегені, осы бөлікті керісінше суытқанда- қарама- қарсы эффектінің болатындығы анықталған. Жүректің басқа бөліктерін жылумен не суықпен жергілікті тітіркендіру жүректің жиырылу жиілігіне әсер етпейді. Бірақ ол жүректің өткізгіштік жүйесімен қозудың таралу жылдамдығын өзгертуі мүмкін және жүрек жиырылуының күшіне әсер етуі мүмкін. Сау адамның жүрегінің жиылыру жиілігі жас мөлшеріне байланысты болады.

                                   

       Ревматизм деп негізінен жүректің дәнекер тканінің зақымдануымен сипатталатын, В-гемолиздеуші стрептококтар қоздыратын инфекциялық-аллергиялық сырқатты түсінеміз. Ревматизм алғашқы рет мектеп жасындағы балаларда (7-15 жас) басталып, кейін созылмалы, жиі-жиі қайталанатын ауруға айналады. 
Ревматизм XIX ғасырдың бірінші жартысында клиницистер Буйо (1936), Г. И. Сокольский (1938), патолого-анатом А. И. Полунин (1953) және т. б. зерттеулеріне байланысты жеке сырқат ретінде қарала бастады. Г. И. Сокольский өзінің ғылыми еңбектерінде ревматизм сырқатында дәнекер тканьнің жүйелі түрде зақымданатынын айтып кеткен болатын.

   Жасқа байланысты жүректің қанмен қамтамасыз етілуіде өзгереді. М. С. Толгской және М. В. Цилосанилардың айтуынша 3 жасқа дейін балаларда тәждік артериялар тармақтары жүректің барлық бетінде бірдей бөлініп жатады да анастомоз жасап қалың тор түзеді. 3 жастан 7 жасқа дейін анастомоздар саны азаяды да магистралді бағаналар түзеді. 10 жаста тәждік артериялардан ірі тармақтар шығады. Жас балаларда тәждік веналық жүйеге қарағанда Тебезия — Вьессен веналық жүйесі жақсы жетілген болады. Одан әрі қарай тәждік веналар арасындағы бұлшық ет ішілік анастомоз торлары көбейеді де, Тебезия — Вьессен веналық торы сирек болып қалады. 2 жасқа дейінгі балаларда сол жақ жиектік вена(үлкендерде үнемі болады) болмауы мүмкін. Жасқа байланысты веналық тор артериялық торға қарағанда көп болады. Жаңа туылған балаларда жүректің үлкен венасы 0,8 мм, ал сол жақ тәждік артерияның төмендегіш тармағы 1мм, 2 жаста веналардың көлемі 1,8 мм, артериялар -1,5 мм, үлкендерде 3,5 және 2 мм дейін жетеді.  Жаңа туылған балаларда жүректің жетілмеген нервтік жасушалары көптігімен сипатталады. Жасқа байланысты азаю байқалады. 

     Жүректің артериялық қанмен қамтамасыз етілуі тәждік артериялармен жүзеге асады. Жүректі қанмен қамтамасыз етуге  Тебезия — Вьессен тамырлары және медистеналді және бронхтық артериялар қатысады. Жүректің екі тәждік артериясы бар. Сирек түрде бір ғана тәждік артерия болады, ол да шыққан жерінен екіге бөлінеді. Жүрек веналары жүрек қуысына ашылады. Жүректе қан ағысы веналық синусқа ағады, ол жүректің үлкен венасына, жүрекшенің сол жақ қиғаш венасына, қарыншаның сол жақ артқы венасына, жүректің ортаңғы, кіші және басқа қосымша веналарына (жүрек алды венасы, өздігінен оң жақ жүрекшеге құйылатын вена және кіші веналар(Тебезия—Вьессен)) ағады.

      Жүрек қабырғасында 4 лимфалық тамырларды  бөледі. субэндокардиалді, бұлшық ет  ішілік, эпикар ішілік және едәуір  мықты субэпикардиалді, олардын  жүректің тәждік веналарының  бойымен жүретін  екі оң  жақ және сол жақ  басты  коллекторлар түзіледі.Сол жақ  лимфалық коллектор кеңірдек  маңындағы лимфалық түйіндерге  құйылады. Оң жақ лимфалық коллектор  алдыңғы кеуде аралықтың сол  жақ жоғарғы түйінінің біріне  құйылады.

      Жүректің нервтік аппараты екі  бөліктен құралған — жүректен  тыс және жүрек ішілік. Жүректен  тыс бөлігі нерв өткізгіштерінен  түзілген, ол жүректі орталық  нерв жүйесімен және басқа  мүшелердің нервтік құрылымдарымен  байланыстырады. Жүрек ішлік бөлігіне  нервтік өрімдер және жүректегі  нервер жатады. Жүректі шеткері  симпатикалық  бағана тармақтары, кезбе жүйке тармақтары иннервациялайды.

        Симпатикалық және кезбе нервтер  мен олардың тармақтары  ірі  тамырлардың бойында нерв өрімдерін  түзеді. Екі экстракардиалді өрімге  бөлінеді:беткей –қолқа доғасының  алдында орналасқан және терең  –кеңірдектің төменгі бөлігінің  алдыңғы бетінде орналасқан. Екі  өрімде бір-бірімен тығыз байланыста  болады.                                                                                     

 

              ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ 

Жүрек-қан тамыр жүйесінің  аурулары елімізде адам өлімінің себептері  арасында бірінші орынға шығып отыр. Атеросклероз, гипертония ауруы, жүректің ишемиялық ауруы адамзаттың "катерлі  үшбірлігі" деген атқа ие болған. Осы топтан тысқары эндокардиттер, миокардит және жүрек жетіспеушіліктері  де қаралады.  
ЭНДОКАРДИТ  
Эндокардит жүректің ішкі қабығының қабынуы. Этиологиясы. Эндокардиттер әртүрлі инфекциялар нәтижесінде дамиды, әсіресе оның пайда болуына гемолиз шақырушы -стрептококтардың, жасыл стрептококтардың, стафилококтардың маңызы зор. Эндокардиттердің бұл түрлері ревматизм, сепсис ауруларының бір көрінісі есебінде қаралады. Тек фибропластикалық эозинофилиямен барушы эндокардитті эндокардиттің алғашқы сырқаты деп қарауға болады. 
Бұл сырқат үшін қарыншалар эндокардының едәуір қалыңдап кетуі және сол жерлерде тромб пайда болуы (тромбты эндокардит) тән. Егер осы өзгерістер сорғыш бұлшықетке немесе хорда жіптеріне өтсе клапандар жақсы жабылмай олардың жетіспеушілігіне әкеп соғады.  
Ауру өлімі жүрек жұмысының нашарлығынан немесе тромбтар эмболиясына байланысты инфарктан болады.  
МИОКАРДИТ  
Миокардит — көптеген инфекциялардың, улы заттардың, аллергиялық әсерлердің нәтижесінде дамитын жүрек бұлшықеттерінің қабынуы.    
Я. Л. Рапопорт морфологиялық тұрғыдан миокардиттердің: 1) арнайы емес; 2) гранулематозды және 3) алып клеткалы түрлерін ажыратады.   
Этиологиясы. Гранулематозды миокардит туберкулез, саркоидоз, ревматизм сырқаттары үшін тән болса, ал алып клеткалы миокардит осы процесс нәтижесінде пайда болған ірі некроз ошақтарының айналасында дамиды. Миокардиттің бұл түрі миастенияда, Вегенер гранулематозында ұшырайды. Миокардиттердің көпшілігі кейбір аурудың қосалқы белгісі есебінде дамиды. И. В. Давыдовскийдің пікірінше өз алдына дамитын миокардитке тек себебі белгісіз  (идиопатиялық)  миокардитті ғана жатқызуға болады, үйткені осы сырқатта патологиялық процесс басқа ағзалардың емес жүрек қызметінің бұзылуынан басталады.  
Идиопатиялық миокардит — Абрамов-Фидлер миокардиті, клиникалық көріністеріне қарап, қатерлі миокардит деп те атайды. Бұл сырқаттың этиологиясы анық емес, оның шығуында әртүрлі инфекциялардың, организмде дамитын иммунологиялық және иммунопатологиялық өзгерістердің маңызы бар.  
Патогенезі. Жоғарыда айтылған өзгерістер нәтижесінде жүрек бұлшықеттері зақымданып, организмде оларға қарсы антиденелер түзіледі. Антиденелер қандағы комплементпен қосылып иммунды жиынтық түзеді, оның миокардта, жүрек қан тамырларында шегіп қалуына байланысты иммунды қабыну процесі басталады. Миокард тканін бұзуда иммунды жүйеде түзілген, киллирлік әсер етуші, Т-лимфоциттердің маңызы зор. Демек осы аурудың организмде үдемелі (қатерлі) түр аяуы иммундық механизммен байланысты.  
Патологиялық анатомиясы. Миокардит нәтижесінде жүрек қуыстары кеңіп, ткані босап, кесіп қарағанда сарғыш-қоңыр түсте көрінеді. Осы сырқат ұзаққа созылғанда кеңіген қуыстарда тромбтар түзіліп, жүрек салмағы 1 килограмға дейін жетеді. Микроскоппен тексергенде миокардта әртүрлі дистрофиялық және қабынуға тән өзгерістерді көреміз. Аурудың жіті түрінде қабыну сіңбелерінде лейкоциттер, әсіресе эозинофилді лейкоциттер көп болса, оның созылмады түрінде лимфоциттер, плазмалы клеткалар басым болады. Сонымен катар миокард аралығында дәнекер тканьнің көбейіп кеткендігі, ошақты немесе диффузды кардиосклероз дамығандығы байқалады.  
Ауру өлімі жүрек қызметінің нашарлауына немесе тромбоэмболияға байланысты болады.  
Перикардит. Перикардит жүрек қабының және жүректің сыртқы қабығының (эпикардтың) қабынуы. Перикардит көбінесе басқа ауруларға немесе жүректің ез ауруларына байланысты дамитын сырқат. Клиникалық көріністеріне қарап перикардитті: жіті және созылмалы, морфологиялық өзгерістері бойынша: экссудативті және пролиферативті (адгезивті) деп бөлеміз.  
Этиологиясы. Перикардиттің дамуына вирусты, бактериялы инфекциялар, туберкулез, аллергиялық және ревматизм аурулары себепші болады. Уремия нәтижесінде организмнен бөлініп шығатын азотты улы заттар да, миокард инфарктына байланысты некроз да перикардқа тікелей әсер етіп, оны қабындырады. 
Патогенезі. Перикардиттің дамуы жоғарыда айтылған улы заттардың тікелей әсерінен немесе олардың қан, лимфа арқылы келуімен байланысты, кейде ол иммунды қабынудың бір түрі есебінде көрінеді.  
Патологиялық анатомиясы. Перикардитте көбінесе фибринді қабыну болып, эпикард және перикард бетінде фибрин жіпшелері (түктері) пайда болады, осы көрініске "түкті жүрек" деген ат берілген. Егер осы фибринге бай экссудат дәнекер тканьге айналса жүрек қабы бүтіндей бітіп немесе эпикард пен перикард арасында өте қатты (адгезивті) фиброзды ткань пайда болады, кейде осы жерге кальций тұздары "шөгіп қалып", жүректі темір құрсаудай қысып ("сауытты жүрек") оның жұмысын қиындатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Марат Оспанов  атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік  Медицина            Университеті

 

 

 

Студенттің өзіндік жұмысы

 

 

 

Мамандығы: Жалпы медицина

Дисциплина: анатомия-2

Кафедра: қалыпты анатомия

Курс: 3

Тақырыбы: Жүрек құрылысының және қан тамырларының балалық    шақтағы ерекшеліктері.

 

 

 

 

 

Орындаған:

Тобы: 303 А

Бағасы:_______

Оқытушы қолы:___________

Күні:____________________

 

 

 

 

 

 

 

 

  Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Атлас    Адам анатомиясы  З том  8-55 бет,
  2. Алшынбай Ракышев  адам анатомиясы

Алматы 2004ж, 312-324 бет

  1. Интернет желісі

WWW.google.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім

а) Жүрек туралы ұғым.

ә) Жүрек құрылысы

б) ЖҮРЕК АҚАУЛАРЫ

в) ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ

 

  1. Қорытынды

 

 

 

 

 


Информация о работе Жүрек құрылысының және қан тамырларының балалық шақтағы ерекшеліктері