Жаңа туған нәрестенің өкпесінің гистологиялық құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2015 в 02:51, реферат

Краткое описание

Жаңа туылған сәбидің бірінші дем алуы организмнің бірнеше факторлардың әсерінен қайта құрылуына байланысты болады:
1. Плацентарлы қан айналуы тоқтап, қанда көмір қышқылы газы (СО2) көтеріліп, РН және оттегінің парциальды қысымы төмендейді. Осыған байланысты қолқа мен ұйқы артериясының рецепторларынан тыныс орталыңына импульс тарайды да, тыныс орталығының тиісті параметрлерінде өзгерістер пайда бола бастайды.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
Өкпеге жалпы сипаттама. Нәресте өкпесінің және орналасуының ерекшелігі .
Сурфактанттың ұрықтық даму кезіндегі түзілуі.
Жасқа байланысты өкпе құрылысының өзгеруі.
3.Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

3kurs_gisto_1_srs_2_apta (1).docx

— 24.63 Кб (Скачать документ)

Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

 

 

Кафедра:Гистология

Факультет:Жалпы медицина

 

 

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы :Жаңа туған нәрестенің өкпесінің гистологиялық  құрылымы.Туылғаннан кейін өкпенің дамуы.Қартаю кезіндегі өкпенің жасына сай өзгеруі.

 

                                                              Орындаған: Жанабаева Дария

                                  Топ: 310А

                                                                Тексерген:Бердигалиева А.К

 

 

Ақтөбе 2013 жыл

 

 

Жоспары:

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

  • Өкпеге жалпы сипаттама. Нәресте өкпесінің және орналасуының ерекшелігі .
  • Сурфактанттың ұрықтық даму кезіндегі түзілуі.
  • Жасқа байланысты өкпе құрылысының өзгеруі.

3.Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

       Өкпе – көкірек қуысының көп бөлігін алып жататын және тыныс алу кезеңінде ұдайы өз пішінін өзгертіп отыратын мүше. Организмде өкпенің алатын орны зор. Организм өмір сүру барысында өкпе ұдайы жетіліп, өзгеріп отырады.

      Жаңа туылған сәбидің бірінші дем алуы организмнің бірнеше факторлардың әсерінен қайта құрылуына байланысты болады:

1. Плацентарлы қан айналуы  тоқтап, қанда көмір қышқылы газы (СО2) көтеріліп, РН  және оттегінің парциальды қысымы төмендейді. Осыған байланысты қолқа мен ұйқы артериясының рецепторларынан тыныс орталыңына импульс тарайды да, тыныс орталығының тиісті параметрлерінде өзгерістер пайда бола бастайды.

2. Сыртқы ортаның төмен  температурасы әсер етеді.

3. Сыртқы ортаның жоғарғы  қысымы ықпалы етеді.

Диафрагманың (көк еттің) жиырылуы әсерінен кеуде қуысында теріс қысым туады да, ауаның тыныс жолдарына таралуын жеңілдетеді. Өкпе жабысқақ, тұтқыр суы мен альвеоланың беткі керілуі тарайтын  ауаға біраз кедергі жасайды. Альвеоланың беткі керілуін сурфактант төмендетеді.

       Сурфактант (0,1-0,3 мкм) альвеоланы қаптай отырып, ұрықтың іштегі даму кезеңінің соңғы жағында синтезделе бастайды.  Сурфактант – жоғары молекулалы липопротеид, оның негізгі компоненті – депальмитин-лецитин. Ол ұрықтың іште ламу кезінің 20-24 аптасында екінші қатарлы үлкен альвеоларлы клеткаларында пайда болады. Сурфактант олардың ішінде гранула түрінде жиналады да, альвеолардың бетіне пленка жасай таралады. Әсіресе, бала дүниеге келген  сурфактант көп шыға бастайды. Сондықтан өкпенің алғашқы жазылуына әсерін көп тигізеді. Биологиялық белсенді зат болып есептелінеді,  сондықтан ол ыдырайды. Жартылай ыдырау кезеңі 10-20 сағат 30-32 аптаға дейін. Сурфактант түзілуінде этамалиннің метилдену жолы басымырақ, одан сәл кеш мерзімде сурфактант холин жолымен синтезтеледі. Метилдену жолымен пайда болу оңай әлсірейді. Оны гипоксия,  гипертермия, ацидоз өте тежейді, сондықтан сурфактант тек 36 аптада ғана жетіледі. Осы мерзімге дейінгі шала туылған баланың организмінде сурфактанттың қоры аз болады, ол тыныстың пайда  болуын қамтамасыз етеді. Бірақ сурфактанттың синтезі, оның бөлінуі қарқынына ілесе алмағандықтан тыныс бұзылуы пайда болады.

Ацидоз бен гипоксия өкпе артерияларының тарылуына, альвеолдың ісінуіне әкеліп соқтырады. РН 7,15-7,2 төмен болғанд сурфактант синтезі тоқтап қалады.

Бала өмірге қанда жеткілікті оттегі қорымен туғанда және тыныс орталығы нашар қозатын  жағдайда арада біраз секунд, кейде тіпте минут, өткенге дейін. алғашқы демін алмайды. Бұндай қысқа уақытқа кешігу жаңа туылған бала (нәресте) апноэсы деп аталады.

  Өкпе. Бала дүниеге келгенде оның өкпесінің салмағы 50 грамм болады (дене салмағының 1/50 бөлігі). 6 айда 2 есе ауырлайды, 1 жаста -3 есе, 12 жаста -10 есе, ал үлкен кісілерді -20 есе және одан да көп арытады. Жас нәрестелердің өкпесі дәнекер тканьге өте бай, серпінді (эластикалық) ткандері аз, әсіресе альеольдар маңында, қан тамырларына бай, капиллярлар мен лимфа тамырлары кең болады. Сондықтан, баллардың өкпесінде қанның іркілуі, ателектаз, эмфиземалар тез пайда болып, өкпенің қабынуына уытты заттардың өкпе бетінен қан тамырларына тез сорылып, тарауына өте қолайлы жағдайлар оңай туғызып отырады. Ересектерге қарағанда, баланың өкпесінің тыныстық беті үлкен болып келеді. Өкпе  арқылы 1 минутта, үлкендерге қарағанда, қан көп мөлшерде өтеді. Бала өмірге келерді ацинус, яғни өкпенің тыныстық бөлігі (ол 3 қатарлы респираторлы бронхардан, альвеол жолдарынан, альвөол қабынан тұрады), әлсіз дамыған. Ацинуста қан мен ауа аралығындағы тыныс алмасуы жүреді. Ол тыныстың негізгі функциясы болып есептелінеді. Альвеолдар бала өмірге келгенде дейін 4-6 жетіде қалыптаса бастайды да, 1-ші жыл бойына көбейеді және 8 жасқа дейін көбеюін тоқтатпайды. 8 жастан соң өкпенің үлкеюі альвеоланың көлемі есеьінен жүреді. Бала жаңа туған кезде терминальды бронхтардың қуысы енсіз болады. 2 жаста 2 есе, 4 жаста 3 есе, 18 жаста 5 есе үлкейеді, Бронхтардың жіңішке болуы себепті жас балаларда өкпе ателектазы жиі кездеседі.

Оң жақ өкпе 3 бөліктен тұрады.

Сол өкпе 2 бөліктен тұрады – үстіңгі және төменгі. Өкпенің барлық бөліктері бір мезгілде жетілмейді. Бір жастағы баланың сол өкпесінің жоғарғы бөлігі нашар жетілген, ал оң өкпесінің жоғарғы және орта бөліктері бірдей көлемді жетілген. 2 жаста өкпенің әрбір бөліктерінің көлемдері, үлкендердікті сияқты, бір-біріне сәйкестенеді.

Кеңірдек оң және сол бронхтарға бөлінгеннен кейін, оның әрқайсысы бөлек бронхтарына бөлінеді, олар өкпенің әрбір бөлігіне барады. Одан соң бөлік бронхтары сегментті брохтарға бөлінеді. Әрбір сегмент конус немесе ұшы өкпенің түбіріне бағышталған пирамида тәріздес болады. Жаңа туған баланың өкпесінің сегменттік құрылысы жақсы жетілген. Оң өкпеде 10 сегмент, сол өкпе 9 сегмент болады. Жоғарғы сол және оң бөліктер 3 сегментке бөлінеді. Жоғарғы ұшты -1, жоғарғы артқы-2 және жоғарғы алдыңғы -1. Ортаңғы оң бөлік – орта бүйірлі (4), арт жақта орналасқан және ортаңғы алдыңғы (5) меиальды орналасады. Сол өкпенің ортаңғы бөлігіне 2 сегменттен тұратын жоғарғы тілді (4) және төменгі тілді (5), тіл тәріздес сегмент сәйкес келеді. Оң өкпенің төменгі бөлігі 5 сегменттен тұрады. Базальды-ұшты (6), базальды – медиальды (7), бүйірлі-алдыңғы (8), базальды бүйірлі (9) және базальды артқы (10).

Сол өкпенің төменгі бөлігі 4 сегментке  бөлінеді: базальды-ұшты (6), базальды – алдыңғы (8), базальды- бүйірлі (9) және базальды – артқы (10).

Балаларда көбіне белгілі бір сегменттердің қабынуы жиі кездеседі. Ол желдену (вентилляция) ерекшеліктеріне, бронхтардың, дренажды (функциясына) қызметіне байланысты болады. Ал, оған секреттің жүруі және инфекцияның түсуі байланысты болады.

Базальды ұшты сегмент (6) жиі қабынады, себебі ол біршама бөліктене шеткері орналасқан, оның бронхы басқа сегменттердікінен  жоғарырақ бөлектене шығып, тіке бұрыш жасап, алдына қарай бұрылады. Бұл (6) сегменттің бронхтың дренажын қиындатып жібереді. 2 және 10 сегметтерде осыған ұқсас келеді.

Сондықтан, омыртқа маңындағы (паравертеьальды) пневмониялар жиі кездеседі. «Орта бөлік синдромы» - орта бүйірлі (4) және орта алдыңғы (5) сегментті бронхтар, бронх, өкпе, лимфа түйіндерінің аймағында орналасқан. Олардың қуысы тар, ұзын және тіке бағыттанып бөлінеді. Сондықтан, бронхтар үлкейген лимфа түйіндерімен оңай басылынып қалады.

Жас нәрестелердің плеврасы (көкіректің ішкі бетін астарлап тұратын сірі қабық) жұқа, плевра қуысы оңай ысырылып тасталады.

Орталық көкірек куысы балаларда, ересектерге қарағанда көлемділеу келеді. Оның жоғарғы бөлігінде трахея, ірі бронхтар, қалқанша без, лимфа түйіндері, артериялар, ірі нерв сабақтары, төменгі бөлігінде жүрек. Тамырлар және нервтер орналасады.

Тыныс мүшелері қызмет бойынша алып келетін бөлігінен: көмекей, кеңірдек,т рахея, яғни бронх «Бутағы» және тыныс бөлігінен ацинус, яғни бронхиолдар, альвеол  жолдары мен альвеолдардан тұрады. Демалу, тыныс әрекеті (қызметі) – газ алмасу диффузия (сіңу, араласу) арқылы жүреді. Альвеолдан өкпе капиллярларындағы қаңға оттек түседі, ал қаннан альвеолаға көмір қышқыл газы өтеді.

Өпкедегі  газ алмасу бір-бірімен байланысты бірнеше механизмдерге негізделген күрделі процесс: альвеол эпителийіндегі сурфактанттың пленкасынан оттек және көмір қышщыл  газы молекулалары өтеді. Олар капиллярлар эндотелийі арқылы қан плазмасына кіреді және гемоглобинде бекіп  орналасады. Бұл процестердің құрылымы аэрогематикалық барьер (ауа-қан кедергісі) болып есептелінеді. Ол өкпенің үлкен көлемін алып жатады да, газдың организмге қажетті мөлшерде сіңірілуін қамтамасыз етеді.

Ауа-қан кедергісі келесі компоненттерден тұрады.

  1. Альвоола қуысы жағындағы сурфактанттың жабушы таспасы.
  2. Кішкентай альвеолоциттердің цитоплазмалық қатабы,
  3. Альвеолоциттердің базальды мембранасы (жарғағы),
  4. Негізгі заттардың, коллаген және эластикалық (серпінді) фибрил мен бос клеткалар-фибробластардың біркелкі (бірқалыпты) емес интерстициясы,
  5. Капилляр эндотелиясының базальды қабаты,

6.Эндотелий цитоплазмасының қабаты.

Газ алмасу- альвеола-капилляр мембранасы (жарғағы) арқылы газдың жай диффузиясымен (сіңірілуі) жүреді де, жұтылған ауа (атмосфералық) және өкпеге оң қарыншадан өкпе артериясы арқылы келетін. Веналық қандағы оттегі қысымына байланысты болып келеді.

Альвеоладағы ауаның оттегі қысымы -100; веналық қанда 40; осы  қысым айырмашылығы оттегінің альвеола-капилляр мембранасы арқылы қанға түсуін қамтамасыз етеді. Веналық қан мен альвеол-аралық ауа арасындағы осындай көмір газының қысымының айырмашылығы көмір қышқыл газының альвеолаға түсіп, сыртқа шығуына әсерін тигізеді.

Жүрек тамырларынын жиырылуының әсерінен, өкпенің шайқалуына байланысты, альвеолаларда  газдар араласып кетеді. Жана туған нәрестенің өқпесінің нашар жазылған бөлігінде вентиляция нашарлайды да, альвеолалық жарғақ қалындай түседі. Сол себепті көмір қышқылының парциальды қысымы мөлшері ересектердікіне қарағанда төмен болады.

Қабырғалардың кеуде қуысында көлденең орналасуы, көк еттін жоғары тұруы, альвеолалардың барлығының бірдей қызмет атқармауы, мембрананың қалындауы, бала организмінің өттегіні  көп қажет етуі салдарынан тыныс алу жиеленеді. Бұл құбылыс физиологиялық ентігу деп аталады. Бұл «бетік» тыныс алу деп аталған физиологиялық ерекшелік көмір қышқыл газының көлемін компенсаторлы ұлғайтып жібереді, ал бикарбонат пен басқа буферлі негіздер қапыл азаяды. Басқаша айтқанда бұл компенсаторлы гипервентиляциялық физиологиялық алғашқы метаболитті ацидоз болып есептелінеді.

Өкпенің жұмысы (функциясы) дұрыс болса, ол алғашқы метаболитті ацидозды то-лығынан орнына келтіреді, ал метоболитті алколозды жартылай ғана қалыптастыра алады.

Балаларда, әсіресе, 1 жастағы балаларда, сыртқы тыныс айрықша бөлек болады. Ол ацинустың одан әрі дамуына байланысты. Сонымен қатар, бронхиальды және оқпе артериялары мен капиллярлар арасындағы көптеген ұштасымдар арқылы альвеолалар кеңістіктерінен өтіп кетіп, қанның қатты жүруіне байланысты болып табылады.

Сыртқы тыныс дегеніміз өкпеге түскен атмосфералық ауа мен укапиллярдағы қанның арасындағы газ алмасуы.

І. Ең бірінші және өте маңызды физиологиялық ерекшелік болып беткі тыныс, яғни тайыздығы, есептелінеді, үлкен кісілермен салыстырғанда балалардың тыныс алуы тереңдігі 8-10 есе төмен.

Бұл физиологиялық ерекшелік мына жағдайларға байланысты;

а) Өкпенің салмағының аздығы, салмақ жасқа байланысты артып, бала 5 жасқа келгенде альвеолалар толық пайда болып, жетіле бастағанда үлкейеді.

ә) Кеуде куысы құрылысының ерекшеліктері: кеуде қуысының экскурсиясы үлкейеді.

б) Бала организмінің оттегіні шектен тыс көп қажет етуі.

        ІІ. Тыныстың (дем алудың) өте жиілігі. Жаңа туған бала  1 минутта 40-50 рет  дем алады. 1 жаста 30-35,5 жаста 25,10 жаста 20 рет дем алады. Ал, үлкен  кісілер 16-18 рет-ақ дем алады. Жиі  дем алғандықтан оттегі толық пайдаланылмай көмір қышқыл газы организмнен нашар бөлініп шығады. Жиі дем алғандықтан минуттық көлем 1 кг дене салмағына анағұрлым көп келеді, әсіресе жас нәрестелерде.

ІІІ. Бала дүниеге келгеннен соң алғашқы 2 жеті бойына тыныс алу ырғағының бұзылуы (аритмия)-ырғақсыз тыныс байзалады. Яғни, дем алу мен шығару арасындағы үзіліс біркелкі болмайды. Сыртқы ортаның әртүрлі тітіркендіргіштердің әсерінен тыныс ырғағы өте жеңіл бұзылады. Ұйқыда жатқанда ғана  бала неғұрлым дұрыс дем алады.

IV. Тыныс алу типі (түрі). Жаңа туған бала ішпен (көк  етпен) ждем алады; Емшек жасындағы  балада –кеуде-іш типті тыныс; 2 жастан бастап аралас – диафрагма  – кеуде типті тыныс; 3-4 жаста  – көк етпен дем алудан гөрі, кеуде арқылы дем алу жиі  байқалады; 7-14 жаста- жыныс ерекшеліктері  байқала бастайды; препубертатты  және жыныстық жетілу кезеңінде  ер балалар ішімен, қыз балалар  кеудемен дем алады.

Өкпеден тіндерге оттегінің өтуі.  Негізгі тасымалдаушы гемоглобин. Өкпе капиллярларында оттегі гемоглобинмен бірігеді де, оксигемоглобин пайда болады. Өттегі мөлшері гемоглобин мөлшеріне байланысты. Жаңа туған баланың қанындағы гемоглобин үлкендердікіне қарағанда көп, сондықтан оның оттек байланыстыру қасиеті де жоғары болады. Бірақ жаңа туған сәбиде кездесетін фетальды гемоглобин оттегіні тез өзіне байланыстырып аладыда, оны тіндерге нашар береді, үйткені фетальды гемоглобиннің оттегіне туыстығы артықтау болып келеді. Сонымен бірге, организмді гипоксияға үйретіп, қалыптастыра бастайды. Жаңа туылған нәрестелерде кездесетін көптеген аурулар қатқыл дамиды, үйткені гемоглобин матгемоглобинге жеңіл айналады. Гипоксия ұзаққа созылған кезде фетальды гемоглобиннің жойылу процесі жеделденеді. Яғни фетальды гемоглобині бар «кәрі» эритроциттер тез жарылады. Гемоглобиннің оттегіні байланыстыру қабылеті, сонымен қатар, температура, қанның РН және көмір қышқылының мөлшеріне байланысты болады. Дене қызуы көтерілгенде, РН төмендегенде және көмір қышқыл газының парцильды қысымы көбейгенде оттегінің байланысы нашарлайды. Парциальды қысым төмен болып келетін тіндер мен қан айналу шеңберінің капиллярларында оксигемоглобин диссоциацияланып, өттегіні береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

Сонымен , "Жаңа туған нәрестенің бірінші рет тыныс алу механизмі.Өкпе туралы түсінік, нәрестенің өкпе құрылысының ерешелігі және орналасу орны.Ұрықтық даму кезіндегі сурфактанттың түзілуі.Өкпе құрылысының жасқа байланысты өзгеруі"атты тақырыпта мәнжазба орындалды . Ойды қорытындылай келе: Жаңа туылған сәбидедің бірінші дем алуы организмнің бірнеше факторлардың әсерінен қайта құрылуына байланысты болатынын түсіндік.Олар:Плацентарлы қан айналуы тоқтап, қанда көмір қышқылы газы (СО2) көтеріліп, РН  және оттегінің парциальды қысымы төмендейді. Осыған байланысты қолқа мен ұйқы артериясының рецепторларынан тыныс орталыңына импульс тарайды да, тыныс орталығының тиісті параметрлерінде өзгерістер пайда бола бастайды.Сыртқы ортаның төмен температурасы әсер етеді.Сыртқы ортаның жоғарғы қысымы ықпалы екенін білдік.Болашақ дәрігерлер үшін бұл мәліметтерді білудің маңызы өте зор.

Информация о работе Жаңа туған нәрестенің өкпесінің гистологиялық құрылымы