Ісікалды(ракалды) жағдайлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 14:55, реферат

Краткое описание

Ісік,яғни жаңа өскін, бластома (грекше:blasto- бүршік,өскін) – өзінің қалыпты пішіні мен қызметін жойған, ағзаның түрі өзгерген жасушаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі.Көпшілік жағдайда ісік кәрі адамдарда пайда болатыны белгілі. Себебі, адамның жасы ұлғайған сайын, оның иммундық жүйесінің жұмысы төмендеп, қауіпті ауруларға қарсы тұра алмайды.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
• Ісік туралы жалпы түсінік
• Ісіктің морфогенезі
• Ісікалды(ракалды) үдерістер
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

пат ан.doc

— 451.50 Кб (Скачать документ)

Оңтүстік  Қазақстан  Мемлекеттік  Фармацевтика  Академиясы

 

 

 

Морфологиялық пәндер кафедрасы 

 

Патологиялық анатомия пәні

 

 

СӨЖ

 

Тақырыбы:Ісікалды(ракалды) жағдайлар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Орындаған:Макулбек И

                                      Тобы:203 А ДЕІ

                                                         Қабылдаған:Шонбаева А.Қ

 

 

 

Жоспары: I.Кіріспе

                  II.Негізгі бөлім

        • Ісік туралы жалпы түсінік
        • Ісіктің морфогенезі
        • Ісікалды(ракалды) үдерістер

 

                  III.Қорытынды

                  IV.Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ісік,яғни жаңа өскін, бластома (грекше:blasto- бүршік,өскін) – өзінің қалыпты пішіні мен қызметін жойған, ағзаның түрі өзгерген жасушаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі.Көпшілік жағдайда ісік кәрі адамдарда пайда болатыны белгілі. Себебі, адамның жасы ұлғайған сайын, оның иммундық жүйесінің жұмысы төмендеп, қауіпті ауруларға қарсы тұра алмайды. Көптеген онколог ғалымдар ісік аурулары өзінің өсу жолында екі сатыдан өтетінін дәлелдейді. Біріншісінде, канцерогендік заттардың әсерінен таза жасуша ісік жасушасына ауыса бастайды, бірақ ол белсенділік көрсетпей тыныш жатады. Екіншісінде, нағыз ісік түйіні пайда болып, ол өніп-өсе бастайды. Бұл екі сатының әрқайсысы ағзамен екі жақты қарым-қатынаста болады.Кейде екінші саты біріншіге көшіп, кері үдеріс жүруі мүмкін, сондай-ақ канцерогендер тікелей иммунитетке зиянды әсерін тигізеді.

    Ісіктік  жасушаның ағзаның реттеу әсеріне  бағынбай, яғни ретсіз өсуі –  ісіктің негізгі қасиетінің бірі. Ісіктік жасушада қалыпты жасушада  болмайтын ерекше қасиеттер пайда болады. Ол жасушаға, оның құрылысына, зат алмасуы, қызметі, көбеюі мен толысуына қатысты қасиеттер – жасушалық атипизм тән. Қалыпты жасушада кездеспей, тек қана ісіктік жасушада пайда болатын қасиеттер анаплазия (грекше: ana – кері,  plasis –қалыптасу,түзу) немесе катаплазия деп аталады (грекше:kata – төмен, plasis – қалыптасу,түзу).Ісіктің дамымайтын тіні мен мүшесі жоқ және ол адамда ғана емес,көптеген жануарлар мен өсімдіктерде де кездеседі.

 

Ісік туралы жалпы түсінік.

 

     Ісік-жасушалар  тоқтаусыз көбейетін  патологиялық үдеріс.Ол көбінесе гендік өзгерістермен байланысты.Ісіктің дамуы табиғи және биологиялық  факторларға,әлеуметтік ортаға,әдет-ғұрыпқа,белгілі бір елдегі тұрғындардың тұрмыстық салтына байланыстылығы да айқындалған.ДДҰ-ның мәліметі бойынша,ісіктердің 90%-дайы сыртқы орта әсерінен дамиды.Статистикалық мәлімет бойынша,жыл сайын дүние жүзінде қатерлі ісіктермен 5,9 млн.астам адам ауырады.Дамыған елдерде қатерлі ісіктік өлім-жітімнің интенсивтік көрсеткіші әр 100000 тұрғынға 182 болса,даму жолындағы елдерде-65.

    Ісіктерді онкология(грекше:onkos-ісік) зерттейді.Патологиялық анотомия ісіктің құрылысын,шығу тегін,гистогенезі мен морфогенезін сипаттап,классификациясын бір жүйеге келтіріп,оларды тіршілікте және өлгеннен кейін анықтау және қатерлілік  дәрежесін дәйектеу мәселелерімен айналысады.

 

 Тері ісігі.Ісіктің сыртқы пішіні әртүрлі.Оның  бітімі(формасы) түйін  сияқты,саңырауқұлаққа немесе түсті қырыққабатқа ұқсас болуы мүмкін;ал үсті тегіс,бұдырлы немесе бүртікті болып келеді.Ісік мүшені толық жайлап,диффузды  өсуі мүмкін.Ісік қуыссыз  мүшенің қабығына қарай өсе келе,оны бұзып,үстіңгі бетіне жайылып,кейде қан тамырларын жеп(аррозия),ішке қан кетіреді.Ісікте некроз дамып,үсті ойылып,жара жиі қалыптасады.

       Ісіктің кесіндісінің беті, әдетте біртекті ақшыл бозғылт немесе бозғылт қызылдау болады, тіні балық етіне ұқсайды. Қан құйылып, некроз ошақтары пайда болса, көбіне кесіндісінің беті шұбар болады,кейде талшықты жолақтар түзіледі. Кейбір мүшеде (мысалы, аналық бездегі ісік) ішіне сұйықтық немесе жалқаяқ жиналған жылауықтар (киста) қалыптасады.

        Ісіктің көлемі өсу қарқынына, шығу тегі мен дамыған орнына қарай, әр алуан; консистенциясы паренхимасы мен стромасының арақатынасына байланысты: паренхима басым болса, жұмсақ, стромасы көбірек болса, қатты. Шеміршек пен сүйектен туындаған ісіктің консистенциясы,әдетте өте қатты.

        Ісікте, көбіне салдарлық өзгерістер, яғни қабыну және некроз ошақтары, жалқаяқтану, ізбестену (петрификация), үдерістері жиі байқалады; кейде бұл өзгерістер сәулелік және химиялық емнің зардабы.

    

  Ауыз қуысының ісігі.Әр

 

ісікте үлесі өте құбылмалы паренхималық  және стромалық бөлім болады.Ісіктің  бірінде паренхима,екіншісінде,строма басым,ал үшіншісінде,паренхима мен сроманың үлесі бірдей болуы мүмкін.Ісіктің паренхимасы сол ісікке тән жасушалар түзіп,оның арнаулы морфологиялық бейнесін қалыптастырады.Стромасын ісіктің өзі дамыған мүшесінің дәнекер тіні мен ісіктің өз жасушалары түзеді.

 

 

Ісіктің морфогенезі.

 

    Ісіктердің  морфогенезін ісікалдылық,ісіктің қалыптасу және ісіктің өсу кезеңдеріне жіктеуге болады.

    Ісіктер өзінің даму барысында,көбіне ісікалдылық өзгерістер кезеңінен өтеді.Дегенмен,қатерлі ісіктер ісікалдылық кезеңінен өтпей-ақ,кенеттен қалыптаса алады.

    Ісіктің қалыптасуына эпителий-дәнекер тінаралық әрекеттестік бұзылуының  әсері күмансыз.Эпителийдің өсуі оның астындағы дәнекер тіннің  құрылым-қызметтік қалпына байланысты болатынын В.Г Гаршин дәлелдеген.Қалыпты жағдайда эпителий ешқашанда жетілген дәнекер тіннің арасына жайылып өспейді,тек оның үстіне ғана жайыла береді.Эпителийдің өзінің астындағы тінге жайылы өсуі эпителий-дәнекер тін жүйесі қалпынан тайғанда ғана байқалады;бұл-эпителийдің өз органтиптік қасиеттерін жоғалтқандығының белгісі.

 

 

  Тері ісігі.

 

 

Ісіктердің  қазіргі классификациясы,олардың  морфологиялық  құрылысын,дамыған  орнын,жеке мүшелердің құрылыстық ерекшеліктерін,қатерсіз немесе қатерлілігін ескеріп,гистогенездік  ұстанымға негізделген.

 

 

 

Ісік

 

Қатерсіз эпителийлік ісіктерге папиллома мен аденома жатады.Ол терінің  немесе кілегейлі қабықшаның үстінде жіңішке немесе жуан сабақ арқылы жалғасып жайғасады.Ісікті қабаты қалыңдап көбейген жамылғылық эпителий құрайды.Терінің папилломасы түрлі деңгейде қасаңдануы мүмкін.Оның стромасы айқын дамып,эпителиймен қосарлана өседі.

 

 

  Теріде болатын папиллома.Пішіні шар тәрізді,тіні қатты немесе жұмсақ,үсті бүрлі,көлемі тары немесе ірі бұршақтай болады.

 

Ісікалды жағдайлар.

 

    Ісіктер өзінің  даму барысында,көбіне ісікалдылық жағдайдан өтеді.Ісікалдылық  өзгерістерді анықтаудың теориялық қана емес,практикалық  маңызы да өте зор.Оларды анықтау арқылы ісіктің туындау қаупі жоғары,қатері мол мүшелер тобын айқындап,ісіктердің алдын алып,диагнозын дер кезінде қоюға мүмкіндік туады.

     Морфологтар  ісікалдылық желеу(фон) үдерістер тобына дистрофия мен атрофияны,гиперплазия,метаплазия мен дисплазияны және  склерозды жатқызады.Ал гиперплазия,дисплазия мен метаплазияны ошақтар нағыз ісікалдылық  үдерістер деп есептеді.соңғы кезде,әсіресе дисплазияға ерекше мән беріліп жүр. Өспе алды жағдайлар.

      Ағза деңгейіндегі онкогенез кезінде обыр алды    жағдай дамиды. Бұл практикалық онкологияның ең маңызды мәселелерінің бірі. Өйткені обыр алды жағдайларды анықтау арқылы көпшілік жағдайда қатерлі өспелердің дамуын алдын-ала ескертуге, б. а. қатерлі өспелерді алдын ала емдеуте болады. Обыр алды-өспе алдындағы ұзақ мерзімді болатын атрофиялық, дистрофиялық және пролиферациялық үрдістерден тұратын дерттік жағдайлармен сипатталады және көп жағдайларда қатерлі өспеге айналады.

Көп тараған  обыр алды жағдайдың бірі — ол асқазанның  ойылған жарасы. Бұл асқазанның шырышты қабығының ақауы, созылмалы ұзақ мерзімді қабынумен сипатталады, оның шеттері атрофиялық, дистрофиялық және пролиферациялық озгерген жасушалармен қапталған және сыртқы бейнесімен қажалған жерге ұқсайды. Бұл жара тым жиі обырға ауысады, сондықтан хирургиялық тәсілмен дер кезінде алынып тасталуы қажет.

Обыр алды жағдайға - жатыр мойынының жалақ жарасы (эрозиясы)оның шырышты қабығындағы ақауы жатады. Мұнда ұзақ мерзімді қабыну тіннің атрофиясымен және айналасындағы эпителийдің пролиферациясымен сипатталады. Бұл жара тез арада ұқыпты емдеуді қажет етеді. Өйткені ол жиі қатерлі өспеге айналады.

Обыр алды жағдайлардың ең жиі тараған түрі кистоздық-фиброздық мастопатия — сүт безінің ауруы. Бұл ауруда бездік тіндер ошақтанып ұлғаяды, тығыз фиброзды қапшықпен қоршалған қуыстар қалыптасады. Бұл ауру сүт безінің обырына жиі ауысады.

Үшінші кең  тараған обыр алды жағдай болып қатерсіз өспелер саналады. Мәселен, папилломалар обырға, жатырдың миомасы қатерлі өспеге, қалдар мен меңдер-қатерлі меланомаға ауысуы мүмкін.

 

 

Дисплазия.Онкоморфологияда қабылданған үдеріс.Дисплазия көбіне қабыну және регенерациядан ажырату қиын.Дисплазияның бұл кезеңдері қайтымды.Бұл үдеріс балаларда жиі кездеседі.Дисплазияның кері дамуы сирек,сондықтан ісікалдылық  үдеріс деп қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

Метаплазия.

 

     Метаплазия(грекше:metaplasso-өзгерту)-тіннің бір түрінің өзімен тектес басқа түрге айналуы.Метаплазия эпителийде немесе дәнекер тінде жиі,ал басқа тіндерде сиректеу кездеседі.Бір тіннің  екінші тінге өзгеруі ұрықтық бастаманың оларға ортақтығымен қатаң шектеліп,жас жасушалардың пролиферациясы арқылы жүзеге асады.(ісік) Құрсақта даму кезінде тін өзіне жат жерде қалып қоятын гетеротопия мен гетероплазия үдерісін метаплазияға жатқызуға болмайды.

 

 эпителий метаплазиясы

 

Гипертрофия

 

Даму барысында жасушаның,тіннің,мүшенің  көлемі құрамындағы жасушалар немесе ішіндегі ультрақұрылымдардың көбеюі арқылы ұлғаяды.Жүкті кезде жатырдың бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары бірнеше есе ұзарып,жуандаса,көкірек безі ұлғаяды.Аналық бездің дисфункциясынан жатырдың кілегейлі қабықшасының бездері көбейсе,кейде олардың  саңылауы кеңіп,киста түзеді.Бұл өзгеріс эндометрийдің безді-кисталы гиперплазиясы деп аталады.

 

     Ол жатырдан ртсіз қан кету қаупін туғызады. Егер ер адамның аталық безі семсе, сүт безінің бөлікшелері көбейіп, біздің жалпы көлемі ұлғайып, гинекомастия (грекше:gyne- әйел, mastos – кеуде,төс) байқалады.

 

      Гипертрофиялы өсу түрлі себептерден дамып, тіндер мен мүшелерді ұлғайтад. Ол созылмалы қабынуда (мыс.; кілегейлі қабықшадағы полип) немесе лимфа іркілігенде дәнекер тін жайлаған аяқта (шораяқ) байқалады. Майлы тін мен дәнекер тін бір бөлігі немесе толықтай семген мүшеде тым қарқынды көбейіп өседі (жалған гипертрофия). Мысалы, бұлшықет семсе, оның талшықтарының арасында, бүйрек семсе, оның төңірегін майлы тін жайлайды.

 

 

 

  бадамша безінің гипертрофиясы

Атрофия.

 

    Атрофия(грекше:а-жоқ; trophe-қорек; қазақша-сему,солу)-тіршілікте мүшенің,тіннің,жасушаның көлемі кішірейіп,қызметі нашарлайтын үдеріс.Атрофияның физиологиялық және патологиялық түрлері бар.

    

     Патологиялық атрофия түрлі себептерден дамиды.Олардың ішінде жеткіліксіз тамақтану,қан-және лимфаайналымының,ішкі  сөлініс бездері мен орталық және шеткі жүйкелік жүйелердің қызметі бұзылуының,уланудың маңызы зор.Патологиялық атрофия-қайтымды үдеріс.Ол тым асқынып кетпей тұрғанда,дамытқан себептің әсері тоқтаса,мүшенің құрылымы мен қызметі толық қалпына келе алады.Патологиялық атрофия жалпы немесе жергілікті болады.

    

     Жалпы атрофияның,яғни  жүдеуліктің мынадай:алиментарлық;ісік жүдеулігі,яғни ісіктік кахексия(грекше:kakos-жаман; hexis-жағдай)тағы басқа түрлері бар.

 

 

 

 

 

Қорытынды:

 

Өспе  өсуін ескерту мен емдеу тәсілдерінің патофизиологиялық негіздері.

 

Профилактиканың жалпы принциптері обыр алды және дисгормондық жағдайларды ерте анықтап емдеу, сыртқы ортаның тазалығы үшін және темекі тартумен күресуді керек етеді.

Емдеу тәсілдерінің жалпы негіздері төмендегілерге бағытталған:

1. Хирургиялық емдеу — өспені сау тіннің көлемінде алып тастау.

2. Химиотерапия үшін жасуша бөлінуін тежейтін дәрі - дәрмек қолданылады. Қазіргі күні қуатты антрациклиндік антибиотиктер бар.

3. Иондағыш сәулелерді қолдануда жасуша бөлінуін шектеп, өспе өсуін тежейді.

4. Организмнің қорғаныстық күштерін көтермелеу және жетілдіру қажет. Ол үшін еркін радикалды тотығуды тежейтін антиоксиданттар, өспе өсуін туындататын вирустарға қарсы интерферондар, иммундық жүйені қалпына келтіретін дәрі-дәрмектер, зат алмасудың бүзылыстарын жөнге келтіретін витаминдер қолданылулары керек.

 

      Ісікке қарсы дәрілік заттар – қатерлі ісікті емдеуге қолданылатын синтездік не табиғи дәрілік заттар тобы. Қазіргі кезде 60-тан астам түрлері бар. Оларды: алкилді қоспалар,антиметаболиттер,ісікке қарсы антибиотиктер және өсімдіктерден алынған дәрілер. Ісік неғұрлым кішкентай болса,дәрінің шипалық қасиеті соғұрлым жоғарылайды,ісік клеткаларының көбеюін тоқтатады. Бірақ бұл дәрілер кейде сау клеткалардың көбеюіне де, әсіресе қан түйіршіктерін түзетін ағзаға, ішектің, терінің эпителий клеткаларына әсер етеді. Мұнымен қатар олар жүректі айнытып, құстыруы, науқастың тәбетін кемітуі, іш өткізуі, қан құрамын өзгертуі мүмкін.

          Қазіргі кезде бір немесе бірнеше дәріні бірінен соң бірін қолданатын полихимиотерапия әдісі де жақсы дамып келеді. Ісік ауруларына қарсы дәрілік заттармен бірге әр түрлі басқа емдеу тәсілдері де қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Патологиялық  анотомия,А.И.Струков,В.В.Серов 2013ж

2. Ахметов Ж.Б.Патологиялық анатомия \\ Алматы – 2004

3. Серов В.В. Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т. Айтқұлов \\ Карағанды:"Ғылым", "Қазақстан". - 1996.- 2-бөлім, 1-кітап

4. 5.Патологиялық анотомия терминдерінің, орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе.,2001ж

5.www.wikipedia.kz сайты

 

 

 

 

Информация о работе Ісікалды(ракалды) жағдайлар