Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 08:31, реферат
Жасуша ядросы оның компоненті болып табылады. Оның қызметтеріне жатады:
генетикалық мәліметтерді хромосомалардың ДНҚ молекулаларында сақтайды.
Жасушада өтетін синтетикалық және қалпына келу мен апоптоз үрдістерін қадағалау арқылы генетикалық мәліметтердің берілуін қамтамасыз ету.
Жасушаның бөлінуі барысында генетикалық мәліметті қайталауды және ұрпаққа беруді қамтамасыз ету.
Жас балаларда қызылша ауруында ұрттың жұмсақ тінінде(нома) кездеседі.
жатын жара тері мен жұмсақ тіннің беткей бөлігінің ұзақ уақыт қысыммен басылып тұруынан некроздануы(жиі сегізкөз бен құймышақ аймағында)
Секвестр: Остеомиелитте ошақты өлген тіннің аутолизге ұшырамай, дәнекер тінденбей, тірі тіннің ортасында орналасуы. Маңында іріңге толған,секвестрлі капсула орналасады. свищи(жылан көз)
Ірімшік тәрізді некроз (туберкулезде) құрылымсыз алқызыл масса, маңында гранулематозды қабыну түйіндері бар.
Майлы некроз стеатонекроз май тінінің нерозы, жиегі анық емес.
Инфаркт(ең жиі кездесетін некроз) қан тамырлық, ишемиялық нероз, маңында кеңейген қан тамырларынан және полиморфты лейкоциттермен сіңбеленген, демаркациялық қабыну аймағы болады. Онкологиялық, жұқпалы және нерв жүйесі зақымдалған ауруларда трофонеротикалық бұзылыстардан болады.
Инфарктың себебі: ұзақ спазм, тромбоз, эмболия, анастомоздар мен коллатериальді қан тамырларының жетіспеушілігі( ревматизмдік ауруларда, артериялық гипертония ауруында, жүрек ақауларында,атеросклерозда, сепсистік эндокардитте)
Инфакрт пішіні, көлемі, түсі және консистенциясына қарай әртүрлі болады:
көлемі : тотальді, субтотальді, микроинфаркт
түсі: ақ (ишемиялық) коллатеральді қан тамырлар жетіспегенде(бүйрек, көк бауыр)
қызыл жиекті ақ инфаркт (бүйрек, жүректе инфаркт шетінде қан тамырлар парезді кеңейеді)
Қызыл(геморрагиялық) қанмен сіңбеленгенді (жиі өкпеде , сирек ішек, көк бауыр)
Жүрек инфаркты:ЖИА, атеросклероз, артериялық гипертония ауруында: дұрыс емес пішінді, қызыл жиекті ақ инфаркт жиі сол жақ қарынша мен қарынша аралық перделерде кездеседі(субэндокардильді, субэпикардиальді, трансмуральді).
Мида атеросклероз, артериялық гипертония ауруында ақ және веналық тоқырауда өлген тін қанмен сіңбеленеді(геморрагиялық) жиі қыртыс асты түйіндерде, мидің өткізу жолдарын зақымдап, параличке алып келеді.
Өкпеде өкпе артерияларының тромбозы, эмболиясы кезінде ұш бұрышты қызыл инфаркт кездеседі, бұл өкпе артериясы мен бронх артериясының арасындағы анастомоздармен байланысты. Гемолиздік сарғаюдың себебі.
Бүйректе қызыл жиекті ақ инфаркт және қыртысты қабатының симметриялы некрозы түрінде жиі кездеседі.
Көк бауырда ұш бұрышты ақ инфаркт, Ішекте қызыл инфаркт, гангренаға айналуы мүмкін.
Инфарктың нәтижесі, қолайлы: аз көлемдегі ишемиялық некроздар аутолизденіп, толық регенерацияланады, ірі ошақты құрғақ некроздар организацияланып тыртыққа айналады, мида колликвациялық нерозда киста түзеді.қолайсыз: іріңді ыдырау
Инфакртың маңызы: ми мен жүректежиі кездесіп, нәтижесінде аурулар арасында өлім саны мен мүгедектер санының күрт жоғары болуында.
Апоптоз: Жасушаның жоспарлы жойылуы. Морфологиялық жасушалық мембрана мен органелдердің сақталуымен ядроның гетерохроматинд конденсациясы және бүрісуі. Жасуша апоптозды денешіктерге бөлшектеніп, әрбір бөлшек органелалармен ядро бөлшектерінен тұрады. Олар лимфоциттермен фагоциттеніп, маңындағы жасушалар лизосомаларымен бұзылады.
Некроздың нәтижесі: қолайлы: демаркациялық аймақ, организация(дәнекер тінмен алмасу), әктену,оссификация, киста түзу.Қолайсыз некроз ошағының іріңді ыдырауы, құрсақ ішіндегі некроздар даму ақауларына әкеледі.
Қорытынды:
Апоптоздың жалпы қандай қызмет атқаратынын түсіндік, яғни бұның маңызды да зиянды да жақтары бар.Бұның некроздан ерекшелігі генетикалы бағдарланған, энергияны қолданумен өтетін, клетка өлімінің белсенді процесі. Бұл клеткалы өлімнің ерекше түрі. Ал некрозға тоқталсақ клетканың зақымдалуы кезінде, оның тіршілік ету жағдайының өзгеруі кезіндегі (қан ағымы бұзылысы) дамитын прогресс. Осындай жағдайлар кезінде апоптоз механизм жұмыс істейді.