Процедура кабинетінің, таңу бөлмесінің, палаталардың,асхананың санитарлық эпидемияға қарсы режимі.Ерекше стерильді зона туралы түсін

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2015 в 08:57, реферат

Краткое описание

Санитарлық- эпидемияға қарсы тәртіп дегеніміз аурухана ішілік жұқпаның таралмауын алдын алуға бағытталған санитарлық- профилактикалық және эпидемияға қарсы іс- шаралардың жиынтығы. Асептика дегеніміз -пациенттің ағзасына микроорганизмдерді түсірмеуді алдын алуға бағытталған іс шаралар жиынтығы. Ол зарарсыздандыру және залалсыздандыру жолымен микробтар және оның спораларын жою арқылы жүзеге асады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

АЙГЕРИМ КК1.docx

— 22.10 Кб (Скачать документ)

Қазақстан- Ресей медициналық университеті

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

 

 

 

Тақырыбы:Процедура кабинетінің, таңу бөлмесінің, палаталардың,асхананың  санитарлық  эпидемияға  қарсы  режимі.Ерекше стерильді  зона  туралы  түсінік.

 

 

 

 

 

Факультет: ЖМ

Топ: 105 А

Орындаған Булдыбекова А. А.

Тексерген: Дуйсенбаева Ш. А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2015

 

Кіріспе

 Санитарлық- эпидемияға  қарсы тәртіп дегеніміз аурухана  ішілік жұқпаның таралмауын алдын  алуға бағытталған санитарлық- профилактикалық және эпидемияға қарсы іс- шаралардың жиынтығы. Асептика дегеніміз -пациенттің ағзасына микроорганизмдерді түсірмеуді алдын алуға бағытталған іс шаралар жиынтығы. Ол зарарсыздандыру және залалсыздандыру жолымен микробтар және оның спораларын жою арқылы жүзеге асады. Антисептика дегеніміз - жараға түскен микробтарды жоюға арналған іс шаралар жиынтығы. Механикалық антисептика жарадағы өлі және езілген ұлпаларды (тканьді), ұйыған қанды, бөгде затты тазалау, жараны көп мөлшердегі сұйықтықпен жуу, тазалау жатады. Физикалық антисептика жарада микробтардың өмір сүруі үшін жағымсыз (қолайсыз) жағдай туғызу, яғни жараны кварцтау, яғни УКС-мен емдеу, жараға дренаж, турундаларды гипертоникалық ерітіндіге малып, қолдана отырып жарадағы іріңді, басқа да сұйықтықты сыртқа шығару.  Химиялық антисептика-микробқа қарсы әсері бар түрлі дәрілік заттарды қолдануға негізделген. Бұл дәрілік заттарды антисептиктер деп атайды (этил спирті, калий перманганаты, сутегінің асқын тотығы, йод, бриллиант жасылы, фурациллин ерітіндісі). Биологиялық антисептика дегеніміз антибиотиктерді, сарысуларды (сыворотка), вакциналарды қолдану.

Негізгі бөлім.

Қабылдау бөлімшесінің санитарлық, санитарлық­эпидемиологиялық тәртібі:

  Жұқпалы ауруға күдікті  науқастарды дер кезіндеанықтау  үшін қабылдау бөлімшесіне түсетін  барлық науқастарды дәрігер қарап  шығады. Осы мақсатпен науқастардың тері қабаттары, жұтқыншағы қаралады. Дене темперетурасы өлшелінеді. Қарауға арналған пайдаланатын медициналық аспаптарын бір десенпекциялаушы ертіндісіне батырады. Дизинфекциялаушы ертіндінің ыдысын таңбалайды. Науқастың қарауын медициналық кленка немесе полелетилен пленкасы мен жабылған кушетканың үстінде өткізеді. Әр бір науқасты тексерненнен кейін, кленканы дизинфекциялаушы препараттың ерітіндісі мен суланған шүберек пен сүртеді. Соған аррналған қақпақ пен тамбаланған ыдыс,шүберек және дизинфекциялаушы ерітіндісі болу қажет. Қабылдау бөлмесінде науқастарды педикулес бар болуын қарау қажет. Педикулезді анықтаған уақытында науқас, ғимарат және науқас қатынасқан заттар арнайы өңдеуге жатады. Педикулезді анықтаған әр бір науқас туралы, оның мекен жайын санитарлық эпитдемиологиялық станциясына хабарлайды, ауру тарихында сәйкестілік белгілеуді қояды. Науқасты бөлімшеде бақылауға қалдырады, 10 күннен кейін қайта өңдейді. Науқас қабылдау бөлімшесінде толық санитарлыө өңдеуден өтеді, су сепкіш немесе ваннаны қабылдайды (дәрігердің нұсқауы бойынша), тырнағын алады т.б. Жуыну үшін науқас залалсыздандырылған жөкені алады немесе үйінен әкелінген жөкесімен пайдаланады. Санитарлық өңдеу арнайы бөлінген ғимаратта өткізіледі. Сол ғимарат тасытатын келушілерге өткізі жүйесі сақталу тиіс, себебі науқастардың қарсы келе жатқан тасқыншыларды болдытпау.Кез келген емдеу сауықтыру мекемелеріндегі  медициналық мейірбике жұмысы-ның  негізгі бағыттарының бірі санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шамаларды  орындау және онымен қамтамасыз ету  болып табылады. Денсаулық сақтау объектілерінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары

1. Қабылдау бөлімшесінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі.  Қабылдау бөлімшесінде барлық келіп түсетін науқастардың жұтқыншағын қарау, температурасын өлшеу, сырқатнамасына белгі қоя отырып, педикулезге, қышымаға, дерматомикозға тексеру жүргізіледі. Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін көрсеткіштер бойынша биоматериал алу жүргізіледі. Инфекциялық ауруға күдіктену кезінде пациентті инфекциялық аурулар бөлімшесіне (ауруханаға) ауыстырғанға дейін қабылдау бөлімшесінің жанындағы диагностикалық палатаға оқшаулайды. Науқастар стационарға келіп түскен кезде қабылдау бөлімшесінде санитариялық өңдеуден өтеді және таза іш киімдер, пижама, аяқ киім жиыны беріледі. Стационарда, туберкулезге қарсы ұйымдарда емделіп жатқан науқастарды қоспағанда, науқастардың үй киімімен жүруіне жол беріледі.

2.Босанатын бөлімшенің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі. Босанатын әйелге айғақтар бойынша  тексеруден кейін немесе әйелдің  қалауы бойынша санитариялық өңдеу  жүргізіледі. Жеке босандыру палатасы сұйық  сабынмен, антисептикпен, бір рет  пайдаланылатын сүлгімен, қол жуу  техникасы бойынша қабырғалық көрнекі  құралмен, кілемшемен, доппен, швед шкафымен қамтамасыз етіледі. Палаталарда ылғалды  жинауға болатын заттарды қолданған  жағдайда еркін интерьерге, ана мен  бала үшін өзінің таза киімін қолдануға  жол беріледі. Босандыру палатасында ауаның температурасы кемінде +250С болуы тиіс. Егер мерзімінен бұрын босану күтілетін болса, ауаның температуры кемінде +280С болуытиіс. Босанғаннан кейінгі бөлімшенің палаталары циклмен, кемінде үш-бес күн болудан аспайтындай етіп толықтырылуы тиіс, үй-жайдың температурасы кемінде 250С болуы тиіс. Ана мен бала бірге болатын палатада жаңа туған нәрестелер үшін жеке балалар төсектері және жаңа туған нәрестелерге арналған құндақтайтын үстел орнатылады. Шала туған балаларға арналған палатада ауаның температурасы +250С – +280С болуы тиіс. Балалар бөлімшесінің құрамында балаларға арналған қоспаларды дайындауға және құюға арналған үй- жай көзделеді. Құрғақ сүт қоспаларының қаптамасы ашылғаннан кейін ашылған күні мен уақыты көрсетілген таңбасы болуы тиіс.

3. Инфекциялық аурулар бөлімшесінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі. Бөлімшелердің жұмысы палатада пациенттерге қызмет көрсету және медициналық көмек көрсету қағидаты бойынша  ұйымдастырылады. Персоналдың боксқа кіру есігі арнайы киімді ауыстыру, қолды жуу және дезинфекциялау жүргізілетін шлюздер  арқылы инфекциялық емес «шартты  таза» дәліз арқылы көзделеді. Инфекциялық аурулар бөлімшесінің бокстарында палатаға шлюздерден әйнектелген  жақтаулар, шлюзден палатаға тамақ, дәрілік заттар мен киім-кешекті  жеткізуге арналған беру шкафы көзделеді. Боксталған палаталарда осы шкафтар  дәлізден палатаға ұйымдастырылады. Науқастардың тамақтануы палатада жүзеге асырылады. Ішек инфекциялары бар науқастар жеке таңбаланған түбектермен (астыға төселетін төсеммен) қамтамасыз етіледі, олардың таңбасы науқастың кереуетінің нөміріне сәйкес келеді. Науқастың бөлінділері зарарсыздандырылады. Нозологиялық түрлер бойынша палаталарды (үш күн ішінде) толтыру циклдігі сақталады. Мәжбүрлеп емдеу бөлімшелерінде мамандандырылған тәулік бойғы күзеттің болуы қамтамасыз етіледі. Мәжбүрлеп емдеуге арналған бөлімшеде науқастардың дәріге сезімталдығына және жынысына (ер және әйел) байланысты туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге бөлек жатқызу қамтамасыз етіледі. Симптомдық емдеуді қажет ететін, тұрақты бацилла бөлетін туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастар бацилла бөлуді тоқтату кезеңіне дейін туберкулезге қарсы ұйымдардың жанындағы мамандандырылған ұйымдарда немесе бөлімшелерде оқшаулануға жатады. Туберкулезге қарсы диспансерлерде мульти (поли) резистентті штамм бөлетін науқастарды амбулаториялық қабылдауға арналған жеке кабинеттер бөлінеді. Қақырық жинау бөлмесі бактерицидті экрандалған сәулелегіштермен, антисептикалық сабыны және антисептика ерітіндісі бар дозаторы бар қол жууға арналған раковинамен, дезинфекциялық ерітіндісі бар сыйымдылықтармен, таза контейнерлер мен қақырығы бар (бикстер, мырыш және тот баспайтын құрыштан жасалған тұтқалары бар металл жәшіктер) контейнерлерге арналған сыйымдылықтармен жабдықталады, үй-жай ауасын алмастыру жиілігі сағатына кемінде 6-12 көлемдегі жергілікті желдету жүйесімен жабдықталады. Ауыр жағдайларды қоспағанда, стационарлық науқастарға баруға жол берілмейді. Келушілер қорғаныш дәрежесі жоғары бетперделерді пайдалануы тиіс. Туберкулездің микобактерияларын бөлетін науқастары тамақтануды палаталарда жүзеге асырады.

4.Науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыруға, медицина персоналының еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.  Денсаулық сақтау объектісінің ас блогын инфекциялық бөлімшелерден басқа  корпустармен және бас корпуспен  қолайлы жер асты және жер бетіндегі  көлік байланыстарымен қосылған, бөлек тұрған ғимаратта орналастырады. Тағамдарды дайындау кезінде өндірістік үдерістің ағымдылығы қатаң сақталады. Шикізат пен дайын өнімдердің қарама-қарсы ағымына жол беруге болмайды. Шикізатты, тағам өнімдерін  тауар көршілестігі қағидаларын  сақтай отырып сақтайды. Тоңазытқыш жабдығы  болмаған жағдайда тез бұзылатын  тағам өнімдерін сақтауға жол  берілмейді. Күнсайынғы таратылатын ас мәзірін  жасау кезінде «Республиканың мемлекеттік  денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен  жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы №128 қаулысымен бекітілген тамақ нормалары ескеріледі. Ас мәзiрiн әзірлеген кезде  өнімдер мен тағамдарды ауыстыру күндерінде емдәмнің химиялық құрамы мен тағамдық құндылығын (құнарлылығын) есептеу жүзеге асырылады. Күнсайын ас блогында дайын тағамның тәуліктік сынамасы қалдырылуы тиіс. Тәуліктік сынама үшін бірінші тағамның жарты үлесі қалдырылады, үлесті екінші тағамдар кемінде 100 грамм (бұдан  әрі – гр) мөлшерінде толығымен  алынады, үшінші тағамдар кемінде 200 гр мөлшерінде алынады. Тәуліктік сынамалар  тоңазытқышта арнайы бөлінген орында +2 - +6 градус Цельсий (бұдан әрі – ºС ) температурада қақпақтары жабылған банкаларда сақталады. Жиырма төрт сағат өткеннен кейін тәуліктік сынама тағам қалдықтарына тасталады. Тәуліктік сынаманы сақтауға арналған ыдыс (сыйымдылықтар, қақпақтар) бес минут бойы қайната отырып өңделеді. Дайын тамақты аурухананың буфет  бөлімшелеріне жеткізген кезде  термостар немесе қақпақтары тығыз  жабылатын ыдыс пайдаланылады. Тасымалдау арнайы таңбаланған арбалардың көмегімен  жүзеге асырылады. Дайын тағамды таратуды буфетшілер және бөлімшенің кезекші мейірбикелері  «тағам таратуға арналған» деп таңбаланған  халаттарда жүргізеді. Тағамды таратуды бақылауды тағайындалған диетаға  сәйкес аға мейірбике жүзеге асырады. Тарату кезінде бірінші тағамдар мен ыстық сусындарда температура + 75ºС, екіншілерде + 65º С төмен  болмауы, салқын тағамдар мен сусындарда +7-ден 14ºС дейiн болуы тиіс. Тарататын  сәтке дейін бірінші және екінші тағамдар дайындалған сәтінен бастап eкi сағатқа дейін ыстық плитада  тұруына болады. Тамақты бір күн  бұрын дайындалған тамақтың және сол күнi ертерек мерзімдерде  дайындалған тамақтың қалдықтарымен  араластыруға жол берілмейді. Буфет бөлімшелерінде: тамақ таратуға арналған және үш ұялы ванна қондырғысы бар ыдыс жууға арналған екі үй-жай  көзделеді.  Буфеттерде жуу ванналарына  су келтірілген резервтік су ысытқыштар, инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелерінің буфеттерінде асхана ыдысын өңдеуге арналған ауа  стерилизаторлары орнатылады. Ыдысты өңдеуді мынадай тәртіппен  жүргізеді: тамақты механикалық  алып тастау және бірінші жуғышта  майсыздандыру құралдарымен жуу, екінші жуғышта ыстық сумен шаю және ыдысты арнайы сөрелерде, торларда кептіру.

Ерекше стерильді  аймақтар  туралы түсінік.

 Ерекше стерильді аймақ дегеніміз қатал септиканы қажет ететін аймақ. Мұндай аймаққа операция бөлмесін,таңу 0бөлмесін,процедура бөлмесін және қан компоненттерін  дайындайтын  бөлмені  жатқызады. Қан компоненттерін  дайындауға арналған үй-жайлар қатаң түрде мақсатына  байланысты пайдаланылуы тиіс. Осы үй-жайларға  кіру персонал үшін  шектеледі. Өндірістік және зертханалық үй-жайлар басқа үй-жайлардан бөлек орналастырылады, тек арналған мақсаты үшін пайдаланылады және санкцияланған рұқсаты болады. Қанды және қанның компоненттерін сақтау және тасымалдау үшін мынадай «салқын тізбек» шарты сақталады:

1) қан      өнімдерін         сақтау           және           жеткізу    шарттарына  сәйкестігін   қамтамасыз       ететін                           тоңазыту жабдығы – термоконтейнерлер немесе авторефрижераторлар;

2)тиісті температураны сақтауға, өнімді физикалық зақымданудан және  микробиологиялық  ластанудан сақтауға мүмкіндігі бар қаптама;

3)барлық кезеңдерде температуралық режимнің сақталуын тұрақты бақылау. Қан алу асептика қағидаларын сақтау арқылы жүргізіледі.

Қорытынды.

 Жалпы тақырыпты қорытындылай  келе денсаулық сақтау объектілерінде  қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық  талаптар санитарлық-эпидемияға  қарсы іс-шараларды ұйымдастыруда  улкен рөл атқаратындығын айтуға  болады.Ауруханалардағы әр түрлі  бөлімшелердің өздеріне тән бағытта  қызмет атқаруына байланысты,әр  бөлімшеге қойылатын санитарлық  талаптар да әр түрлі болып  келеді.Бірақ санитарлық-эпидемиологиялық  талаптардың жалпы міндеті аурухана  ішілік жұқпалы аурулардың таралмауының  алдын алу шараларын ұйымдастыру  болып табылады.Санитарлық талаптарды  сақтау ауруханалар мен емханалардағы  науқастардың сауығуына тікелей  әсер етеді.Осы санитарлық талаптардың  қатаң түрде сақталуы мен орындалуын  мейірбикелер қадағалайды,атқарады.Емдеу  мекемелеріндегі санитарлық ,  эпидемияға  қарсы талаптарды қамтамасыз  ететін іс-шаралардың бірі-зарарсыздандыру  арқылы жүзеге асатын асептика  мен антисептика талаптарының  орындалуын жүйелі бақылау және  қатаң түрде сақтау болып табылады.Емдеу  мекемелерінде осы асептикалық  ережені қатаң сақтайтын аймақтар  болады.Бұл аймақтар ерекше стерильді  аймақ деп аталады.Ерекше стерильді  аймаққа операция бөлмесін,таңу,процедура  және қан компоненттерін сақтауға  арналған бөлімшелерді жатқызады.Жалпы  денсаулық сақтау объектілерінде  санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және  жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық  талаптар науқастардың өмірін  сақтаудағы маңызды шаралардың  бірі болып табылады.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылғанәдебиеттертізімі.

  1. http://www.tubdis.kz
  2. Мухина С.А., Тарновская И.И. Практическое руководство к предмету основы сестринского делу.
  3. “Мейірбеке ісі” мамандығы бойынша стандартты оқулықтар. Алматы, 1992 ж.
  4. “Клинакаға кіріспе” А.Д.Каркабаева,Ж.И.Аубакирова, М.А.Манаева, Д.Ж.Смаилова.

 

 


Информация о работе Процедура кабинетінің, таңу бөлмесінің, палаталардың,асхананың санитарлық эпидемияға қарсы режимі.Ерекше стерильді зона туралы түсін