Шошқа шарушылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2013 в 13:35, реферат

Краткое описание

Шошқа, доңыз – жұптұяқтылар отрядына жататын сүтқоректі жануар. Адамның ең алғаш қолға үйреткен үй жануарларының бірі. Шошқаның шығу тегі Еуропа және Шығыс Азия жабайы қабандары болып саналады. Оның бітімі ірі, жұмыр, аяқтары қысқа, денесін ақ, қара, қоңыр, қызғылт, т.б. түстегі қатқыл әрі сирек түк басқан. Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында жер қопаратын сүйек өсіндісі бар, тұмсығы тақыр. Тістері өсімдік және басқа да азықтың түрлерін жеуге бейімделген. Қарны бір бөліктен тұрады, ішегінің ұзындығы денесінен 20 есе артық, көру қабілеті нашар, есту және иіс сезу мүшелері жақсы жетілген. Қорек талғамайды, суды таңдап ішіп, шомылғанды ұнатады. Ұрғашысы 9 – 10 айда еркегімен жұптастырылып, жылына 2 – 3 рет 8 – 12-ден торайлайды.

Содержание

І.Кіріспе
Жалпы түсінік
ІІ.Негізгі бөлім
1. Шошқа шаруашылығын дамыту жолдары
2.Шошқа шаруашылық
ІІІ.Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

презентация мшн.pptx

— 506.58 Кб (Скачать документ)

Тақырыбы:    шошқа шарушылығы          
 
 
       орындаған: бахытжан гүлсім  
                       вс-206 топ, 1-топша 
 
     тексерген: қойшыбаев а.м.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

Кафедра: Мал шаруашылығы және балық өнімдерін өндіру технологиясы

ЖОСПАР:

 

І.Кіріспе

  Жалпы түсінік

ІІ.Негізгі  бөлім

 

 1. Шошқа  шаруашылығын дамыту жолдары

2.Шошқа  шаруашылық 

 

ІІІ.Қорытынды

Шошқа, доңыз – жұптұяқтылар отрядына жататын сүтқоректі жануар. Адамның ең алғаш қолға үйреткен үй жануарларының бірі. Шошқаның шығу тегі Еуропа және Шығыс Азия жабайы қабандары болып саналады. Оның бітімі ірі, жұмыр, аяқтары қысқа, денесін ақ, қара, қоңыр, қызғылт, т.б. түстегі қатқыл әрі сирек түк басқан. Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында жер қопаратын сүйек өсіндісі бар, тұмсығы тақыр. Тістері өсімдік және басқа да азықтың түрлерін жеуге бейімделген. Қарны бір бөліктен тұрады, ішегінің ұзындығы денесінен 20 есе артық, көру қабілеті нашар, есту және иіс сезу мүшелері жақсы жетілген. Қорек талғамайды, суды таңдап ішіп, шомылғанды ұнатады. Ұрғашысы 9 – 10 айда еркегімен жұптастырылып, жылына 2 – 3 рет 8 – 12-ден торайлайды. Ұрғашысының салмағы 130 – 150 кг, еркегі 180 – 200 кг-ға жетеді. Өсіп-жетілу ерекшеліктеріне байланысты Шошқалар 4 топқа бөлінеді: кеш жетілетіндер (Еуропаның ұзын және қысқа құлақты Шошқалары), өте тез жетілетіндер (сиам және ескі неополитан Шошқасынан тараған майда салмақты Шошқалар), тез жетілетіндер (ТМД елдерінде кең тараған Шошқа тұқымдары) және орташа қарқында жетілетіндер

    • Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді, қазір оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Ірі қарамен салыстырғанда күй талғамайтындықтан және тез өсіп-өнетіндіктен бұл шаруашылық адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда кең тараған. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. (Азияның кандай елдерінде шошқа мүлдем өсірілмейді, оның себебі неліктен?) Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған

 

    •    Жабайы шошқа, қабан, доңыз (лат. Sus scrofa) – сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жануар. Қызылорда облысыныңқамыс-құрақты қопалар мен батпақты жерлерінде, өзен аңғарларында көп кездеседі. Денесі ірі, екі бүйірі қысыңқы, мойыны жуан, басысүйір, тұмсығы конус тәрізді көлденеңнен кесілген болып келеді. Ұшында жұп тұяғы бар, аяғы мықты, екеуі жақсы жетілген төрт саусағы болады. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі кішкентай, танауы таңқы. Денесін қалың қылшық басқан. Аталығының арқасында жалы болады.   Жыныстық жағынан 18 – 20 айда жетіледі. Күйлеуге түсуі тамыздың ортасынан желтоқсанға дейін созылады.

 

    •    Аналығы (мегежіні) 4 – 10 торай туады. Тістері көп, бұдырлы. Қарыны жіктелмеген, күйіс қайтармайды. Қорек таңдамайтын жануар, топырақты қазып құрт-құмырсқа,өсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақ тышқандармен қоректенеді. Доңыз – кәсіптік маңызы бар аң, еті, терісі, қылшығы пайдаланылады. Орта есеппен әр Доңыз 50 кг ет, 10 кг май, 250 дм2 тері және 0,5 кг қылшық береді.[1] Қабан Солүстік  Африка мен Еуразияда таралған, ТМД аймағында, Балтика жағалауынан Қиыр Шығысқа дейін кездеседі. Аталықтарының азу тістері өте ірі және жоғары, сыртқа қарай қайқы. Денесін ірі қылтан қаптаған. Ересек қабан шошқаларынын түсі коңыр, торайларының терісінде ұзынан орналасқан ақ жолақтары бар. Ірі қабандардың ұзындығы 2 м, салмағы 300 кг. Топтасып өмір сүреді. Күйлеу кезінде, жекелей тіршілік етеді. Орташа 4-6 торай табады. Үй шошқасының арғы тегі. Кәсіпшілік жануар

 

Шошқа тұқымдары:  
 

    1. Кемерово шошқасы 
    2. Ландрас шошқасы 
    3. Жетісу шошқасы 
    4. Беркшир шошқасы 

 

    • Беркшир шошқасы – тез жетілгіш шошқа тұқымы. 19 ғасырдың орта шенінде Оңтүстік Англияның Беркшир графтығындағы кеш жетілетін жергілікті ірі мегежіндерді тез жетілгіш cиамдық және ішінара неапольдік, қытай шошқаларының қабанымен будандастыру арқылы шығарылған. Беркшир шошқасы Орталық Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстаншаруашылықтарында өсіріледі. Беркшир шошқасы өндірістік будандастыру үшін ең тиімді тұқым. Қазіргі беркшир шошқасының дене бітімі жақсы жетілген, басы жеңіл, мойны жуан, кеудесі кең, арқасы жалпақ. Түсі қара, қара қоңыр, бақайында және құйрық ұшында ақ жолақтары болады. Терісі жұқа, қалың қылшықты. Сүйегі жеңіл әрі берік. Ересек қабандарының орташа салмағы 220 – 250 кг (ауырлары 250 – 280 кг), ал мегежіндері 180 – 200 кг. Төлділігі – 8 – 9 торай, тәулігіне 600 – 700 г салмақ қосады. Ет шығымы 88%. 
    • Жетісу шошқасы – етті-майлы шошқа тұқымы. Ірі ақ және Кемерово шошқаларының мегежіні мен ортаазиялық жабайы шошқа қабанын будандастыру арқылы 1978 ж. Эксперименттік биология институтында (қазіргі “Биоген” жабық ационерлік қоғамы) шығарылған. Оңтүстік Қазақстанның табиғи жағдайына бейімделген, дене бітімі мықты. Қабаны 270 — 300 кг; мегежіні 232 кг тартады. Орта есеппен 10,2 торай береді. Бордақыланған торай 196 күндігінде 100 кг тартады. Әр кг үстеме салмаққа 3,87 азық өлшемі шығындалады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында өсірілед

 

    •     Кемерово шошқасы – етті-майлы шошқа тұқымы. Жергілікті сібір шошқасын ірі ақ шошқа, беркшир, ірі қара шошқа тұқымдарымен будандастыру арқылы 1960 ж. Ресейдің Кемерово облысында шығарылған. Қабаны 280 – 300 кг, мегежіні 220 – 230 кг тартады. Бір ретте 10 – 11 торай табады. 193 күн бордақыланған торай 100 кг тартады. Қазақстанда Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында Кемерово шошқасын өсіретін фермалар бар. Жетісу шошқасын шығаруда пайдаланылды

 

    • Ландрас шошқасы — бекон (қақталған жас шошқаның еті) алу үшін өсірілетін шошқа тұқымы. 20 ғасырдың 1-жартысында Данияның жергілікті майлы бағыттағы шошқа тұқымының мегежінін ағылшын ақ шошқасының еркегімен шағылыстыру арқылы шығарылды. Ландрас шошқасы еркегінің (қабандарының) орташа салмағы 250 — 350 кг, мегежіндері 200 — 240 кг. Жақсы бекон алу үшін 20 кг-дық торайды салмағы 90 кг-ға жеткенше 180 күнге дейін бордақылайды, ол тәулігіне орташа есеппен 683 г салмақ қосады. Ландрас шошқасы Швеция,Норвегия, Финляндия, Англия, АҚШ, Канада, Жаңа Зеландия, Австралия және Бразилияда таралған. Ол КСРО-ға Даниядан (1927), Швециядан (1948, 1961, 1964), Англиядан (1957), Канададан (1960) әкелінді. Асыл тұқымды Ландрас шошқасының дене бітімі мықты, етті, қабандарының салмағы 340 — 360 кг, мегежіндері 220 — 260 кг. Мегежіндері 10 — 12 торай туады. Торайлардың салмағы 25 кг-ға жеткенде бордақылауға қояды. Қазақстанда Алматы облысы Талғар ауднында “Бекон” ЖШС, Іле ауданында “Бекон”, Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданында “Сомир-2” шаруа қожалықтарында өсіріледі

 

Аргентикалық қой  шошқа

    •    Ш ошқаның 12 мыңға жуық санымен Павлодар облысы аймағында ірілердің бірі. Өндірісорындары Павлодарское ауылы аймағында орналасқан. Кешен Еуропа өндірушілерініңүздікқұрал-жабдығымен жабдықталған.
    •    Мал шаруашылығы саласындағы ең жаңа өңдеулерменқолдануыменжұмыс жүргізіледі: жұмыс орындарында климат бақылағышы, «Howema» неміс фирмасы өндіргеншошқаларды автоматты тамақтандыру мен суарудың заманауи жүйесі енгізілген, вентиляция мен микроклиматтың жоғары технологиялы жүйесі, кессонды қоратазалау жүйесі қолданылады. Кәсіпорында мал ауруларын алдын алу үшінбағытталған барлық міндетті талаптар орындалады.
    •    Осындай қолайлыжағдайда орналасқан жануарлар жемді жақсырақ игеріп, тез өседі, ал мал санының сақтамдылығы 90-95% құрайды. Барлық шошқа өсірукешені энергия бойынша, белок, микроэлементтер және басқа да компоненттер бойынша балансталған өзіндікөндірісқұрамажемдерімен толық қамтамасызетілген. Бұл азықтандыру әдістерінәркезжетілдіруге, рецепттер оптимизациясы бойынша рецепттер жүргізуге, өнімділіктіжоғарлататын жаңа компоненттерді енгізуге мүмкіндік береді
    •    Одан басқа, мал шаруашылығы кешенімен бағытталған селекциялық жұмыс жүргізіледі. 2003 жылы ҚРАуыл шаруашылығы министрлігімен мал шаруашылығы кешенін аттестаттау өткізілдіжәне оның нәтижелері бойынша ірі ақ текті шошқаларды өсірубойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы мәртебесін алды.        қабандардың бірінші саны Ресей Федерациясының үздікшаруашылығынан әкелінген. Бұл тек өсірутиімділігі, буаздану сапасы және жергілікті жағдайларға үйренубойынша үздікретінде әлемніңтүрлі елдерінде өзінжақсы танытты.
    •    Гибридті қосу бойынша жұмыс жүргізгенде, біз түрлі нұсқаларды көрдік. Өткізілгенжан-жақты талдау аналық жақтағы ірі ақ тек болған жағдайда жақсы нәтижеге әкелетінінкөрсетті. Бұл жұмыс нәтижесінде алынған гибридтер аталық тектерден барлық көрсеткіштер бойынша озады
    • Шошқаның өкпесін адамға орналастыруға болады. Мұны арнайы әдістеме жасап шығарған Австралияның Мельбурн қаласындағы Альфред және Әулие Винсент ауруханаларының дәрігер ғалымдары дәлелдеп отыр.

  

    • Трансплантология қажеттіліктері үшін шошқа өсірумен айналысып келе жатқан тәжірибелі профессор Тони Д'Апайстың айтуынша, ол жақында хайуан ағзасындағы бір генді алмастыруға қол жеткізген. Бұл – адамның тұқымқуалаушылық қасиеттерін қабылдамай, теріс әсерлі ақуыз түзетін ген. Бұрын осы биологиялық құрылымның әсерінен шошқаның органдары адам ағзасына телінбей қойған. Енді ғалымдар бұл генді ауыстырып, шошқа өкпесін трансплантация алдында органның өміршеңдігін қалыптастыратын арнайы аппаратқа жалғаған кезде, ол қан айналу, тыныс алу, зат алмасу процестерін сәтті іске асырған. Бұл зерттеудің қорытынды нәтижелері тамыз айында Канадада өтетін Бүкіләлемдік трансплантологтар конгресінде жария етілетін болады. Дәрігер ғалымдар ғылымның бұл жаңалығы жыл сайын донорлық өкпеге зәру болатын әлемнің мыңдаған тұрғынын құтқара алады деп отыр

Пайдаланылған әдебиет: 
 
 
www.google.ru


Информация о работе Шошқа шарушылығы