Тұлға сүйектерінің қосылыстары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2015 в 19:54, реферат

Краткое описание

Омыртқаны бұрыннан негізгілердің негізі, омір діңгегі деп атайды. Ол өзінің амортизациялық функцияларын орындай отырып қозғалысқа бейімді, бірақ қажетті жағдайда қатты тірек болып қалыптасқан. Омыртқааралық шеміршектер мен жарықтардың бұзылыстары тепе-теңсіз дене жүктемесінің болмауына және көрші тіндерде қан айналымының дұрыс жүрмеуіне байланысты болады.Бізге омыртқа жотасы туралы мынадай 7 ақпарат бар.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Омыртқа жотасының физиологиялық иілімдері
2. Омыртқа жотасының паталогиялық иілімдері
3. Лордоз. Түрлері, пайда болу себебі.
4. Кифоз. Даму себебі. Түрлері.
5. Омыртқа жотасының ауруларын емдеу
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

анатомия тұлға сүйектерінің қосылыстары.docx

— 190.65 Кб (Скачать документ)

                                            Жоспар:

 

 Кіріспе

 

 Негізгі бөлім

 Омыртқа жотасының физиологиялық иілімдері

start="2"

 Омыртқа жотасының паталогиялық иілімдері

start="3"

 Лордоз. Түрлері, пайда болу себебі.

start="4"

 Кифоз. Даму себебі. Түрлері.

start="5"

 Омыртқа жотасының ауруларын емдеу

 

 Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Омыртқаны бұрыннан негізгілердің негізі, омір діңгегі деп атайды. Ол өзінің амортизациялық функцияларын орындай отырып қозғалысқа бейімді, бірақ қажетті жағдайда қатты тірек болып қалыптасқан. Омыртқааралық шеміршектер мен жарықтардың бұзылыстары тепе-теңсіз дене жүктемесінің болмауына және көрші тіндерде қан айналымының дұрыс жүрмеуіне байланысты болады.Бізге омыртқа жотасы туралы мынадай 7 ақпарат бар:

1) Омыртқа жотасы – барлық ағза үшін қаңқа болып табылады. Омырқаға арқа бұлшықеттері мен ішперделік қабырғалар бекітіледі. Омыртқасыз адам журе де, тұра да алмайды.

2)  Омыртқа жотасы – орталық жүйке жүйе ағзаларының бірі, жұлынның сыйымды орны болып табылады. Бассүйек миды ішкі факторлардан қалай қорғаса, сол сияқты омыртқа да жұлынды солай қорғайды.

3)  Омыртқа жотасы – саны анықталмаған жалғыз буын қосылысы. Оның саны  33-тен 35өке дейін түрленеді, себебі кейбір адамдарда құймашақ 4 омыртқадан, басқаларында 5 немесе 6 омыртқадан құралған.

4) Адам қартайған сайын, оның омыртқа жотасы діңгегі «кебе» бастайды. Көптеген адамдар  60 жасқа келген кезде бойы 2-3 см-ге төмендейді.

5)  Дені сау ересек адамның омыртқа жотасы вертикальді жағдайа 400 кгөға дейін салмақ көтере алады.  Мұндай мықтылықты оған омыртқааралық діскілерді толтыратын дарымаушы сұйықтық қамтамасыз етсе, бұлшық еттің ширығуы оларды бекітіп бетондай мықты биоқұрылым құрайды.

6)  Омыртқа жотасы жалпы сомада 360° - тан артық қимыл жасап майыса алады. Қытайлық гимнаст қыздарды еске алсақ, бұл шынайы  боларлық жағдай екеніне көз жеткізе аласыз. Бәрі де, дегенмен жаттығүға байланысты.

 

Омыртқа жотасының 5 бөлімі ажыратылады:

·            Мойын бөлімі (7 омыртқа, C1—C7);

·            Кеуде бөлімі (12 омыртқа,Th1—Th12);

·            Бел бөлімі  (5 омыртқа, L1—L5);

·            Сегізкөз бөлімі (5 омыртқа, S1—S5)

·            Құйымшақ бөлімі (3–5 омыртқа, Co1—Co5)

Омыртқа жотасының екі тірлі иілісі бар, бұл лордоз және кифоз. Лордоз – бұл омыртқа жотасының вентральді (алға)  майысуы, яғни  мойын және бел бөлімдері. Кифоз – бұл омыртқа жотасының дорсальді (артқа) майысуы, яғни кеуде және сегізкөз бөлімдері. Жылдам, қатты қимылдар жасағанда, адамның денесі сезетін соққыларды осы 4 иілістер серпімділік арқылы жеңілдетеді.

Омыртқа жотасының шамалы ғана нормадан ауытқуы тез арада басқа да ағза мүшелер жұмысның бұзылуына  соқтығып, өте ауыр дерттерге әкелуі мүмкін. Бірақ заманауи медицина бұл мәселенің шешімін тапты. Омыртқа жотасының қисаюын алдын алу мен емдеу үшін, арқа бұлшық еттерін бекітіп дамыту мақсатында емдік денешынықтырумен айналысуды; дұрыс дене мүсінін қалыптастыратын және иықты артқа керіп, омыртқа жотасын тұрақтандыратын корсеттерді пайдалануды; жеке физиологиялық  өзгешеліктер мен  тірек-қозғалыс аппартатының туындауы мүмкін патологиялық өзгерістерді ерте кезеңде айқындау мақсатында ортопед дәрігерге жүйелі түрде қаралуды; ыңғайлы аяқ киімді киюді; құрамында кальций, магний, фтор және т.б. элементтері бар азық-түліктерді қолдану және белсенді өмір салтын жүргізуді ұсынады.

Омыртқаның физиологиялық иілімдері

Эволюция процесінде адамның омыртқа жотасында физиологиялық иілімдері пайда болды. Оның негізгі себебі адамның тік жүруіне байланысты омыртқа жотасының  тірек қимыл функциясына бейімделуі. Нормада омыртқа жотасы алдыға және артқа иілімдер жасап, ауыртпалық түскенде тірек қызметін атқарады. Қалыпты омыртқа жотасы бүйірінен қарағанда “S” пішінді. Мойын бөлігінде- мойын лордозы, кеуде аймағында- кеуде кифозы, бел аймағында- бел лордозы және сегізкөз кифозы. Осы иілімдер бала кезде  пайда болады. Бүйірлік иілімдер нормада жоқ.   

Паталогиялық иілімдер

Омыртқа жотасында паталогиялық иілімдер физиологиялық иілімдердің қатты иілуінен немесе тән емес орындарда пайда болуынан туындайды.  Қатты білінген лордоз, кифоз және, бүйірге қисаю, скалиоз жатады.  

Паталогиялық лордоз

Қалыпты лордоз иілімдері бала 1 жасқа толғанша пайда болады және  паталогиялық лордоз 2 түрлі болады:

  Омыртқадағы ісіктер әсерінен пайда болған- бірінші реттік лордоз;

start="2"

 Ортан жіліктің туа біткен таюы, ұршықты буынның анкилиозы және кеуде кифозы әсерінен- екінші реттік лордоз дамиды.

Лордоз қатты білінгенде, тұрған қалыпта, тізе буыны бүгулі, дене мен жамбас алдыға шығыңқы, ал жүрген кезде- тізе қатты бүгіліп, дене алдыға қисаяды.

Жүре пайда болатын лордоз- ұршықты буынның таюынан, іш аймағында артық майдың жинақталуынан және де аяғы ауыр әйелдерде жиі байқалады. Мойындық және белдік лордоздың азаюы- остеохондроз, омыртқа туберкулезы, остеохондропатия, омыртқа денесінің сынуында пайда болады.

Лордоздың клиникалық көрінісін омыртқа жотасының деформациясы және қатар жүретін  зақымдалған аймақтағы ауырсынудан көрінеді.

Сыртқы көрінісі- бас пен қарын алға шығынқы, кеудесі тегіс.

1 реттік лордозды тек  хирургиялық жолмен, ал 2 реттік лордозды  бандаж салып емдеуге болады.

Кифоз

Кифоз- омыртқаның артқа шығыңқы болуы, бүкірлік. Сыртқы көрінісі- иық алға және төмен түсіңкі, кеуде тыныс шығарғанда тар, қарын сәл шығыңқы, тепе- теңдік ортасы артқа  ығысқан, дененің жоғарғы жағы алға қисаяды, жауырындар қанат тәрізді пішін алады. Кеуде қуысының тарылуына байланысты өкпенің тіршілік сиымдылығы азаяды, соған байланысты тыныс алу және жүрек жұмысы бұзылады.

Кифоз туа және жүре пайда болады. Пішініне қарай доға тәрізді және бұрыш тәрізді деп бөлінеді.

Туа пайда болған  кифоз омыртқа аралық дискілердің жетілмей қалуынан және  омыртқа денесінің дұрыс дамымауынан  болады.

Жүре пайда болған кифоз- зақымдалу, ісік, рахит, остеохондропатия, остеопороз, спондилоз,  лейкемия, дистрофия, миатония, т.б.себептерден дамиды.

Кифоз зақымдау аймағына байланысты- кеуделік және кеуде- белдік болып бөлінеді:

 Кеуделік кифоз- IV- X кеуде омыртқаларының қисаюы.

start="2"

 Кеуде -  белдік  кифозда-  XI- XII кеуде омыртқалары және  I- II бел омыртқалары зақымдалады.    

Кифоздың жастық ерекшеліктері

1.Жас балалық кифоз- рахит  әсерінен дамиды. I- III бел омыртқалары  қисаюынан көрінеді.

2.Балалық кифоз- 2 түрлі  себептен пайда болады. 1- Омыртқа  денесіндегі ақау кесірінен. 2-  бұлшық еттердің балада дұрыс жетілмеуінен (бала денсаулығы әлсіз  болғанда).

3.Жас өспірімдерде арқасы  дөңгелек тәрізді болады.

4.Үлкен адамдарда анкилозирлеуші  спондилит немесе  прогресирлеуші спондилеартрит (Бехтерев ауруы) көрінеді. Омыртқа жотасы шүйдеден сегізкөзге дейін толық қисайып, доғаға айналған.

5.Қарттыққа дейінгі кезең  формасы, әйелдерде, минструальді цикл  тоқтағасын басталады, себебі гормональді  жүйе бұзылады. Соған байланысты  остеопароз жүреді.

6.Қарттық кифоз-  омыртқа аралық диск дегенерациясы және езілуінен пайда болады. Кифоз жоғарыдан төмен бағытталып дамиды.

Скалиоз

Скалиоз- омыртқа жотасының қалыптан  бүйірге қарай қисаюы.  Бұл иілім нормада болмауы тиіс, паталогияға жатады.

Скалиоздар адамда туа пайда болған және жүре пайда болған деп бөлінеді:

 Туа пайда болған- ұрықтың жатырда дұрыс дамымауы кесірінен болады. Оның себептері:  анасының  дұрыс тамақтанбауы,  жағымсыз әдеттері, физикалық жұмыс жасамауы, емдік дене тәрбиесімен айналыспауы.

start="2"

 Жүре пайда болған скалиоздар- ауру кесірінен (рахит, полимелит, туберкулез), жарақат алудан (омыртқа денесі сынуы), денені қалыпты ұстамаудан дамиды.

Жүре пайда болған скалиоздар негізгі 4 топқа бөлінеді:

 Ревматизмдік- кенеттен пайда болады. Себебі, бұлшық ет немесе омыртқа аралық буынның аурулары (миозит, спондилоартрит) әсерінен сау жақтағы бұлшық еттін қатты  жиырылып қалуы.

start="2"

 Рахиттік- бұлшық ет әлсіздігінен туады. Ауыр затты үнемі көтеруден, қисық отыру кесірінен дамиды.

start="3"

 Параличтік- бала кездегі параличтен және басқада жүйкелік аурулардан кейін пайда болуы  мүмкін.

start="4"

 Әдеттік- негізгі себеп қалыпты дене қалпын дұрыс сақтап жүрмеу.

Анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты скалиоздардың жіктелуі

Құрылымдық емес- жалпы анатомиялық құрылысты өзгертпейді, тек омыртқа жотасы бүйірге қисаяды, негізгі ерекшелігі ротациялық айналу жоқ. 

 Дене қалыптық-  8-11 жас аралығындағы балаларда денесін дұрыс ұстамағасын қалыптасады. Әдетте скалиоз доғасы солға шығынқы. 

2.Компенсаторлық- бір аяқтың  қысқа болуынан дамиды. Скалиоз  шығыңқысы қысқа аяқ жаққа  қарап, жамбас қисайып аяқ қысқалығының  орнын толтырмақ болғандықтан  дамиды.

3. Рефлекторлық скалиоз- кейбір неврологиялық аурулар  кесірінен денені түзу ұстай  алмағасын пайда болады (омыртқа  аралық грыжа).

4. Ауырсынулық скалиоз- ішкі  бір мүшедегі ауырсыну әсерінен  пайда болып, ол ауру емделгенде  жоғалады.

Құрылымдық скалиоз бала кезде пайда болып, омыртқа жотасының ерекше иілуі, ротациямен ерекшеленеді. Омыртқалар шығыңқы жақта қабырғалар артқа көтеріліп, қабырғалық өркеш түзеді. Ал келесі жағында қабырғалар ішке қартай қисаяды. Құрылымдық скалиоздың пайда болу себебі өсу кезінде сүйек қалыптасуының бұзылуы болып табылады.

Дисктер грыжасы

Дисктер грыжасы- ол тірек-қимыл жүйесінің ең қауіпті ауруларының бірі. Дисктер грыжасының пайда болу себептері әр түрлі болуы мүмкін. Жастық ерекшеліктер де әсер етеді. Диск грыжасы былай п. б. – оның қабағы жарылып, құрамындағы заттар жұлынға еніп, оны ығыстырады. Грыжаны хирургиялык операция аркылы емдеуге болады, бірақ ол омыртқа жотасының басқа аймағының бұзылуына акелуі мүмкін. Ең тиімті тәсілі комплексті емдеу: мануальді терапия, физиотерапия және массаж.

Остехондроз

Остеохондроз – қабырға аралық дисктердің құрылысының өзгеруінен болатын патологиялық ауру.

    Қатар тұрған омыртқалардың арасындағы шеміршек деформацияланып, ақырында омыртқалар арасы жақындап кетеді де, оның ортасындағы жұлын-ми жүйке тамырлары қысылып, адамның белі, аяғы, қолы, басы, тіпті, ішкі ағзаларының барлығы ауруға ұшырайды. Грек тілінен аударғанда «osteo» — сүйек, aл «hondrа» — шеміршек деген мағына береді екен. Остеохондроз — омыртқада болатын сырқаттардың ішіндегі ең көп тараған түрі. Аурудың бұл түрін зерттеу жүз жылдан бері тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Әуелде бұл мәселемен анатомдар мен патоморфологтар айналысты. Одан кейін омыртқаны рентгенологтар зерттеп, бірқатар жаңалықтар ашты. Соңғы кезде остеохондроз өзіне ортопедтердің, невропатологтардың және нейрохирургтердің назарын аударып отыр.

start="2"

 Омыртка желісі деп аталуының өзінен көрініп тұрғанындай адамның бүкіл денесінің діңгегі ретінде қызмет ететін омыртқа саны 33-тен 35-ке дейін жетеді. Олардың ішіндегі жетеуі мойын омыртқа, онекісі арқа омыртқа, бесеуі бел омыртқа, бесеуі көлденең омыртқа және тәрт-бес омыртқа — құйымшақ.

Омыртқа деформациясының алдын алу шаралары

Әдетте  балаларда омыртқа жотасының паталогиялық қисаю себебі- төсегінің дұрыс болмауы. Ең дұрысы ортапедиялық  төсек  болып табылады. Күнделікті өмірде төсек орынды, әсіресе балалардікін ыңғайлы ету керек.

Аздаған дене деформациясы барлық адамда бар. Ал олар айқын көріне бастаса ортапетке қаралу керек.

Дене түзулін тексерудің қарапайым әдісі: тік қабырғаға арқамен тұрып, шүйде, жауырын, жамбас, балтырды қабырғаға тигізгенде- қабырғамен мойын және бел лордоздары арасы  2-3 елі болуы тиіс.

Омыртқа жотасының ауруларын емдеу

Емдеу тәсілдері:

 емдік массаж

start="2"

 мануальді терапия

start="3"

 физиотерапия

start="4"

 емдік физкультура

start="5"

 емдік дәрілердің көмегімен.

start="6"

  Ең бастысы омыртқа жотасының ауырсынуы кезінде дәрігерге дәл уақытында бару болып табылады. Себебі: егер ауру аскынған болса ол басқа жүйелердің де бұзылуына алып келеді.

Омыртқа жотасының аурулары кезінде көбінесе жоғарыда айтып кеткендей комплексті емдеу тәсілдерін қолданады. Егер ауру тым асқынып кеткен болса онда операциялық жолдарды қолданады.

Қорытынды

Қорытындылай келетін болсақ, омыртқа ағзада  тірек қызметін атқарады. Ол S әріпіне ұқсас формада болып келеді. АдамдаАрқа  радикулиті кезінде екі жауырынның арасы ауырады, кеудеге құрсау салып тастағандай сезіледі. Денеге ауыр күш түскенде немесе адам белгілі бір қалыпта ұзақ жатып қалған жағдайда ауыру қатты білінеді.

Сондықтан сырқат адам ара тұра қозғалып, денесінің қалпын өзгертуге мәжбүр болады. Көбінесе жауырын асты, жауырынның ортасы күйіп бара жатқандай ашып,  сыздап немесе солқылдап ауырады.

Омытқа жотасының ауруларының қай-қайсысы болса да өте зиян болып табылады. Себебі: оның бұзылыстары жұлынның зақымдануына алып келеді. Егер жұлынның кеуде аймағы зақымданса колдардың, кеуде-бел аймағында зақымданса ішкі ағзалардың, егер бел аймағы зақымданса аяқтардың жұмысының бұзылысына алып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Пайдаланылған әдебиеттер:

 

 

 “Атлас. Адам анатомиясы” А. Рақышев.1-ші том.2005ж.

start="2"

 “ Адам анатомиясы” А. Рақышев. 1994ж.

start="3"

 “Атлас. Анатомии человека” Фрэнк Неттер. 4-ші басылым. 2007ж. 

start="4"

 Www.google.ru.

start="5"

  www.bb-team.org/articles/1699/#ixzz0mgC9dXD8

start="6"

 Wikipedia

 


Информация о работе Тұлға сүйектерінің қосылыстары