Тұрғын үйге арналған ас үй жиһаз жиынтығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2015 в 13:00, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы:«Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден,оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технология- ларды енгізу.Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Универ- ситеті мен зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде.Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай,сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс».

Содержание

Кіріспе
I Тұрғын үйге арналған ас үй жиһаз жиынтығы...............................................

1.1 Жиһаз түрлері және пайдалану мақсаты......................................................

1.2 Ас үйдің атқаратын қызметі..........................................................................

1.3 Ас үй жиһазының стильдері және жіктелуі..................................................

1.4 Ас үй жиһазын жобалау және құрастыру ерекшелігі.................................

1.5 Жиһаз өндірісіне қойылатын талаптар.........................................................

1.6 Макеттеу..........................................................................................................

Қорытынды.........................................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер..............................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 571.51 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

Кіріспе

I  Тұрғын үйге арналған ас үй жиһаз жиынтығы...............................................

 

1.1 Жиһаз түрлері және пайдалану мақсаты......................................................

 

1.2  Ас үйдің атқаратын  қызметі..........................................................................

 

1.3 Ас үй жиһазының стильдері  және жіктелуі..................................................

 

1.4 Ас үй жиһазын жобалау және құрастыру ерекшелігі.................................

 

1.5 Жиһаз өндірісіне қойылатын  талаптар.........................................................

 

1.6 Макеттеу..........................................................................................................

 

Қорытынды.........................................................................................................

 

Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті – Ұлт  Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы:«Білім беру жүйесін жаңғырту            барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден,оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технология-    ларды енгізу.Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Универ-             ситеті мен зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде.Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай,сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс».

         Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. 1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан.Мысалы,қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра, сандық, ожау, торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады.

Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.

Дизайн тарихы ХХ ғасырдың басында басталды. Сондықтан оның тарихы өте қысқа. Дизайн өнері адамдардың әдемілікке, қолайлылыққа ұмтылуларынан шыққан. Ал жақсы өмір сүруге адамзат пайда болғаннан бері ұмтылып келеді. Сол себепті дизайн өнері ХХ ғасырда басталғанымен, оның тарихын өте ертеден іздеу керек. ХХ ғасыр техника мен ғылымның өркендеп даму ғасыры болды. Ғылым мен техниканың дамуы дизайн өнерін де дамытты.Алғашқы дизайнер мамандарды даярлайтын жоғары мектеп 1919 жылы Германияда ашылды. Ол «Баухауз» деп аталды. Бұл мектепте сәулет өнері, сурет өнері шеберлері сабақ берді.Ғылыми тұрғыда дизайнның пайда болуы 1928 жыл, ал оның отаны АҚШ болып есептеледі. Онда осы уақытта бірнеше дизайнер фирмалары құрылды. Ресейде жоғары көркем – техникалық шеберханалар 1920 жылдардан бастап құрылды. Алғашқысы Мәскеудегі мемлекеттік жоғары көркем – техникалық шеберхана болды. Кейіннен осы шеберхана институт болып қайта құрылды. Дизайн бірнеше түрге бөлінеді.Олар-көлік құралдарын жобалау (көлік ұшақтары, су кемелері, автомобильдер,т.б.

- тұрмыс бұйымдарын; электр  аспаптарын, ыдыс, жиһаз, киімді, т. Жобалау; 
-интерьер және экстерьер дизайн;

-жарнама дизайн;

-фотодизайн. 
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі заман талабының ағымымен келе жатқан жас ұрпаққа жиһаз жасаудың технологиясы мен оның түрлерін білу арқылы

ой-өрісін,шығармашылық қабілетін дамытудағы нақты жағдайларда оларды шешуге,күнделікті тәжірибеде оларды іске асыру.

Мақсаты: Жиһаз жасау  қолөнердің бір түрі. Ол да шығармашылықты, ой-қиялды талап ететін жұмыс.Сондықтан оларды эстетикалық жағынан әдемілеп зерлей білу қажет. Бүгінде ауыстырылмалы, құрастырылмалы жиһаздардың түр-түрін жасауға әбден имкемделіп алған. Диван мен төсектің, шкаф пен шифоньердің, тумба, комодтардың,үстел, орындықтардың қай түріне, қай көлемде тапсырыс берсеңіз де, жиһаз жасайтын жігіттер ойыңыздан шығатын жиһаздарымен қуантады.

Міндеті: Ас үй жабдықтарын қолайлы топтастыру және орналастыру, барлық қажетті затқа әйелдің қолы еркін жететіндей болуы, тұрмыстық , техниканы кеңінен пайдалану жұмысты жеңілдетуге, дене еңбегін азайтуға мүмкіндік береді.Жұмысты тиімді ұйымдастыру, мақсаттылық принципін сақтау және тұрмыстық техниканы кеңінен қолдану тамақ әзірлеуге жұмсалатын уақытты 1,2—1,5 есе қысқартыл әйелдің еңбегін азайтады және оның көп шаршамауына септігі тиеді. Әрбір ас үйде қажетті жабдықтарды дұрыс орналастырудың маңызы зор. Ас үйдегі жабдықтың жиынтығы пәтердегі бөлмелердін орналасуына және отбасы құрамына байланысты болуға тиіс. Ал олардың қайсысын қай жерге қою керектік ас үйдегі шаруашылық жұмыстарының қандай кезекпен атқарылатынына сәйкес келуі керек.

Зерттеудің объектісі: Жиһаз өнімдерінің құрылымын қарастыру ең алдымен ғылыми зерттеулерден және іс жүзіндегі тәжірибелер яғни олардың барынша көлемділігі мен құрама бөлшектерінің бөлме көлемімен, интерьерімен, адам денесімен үйлесімділігінен басталады. Жиһазды құрастыру ағаш өнімінің т.б. шикізаттардың экономикалық шығын есебімен сонымен қатар қайта жөндеуге жарамдылық есебінен барынша ыңғайлы және кең қолданыста пайдалануды қарастырады. Жиһаздың әр затын қарастыруда қойылатын басты мақсат, бөлшектерінің дәлме-дәлдігімен тазалығына сыртқы көрінісіне сонымен қатар түр-түсіне аса назар аударылады. Кез келген үйдің сәнін кіргізіп, ажарын ашатын дүние – жиһаз. Жарқырап тұрса жиһаздар үй иесінің де, қонақтардың да жанын жадыратып, көтеріңкі қөңіл күй сыйлайтыны рас. Жатын бөлме, ас үй, қонақ бөлме,балалар, жұмыс бөлмелері жиһаздары баспанаға керекті ең бірінші қажеттілігіміз. Сондықтан олардың сәнінен бұрын мәні зор. Ас үйді әсемдеу кезінде оның ауық-ауық ылғалды шүберекпен сүртіліп тұратынын ескеру қажет.Қабырғаларды сәндеу үшін кәдімгі майлы бояудан басқа поливинила-  цетатты,суэмульсиялы тағы басқа сырлар,ылғалға төзімді және гигиеналық қасиеттері жақсы пленкалы түсқағаздар қолданылады.

 

1.1.Жиһаз түрлері  және пайдалану мақсаты

 

 Жиһаз.Пайдаланылу мақсатына қарай ол қонақ бөлме, жатын бөлме, ас ішетін бөлме, жұмыс істейтін бөлме, сондай-ақ балалар бөлмесі, ас үй, ауыз үй, жуынатын бөлмеге арналып шығарылады. Жиһаздың жекелеген заттары да, жиһаз гарнитуры да, сондай-ақ бүкіл пәтерге, бір бөлмеге немесе бөлменің бір бөлігіне арналған жиһаздар да болуы мүмкін. Пәтерді жиһаздағанда жиһаз отбасы қажетін өтерліктей, бөлмеге сәйкес және оны тарылтатындай болуы керек.

      Жиһаздар:

  • тұрақты жиналмайтын;
  • тасымалдауға оңай жиналмалы-құрастырмалы;
  • әмбебап-құрастырмалы және құралмалық шешімі бірнеше Жиһаз секцияларынан тұратын,
  • бірінің үстіне бірін немесе қатарластырып қоюға болатын секциялық Жиһаз түрлеріне бөлінеді.

     Үлдірікті жиһаздың негізі ағаштан немесе металдан өрнектеліп жасалған, әдетте, жіңішке тік ұстын-таяныштар. Олардың арасына жекелеген жиһаз секцияларын, сөрелерді, жәшіктерді және басқа жалғастырғыш элементтерді бекітеді, үлдірікті жиһаз әр түрлі нұсқалардың барынша үйлесуін қамтамасыз етеді.Құрастырмалы жиһазға қабырғаға жапсарластырып,көлденең орналас-тырылатын шкафтар,шкаф-қалқалар,құрастырмалы үстелдер,кереуеттер және т.б.жатады.Ауыстырмалы жиһаздың құралмасы бөлшектерінің орнын ауыстыру арқылы оның мақсаты мен көлемін өзгертуге мүмкіндік береді. Жиһаздың бұл түріне кресло-кереует, диван-кереует, шкафқа немесе бірінің астына бірі ысырылып жиналатын кереуеттер, төмен түсіріп немесе жазып қоятын қақпағы бар үстел-тумба,қайырмалы қақпағы бар,ысырмалы тумбаны таяныш ететін секретер және сервант-үстел, т.б. жатады. Жиһаздың бұл түрі пайдалануға қолайлы, өйткені бөлмедегі жиһаз санын азайтып, бос орынды көбейтуге мүмкіндік береді.

     Жиһазды негізінен  ағаштан және ағаш материалдардан (ағаш жоңқалы немесе талшықты  тақташалардан, үйеңкіден, т.б.) жасайды. Сондай-ақ пластмассалар мен металдар  да қолданылады. Қаптама жабынды  ретінде табиғи және синтетикалық  шыбықтарды, ламинирленген қабыршақтарды, қағаз-қатпарлы пластиктерді және  т.б. пайдаланады. Жұмсақ жиһаз үшін созылмалы таспа: кеуек материал, пенополиуретан, табиғи не синтетикалық маталар, жасанды былғары және т.б. қолданылады. Кез келген үйдің сәнін кіргізіп, ажарын ашатын дүние – жиһаз. Жарқырап тұрса жиһаздар үй иесінің де, қонақтардың да жанын жадыратып, көтеріңкі қөңіл күй сыйлайтыны рас. Жатын бөлме, ас үй, қонақ бөлме,балалар, жұмыс бөлмелері жиһаздары баспанаға керекті ең бірінші қажеттілігіміз. Сондықтан олардың сәнінен бұрын мәні зор.

 

 

1.2.Ас үйдің  атқаратын қызметі

 

Ас үй.Қазіргі пәтерлердің ас үйі көптеген шаруашылық жұмыс түрлер-ін атқаруға пайдаланылады.Негізінен ас дайындауға арналғанымен, кейде кір үтіктеу,киім тігу сияқты үйдің басқа да ұсақ-түйек істері сол бөлмеле атқарылады.Ас үй мақсатына, жабдықталуы мен пайдаланылуына қарай тамақ әзірленетін ас үй, тамақ ішетін ас үй, яғни асхана деп бөлінеді.

Тамақ әзірлейтін ас үй негізінен тамақ әзірлеуге және шаруашылық жұмыстарын істеуге есептелген. Мұндай ас үйде отбасы мүшелері тамақты әр кезде, бөлініп-бөлініп ішеді.

Тамақ ішетін ас үйде, яғни асханада отбасының барлық мүшесі бір мезгілде тамақ ішуге арналған үстел тұруға тиіс.

Ас үйде атқарылатын барлық жұмыс түрінің ішіндегі ең негізгісі — уақытты көп алып, күштің де көбірек жұмсалатыны — тамақ әзірлеу және ыдыс-аяқты жинау.

Тамақ әзірлеуге әйел күніне орта есеішен 4 сағат уақыт жұмсап, бірнеше км жер жүреді екен. Оның үстіне ас үйдегі жұмыс жағдайынық қолайсыздығымен бірге (ыстық, ылғал, булану, шу, ауа құрамының өзгеруі) әйелдің тамақты негізінен тік тұрып әзірлейтінін де естен шығармау керек. Ас үйдегі жұмыстар тиімді түрде ұйымдастырылса, үй шаруашылығын жүргізуге жұмсалатын уақытты қысқартып, еңбекті жеңілдетуге әбден болады.

Ас үй жабдықтарын қолайлы топтастыру және орналастыру, барлық қажетті затқа әйелдің қолы еркін жететіндей болуы, тұрмыстық , техниканы кеңінен пайдалану жұмысты жеңілдетуге, дене еңбегін азайтуға мүмкіндік береді.Жұмысты тиімді ұйымдастыру, мақсаттылық принципін сақтау және тұрмыстық техниканы кеңінен қолдану тамақ әзірлеуге жұмсалатын уақытты 1,2—1,5 есе қысқартыл әйелдің еңбегін азайтады және оның көп шаршамауына септігі тиеді.

Әрбір ас үйде қажетті жабдықтарды дұрыс орналастырудың маңызы зор. Ас үйдегі жабдықтың жиынтығы пәтердегі бөлмелердін орналасуына және отбасы құрамына байланысты болуға тиіс. Ал олардың қайсысын қай жерге қою керектік ас үйдегі шаруашылық жұмыстарының қандай кезекпен атқарылатынына сәйкес келуі керек.

Ас үйді әсемдеу. Жабдықтар мен жиһаздардың түсін таңдауда бөлменің мақсаты мен табиғи жарығы ғана ескеріліп қоймай,сонымен бірге жарықтың әсері, материалдардың суреті мен фактурасы,қабырғалар болуының қанықты-ғы және бұлардың арақатынасы да ескерілуі керек. Әйтпесе ас үйде тамақ әзірлеуші тез шаршайды, тіпті көзге зиян болуы да мүмкін.Ас үйді әсемдеу кезінде оның ауық-ауық ылғалды шүберекпен сүртіліп тұратынын ескеру қажет.Қабырғаларды сәндеу үшін кәдімгі майлы бояудан басқа поливинила-  цетатты,суэмульсиялы тағы басқа сырлар,ылғалға төзімді және гигиеналық қасиеттері жақсы пленкалы түсқағаздар қолданылады.Еденге қойылатын және қабырғаға қағылатын шкафтар аралығындағы кабырғаны мықты, жылу мен суға,түрлі химиялық әсерлерге төзімді материалдармен (глазурленген керамикалық плиталар,сәнді қағаз қабаты пластиктер,ағаш талшықты эмаль-данған қатты плита)қаптау керек.Биіктігі 2,5—2,7 м ас үйлердің қабырғалары сырлаған дұрыс немесе еденнен төбеге дейін тұс қағаз жапсырыл тастаса да болады.Құрама әсемдеу әдісі де қолданылады. Ол үшін тамақ ішетін столдың тұсына ылғалға төзімді тұсқағаз жапсырылады да, қабырғаның қалған бөлігі түсі жағынан үйлесетіндей етіп сырланады. Ас үйдің еденіне тазалап тұруға ыңғайлы, аяқ таймайтын және дыбысты бәсеңдетуге септігі бар материалдар төсеуге болады.Көлемі шағын ас үйлерге суретті материалдарды көп қолдануға болмайтынын әрқашан есте ұстау керек. Бір түсті жабдықталған ас үй еденіне ұсақ суретті материал (теңбіл түсті линолеум, плиткалар) төсеуге, ал қабырғаларына ірі су ретті, анық көрінетін материал қаптауға болады. Егер еденге екі түсті плитка немесе әр түсті линолеум төселсе, ас үй мебелінің түсі едендегі сурет түрінің біріне ұқсас болуға тиіс немесе оның бейтарап, яғни табиғи ағаш түсті пленка болғаны дұрыс.Ас үйдің қандай түске сырланып, боялуы, оның орналасу бағытына байланысты болуға тиіс. Егер ас үй солтүстікке, солтүстік-шығысқа не солтүстік-батысқа қараған болса, бөлменің түсі жылы гаммалы, піл сүйегі, ашық лимон түстес, ал оңтүстікке, оңтүстік-шығысқа, оңтүстік-батысқа қараса, салқын гаммалы (ашық сұр, ашық көк) болғаны дұрыс. Еденнің түсі қабырға түсіне қарағанда анағұрлым қанық, жалтырау коэффициенті мол (40—50%) болуға тиіс. Қабырға және төбеге ашық түс қолдану ас үйді кеңейтіп көрсетуге, сондай-ақ бөлмеге жарықтық жақсы түсуіне мүмкіндік береді.Ас үй мебелі — тұрақты және жылжымалы болып бөлінеді.Жылжымалы мебель құрамына тамақ ішетін стол, орындықтар, қосымша шағын шкафтар қосылады.Ас үйдің тұрақты мебелі еденге қойылатын, ыдыс жуатын, қабырғаға ілінетін шкаф тарлан тұрады.Тұрақты мебель жиынтығына сондай-ақ, плита, ыдыс жуғыш, тоңазытқыш, ауа тазартқыш, электр шамы,сағат, таймер т. Б. Енеді. Еденге қойылатын шкафтар қолданылуына және құрылысына қарай шкаф-стол, ыдыс жуатын шкаф, тоңазытқыш астына қойылатын шкаф, шаруашылық шкаф-колонкасы т. Б. Шкафтар деп бөлінеді. Қабырғаға ілінетін шкафтарға ыдыс-аяқ және азық-түлік шкафы, ыдыс кептіретін және сирек пайдаланатын заттар сақталатын антресоль шкафы жатады.

Информация о работе Тұрғын үйге арналған ас үй жиһаз жиынтығы