Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2015 в 13:01, реферат
Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.
Кіріспе
I Тұрғын үйге арналған ас үй жиһаз жиынтығы...............................................
1.1 Жиһаз түрлері және пайдалану мақсаты......................................................
1.2 Ас үйдің атқаратын қызметі..........................................................................
1.3 Ас үй жиһазының стильдері және жіктелуі..................................................
1.4 Ас үй жиһазын жобалау және құрастыру ерекшелігі.................................
1.5 Жиһаз өндірісіне қойылатын талаптар.........................................................
1.6 Макеттеу..........................................................................................................
Қорытынды.........................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер..
Ас үй жабдықтары мен мебель
жұмыс түріне ғана емес, сонымен бірге
әйелдің бойына да сәйкес келуі тиіс. Орта
бойлы әйелдер (158—160 ем) үшін жұмыс істейтін
тақтаның биіктігі 85 ем, ені 60 ем болғаны
қолайлы. Қабырғаға ілінетін шкафтардың
ені 30 см-ден аспауы керек. Жұмыс істеу
орны мен қабырғаға ілінетін кез келген
элементтің (шкаф, электр шамы) төменгі
жағының арасындағы қашықтық 45 см-ден
кем болмауы тиіс. Қабырғаға ілінетін
шкафтардың үстіңгі сөресін еденнен 190
см-ден биік ілуге болмайды. Ас үй жабдықтарының
ең дұрыс биіктігі 210 ем, одан биікке сирек
қолданылатын заттар сақталынатын шкафтарды
ғана орналастыру керек. Еденге қойылатын
биіктігі 85 ем шкаф-столдар азық-түліктер
өңдеуге, салқын тағамдар әзірлеуге; шкаф-столдардың
төменгі бөлімдері үлкен ыдыстарды, ас
үй машиналары мен аппараттарын, асханалық аспаптар мен ассулықтар сақтауға арналған.Шкаф-столдар,
1.3.Ас үй жиһазының стильдері мен жіктелуі
Жиһаздың стилі деп тұрмыстық заттардың архитектурасында, өнерінде және безендіруінде көркемдік мәнерлік тәсілдері мен құралдарының тұрақты, тарихи қалыптасқан жүйесі түсініледі. Стиль халықтың белгілі тарихи кезеңдегі дәстүрлерін, әлеуметтік-экономикалық өмірінің ерекшеліктерін бейнеленетін көркем мәдениетінің өзіндік сипаттамаларымен іске асатын қоғам дамуының ауқымды этаптарын қамтиды. Қоғам дамуының әрбір кезеңінің стилі өзіндік ерекшеліктерге ие. Тарихи категория ретінде стильде заттың мазмұны мен тұрпатының байланысы және өзара-себептілігі көрініс табады.
Стильдің ерекшеліктеріжиһаздың тұрпатында, пропорцияларында, сыртқы безендірілуінде және әрлеуінде жарқын көрініс табады. Стиль ерекшеліктері мен ұйқаспайтын жиһаз сұранысқа ие болмайды. Жиһаздың тұрпаты және безендірілуі архитектура стильдерін де, бірақ тек кіші тұрпаттарда ғана, өзіне алады.
Архитектурадағыдай жиһазда да стильдер үлкен өзгерістерге ұшырады. Жиһаз әртүрлі стильді болып келеді: романдық, готикалық, реннесанс, барокко, рококко, ампир, бидемайер.
Роман стиліндегі жиһаз (ХІ-ХІІ ғғ.) ауыр салмақты, мығым, жинақталған тұрпатты, жазық бедерлі терең оюлы болып келеді. Оны еменнен және шыршадан жасаған, сомдалкан металдан жасалған жапсырмалар қатайтылған. Негізінен олар – орындық, стул, керуеттер және сандықтар.
Готикалық стильдегі жиһаз (ХІV ғ. соңы – ХV ғ. басы). Ортағасырлық стилшьдегі жиһаз сымбаттылығымен және тұрпатының оқтәрізділігімен сипатталады. Оны қырлы бөренелерден жасап, металлмен сомдаған, алтын мен және оюмен безендірген. Ақсүйектерге арналған стул және креслолардың арқа сүйегіші биік болған және өсімдік түріндегі ою-өрнекпен безендірілген.
Қайта өрлеу кезеңінің жиһазы (ренессанс ХVІ-ХVІІ ғғ.) қатаң пропорцияларымен, көлемді оюлармен безендіруімен, ағашты бояумен ерекшеленеді. Негізгі материал – терек, талшын, ашық түсті жаңғақ, вяз ағаштары.
Күрделі құрылымдағы – шкаф, стол, сандық, орындық, буфет және т.б. сол сияқты заттар пайда болады.
Жиһазды қолданысына қарай, жасау материалына, эксплуатациялық, функционалдық ерекшеліктеріне, ықшамдалуына, өндіру сипатына және тәсіліне, жұмсақ элементтерінің деформациялану мөлшеріне, сондай-ақ құрылма-технологиялық сипаттары мен заттың түріне қарай жіктейді. Қолданысына қарай жиһаз тұрмыстық, конторлық (офистік), клубтық-театралдық, қоғамдық асханалық, саябақтық, санаторий прфилакторийлық, дачалық болып бөлінеді.
Фукционалдық сипаттары бойынша жзиһаз отыру үшін, жату үшін, жұмыс істеу үшін, ыдыс, кітап, киім-кешек т.б. заттарды сақтау үшін, тағы да басқалар болып бөлінеді. Ықшамдалуы бойынша жиһаз даналық, құрама-кешенді болып бөлінеді. Өндіріс сипаттарына қарай – эксперименталдық, сериялық, жалпыға арналған, өндіріс тәсіліне қарай – столярлық, майсықан, өрілген және пресстелген, құйылған болып келеді. Жұмсақ элементтерінің болуына және деформациялануына, икемделуіне байланысты жиһаз жұмсақ және қатты болып бөлінеді. Құрылма-технологиялық сипаттары бойынша жиһаз – қоса құрылған, қозғалмалы, трансформацияланатын, универсалдық-құрама, корпустық, шашылатын, шашылмайтын жиналатын, секциялық, стеллаждық, құрастырылған болып бөлінеді.
Ағаш жиһаз
Жасау тәсілі бойынша ағаш жиһазы столярлық, майысқан, өрілген болып бөлінеді. Столярлық жиһаз. Отыруға арналған решеткалық жиһаз – столдар мен жұмыс креслолары. Олар каркасының және арқа сүйекгішінің құрылмасы бойынша бірнеше түрге бөлінеді. Корпустық жиһаз: шкафтар, тумбалар және секциялары, жазу және туалет столдары, трюмо, трельяждар, астық және журнал столдары. Жұмсақ жиһаз жұмсақ орындық және арқа сүйегіш орнатылған каркастан тұрады. Оған жамбастықтар тіркеледі. Жұмсақ жиһаз түрлеріне отыру және жатуға арналған дивандар, керует-дивандар, демалуға арналған креслолар, кереует-креслолар, тахталар, кушеткалар, банкеткалар, матрасты кереуеттер жатады.
Гарнитуралар – жиһаз заттарының жинағы. Олар бірінғай безендірілген және ұйықтау, астық, жұмыс бөлмелеріне арналған болып жасалады. Тамақтану бөлмесіне арналған жиһаз табуреткалардан, шкафтардан, столдар және полкалардан тұрады. Майысқақ жиһаз тек қана майысқан заттардан құралған, майысқан және жалпақ элементтері қоса желімделген аралас құрылмалы болады. Оларға негізінен орындық креслалар, табуреттер, гүл қондырғыштар жатады. Балаларға арналған жиһаз өзінің ықшам ауқымымен, қарапайымқұрылыммен, және ерекше түстілігімен және тақырыпты әрленуімен ерекшеленеді.
Металдан жасалған жиһаз
Металдан жасалған жиһаздарға металл кереует, негізгі қаңқасы металдан жасалған жиһаздарға – бүктемелі кереует, орындық, кресло, диван, стол және т.б. жатады.
Металлды кереует – қос, бір жарым, дара және балалар кереуеті болып бөлінеді.
Қос және бір жарым кереуеттің ұзындығы бірдей (1900 мм) және ендері әр түрлі, ол 700-1200 мм аралығында орналасады; балалар кереуетті – ұзындығы 1000 1600, және ені 550-700 мм-ге дейін. Құрылысына байланысты кереуеттер панцирлік және ромб тәрізді торлы болып бөлінеді. Ромб тәрізді торды рамаға спиралды созылу серіппе арқылы керілген. Панцирлік тор – домалақ спираль мен тоқылған – рамамен қосықан кезде оның төсемі бүйір жағынан вертикалды салбырап тұру қажет биіктігі 30-40 мм. Бұдан басқа панцирлік тор ортасы және шетті күшейту секциялары бар. Бұндай торды тарту үшін болтпен жасайды.
Металлдан жасалған кереует екі арқалықтан және тордан, немесе екі арқалықтан және арқалықты қосатын екі царгтан тұрады. Соңғысында тор жоқ, ал олардың бұрыш царгтарына матрац орналастырады, кереуеттің арқалықтарын болат немесе дюралюминий құбырынан жасайды.
Кейде кереуеттік арқалығына ағаш кедергі қолданады. Аяқтары металлдан, пластмасстан, резенкеден жасалған тіреу немесе роликпен аяқталады.
Жиһаздың негізгі қаңқасын шегендеумен қосады. Ағаш бөлшектер негізгі қаңқасына көрінбейтін бүркеншегімен қосылады.
Жиһаз өндіру материалдары
Қажеттілігі бойынша материалдар каркас үшін, жайылма, қаптама, әрлеу, серпімділі және майысқан, тіркеме, желімдеу, фурнитура болып ерекшеленеді. Табиғаты бойынша – ағаш, металл, тоқыма-мата, полимерлік, шиша талшықты болады. Ағаш материалдарынан өндірісте көп қолданылатындар тақтай және бөренелер, шпон және желімделген фанера, майыстырған желімделген детальдар, плиталар, жиһаз пластикалы, ұшталған ағаштан жасалған детальдар.
Металл материалдары – металл құбырлар, сымдар, бұрыштық болаттар, алюминий қоспа ерітінділерінен жасалатын погонажды элементтер, серпілдемелер, шегелер, бұрандалар, бұрамалар және фурнитура. Құбырлар, сымдар және бұрыштық болат жиһаз каркасын жасауда қолданылады. Жайылғыш материалдар ретінде талшықты өсімдік және жануарлар тектес материалдар, гуммирланған және полимерлі материалдар қолданылады. Жайылма материалдары жзиһаздың жатуға және отыруға арналған кейбір элементтеріне майысқақтық және сепімділік береді. Өсімдік тектес материалдар – мақта, теңіз шөбі, чий – талшығы. Жануар тектес материалдар – жылқы шашы. Гумирленген шаш (велафлекс) өсімдк тектес және синтетикалық талшықтардың қалдықтарынан жасалады. Полимерлі жайма материалдар-поролон, латекс, пепополивинилхлорид, майысқан винипар. Әрлеу материалдарды екіге бөлінеді. Біріншісі – жиһаз өңін қаптаманы жағуға дайындауға қажеттері, екіншісі – жиһазды толық әрлеуге арналған материалдар. Олар мөлдір және мөлдір емес болып та бөлінеді. Желімдеуіш заттар үзілмейтін құрылмаларды алу үшін, жеке детальдарда қосу үшін пайдаланылады. Фурнитураға жеке заттармен элементтердің бөлшектері жатады. Оларды жиһазды қолдану ыңғайлылығы үшін пайдаланады. Фурнитура - өңдік және ішкі болып бөлінеді. Өңдік және ішкі болып бөлінеді. Өңдік фурнитураның сәні мен дизайнына ерекше көңіл бөлінеді (ұстағыштар, кілт салғыштар т.б.)
2 сурет
1.4.Ас үй жиһазын
жобалау және құрастыру
Жиһазды құрастыру бірнеше ізбе-із операциялардан тұрады: материалдарды дайындау және деталбдар мен әзірлемелерді өңдеу, беттерді жылтырату, әрлеу, жиһазды жинау және өңдік фурнитураны қондыру. Детальдар столярдық байланыс арқылы, болттармен, бұрандармен, тартпалармен байланыстырылады. Байланыстар үзілмелі және үзілмейтін болады. Үзілмелі байланыстар қатты және шарнирлі болып бөлінеді. Үзілмейтін байланыстар – желімдеумен немесе шегелеумен іске асады. Бұрыштық байланыстар – тесіп өтетін, тесіп өтпейтін, жалпақ жасырын. Майысқан жиһаз үшін бұран, тартпа, бұрыштық арқылы іске асырылатын тігіссіз байланыс қолданады. Металлдық байланыстар да кең қолданылады – бұрандалар, тартпалар. Жатуға және отыруға арналған жиһаз жасауда каркасты жасау мен бірмезгілде жұмсақ элементтерге қажетті материалдарды дайындауы. Олар – серпімдеме, жабу және өңдеу маталары, жайма материалдар. Майысқақ негізді каркасқа тіркеген соң серпілдемелерге жайма материал қапталып, жабу матасы тігіледі. Паролон және латекс қолдануда жұмыс едәуір жеңілденеді. Майыспа жиһаз жасау ерекшілігі онда қисық сызықты материалдар және күрделі контурлы элементтер қолданылады. Олар таяқшалармен майыстыру әдісі арқылы жасалады.
3 сурет
Бейнелеп құрастыру барлық жағынан өндіріспен және қолданыспен тығыз байланысты болғандықтан көптеген талаптарды ескеруді қажет етеді. Бейнелеп құрастыру барысында болашақ өнімнің көптеген талаптарын ескеруді қажет етеді. Бейнелеп құрастыру барлық жағынан өндіріспен және қолданыспен тығыз байланысты болғандықтан көптеген талаптарды ескеруді қажет етеді. Мұндағы басты талаптар, бір жағынан заттың адаммен байланысы болып табылады. Енді оларды жеке қарастырайық.
Информация о работе Тұрғын үйге арналған ас үй жиһаз жиынтығы