Жұқпалы аурулар туралы ұғым және жұқпалы ауру түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 14:29, реферат

Краткое описание

Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

b673087490db60b09c3d.doc

— 85.87 Кб (Скачать документ)

Егер вакцинаның қандай да бір дозасы салынбаған болса, ол мүмкіндігінше дереу енгізілуге тиіс, бұл ретте иммундаудың толық курсын қайта бастаудың қажеті жоқ.

Иммундаудың пайдаланылған үлгісіне қарамастан 3 дозадан тұратын HbsAg-ге (анти-HbsAg) қарсы антиденелердің қорғаныш деңгейі егілгендердің 95%-нан астамында қалыптасады. ВВГ-ге қарсы вакцина жасалғаннан кейін антиденелердің қалыптасуымен жауап берген адамдар жіті, созылмалы ВВГ жұқпасынан және дельта-жұқпасынан жақсы қорғалған. 15 жастан асқан адамдарды вакцинациялау алдын ала ВВГ-ге маркерлік диагностикалаудан кейін жүргізіледі. ВВГ-ге зерделеуде оң нәтижелі адамдар вакцинациялауға жіберілмейді.

Мыналар вакциналарды енгізуге қарсы айғақтар болып саналады:

1) шала туғандық, туған кездегі салмағы 2000 грамнан кем;

2) препараттың құрамдас бөліктеріне сезгіштіктің артуымен байланысты алдындағы дозаның күшті аллергиялық реакциясы (генерализдендірілген бөртпе – есекжем, тыныс алу ауырлығы, өңеш пен ауыз қуысының ісуі, гипертензия, шок). Бұл ретте осы вакцинаның одан әрі қолданылуы доғарылады;

3) 380С-тан жоғары температурасымен немесе жалпы жай-күйдің айтарлықтай бұзылуларымен білінетін ауырлығы орташа және ауыр сырқаттар. Вакцинаны денсаулықтың қалыпқа келгенінен кейін 2-4 аптадан соң вакцинациялауға рұқсат етіледі;

4) жүктілік;

5) ауыр емес жіті респираторлық вирустық жұқпалар, ішек және басқа жіті жұқпалы аурулар. Вакцинаны аурудан айыққаннан кейін бірден вакцинациялауға болады.

ВВГ-ге қарсы вакцинациялауға жататын контингенттер:

1) жаңа туған нәрестелер өмірдің алғашқы 12 сағатында перинаталдық берілудің алдын алу мақсатында;

Егер бұрын егілмеген болса:

2) жасөспірімдер сырқаттанушылық деңгейі жоғарылауға байланысты;

3) жыныстық қатынас және тұрмыстық жолмен берілудің алдын алу үшін В гепатиті ошағындағы сырқатпен тығыз қарым-қатынастағы адамдар;

4) меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері (дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлер құрамы);

5) меншік нысанына қарамастан медицина бейініндегі барлық жоғары және орта оқу орындарының студентері;

6) қан, оның компоненттері мен препараттарының реципиенттері – құю жиілігіне қарамастан;

7) алғаш анықталған АИТВ жұқтырғандар;

8) гемодиализге және трансплантацияға жататын алғаш анықталған сырқаттар;

9) онкогематологиялық сырқаттар, сондай-ақ иммундық супрессиялық препараттарды алатын сырқаттар, оларға иммундық жауаптың әлсіздігіне байланысты вакцинаның екі есе дозасы енгізіліп, аяқталған вакцинациялаудан кейін 6 айдан соң қосымша ревакцинациялау жүргізіледі.

Қан және оның компоненттері мен препараттары реципиенттеріне құюды жүргізген денсаулық сақтау ұйымының берілген тізіміне сәйкес аумақтық емханаларда жүргізілуге тиіс.

С вирусты гепатиті

С вирусты гепатиті (бұдан әрі — СВГ), жұқпа көздері: аурудың жіті және созылмалы түрлерімен сырқаттар.инкубациялық кезеңі орташа есеппен 180-210 күнді құрайды.

Берілу жолдары ВГВ ұқсас.

Е вирусты гепатиті

Е вирусты гепатиті (бұдан әрі — ЕВГ) — берілу жолы – су арқылы:

1) судан пайда болған эпидемиялық бұрқ етулер 7-8 жыл аралықтармен;

2) аурудың жарылыстық сипатымен;

3) 15-29 жастағы жас адамдардың басым зақымдалуымен;

4) пәтердегі ошақтанудың төмендігімен;

5) жүктіліктің үшінші триместрінде 20 % дейін өлім-жітіммен.

Аурудың көтеріле бастауы жазғы айларға тән, бұл суды барынша көп тұтынуға және шаруашылық-ауызсумен жабдықтау көзі болып табылатын жер асты суының барынша ластануына байланысты.

Алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар АВГ кезінде жүргізілетіндерге ұқсас.

АВГ мен ЕВГ-нің алдын алу негізінде эпидемиологиялық қадағалау жүйесін ұйымдастыру болуы тиіс: әрбір жағдайды тіркеу, есепке алу, эпидемиологиялық тексеру және сырқаттанушылықты талдау.

Д вирусты гепатиті

Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) Жіті вирусты гепатит (А, Е, В, С, Д) жағдайын стандарттық анықтау: вирусты гепатит – бұл ерекше маркерлері болған кезде ұзақтығы кем дегенде 6 айға созылатын бауырдың жіті қабынуы.

2) Энтералдық тетік – асқазан-ішек жолдары арқылы жұқпалы аурулардың берілуі. Вирус ластанған сумен, тамақ өнімдерімен, кір қол арқылы организмге енеді.

3) Парентералдық тетік – қан құйған, инъекция және басқа да манипуляциялар жасаған кезде тері қабаттары мен шырыштылардың тұтастығы бұзылуымен ілесетін, сондай-ақ босану жолдары арқылы өту кезінде анадан балаға берілуі.

ЖВГ сырқаттарын ауруханаға жатқызу

Энтералдық гепатиттермен сырқаттарды ауруханаға жатқызу клиникалық көрсеткіштер бойынша (ауыр түрлері), парентеральдық гепатиттерден бөлек жүргізіледі. Сырқаттарды жатқызуға (оқшаулауға) эпидемиологиялық айғақтар жоқ, өйткені көбінесе жағдайлар аурудың өршу кезінде анықталады. Осы кезеңде сырқаттар қоршаған ортаға вирус бөлуін тоқтатады және эпидемиологиялық қауіп тудырмайды.

ЖВГ-мен ауыратын жүкті әйелдер клиникалық айғақтар бойынша жұқпалы аурулар стационарларына, босанған әйелдер – перзентханалардың қатаң эпидемияға қарсы тәртіп қамтамасыз етілген оқшауланған палаталарына (бокстарына) жатқызылады.

ЖВГ сырқаттарын емдеу

ЖВГ сырқаттарын емдеу халықаралық ұсыныстар негізіндегі көпшілік мақұлдаған тәсілдерге сәйкес жүргізіледі және ол сақтану тәртібін, арнайы диетаны, этиотроптық және патогенетикалық терапияны қамтиды.

АВГ мен ЕВГ кезінде этиотроптық терапия жоқ.

Вирусқа қарсы препараттарды тағайындау жіті ВГ және ДГ прогредиенттік ағымында жұқпалық процестің жоғары аясында және жіті ГС кезінде қолданған орынды.

Этиотроптық терапия халықаралық ұсыныстар мен консенсустар негізінде бекітілген диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес және пегилирленген интерферондарды, нуклеотидтер мен нуклеозидтердің синтетикалық аналогтарын қоса отырып, жүргізіледі. Хаттамалары болмаған кезде «ÐÒ›Ñ‹ÑÑ‹Ð· медицина көмегінің кепілді көлемі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.09.07 ж. № 853 Қаулысына сәйкес диагностикалық және емдеу шаралары көлемі медициналық көрсетілім бойынша көпшілік мақұлдаған тәсілдерге сәйкес анықталады.

Патогенетикалық және симптоматикалық терапия ауру ауырлығына есепке ала отырып, көрсетілген. Глюкокортикостероидтерді қолдануға болмайды.

ЖВГ-ні емдеу кезінде дәрілік препараттарды қолдануда өте сақ болу керек. Көптеген препараттар гепатоуытты.

ЖВГ-нің фульминанттық түрін емдеу.

1) Су балансы мониторингі бар инфузиялық терапия.

2) Психомоторлық қозу ұстамаларын тоқтату.

3) Ішек аутоуыттануының алдын алу.

4) Гипоксияны түзету.

Жіті бүйрек энцефалопатиясы асқынуларын (бұдан әрі — ЖБЭ) емдеу.

1) Ісік – мидың ісінуі: осмодиуретиктер, салуретиктер, ГКС, кранио-церебралдық гипотермия.

2) Асқазан-ішек қан кетуі: криоплазмалық-антиферменттік кешен.

3) Жіті бүйрек функциясының жеткіліксіздігі: калийді сақтайтын дисталдық диуретиктер, дофамин.

4) жайылған қайталама жұқпасы: антимикотиялық препараттармен гепатоуыттылықты ескере отырып, антибиотиктер тағайындалады.

Сондай-ақ, Қазақстанда В вирустық гепатит ауруын алдын алу мақсатында жаңа туған нәрестелер, медициналық қызметкерлер және эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша қарым-қатынаста болғандарға вакциналық емдеу әдісі жүргізіледі. Вакциналау әдісі 6 ай ішінде 2 рет өткізіледі.

Кене энцефалиті.

Кене энцефалиті (КЭ) – ауыр мержігуге, немесе өлім-жітімге әкеліп соғатын, адамның қауіпті сырқаттануы. Бұл сырқаттану жануарлар мен адамдарды иксод кенелері шаққанда таралатын вирус арқылы пайда болады.

Информация о работе Жұқпалы аурулар туралы ұғым және жұқпалы ауру түрлері