Стационардағы және емханадағы мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Февраля 2014 в 13:52, доклад

Краткое описание

Мейірбикелік үрдістің мақсаты – ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда: емделушінің ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Стационардағы және емханадағы мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру.docx

— 23.77 Кб (Скачать документ)

Стационардағы және емханадағы мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру

 

Мейірбикелік үрдістің мақсаты  – ауру қалпындағы өмірді қолайлы  қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда: емделушінің  ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас тәуелсіздігін  қолдау және қалыпқа келтіру.

Мейірбике жұмысының бірі стерильдеу. Мақсаты барлық микроорганизмдерді жою және аластау. Ол физикалық немесе химиялық әдістермен іске асырылуы мүмкін. Бумен стерильдеу - ең қалаулы әдіс. Бу қысым әсерінен барлық микроорганизмдерді жояды. Ол үшін 1,05 кгс/см2 бу қысымымен 15-45 минут ішінде әсер етсе жеткілікті болады. Егер автоклав вакуумды қондырғымен бірге болса стерильденген заттардың кебуін жеделдетеді және стерильдеу ұзақтығын 3 минутқа дейін кысқартады. Құрғақ ыстық ауалы шкафтарда өңдеу тәсілін шыныдан жасалған заттарды стерильдсу үшін колдануға болады. Ол үшін 6 сағат бойы 120°С-де ұстау Жұқа, сезімтал кұрал-саймандарға этилен аскын тотығымен газды стерильдеу әдісі қолданылады. Дұрыс стерильдеу үшін 3-6 сағат бойы газда экспозициялануы керек. Автоклавта стерильдеудің сапасын, яғни бу кысымының жеткіліктігін бақылау үшін аморфты амидопирин ұнтағын қолданады. Ол 106°С-де кристалданады. Қысымды автоматты түрде монометрдің көмегімен 1,5 атмосферада ұстап тұруға болады.Палаталар, егу бөлмелері, іс-шара бөлмелеріндегі, операциялық және басқа бөлмелердегі ауаны тазарту сынап-кварцтық және сынап-күлгін сәулелі лампалардың көмегімен жүргізіледі.

 

АНТ

Мен барлық қатысушылар, «құдай»  алдында салтанатты түрде ант  беремін!

Өзімнің өмірімде және жұмысымда  шыншыл,адал болуға.

«Зиян келтірмеу» талабына сүйенемін.

Пациентке зиян келтіретін дәрілерді енгізбеуге.

Өз мамандығымның стандарттарын  қолдауға және жетілдіруге барлық мүмкіндік  жасауға.

Өз тәжірбиемде қол  жететін пациенттің және оның жанұясының жеке мәліметтерін құпияда сақтауға міндет етемін.

Дәрігердің жұмысына барлық сеніммен тырыса көмектесіп, маған  деген сенім білдірген пациенттердің  күтіміне толық өзімді арнаймын

Флоренс Найтингейл

Мейірбике білім мен шеберлігі  бар, күтім процесіне жауапты, мейірмділік  көрсете білетін маман болып  саналады. Мейірбике-емделушіге толық  күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін  дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсау-лықты сақтау үшін медбике жұмысын жал-ғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.

Мейірбикенің міндетіне  емделушіні және оның өз тағдырын өзі  шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Сонымен бірге, мейірбикелік іс адамның  ұлттық және таптық сипатын, жасын, жынысын, саяси немесе діни сенімдерін шектемейді.

Мейірбике ісі ежелден  кележатқан мамандық.І Петр заманында  Ресейда бірінші рет госпитальдерде, лазареттерде әйелдер еңбек етті. І Петр қайтыс болғаннан кейін  Екатерина І кезінде госпитальдерде, лазареттерде әйелдердің жұмыс істеу  тоқтатылған. Тек қана 100 жылдан кейін (1884 ж.). Ресейда «Қайырымды мейірбикелер қасиетті қоғамын» құрып, қайырымды  мейірбикелерді оқытып даярлайтын қоғамдар ұйымдастырылған. Бірінші қайырымды  мейірбикелер халықтан шыққан. Олар өздерінің  қалауынша науқастарға, жарақаттарға «күтім» жасауды ұйғарған.

Үкімет, Петербург және Москва қалаларында қайырымды мейірбикелер тәрбиелейтін үйлерді, науқастарға  қалай күтім көрсетуді үйрететін  қоғамдарды аштырып ұйымдастырылған.

Бірінші қоғамның құрылғанынан үш жылдан кейін Н.И.Пироговтың ұсынысы  бойынша Қырым соғысы: кезінде, екінші қоғам құрылады. Ол қоғам соғыс  госптальдерінде жұмыс істейтін, қайырымды мейірбикелер даярланған. Н.И.Пирогов 1854 ж. бір топ қайырымды  мейірбикелермен соғыс жүріп  жатқан Севастополь қаласына келіп  медицина тарихында бірінші рет, әрекетті Армияның емханаларында әйелдер  жұмыс істеген. Сол кезде, Н.И.Пирогов  әйелдердің еңбек-қорлығына танданып былай деп жазған: «Соншама нәзік  әйелдер жаралыларды күні-түні бағып-қағуда, ауыр жаралыларды қарапайым сөзбен көңілдерін жұбатып, тіпті бастионда  зеңбіректің оғының астындағы жаралыларға  да көмек көрсетуде».

«Екатерина Хитрова, Екатерина  Бакунина бастаған қайырымды мейірбикелер, өздерінің ерлік еңбектерімен Рессейде, тіпті шет елдерге де танымалы болды»,-деп атаған Н.И.Пирогов.

Олардың арасында орыс қайырымды  мейірбикелерінің бірі Даша Александрова ерлігімен тарихта Даша Севастопольская  деген атақпен даңқы шыққан.

Қырым соғысы кезінде, Даша Севастопольская басқа, ағылшынның қайырымды мейірбикесі Флоренс  Найтингейл белгілі болған, ол қазіргі  медицина жүйесіндегі мейірбикелерді даярлаудың негізін қалаған адам.

12-мамыр күні Флоренс  Найтингейлдің туған күні, сондықтан  осы күні Халықаралық Мейірбикелер  күні болып саналады. Флоренс  Найтингейл

1820 ж. Флоренция қаласында  мәдениетті бай жанұяда тұған,  балалық шағы Лондон қаласында  өткен. Флоренс өте жақсы білім  алды. Балалық шағынан бастап  ол өзін адамдарға қызмет етуге,  әсіресе мүгедек адамдарды күтуге, оларға қызмет етуге бағдарлаған.  Ағылшын әскерінің Қырым соғысында  қиын жағдайда екенін естіп,  Флоренс бір аптаның ішінде 38 адамнан тұратын қайырымды мейірбикелер тобын құрастырып, 1854 ж. қазан айында жаралыларға және сырқаттанған адамдарға көмек көрсетуге аттанады.

1869 ж. Лондонда Флоренс  жер жүзінде бірінші қайырымды  мейірбикелердің мектебін ашады.Мектеп  бітірген мейірбикелер Флоренц  Найтингейлдің антын беретін  .

Сөйтіп, Флоренс Найтингейл мейірбикелер даярлаудың негізін орнатады. Оның көмегімен көптеген медициналық  мекемелер ашылады. Оның өмір бойы жаралыларды, науқастарды бағып-қағып күткені  және мейірбике даярлаудағы сіңірген зор еңбектері үшін 1912 жылы Флоренс  Найтингейл атағында медаль шығаруды ұйғарылды. Бұл медаль халықаралық  Қызыл Крест Лигасының ең жоғары марапаты болып саналады.

Мейірбике ісінің маңызды  сұрақтарының бірі мейірбике існің  философиясы.

Мейірбике існің философиясы  жалпы философияның бір бөлігі, ол мейірбике, пациент, қоғам, қоршаған орта арасындағы қарым қатынас және көзқарас жүйесі. Осы филосфияның ортағы болып  жәй адам емес жеке тұлға тұрады. Мейірбике ісі философия-ның маңызды  проблемасы болып «мейірбике пациент», «жеке тұлға» жүйесі сияқты жүйенің  қызметі болып саналады. Дәл осы  жүйеде басты ішкі жан компонентті, мейірбике пациентке сырқат деп  қана емес жеке тұлға ретінде қарау  керек. Сонымен қатар мейірбике  өзі де тұлға ретінде болуы  керек.

Мейірбике ісінің негізгі  философиясы-өмірді адам құқығы мен  абыройын сыйлау. Біз өмір сыйының  қасиеттілігіне сенеміз, сондықтан  әр адамды физикалық, философиялық, әлеуметтік, мәдени, интеллектуалды және рухани өсіп дамитын мүмкіншілігі бар жеке тұлға  ретінде қарастырамыз.

Мейірбике ісінің философиясы  принциптерін іске асыру-қоғам мен  медбикенің өзара әрекеттестігіне  байланысты болып келеді. Бұл принциптер мейірбикенің қоғам алдындағы (сонымен  қатар емделуші алдындағы) жауапкершілігін  және де, қоғамның медбике алдындағы  жауапкершілігін қарастырады. Қоғам  мейірбике ісінің денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды рөл атқаратынын  мойындай отырып, заңды актілер шығару арқылы, оны белгілі ережеге бағындырып, қолдап отырады.

Әр адамның қалыпты  түрде өсіп,дамуы үшін қанағаттандыратын  қажетті негізгі өмірлік маңызды  мұқтаждары болады және де оны өзінің атқаруы өте маңызды.

Қауіпсіздік мұқтаждықтары. Адам өмір бойы өседі,дамиды,өзін қоршаған ортамен үнемі қатынаста болады. Соған байланысты ол адамда өмірлік  маңызды мұқтаждықтар дамиды. Бұл  мұқтаждықтар адам өзінің қауіпсіздігін  қамтамасыз етеді:табиғат апаттардан,аурулардан, әлеуметтік құбылыстардан,өмірлік сәтсіздіктерден, күйзелістерден қорғайды.

Қоғамға тиісті болу мұқтаждығы. Осы қоғам оны түсініп, қабылдауы  керек.

Қоғамда өмір сүру табысқа  жету мұқтаждығына әкеледі. Жұмыста,өмірде,отбасында  әсемдікке, ұқыптылыққа,тәртіпке талаптанып, табысқа жетуге тырысады. Осы мұқтаждықтар Маслоу пирамидасының

4 сатысын құрайды жіне  өмірлік бағалылықтарға мұқтаж  болумен байқалады. Пирамида шыңының  5 саты қызмет ету мұқтаждығы  құрайды. Ол адамның жеке түлға  ретінде дамып өзін-өзі көрсете  алуын қамтамасыз етеді.

Адам әлеуметтік және шығармашылық табысқа жету үшін осы мұқтаждықтарды үнемі өмір бойы қанағаттандыруға тиісті.

Қорытынды: Сонымен, қазіргі  кездегі мейірбикелер -емделушіге толық  күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін  дамытып, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы болып саналады. Қоғам  мен емделушілердің қажеттілектерін  қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және бас-қа да денсаулық сақтау саласындағы  кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара беруі тиіс.

Осы оқу құралы «Мейірбике iсi» факультетiнiң студенттерiне менеджмент негiздерiн оқытуға арналған. Аға мейірбике өз жұмысында қызметтің  келесі түрлеріне әзір болуы керек, еңбек ұжымында әлеуметтiк–психологиялық  реттеудi жүзеге асыру; науқастың жеке қажеттiлігін ескеріп мейірбикелiк  үрдістi жүзеге асыруға икемдi болуы  керек; жедел және шұғыл ахуалды  анықтап, шұғыл медициналық көмек  көрсету керек; педагогикалық және тәрбиелiк қызметтi жүзеге асыру  керек; (оқу, анықтамалық, нормативтiк, ғылыми) ақпаратты өз бетімен игеруі керек; мейірбике iсi саласында ғылыми-практикалық  зерттеулер жүргізіп және ұйымдастыра  білуі керек.

12 мамыр – халықаралық  медбикелер күні. Бұл күні Қазақстандағы  ірілі-ұсақты ауруханалардың барлығы  кішігірім мерекелік шаралар  өткізуді дәстүрге айналдырған.  Ал бұл мереке қашан және  кімнің құрметіне пайда болды?  Қазақтан шыққан қандай атақты  медбикелерді білеміз?

Дүниежүзілік медбике  күні (ағыл. International Nurses Day) жыл сайын 12 мамырда атап өтіледі. Ол Дүниежүзілік Медбикелер кеңесінің (ICN) қолдауымен өтеді. Медбикелердің кәсіби мерекесі медбике  ісінің негізін салушы, ағылшын медбикесі  Флоренс Найтингейлдің туылған  күні аталып өтіледі. Флоренс Найтингейл Қырым соғысы кезінде (1853—1856) тұңғыш болып мейір бикерелер қызметін ұйымдастырған. 1971 жылы Флоренс Найтингейлдің  туғанына 188 жыл толды. Халықаралық  Медбикелер кеңесі осы даңқты әйелді мәңгілік есте қалдыру мақсатында 12 мамырды Халықаралық медбикелер күні деп қабылдап, сол жылдан бері осы күн денсаулық сақтау саласында  ерекше мереке ретінде тойланады. Әлемнің 141 елінен мейірбикелер жиналып, қоғамдық ұйым –«Халықаралық медбикелер кеңесін» құрғаннан кейін 12 мамыр дүниежүзілік мейрам мәртебесіне ие болды. Қазақстан  тәуелсіздігін алғанан кейінгі  жылы, 12 мамыр мейірбикелер күні болып  ресми түрде тіркелген болатын. Біздің елімізде де бұл кәсіби мерекеге ерекше көңіл бөлінеді.

Соғыс жылдарында медбикенің майдандағы орны ерекше болатын. Медбике, санитарка деген қан майданнан  жаралы жауынгерлерді сүйреп, соларды  емдейтін батыр адам бейнесі ретінде  дәл осы соғыс жылдарында қалыптасқан. Ұлы Отан соғыс жылдарында да майданда көптеген медбике қазақ қыздары  да болды. Соның бірі екерше атап өтетін Рәзия Ысқақова. Рәзия Ысқақованы халықаралық Қызыл Крест комитетi Флоренс Найтингейл медалiмен марапаттады. Кеңестер Одағы бойынша мұндай мәртебеге  небәрi 38 медбике ие болған екен. Қазақ  қызы туралы Кеңестер Одағының Батыры генерал-полковник Д.Драгунский кезiнде  бұлай деп жазыпты: “Сұмдық көрiнiстiң  куәсi болдым. Алға ұмтылған танкінiң  бiрi отқа оранды. Қарасам, Қызыл Крест  белгiсi бар өрiмдей қыз жалын құшқан машинаның қақпағын ашып қойып кеттi. Осылайша ажал апанына төрт рет сүңгiп, төрт танкистi құтқарды”.

Бүгін медбикелер өздерінің  күнделікті тәжірибесінде медициналық  көмек көрсету сапасын арттыру, медбикелік күтімді жетілдіру және денсаулық сақтау жүйесінде шығындарды төмендету бағыты бойынша айтарлықтай  үлес қосуда. Осы бастамалардың көпшілігі  халық денсаулығының нығаюына алып келді. Бүгінгі таңда Дүниежүзілік медбике күні кәсіптік мерекелер  қатарында беделді орынды алады. Қазіргі заманғы медбикелердің  міндеттері - отандық денсаулық сақтаудағы ең жақсы дәстүрлерді жоғалтпай, әлемдік тәжірибені игеру.

Бізде медбикеге дәрігердің кө­мекшісі ретінде қа­райды. Негізінде  шет мемлекеттерде ондай ұғым жоқ. Біздегі дә­рігерлер сияқ­ты  оларға мұ­рын шүйіре қарамай­ды, медбикені  ар­найы маман, дәрі­гер­дің сенімді  серігі деп баға­лай­ды. Дәрігер  мен медбикенің әр­қайсысының өз са­ласы, өз қыз­меті бар дегенмен, түп­теп келгенде, ар­баның алдың­ғы қос дөң­гелегі сияқ­­ты, екеуі бірігіп  бір бағытта жұмыс жасай­ды. Ал бізде Кеңес Одағынан қал­ған  ұғым, медбике – орта буын маман, дә­рігердің «ба­рып кел, ша­уып кел», орындау­шы­сы деп түсі­неді. Егер бүгінде Қа­зақстанда 138610 орта буын медицина қыз­меткері болса, соның 97060-і мейірбике, қал­­ғандары аку­шер, лаборант, т.б. Яғни, жүз мың­ға жу­ық  медбике – халықтың ден­сау­лығын  нығай­тып, оларға қол­же­­тім­ді, әрі  тиімді медици­на­лық көмек беруде ба­ғалы ресурс бо­лып отыр. Олай дей­тініміз, медбике өз уақы­ты­ның 70 пайызын  науқаспен өткі­зеді. Оларға нау­қас­ты күту мен ем­деудегі негізгі міндеттер  жүк­теледі.


Информация о работе Стационардағы және емханадағы мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру