Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2014 в 19:57, реферат
Жүрек қан тамыр жүйесі аурулары әр топтағы халықтар арасында кеңінен таралған, осы аурулармен ауыратын науқастарды бақылау мен күтімдеудің ерекшелігін білу мейірбикелер үшін қажетті. Бұл аурулар науқастың өмір сапасын көрнекті төмендетеді, ал олардың айрықша симптомдары (жүрек аймағының ауырсынуы, ентігу, жөтел, жүрек қағуы), басқа физикалық зақымдалулар, күшті стресс факторларымен анықталады, ол науқастардың жайсыз физикалық жағдайын тудырып, басқа аурулардың ағымын ауырлатуы мүмкін. Психикалық эмоционалдық стресс және физикалық жүктеме ЖҚЖ ауруларында ұзақ патогендік рөл ойнайтыны белгілі, сондықтан бөлімде жағымды психологиялық климат қалыптастыру, науқастың тыныш жағдайын қалыптастыру, олардың тез сауығуында негіз болып табылады.
Ф КГМУ 4\3-04\02
ИП №6 УМС при КазГМА
От 14 июня 2007г.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы
ДӘРІС 3
Тақырыбы: «Жүрек, қан тамыр жүйесі ауруларының мейірбикелік үрдісі».
Кредит: 3
Мамандығы: 051101-«Мейірбике ісі»
Курс: 2
Уақыты: 50 минут
Қарағанды-2010ж
Тақырыбы: Жүрек, қан тамыр жүйесі ауруларының мейірбикелік үрдісі.
Дәрістің мақсаты: Жүрек, қан тамыр жүйесі ауруларының негізгі көріністерімен студенттерді таныстыру; АІЖ патологиясы бар науқастарды бақылау мен басқарудың ерекшеліктері; гастроэнтерология бөліміндегі мейірбикелік үрдіспен таныстыру.
Дәріс жоспары:
Кіріспе.
Жүрек қан тамыр жүйесі аурулары әр топтағы халықтар арасында кеңінен таралған, осы аурулармен ауыратын науқастарды бақылау мен күтімдеудің ерекшелігін білу мейірбикелер үшін қажетті. Бұл аурулар науқастың өмір сапасын көрнекті төмендетеді, ал олардың айрықша симптомдары (жүрек аймағының ауырсынуы, ентігу, жөтел, жүрек қағуы), басқа физикалық зақымдалулар, күшті стресс факторларымен анықталады, ол науқастардың жайсыз физикалық жағдайын тудырып, басқа аурулардың ағымын ауырлатуы мүмкін. Психикалық эмоционалдық стресс және физикалық жүктеме ЖҚЖ ауруларында ұзақ патогендік рөл ойнайтыны белгілі, сондықтан бөлімде жағымды психологиялық климат қалыптастыру, науқастың тыныш жағдайын қалыптастыру, олардың тез сауығуында негіз болып табылады.
Кардиология бөліміндегі мейірбикелік үрдіс.
Мейірбикелік үрдіс 5 басқыштан тұрады:
Жүрек қан тамыр жүйесі мүшелерінің аурулары бар науқастарды зерттеуде барлық ерекше шағымдарға, аурудың барысына, операция, тұқым қуалаушылық науқастың мәселелеріне көңіл бөлу керек.
ЖҚЖ ауруларының диагностикасы мен дұрыс емдеу стратегиясын таңдау дәрігер барлық уақытта байқай алмайтын, науқаста әрдайым көріне бермейтін белгілі симптомдардың анықталуына байлаысты. Мұндай жағдайда мейірбикенің рөлі көрнекті жоғарылайды. Бұдан сырт ол науқасты зерттеуге қалай дайындау керектігін білу керек.
Мейірбике науқасты әртүрлі зерттеуге дайындауға тікелей қатысады. Мейірбикенің міндетіне медициналық құжаттарды толтыру, науқасты зерттеу жасау орнына апарулар кіреді.
ЖҚЖ ауруларымен ауыраты науқастарда келесі мәселелер болуы мүмкін:
Мейірбикелер өз жұмысын науқасты зерттеп, ЖҚЖ ауруларының симптомдарын анықтап, мейірбикелік диагноз қоюдан бастайды.
Мейірбикелердің диагностикалық үрдіске қатысуы олардың ЖҚЖ ауруларының негізгі диагностикалық әдістеріне байланысты білімінен пайда болады және дәрігердің көмекшісі ретінде жеке диагностикалық тапсырманы орындай білу керек.
ЖҚЖ ауруларының негізгі синдромдары мен симптомдары
ЖҚЖ мүшелерінің аурулары бар науқастарды зерттеуде барлық ерекше шағымдарға, аурудың барысына, операция, тұқым қуалаушылық науқастың мәселелеріне көңіл бөлу керек.
Жүрек аймағының ауырсыну синдромы.
Ентігу ауа жетіспеу сезімі, жүрек қызметі жетіспеушілігі кезінде, кіші қан айналым шеңберінде веналық іркілудің әсерінен пайда болады. Ентігудің анықталуына байланысты қан айналымы жеткіліксіздігі дәрежесін тұрақтандыруға болады.
Жөтел кіші қан айналым шеңберінде веналық қан іркілу болғанда пайда болады, көбіне құрғақ жөтел болады, кейде қанды қақырық кездеседі.
Жүрек қағу Жүрек жирылуының күшеюі мен тездеуі. Жүйке аппаратының қозуының әсерінен пайда болады. Жүрек қағуы жүрек бұлшық етінің зақымдалуаның белгісі.
Бастың ауырсынуы, айналуы, көздің қарауытуы, құлағы шыңылдап, құсу. Артериялық қан қысымы жоғарылаған науқастарда, миған оттегі жетіспеудің себебінен туындайды.
Объективті зерттеу.
II кезең: Мейірбикелік диагнозын белгілеу.
Қазіргі физиологиялық диагноздан басқа қашанда потенцияльды диагнозы болу керек: физикалық жүктемеден кейінгі жүрек тұсының шаншуы – стенокардия, МИ; ентігу – жүрек қызметі жеткіліксіздігінің көрінісі.
Физиологиялық диагноздан басқа мейірбике науқаста рухани-психологиялық және қоғамдық мәселелердің бар жоқтығын анықтау керек (жолдастарының мәселесі) бейімделу мәселесі, аурумен байланысы (жүрек тұсы ауырсынуында – қорқыныш, қайталай дертінің қозуын тудыруы мүмкін), жұмысқа қабілеті төмендеумен, өлімнен қорқу …
Ұқыптылықпен мейірбикелік зерттеуде мейірбике науқастың медициналық мәселесін анықтап, мейірбикелік диагнозды қоюы керек:
Бұдан сырт рухани, психологиялық, қоғамдық мәселелерін анықтау керек.
Науқастың барлық мәселелерінің арасынан мейірбике науқаспен келісе отырып, алғашқы күтім жоспарын таңдауы керек.
III кезең – мейірбикелік қатысуды жоспарлау.
Мысалы. Алғашқы анықталған мәселе (диагноз) – стенокардияға байланысты науқас жүрек аймағының ауырсынуын бастан кешіреді. Мейірбике қысқамерзімді мақсат қояды: 15-20 минут ішінде науқастың жағдайын жеңілдету, жайлы жағдай жасау, тыныштықты қамтамасыз ету, нитроглицерин беру.
Ұзақмерзімдік мақсаты: Науқасты тұзы, майы шектелген диетаға отырғызу.
IV кезең – мейірбикелік қатысу жоспарын іске асыру.
Мейірбике белгілеген жоспарын ұқыптылықпен орындап, өзінің әрекетін жұмыс күнделік дәптеріне жазып отыру керек. (слайд 4,5,6).
Ойық жара ауруының мейірбикелік қатысуы төмендегідей болуы мүмкін:
V кезең – мейірбикелік қатысудың өнімділігін бағалау.
ЖҚЖ мүшелерінің ауруларында: жүрек аймағының ауырсыну сезімінің, ентігудің басылуы, белгілі физикалық жүктемеге төзе алатындай болу. т.д. Мейірбике ЖҚЖ ауруларының асқынуы, диеталық сұрақтар туралы науқастармен сұхбаттасу.
Көрсетпелі құралдар: слайдтар:
Әдебиет:
негізгі
қосымша
Бақылау сұрақтары (кері байланыс):
Информация о работе Жүрек, қан тамыр жүйесі ауруларының мейірбикелік үрдісі