Слова-паразиты в речи люде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 07:25, курсовая работа

Краткое описание

Тілдің Даму зандары орыс законы развития языка — лингвистикалык әдебиетте жиі кездескенімен, накты мәні сараланып аныкталмаған түсінік. Онын бір себебі — тіл білімінде даму және өзгеру деген уғымдардын шегі жете аныкталмауына байланысты. Кайсы бір тіл бірліктерінін өзгерістері, өзара байланыстары мен катынастары, тілді жетілдіруге катысты болмаса да, олардын дамуы ретінде карастырылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тілдің тарихи дамуы
2. "Даму" мағынасы
3. Тіл дамуындағы эволюция және прогресс
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тілдің тарихи дамуы.docx

— 27.42 Кб (Скачать документ)

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Тілдің тарихи дамуы

2. "Даму" мағынасы

3. Тіл дамуындағы эволюция және прогресс

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тілдің тарихи дамуы

Тілдің Даму зандары орыс законы развития языка — лингвистикалык әдебиетте жиі кездескенімен, накты мәні сараланып аныкталмаған түсінік. Онын бір себебі — тіл білімінде даму және өзгеру деген уғымдардын шегі жете аныкталмауына байланысты. Кайсы бір тіл бірліктерінін өзгерістері, өзара байланыстары мен катынастары, тілді жетілдіруге катысты болмаса да, олардын дамуы ретінде карастырылады.

"Даму" мағынасы

"Даму" деген термин екі мағынада тусініледі:

  1. тіл бірліктерінін бір күйден баска бір күйге ауысуы;
  2. карым-катынас кажеттілігінін күшеюіне байланысты тілдін бейімделу проиесі.

Тілді тарихи дамып отыратын күбылыс деп тану тіл білімі тарихында эр түрлі теория тугызган, бірак олар тіл дамуынын себебі мен сиііатын түсіндіре алмады. Мэселен, үнді еуропа тілдерінін шығу тегі олардын бәріне ортак үндіеуропалык ататілден шыкканы туралы идея, Ч. Р. Дарвиннін эволюииялык теория- сынын кен таралуы — тілге, тілдін даму проблемаларына натуралистік көзкарасты тудырды (А. Шлейхер, Ф. М. Мюллер т. б.). Шлейхер тілді табиғи организммен бірдей деп карап, тілдін дамуын екі кезенге бөледі: тілдін даму кезені (тарихка дейінгі кезен) және тілдердін ыдырап жіктелу кезені (тарихи кезен). Туыс тілдердегі ататілден калған дыбыстар мен формалардын ыдырауын, яғни алғашкы формалардын өзгеруін, ол тілдің дамуы деп есептеді. Мундай идеялардан жасграм- матиктерде күтыла алмады. В. ГумбольдтТілдің Даму зандары рухтындаму заңдарына тәуелді деп карады. А. Шлейхер, Н. Я. Марр тілдердін эр түрлі морфологиялык (даралаушы, жалғамалы, флективті) типтерін тілдің сатылап дамуының нәтижесі деп санады. Сонымен бірге Н. Я. Марр және онын жолын куушылар Тілдің Даму зандарын экономикалык формациялардындаму зандарымен, өндірістің дамуымен байланыстырып карастырды. Тілдегі озгерістердің даму заңдары мен онын себебін ажыратпау Тілдің Даму зандары жайындағы казіргі теорияларға да тән (Ф. де Соссюр т. б.)

Тіл дамуындағы эволюция және прогресс

Тіл дамуындағы эволюция және прогресс өзіндік ерекшелікгері бар аса күрделі үғымдар болып табылады. Коғам дамуымен бірге ойлау да дамиды, онын бәрі тілде ізін калды- Рады. Б. А. Серебренниковтін пікірінше, тіл дамуынын (процесінің) катыстык және абсолюттік түрлері бар және олар бірдей емес. Гіл техникасы көбінесе катыстык прогресті бейнелейді. Мэселен, эр түрлі тілдердегі дауыссыз- дардын ыкпал заңдылығына үшырап отыруы, толык дауыс- тылардыныкшамдалып отыруы т. б. осынынкорсеткіштері. Бірак тіл техникасындағы мундай тенденциялар эр тілде эр түрлі болуына байланысты көптеген проблемалар туындайды. Тіл техникасындағы абсолюттік прогресс коғамдык өмірдін күрделенген формаларына тілдің бейімделуімен сипатталады. Коғамда өндірістік күштін өсуі, ғылым, техника, мәдениет дамуы, адамдардың әлеуметтік өмірінің күрделенуі, жана катынастардын тууы т.б.— бәрі өмірге каншама жаңа үғымдар әкеледі, тілдің коғамдык кызметінің артуына, стильдік түрлерінің кеңеюіне мүмкіндік береді. Тілдер катыстык және абсолюттік прогресс бағытында катар дамиды. Табиғи тіл ешкандай алдын ала болжаусыз, стихиялы түрде дамиды. Түйіндеп айтканда,Тілдің Даму зандарын тілдердін даму жолдарын прогрестік түрғыда бағыттап отыратын түракты және занды тенденциялар деп аныктауға болады.   Қазақ елінде мемлекеттік тіл үшін күрес соңғы жүз жылда бірде-бір толас тапқан жоқ. Оны ХХ ғасырдың басында қабылданған құжаттардан  да көруге болады. Мәселен, 1923 жылдың 22 қарашасындағы Орынборда жарияланған Тіл туралы декретте, қазақ, орыс тілдеріне бірдей мемлекеттік тіл мәртебесі берілді. Қоғам қайраткері С.Оразалинов: «осы бір баптың кейіннен қазақ тілінің өрісін тарылтып, маңдайына сор болып жабысқанын», – ашына жазады. Бірақ бұл кездегі құжаттарда қазақ тілінің мәртебесін көтеретін көптеген шаралар да белгіленді. 1924 жылдың 26 маусымында Еңбек халық комиссариаты «орыс қызметкерлерін қазақ немесе қазақ тілі мен жазуын білетін қызметкерлермен алмастыру жөнінде» хат жіберіп, «Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда қазақ тілінде іс жүргізуде жұмысшылар мен қызметкерлердің санын молайту және қазақ тілі мен жазуын білетін мамандармен алмастырудың тәртібін күшейту жөнінде» қаулы қабылдайды. Сондай-ақ, БКП (б) Қазақ өлкелік комитеті 1933 жылдың 4 сәуірінде батыл қадамға барып, төмендегі жоғарғы мемлекеттік мекемелердің қазақ тіліне көшуін жоспарлайды: ҚазОАК; Ағарту халкомы; Денсаулық сақтау халкомы; Әділет халкомы; Жұмысшы-шаруа милициясы.      

 Осы қаулыны жүзеге асыру барысында ҚазОАК мен ХКК түрлі ынталандыру шараларын да қолданған. Мәселен, қазақ тілінде еркін сөйлейтіндерге 10 %, іс жүргізе білетіндерге 15 % үстеме ақы төленсе, ал жоғары оқу орындарында қазақ тілінде дәріс оқитын оқытушылардың еңбекақысына 25 % қосымша қосылған. Тіпті, 1934 жылы Орталық Атқару Комитетінің «Қазақ мектептерінен басқа мектептерде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі» қаулысы да шығады. Осы құжаттарды іске асыру барысында қыруар шаруа атқарылып, қазақ тілінде іс жүргізу қолға алынды. Қазақ тілі ортағасырлық түркілік элементтерден тазартылып, лексикалық тұрғыдан дамып, біраз терминдер атау ретінде қалыптасты. Сондай-ақ, морфологиялық тұлғалар мен синтаксистік құрылымы жағынан бір ізге түсіп нормаланды. Бұл тұрғыда, әсіресе, қазақ тіл білімінің алғашқы ғылыми негізін қалаған белгілі қоғам қайраткерлері А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамбетұлы, Қ.Жұбанов, т.б. сияқты тұлғаларды ерекше айтуға болады. Алайда бұл жұмыстар түрлі әлеуметтік саяси себептердің салдарынан аяқсыз қалып, қазақ тілі ескерусіз қалды. 1941 жылы 1 тамызда жоғарыда аталған жеңілдіктерді қайтып алу жөнінде қаулы шықты. Осыдан кейін-ақ, қазақ тілінің көші түзеле қоймады. Қазақ тіліне төніп келе жатқан қауіпті алғашқылардың бірі болып, даңқты батыр Б.Момышұлы байқады. Батырдың қырағы көңілі мен көреген ақылы 1944 жылы елде болған аз ғана күнде осы қатерді нақ басып тани білді және оған деген өз қарсылығын жариялап та үлгерді. Қазақтар арасындағы тілдік бөліну, міне осы жылдардан-ақ бастау ала бастады.      

 Ал 1955 жылы 4 маусымда Министрлер Кеңесі Төрағасының Жарлығымен ҚазССР Оқу министрлігінде орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін міндетті түрде оқытудан босату жөнінде нұсқау берілген. Бұл онсыз да халі мүшкілге айнала бастаған қазақ тіліне шығарылған қатаң үкім еді. Осыдан кейін-ақ солтүстік облыстардағы мыңдаған қазақ мектептері жабыла бастады.  
       Дегенмен, 1957 жылы ҚазССР Министрлер Кеңесі қазақ тілінде іс жүргізу жөнінде тағы да қаулы қабылдайды. Бұл іс те әуелде қызу қолға алынады да, кейіннен бәсең тартып, жетпісінші, сексенінші жылдары мүлдем тоқталып қалады. Оған қатал жүйе жүргізген, бұра тартқан солақай саясаттың ықпалы тимей қалмағаны анық.       

 Қайта құру жылдары елімізде қос тілділік саясаты белең алды. «Қос тіл – қос қанатың» деген жалған ұранды жалаулатқан біршама ресми құжаттар қабылданады. Мәселен, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Министрлер Кеңесі 1987 жылдың 3 наурызында орыс тілі мен қазақ тілін оқытуды жақсатру туралы екі қаулы мен 1989 жылдың 15 тамызындағы осы қаулылардың орындалуы туралы тағы екі қаулы қабылдайды. Алайда, бұл қаулылардың бойынан орыс тіліне деген басымдық пен ішбұрушылық айқын сезіліп тұрды. Үкіметтің бұл ашық ұстанымы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, өркендеуіне жол бермеді.       

 Міне, осындай ұзақ жылдарғы қара түнектен кейін қазақ тіліне деген жарық сауле алғаш рет 1989 жылы түсті. Осы жылы 22 қыркүйекте «ҚазССР-індегі Тілдер туралы Заң» қабылданды. Көптеген айтыс-тартыстан, ұлтжанды азаматтарымыздың табанды талабынан кейін осы Заңда «Қазақ тілі – ҚазССР-нің мемлекеттік тілі» болып жарияланды. Бұл – ұлт жанашырлары мен халықтың сол кезеңдегі саяси-әкімшілік, психологиялық-моральдық  жағынан үлкен жетістігі мен жеңісі және ірі қуанышы еді. Осы Заңның құрметіне 1989 жылдан бастап біз елімізде жыл сайын «Тіл мерекесін» атап өтіп келеміз. Алайда бұл Заңда қазақ тіліне ресми мемлекеттік тіл мәртебесі берілгенмен, оны қолдануды жақсатру мен дамытудың нақты тетіктері көрсетілмеді. Билік тарапынан ана тілімізге деген көзқарас пен қамқорлық өзгеріп, тұтасқан сең бұзылғанмен, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы әлі де көп шектеулі еді. Жазушы С.Оразалиновтің сөзімен айтсақ, бұл заң «тілдердің сіңісуі жөніндегі солақай саясатқа біржола нүкте қойған және Қазақстанда тұратын барша халықтар тілінің тең дамуына бағдар түзеген заң болды. Бірақ ол тілдерді дамыту шараларының қалай жүзеге асырылу керектігінің келешек жолдарын толық айқындай алмады». 
       Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін де ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретінде дамуы мен нығаюына бағытталған көптеген ресми құжаттар қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» Заңында (11 шілде, 1997 ж.) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп атап көрсетілді. Сондай-ақ, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту мен дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы» (4 қараша, 1996ж.) мен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (7 ақпан, 2001 ж.) қабылданды.       

 Елбасы Жарлығымен 1997 жылдың 11 шілдесінде бекітілген Тіл туралы Заңның 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. 
       Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы»,  –  деп, ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі құқықтық тұрғыдан толық негізделген.        

 Осы ресми құжаттардың арқасында қазіргі кезде мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде мемлекеттік тілдің қолданылу аясының біршама өсіп келе жатқаны байқалады. Дегенмен, қол жеткен нәтижелерге қарамастан, мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің әлеуетін іске асыру деңгейі әлі де төмен.       

 Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын қарым-қатынастың өрісіне қарай талдап көрелік. Ондай типтік қатынастың өрісі – іскерлік, ғылыми, көркем (эстетикалық), публицистикалық, күнделікті болып бөлінеді. Күнделікті (жекелеген аймақтарда), эстетикалық (көркем) және публицистикалық қатынастарда ана тіліміздің бар құнары мен байлығы жан-жақты қолданылып, нақты тілдік нормалары қалыптасқаны белгілі болса, ғылыми қатынаста бұл үрдісті тек гуманитарлық бағыттағы ғылыми шығармалардан ғана байқаймыз. Ал техникалық, әлеуметтік, әскери, ғарыш және т.б. ғылым салаларында ана тіліміз әлі де босағадан ары бара алмай отыр. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердегі іс жүргізу құжаттарында да біркелкі емес. Іс жүргізу құжаттарын қамтитын ресми және іс қағаздар стилін тілші-ғалымдар үш топқа бөліп қарастырып жүр. Олар: кеңселік, заң шығарушылық және дипломатиялық. Осы үш бағыттағы қазақ тілінің қолданылуын талдап көрелік. Кеңселік стильге түрлі мекемелердегі іс жүргізу құжаттары жатады. Бұл бағытта мемлекеттік тілдің қолданылу аясының біршама кең таралғанын атап айтуға тиіспіз. Алайда оның проблемалары да жетерлік. Мәселен, көптеген мемлекеттік емес ұйымдар мен ірі бизнес компаниялары, жекелеген министрліктер іс жүргізуді әлі де қалыптасқан дәстүрмен ресми тілде жүргізіп отырса, ал кейбір мекемелер мемлекеттік тілді тек аударма тіл ретінде ғана қолданып отыр. Мұндай аударма тілдің мәселесі заң шығарушылық стильде де қалыптасқан үрдіске айналған. Бүгінге дейінгі қабылданған заңдарымыздың барлығы ресми тілде дайындалып, мемлекеттік тілге тек аударылумен келе жатыр. Бұл жерде академик Ә.Қайдардың «мемлекеттік тілді аудармамен байыта алмаймыз» деген тұжырымын еске сала кеткен артық болмас. Ал сыртқы қатынасты қамтитын дипломатиялық стильде ана тіліміз әлі босағадан да сығалай алмай жүр. Басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау барысында бірде-бір министрлік пен ірі компаниялар мемлекеттік тілді қажетсініп отырған жоқ. Және ондай қажеттіліктің жуық арада туындамайтынына еш шүбәміз жоқ.       

 Міне, ана тілімізге ресми түрде мемлекеттік мәртебе берілгеніне жиырма жыл, еліміздің Тәуелсіздік Туын желбіреткеніне он сегіз жыл толып отырған бүгінгі күнде Мемлекеттік тіліміздің қолданылу аясы осындай. Баспасөз беттерінде, ғылыми-қоғамдық жиындарда 1997 жылғы 11 шілдеде қабылданған Тілдер туралы Заңның кемшіліктері мен солқылдақ тұстары туралы жиі айтылады. Кез келген заң бұзушылық тиісті жауапкершілікке тартылуы тиіс. Алайда, Тілдер туралы заңның бар екенін, оның кейбір баптарының бұзылып, орындалмай жатқанын ешкім елеп те, ескеріп жатқан жоқ. Тіл туралы заңды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған бірде-бір адам жоқ. Өйткені оның тетіктері жасалмаған. Бұл жағдайларға қарағанда, Мемлекеттік тіл туралы (оның құқықтық-әкімшілік мәртебесін нақтылайтын, заң талаптары бұзылған жағдайда жауапкершілікке тарту тетіктерін белгілейтін) жаңа заң қабылдау қажеттілігі – бүгінгі күннің басты талабы. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» екені анық. Болашақтың бүгіннен басталатынын да ұмытпайық. 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.    Сауранбаев Н. Қазақ тілі. 1944.  
2.    Дуйсебаева М. Қазақ әдеби тілінің кейбір мәселелері. Алматы, 1973 
3.    Сауранбаев Н. Қазақ фонетикасы бойыпша этюдтер. Алматы, 1988 
4.    Кеңесбаев I., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. Алматы, 1975, 95-6. 
5.    Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1996, 65-6

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Слова-паразиты в речи люде